Дипломдық жұмыс 1945-1980 ж ж. Жапонияның экономикалық дамуы.ң Орындаған: тарих факультетінің



бет1/12
Дата06.01.2022
өлшемі430,5 Kb.
#15238
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҚазаҚстан РеспубликасыныҢ білім жӘне Ғылым министрлігі

Қ.ЖҰбанов атындаҒы АҚтӨбе мемлекеттік университеті.

Тарих факультеті

Жалпы тарих кафедрасы.

Дипломдық жұмыс


« 1945-1980 ж.ж. Жапонияның

экономикалық дамуы.ң
Орындаған: тарих факультетінің

402 топтың студенті

Есетов Н.Е.

Ғылыми жетекші:

т.ғ.к., доцент Жұбатқанов К.Ж.




Қорғауға рұқсат Рецензенттер:

берілген т.ғ.к., доцент Жұбатқанов К.Ж.,

Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Мұхтарова Г.Д.

_______ Перевезенцев А.Л.

«__ң _______________ 2001 г.


Ақтөбе 2001.
МазмҰны

Кіріспе. 3


І тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапон елі.


    1. Елдің шаруашылығын қалпына келтіру және шет елдер саясаты. 11

    2. 1950-1970 ж.ж. экономикалық даму процестері. 21

ІІ тарау. 1970-1980 ж.ж. Жапон экономикасы.




    1. Жапонияның шет елдермен экономикалық қарым-

қатынасы. 32

    1. Ұлттық экономиканы дамыту. 40

Қорытынды. 51


Сілтемелер тізімі. 56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 63



Кіріспе.
Қоғамның дамуына өз үлесін, өз тәжірбиесін қалдыратын әр елдің өзіндік ерекшелігі бар.

Азиялық құрылғындағы алдыңғы қатарлы өнеркәсібі, дамыған капиталистік мемлекет болып қалыптасқан, Жапония, өткен ХХ ғасыр бөліп бүкіл әлемнің кең бұқарасы мен әлеуметтік-экономикалық ғылымының мамандарын да қызықтырып отырды. Бұл елге қызығушылық оның 1945 жылғы соғыстан күйреуінен кейін тақыр жерден бастап екі он жылдық ішінде Ішкі ұлттық өнімнің (ІҰӨ) мөлшері бойынша капиталистік әлемде екінші орында, сыртқы сауда көлемі бойынша үшінші орын және тағы да басқа экономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы орындарды алғаннан кейін қатты күшейді1. Жапонияға бүкіл әлемнің қызығушылығы да едәуір зор болды. екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның тез өнеркәсіптік өсуі, бүкіл әлемнің көңілін өзіне аудартты.

Соған қарамастан бұл елге қызығушылығы сөнбей керісінше, біздің өміріміздің барлық салаларындағы революциялық қайта құру заманда немесе нарықты экономика мен өтпелі кезең деген ауқымды түсініктер заманында өсуде. Адамзат іскерлігінің барлық салаларындағы әлемдік тәжірбиеге сүйеніп, көңерген стереотиптер мен догмаларды артта қалдырып, қазіргі уақытта Жапон экономикалық тәжірибесі көңілді үңіле қызықтырып, оған сынмен қарау ұмытылысын туғызып оны елімізде өзіміздің жағдайымызға сай мүмкіндігімізше пайдалану мүмкіндігі және жоғары айтылғаны тақырыптың өзектілігін құрайды.

Жұмыстың зерттеу объектісі болып Жапонияның 1945-1980 –ші ж.ж. аралығындағы экономикалық дамуы болып табылады.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі 1945-1980- ші ж.ж. қамтиды. Бұл тарихи кезеңді алудың себебі, біріншіден, бізде бар көптеген еңбектер, монографиялар, оқулықтар, мақалалар жинақтары т.б. Жапонияның экономикалық даму тарихының негізінен осы кезеңге арналған. Екіншіден бұл мерзімдік алғы 1990- шы ж.ж. қамтуына мүмкіндік болмайды. Себебі біздің жағдайымыз да қажетті тікелей ғана емес жанама әдебиеттердің де болмауы болып табылады.

Сонымен қатар осы уақытта Жапон экономикасында ең басты, негізгі өзгерістер болды. Жапония соғыста күйреген экономикасын тек қалпына келтіріп тұрақтандырып ғана қоймай, оны экономикалық өсу қарқыны бойынша алдыңғы орындарға шығарып, күшті капиталистік державаға да айналдырды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет