Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет48/119
Дата26.10.2022
өлшемі5.44 Mb.
#45403
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   119
Абстракт жазу үлгісі
АБСТРАКТ
Заман ағымына қарай адам баласы үшін білім алу мен білімін жан- 
жақты жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер жасалып жатыр. Мемлекеттер 
арасын нығайту мен билингвал тұлғаны қалыптастыру мақсатында 
көптілділік Қазақстанда да қарқынды дамуда.
Тіл -әлем бейнесі, себебі кез келгенұғымға атау беру, ой- пікірді білдіру 
тіл арқылы жүзеге асады. Тіл және адам, мәдениет қарым-қатынасы аса 
тығыз байланысты. Тілдің мәдениетке байланысты бейімделуі немесе
77


мәдениеттің тілге байланысты езгеруі - аса толғандыратын мәселе, сол 
себелті де тұлға және мәдениет қарым-қатынасын тіл арқылы зерттеу, 
тілді жеке тұлға аспектісінде қарастыру, бүгінгі мәдени кеңістіктегі 
тілдік тұлға бейнесін айқындау қажеттілік туғызып отыр. Қазіргі таңцағы 
мультимәдени және ақпараттық-коммуникативтік мәдениеттің пайда 
болуының өзі адамзат баласының жаңа деңгейге көтерілгенінің белгісін 
керсетеді. Сан ғасырлы мәдениет орнын жаңа мәдениет басып келеді. 
Мәдениетте болып отырған өзгерістер тілдік тұлғаға да ез әсерін тигізері 
сөзсіз. Қоғамдағы әрбір адам үшін мәдени тұрғыда қалыптасу аса маңызды, 
өйткені мәдениет қойнауында тарих бар, ал тарихсыз ел болмайды.
Бүгінгі мәдениет кеңістігіндегі индивидтің тілдік тұлғасы біршама 
өзгерістерге ұшыраған. Тілді сол тілде сөйлеуші тұлға арқылы зерттеу 
соңғы жылдары қолға алына бастады. Осы әдіс арқылы бүгінгі таңдағы 
мәдени кеңістіктегі билинвгал тұлғаның ерекшелігін айқындауға болады. 
Осы айтылғандар тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Мақаланың мақсаты - билингвал тілдік тұлғаның қалыптасуын, 
мәдениет пен адам қарым-қатынасындағы тілдік бейімделудің бүгінгі 
ерекшеліктері мен маңызын зерттей отырып, мультимәдени кеңістіктегі 
көптілді тілдік тұлға мәселелерін қарастыру. Осы мақсатқа орай 
төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:

Қазақстандағы көптілділіктің қажеттілігі мен оның қолданылу аясын 
анықтау;
-тілдік қарым-қатынасқа байланысты зерттеулерге сүйене отырып, 
көне заманғы және қазіргі тілдік бейнелерді салыстыру;
-тілдік тұлғаның теориялық-гносеологиялық құрылымын айқындау;
-мультимәдени кеңістіктегі көптілді тұлғалардың тілдік санасының 
ерекшеліктерін талдау.
Мақалада қолданылған әдіс-тәсілдер: сипаттау, талдау, жіктеу, 
салыстыру.
Коммуникацияның әлеуметтілігі үшін тілдік тұлға ұғымының түрлі 
типтегі әлеуметтік құрылымдардың мүшесі ретіндегі сәйкестігінің 
маңызының айқындалуы, мультимәдени кеңістіктегі бүгінгі тілдік бейненің 
қарастырылуы, тілдік тұлғаның үш деңгейінің сипатталуы мақаланың 
жаңалығы болып табылады.
Тірек сөздер: мультимәдени кеңістік, әлеуметтік-мәдени кеңістік
ақпараттық-коммуникативтік мәдениет, тілдік тұлға, кептілді тұлға, жеке 
тілдік тұлға, ұжымдық тілдік тұлға, билингвал тілдік тұлға, тілдік тұлға 
моделі, тілдік бейімделу, мәдени бейімделу, әлем бейнесі, вербалды- 
семантикалық сипат, прагматикалық сипат, когнитивтік сипат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   119




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет