Диплом жұмысы 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»


МАЗМҰНЫ Кіріспе



бет2/12
Дата06.09.2022
өлшемі4,71 Mb.
#38500
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
МАЗМҰНЫ



Кіріспе

3-4

I.

  1. Жас спортшылардың техникалық дайындығына байланысты тактикалық жоспары

5

1.1

Тактикалық жоспар жасаған кезде шабуылда, қорғануда ескерілуі тиіс факторлар

5-19










ІІ.

Белдесуді жүргізу тактикасымен жарыстарға қатынасу тактикасын жетілдіру

40

2.1

Белдесу тактикасы

40-47

2.2

Тактиканың шабуыл және қорғану түрлері

47-58










Қорытынды

61-62







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

63-66

КІРІСПЕ



Тақырыптың өзектілігі. Қазақ күресі тарихымыздағы ер­тегі-аңыздарда кездесетін эпикалық батырлардың тұлғасынан бастау алатыны белгілі. Сонымен қатар күш атасы Қажымұқан, Балуан шолақ, Боранқұл, Битабар, Молдабай, Байғабыл секілді жауырындары жерге тимеген апайтөс балуандардың жекпе-жектері арқылы төл күресіміз жалғауын үзбей бүгінге жетті.
Ал өткен ғасырдың ортасынан бастап, халықаралық, әлемдік, олимпиадалық жарыстарда күрестің әрбір түрлерінен топжарған Ә. Айханов, Ж. Үшкемпіров, Ш. Серіков, Д. Тұрлыханов, Қ. Байдосов, А. Бұғыбаев, А. Ғабсаттаров, А. Иманқұлов, А. Мұсабеков, Қ. Байшолақов, А. Шайхиев, айта берсек мақтан тұтар балуандарымыз жетерлік, осы балуандар шоғырының бәрі дерлік қазақ күресін айналып өткен емес. Ата күресімізден бүгінгі күнге дейін 5 рет Азия,1 рет Еуропа және 3 рет әлем бі­ріншіліктері өткізілді. Сонымен қатар қа­зақ күресінен ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында еліміздің ішкі біріншіліктері өтетін болса, күш атасы Қажымұқанға, ҚР еңбегі сіңген жат­тықтырушы Бақытжан Жаңбырбаевқа арналған дәстүрлі халықаралық жарыстар жалғасын үзбей келеді.
Әрбір өркениетті ел өзінің ұлттық спортын дамыту жолында жанын сала жұмыс жасап жатқаны анық. Мысалы, жапондарды өз ұлттық спорт түрлері дзюдо мен сумоны дамытуда қаншама қыруар қадамдар жасап, қазіргі таңда әлемнің әр түкпірінде таңдай қағар табысқа жетіп жүр. [2,б. 10-15]
Сол сияқты біздің ұлттық спорттың төресі саналатын қазақ күресін әлі де дамытудың жолдарын жасай берсек деген ниеттеміз.
Қазақ күресін жетілдіріп, Одақ көлеміне әйгілі етуге атсалысқан М.Рақымқұлов, М.Тәнекеев, Қ.Байдосов, Ә.Бүркітбаев, Т.Асқаров, Д.Биткөзов, Ж.Сабыржанов, Н.Омаров, Н.Сапарғалиев, сында спортшылардың есімдерін мақтанышпен айтпасқа болмайды. Баспалардан қазақ тілінде бұрын соңды ұлттық спорт жайлы көлемді еңбек басылып шыққан жоқ. Соған орай автор әр жылдары жарық көрген еңбектеріне сүйене отырып, оқырман қауымды ұлттық спортымыздың өзге де түрлерінен хабардар етеді. Сол сияқты менің осы жұмысым жоғарыда айтылған ағаларымыздың пейнеттері мен еңбектері сияқты ауыл-селодағы ұлттық спортпен айналысатын жастардың кәдесіне жарап жатса мақсаттың орындалғаны. Себебі бұл жұмыста спорттың күрес түрімен айналысатын бауырларымызға дене және техникалық дайындығына арналған жаттығулар, оған байланысты тактика қолдану әдістемесі құрылған.
Тақырыптың зерттеу жұмысының зерттелу деңгейі. Күрес өнері –ұлттық салт дәстүр және мәдениетпен бірге қалыптасып, қанаттас дамып отырған ажырамас бір бөлігі. Көшпелілердің тұрмыстық, әлеуметтік өмірінде кездесетін той, ойын-сауық түрлері, күштілікті, ептілікті, сынайтын дәстүрлі сайыстар күрес өнері болған. Бұған дәлел ретінде: этникалық және фольклорлық шығармаларды, тарихи-этнографиялық тас жазуларды айта аламыз. Оларда, сол дәуірдің сайыс өнеріне тән ережелер көрінісі, күштілер мен ептілердің әдіс айласы туралы құнды мағлұматтар берілген.
Орталық Азияда өмір сүрген көшпелілер күресінің басты құндылығы – күреске шыққанда белдікті (белбеу) пайдалану арқылы ерекше маңызға ие болған. Сондықтан да көне күрестің әдіс – тәсілдері осы белдікті пайдалануға байланысты дамыған. Басқаша айтқанда бұл жұмыста күрестің маңызы күшті дамыту, аяққа нық тұру, тепе-теңдікті сақтау және сайыс үстінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді шебер туындатуға негізделген.
Азиялықтардың күрес түрлері: қазақша белдесу немесе «күрес» , өзбекше «кураш», қырғызша «куреш», әзербайжан мен туркіменше «гулеш», татар, башқұрттарда «куряш» деген атауларға ие. Мұндағы күрес атануы этимологиялық түбіріндегі сәйкестіктің өзі, бір дәстүр бір тектен тарағанын байқатып тұр. Бұл дегеніміз – дәстүрлі көшпелілер жекпе-жек өнерінің әлем спортының дамуына зор үлес қосып тұр.
Түйіп айтсақ: көшпелілер бар саласы қазақ күресі өнерінде, үлкен тәрбиелік маңызы, жауапкершілік, шеберлік, ұлттық намыс болуымен қатар, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, асқан шабыт сыйлайтын зор құдіреті де болғанын бүгінгі ұрпақ білуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет