Диплом жұмысы «Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе» Орындаған: 090240 «Халықаралық құқық»


АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері



бет18/29
Дата07.01.2022
өлшемі0.52 Mb.
#20701
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
2.2 АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері
АҚШ-тың ғылымдары берген анықтама бойынша: «сыбайлас жемқорлық – бұл саяси қайраткерлердің, мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің, жеке кәсіпкерлердің, өзге де тұлғалардың жеке басының, отбасының пайдасы үшін, әлеуметтік мәртебесін арттыру және материалдық жағдайын байыту мақсатында өздерінің ресми міндеттемелерін және мемлекеттік қызметтерін заңға қарсы пайдаланушылық».

АҚШ заңнамасында лауазымды тұлғалардың жемқорлығы ұғымы жеткілікті кең. Оған Заң жинағындағы 18 тарауының 4 бөлімінде қарастырылған құқыққа қайшы бірсыпыра әрекет кіреді: 1) Парақорлық - жария лауазымды тұлғалардың арам табыстары және өзінің қызмет бабын теріс пайдалану; 2) Лауазымды тұлғалар және жалдамалы қызметшілер; 3) Қорқытып алушылық және қатерлер; 4) Сайлау және саяси іс-әрекет. 1

Парақорлық үшін АҚШ-та қылмысты қудалауға пара алушылар ғана емес, пара берушілер де жатады. Пара беруде кез келген азамат жауапқа тартылады.1 АҚШ-та сыбайлас жемқорлық мәселесімен негізінен этика жөніндегі Сенаттың арнаулы комитеті және өкілдер Палатасының лауазымдық тұлғалардың қызметтік тәртібінің стандарты жөніндегі Комитеті айналысады. Басты үйлестіруші ведомство болып Әділет министрлігі бекітілген. 2

Әділет министрлігінде сыбайлас жемқорлықпен күресумен қылмысты іс басқармасы тікелей айналысады, қылмыстық заңдарды сақтауға бақылауды жүзеге асырады, ашық бизнес және кәсіби одақтарға қосымша кіріс және тиым салынған қызмет түрлерін бүркемелеу үшін ұйымдасқан қылмыстың енуін анықтайды. Сондай-ақ күресте Тексерудің Федеральдық бюросына маңызды рөл берілген.3 Екіншіден, прокуратура Пентагонның арнаулы бөлімдері, полиция, сот атқарады. Жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді Вашингтонның округтік федералды сотының арнайы бөлімшесі тағайындаған тәуелсіз прокурор қарастырады.

1978 жылы АҚШ конгресі «Үкіметтегі әдеп туралы» заңды қабылдады. Осы заңның дұрыс атқарылуын қадағалау үшін персоналды басқару бөлімінде «Үкіметтегі әдеп бойынша» бөлім құрылды. Бірақ осы көздеген мақсатқа жете алмады, осының нәтижесінде 1989 жылы «Әдеп туралы заңды реформалау жөнінде» заң қабылданды. Осы заң кейбір қалыпқа өзгерістер енгізді.4

АҚШ-та «Лоббистік қызметті федеральдық реттеу жөнінде»1964 жылы заң қабылданған, соған сәйкес Конгреске қысым жасайтын кез келген ұйым, өзінің лоббистерін тіркетуге және өздерінің мүддесін заң саласына хабарлаулары тиіс.5 Заңдар Жинағының 2 тарауында парақорлықтың әр түрлі формалары үшін қылмыстық жауапқа тартатын «Пара беру, пара беріп сатып алу, мүдделерлің жанжалы» деген 25 бап бар.

АҚШ–тың көптеген штаттарының қылмыстық кодекстері сыбайлас жемқорлықтың мынадай түрлерін қарастырады: мемлекеттік қызметкер қызмет бабымен байланысты жеке кәсіпорыннан қаржылай пайда табу; мемлекет қызметке біреуді тұрғызуға уәде беріп, сол үшін пара алу; жеке тұлғаға немесе кәсіпорынға банктен қарыз алу, үкімет кепілдік берген депозиттерді алу үшін пара алып ұйымдастыру; Фермерлік борышты ретке келтіргені үшін сыйақы қабылдау: АҚШ құндылықтар немесе пайда табу үшін жалған құжаттарға ие болуы; пошта ведомство ісінде жалған мекен жайлар жеке пайдасы үшін пайдалану және алаяқтық жасау; радио қатынасы және теледидар хабарлары саласында қасақана теріс пайдалану.

Американың заңдары мемлекеттік қызметкердің жанама жалақы табуға шектеу қояды. Жанама жалақы негізгі қызмет жалақысынан 15% аспауы тиіс. Егер мемлекеттік қызметкер қызметте болған кезде өкіметтік лауазымды адам түрінде нақты мәселелерді шешуге қатысса, ал жұмыстан кеткеннен кейін біреудің мүддесін ресми және басқа түрде болсын көздей алмайды. Бұзушылар ақша түрінде айыппұл төлейді немесе 20 жыл бас бостандығынан айырылады.1 АҚШ сенаторы сонымен қатар оның аппаратында жұмыс істейтін қызметкерлер жеке және заңды тұлғадан сыйлықтарды алуға тиым салған. Сенатордың өз туыстарынан басқа сыйлықтардың ал бағасы 300 доллардан аспауы тиіс, ал 75 доллардан аз болса онда ол жарияланбайды. Әдеп туралы заң жеке тұлғаларға іссапар түріндегі сыйлықтарға төлетуге шектеу қойған. Осы шектеулер сенат отбасының мүшелеріне таралады. АҚШ конгресі өкілетті палатасының мүшесіне 1 адамнан 1 жыл бойы 250 доллар салмағында сыйлық алуға болады. Әрбір 3 жыл сайын осы лимит қайтадан қарастырылады. Соның ішінде лауазымды адамдардың әйелдеріне 100 доллар шамасында сыйлық жасаған кезде оны бекітуге тиісті.2

Сыбайлас жемқорлыққа жауакершілікті қарайтын федералды заңдарды шартты түрде бірнеше категорияларға бөлуге болады: 1) бұл парақорлықты және осы сияқты қылмыстарды қуғындауды реттеуші, ресми әрекеттер жасағаны үшін қолданылатын заңдар. 2) категория мүдделердің жанжалын қарастырады. «Мүдделердің жанжалы» заңы мемлекеттік лауазымдық тұлғаларға және олардың нақты туыстарына лауазымды тұлға ықпал ете алатын, немесе өзінің қызмет бабы бойынша ақпаратқа ие болс, қаржы жағынан мүдделілікке тиым салынады. 3) категорияға мемлекеттік мекемелерді алдау кіреді. Негізінде, алдауды мемлекеттік мекемеде жұмыс істемейтін адамдар жасайды. Бұл қылмыс әдейі мемлекеттен материалдық немесе басқа да пайда табу мақсатымен маңызды ақпаратты жасыру немесе бұрмалау арқылы жасалады. 4) категорияға мемлекеттік органдарға ешқандай пайданы көздемей, жалған арыздар жазу.

Алайда, АҚШ ұлттық шекара аясында әрекет ететін жемқорлыққа қатысты ғана емес, халықаралық жемқорлыққа қатысты да заңнамалық бастамалар қабылдайды. АҚШ шетелдік шенеуніктерді параға жығуға тыйым салатын «Шетелдік жемқорлыққа қатысты тәжірибе туралы» 1977 жылы заң қабылдаған тұңғыш ел болды. 1

1985 жылы Канадада «Әдеп ережелері» атты кодекс қабылданды. Кодекс парақорлықты - Конституцияны бұзу және мемлекетке опасыздық жасаумен теңестіреді. Параны алған адам да, оны берген адам да қылмыстық жазалауға жатады. Осы ереженің басты мақсаты - «қоғамның мемлекеттік аппаратқа және оның қызметкерлеріне деген сенімді арттыру». 2

Осы кодекс 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы тәртіп негіздері жазылған. Мемлекеттік қызметкер осы қалыптан басқа тәртіп заңының талаптарын, өз мемлекетінің заңын және адам мен азаматтың құқық жөніндегі халықаралық-құқықтық актілерді сақтау тиіс, өздерінің қызметтік функцияларын атқарған кезде қоғамның өкілетке деген адалдығын, әділеттігін, объективтілігіне деген сенімін күшейтуге және сақтауға тиіс. Кәсіптік, жеке іс болмасын қоғамда оның заңдылығына деген елес күмәнін туғызуға тиіс емес. Бірақ осыған жету заңның қатал қадағалауы ғана жеткіліксіз. Мемлекеттік қызметке орналасқан кезде қызметкерлер «мүдде шиелінісі» пайда болу мүмкіндігін болдырмау үшін өздерінің жеке істерін қайта құруға тиіс. Егер ол туындаған жағдайда, оны қоғам мүддесіне қарай шешу керек. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік меншікті басқа бір мақсаттарға пайдалануға тыйым салынған. Кодекстің екінші бөлімінде мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті қызметіне қатысты нақты талаптар жазылған. Мақсаты - «мүдде шиеленісін» болдырмау және мемлекеттік қызметкер қызметке тағайындалғаннан кейін 60 күннің ішінде уәкілетті лауазымды адамға өз мүлкі жөнінде құпия баяндама беруі. Бұл тәртіпті қылмыстық, конституциялық және әкімшілік нормалармен реттелінеді. Кодекстің үшінші бөлімінде мемелекеттік қызметті тастағаннан кейін қызметкердің тәртібіндегі талаптар, оның мақсаты-мемлекеттік қызметте «мүдде шиелінісінің» нақты, әлеуметті мүмкіндіктерін азға жеткізу, мемлекеттік емес ұйымның атынан жұмыстан кеткеннен кейін өкілетті мекемелерге кіру мүмкіндігін, мемлекеттік қызметті тастағаннан кейін жұмыс іздеуге өзінің қызметін әділетсіз түрде пайдалану. Осы айтылған мақсаттарының бәрін мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметтен тыс жұмысқа орналасуға және іздеуге құқықсыз. Кодекстің үшінші бөліміндегі талаптарын орындамаған мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға ұшырайды. Кодекстің төртінші бөлімінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату, «мүдде шиеленісі» жөніндегі ережелерді қадағалау құқықтарын бекітеді.

АҚШ пен Канададағы мемлекеттік билік жүйесінде сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу мен жолын кесу тиімді әдістерінің бірі:

1. Өз мүддесіне қарай мемлекеттік мүлікті және ресурстарды пайдалануға шектеу қою. 2. Сыйлықтарды алуға тыйым немесе шектеу салу. 3. Үкіметті ведомство немесе министрлік алдына өтініш берген бұрыңғы мемлекеттік қызметкерлердің істеріне шектеу қою. 1

Қорыта айтқанда, АҚШ мен Канада заң жүйелері мемлекеттік қызметте мүдде шиелінісін болдырмайтын әкімшілік кодекс және тәртіптің әдеп қалыптарын қосады, осының нәтижесінде қызметкерлер арасындағы адалдық пен кәсіптіктің ең жоғары деңгейіне жетуін талап ететін мемлекеттік ресурстарды пайдалану.2 Осындай көргендей, АҚШ пен Канаданың мемлекеттік қызмет туралы заң жүйесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің қалыптасуына пайдаланған бірқатар тәсілдер бар.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет