Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет5/119
Дата26.10.2022
өлшемі5.44 Mb.
#45403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Академиялық жазылым - эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, 
магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен 
монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы.
Академиялық жазылым - жеке ойлар мен идеяларды білдіру және 
оны негіздей білу әрі оларды мақсатты аудиторияға жеткізе білу дағдысы.
Академиялықжазылым - бұл ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу 
тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы.
Академиялық жазылым дағдысын білу - академиялық ортада 
табысты болудың негізі.
Академиялық жазылым жазбаша қатысыммен байланысты 
мәселелерді шешуді талап ететін дағдыларды дамытуға бағытталған. 
Біріншіден, осы дағдылар кешенін қазақстандық мамандар әлі де терең 
меңгермеген десек қателеспейміз, оған дәлел ретінде мекемелердегі хат 
алмасу тіліндегі кемшіліктерді айтуға болады. Екіншіден, академиялық 
жазылым сауаттылығы сол мамандарда белгілі бір қиындықтар 
тудырады, 
айталық мемлекеттік қызметкерлер Қазтест бойынша 
жазылымнан диктант, мазмұндама, эссе жазуда ақсап жатады. Бұдан 
шығатын қорытынды: бұл құзырет түрі қазіргі ақпараттық технологиялар 
заманындағы кез келген маманның немесе басшының кәсіби жетістігін 
анықтайды.
Гуманитарлық таным техникасы мен оның жекелеген тәсілдеріне 
негізделген жалпы ережелер мен әдістерді, академиялық кәсіби 
оқылымды, 
академиялық жазылым 
мен ауызша таныстырылым 
дағдыларын меңгерту оқу құралының негізгі м ақсат ы  болып табылады. 
Осы тұрғыда оқу құралының м індет т еріне академиялық жазылым 
мен оқылым дағдыларын дамыту (ғылыми- кәсіби мәтіндердің тілі мен 
құрылымын зерттеу, конспектілеу, рефераттар, пікірлер, тезистер жазу, 
ғылыми талдау нәтижелерімен таныстыру, ғылыми-кәсіби мәтіндерді 
оқу, ғылыми мәтіннің стилін меңгеру, зерттеу жұмысының жоспарын 
құру, тақырып таңдау, жұмыстың құрылымын дұрыс құру); сілтеме мен 
дәйектемелерді дұрыс қолдану, теориялықәдебиетпен, анықтамалықпен 
жұмыс істеуді үйрету, зерттеу нысанын талдау мен әдісін таңдай 
білуге үйрету, студенттердің сөздік қорын академиялық лексикада 
қолданылатын ғылыми-кәсіби ортаға тән тілдік оралымдармен байыту
ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсу дағдыларын дамыту және кәсіби 
бағдарланған жобаларды таныстыру; өз ойын ауызша дәлелдеп айтуға 
үйрету, студенттің танымы мен тіл мәдениетінің деңгейін кетеру, өз 
бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту жатады.
Академиялықжазылымныңмазмұндау стилі, академиялықлексиканы 
пайдалану, берілген тақырыпқа немесе мәселеге бағытталу сияқты езіне 
тән сипаты бар екендігі белгілі. Академиялық тілдің басты ерекшелігі -
оның лексикалық қорының мол болуында. Мәтінді сауатты құрастыра
7


алмау қазақ бөлімінде оқитын барлық студентке тән сипат болып келеді
осыған байланысты оқытушының алдында студентте кемшін түсіп жатқан 
дағдыны қалыптастырып, олардың академиялық контексте қолдана 
алуына көмектесу міндеті болуы керек. Академиялық жазылымды терең 
меңгеруге қажетті н е г ізг і дағды лар.
1) зерттеу жүргізу дағдылары - ізенушінің ізденуге қабілеттілігі, 
белгілі ғылыми дереккөздерді тауып оқи білуі;
2) конспектілеу дағдылары - тұтас мәтінді көшіре салмай, басты 
ақпаратты бөліп алып көшіре білуі;
3) өз-өзіне бақылау жасау - мақала жазуға және оны 
редакциялауға қажетті уақытты тиімді бөле білу қабілеті;
4) болашақ мәтінінің жоспарын қүрып, алғашқы нүсқасын жазу;
5) аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу.
«Академиялық 
сауаттылықтың 
теориялық 
және 
практикалық
негіздері» оқу құралының мазмұнын игеру нәтижесінде төмендегідей 
құзы рет т ер қалыптасады:
ғылыми-кәсібимәтіндердіңқұрылымын.аңдатпаның, конспектінің, 
рефераттың, дербес ғылыми шығарманың мәтінін біледі;
курсты оқып біткеннен кейін зерттеуші аңдатпа, абстракт, пікір, 
ғылыми мақала тезисін жаза алады;
кәсіби бағдарланған қатысым салаларында жазылған ғылыми- 
кәсіби сипаттағы мәтіндерді талқылай алады;
өзі жазған ғылыми жоба нәтижелерін ауызша және жазбаша 
сауатты түрде таныстыра алады;
кәсіби 
оқылым 
мен 
академиялық жазылым 
дағдыларын 
қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет