Дипломдық жұмыс: Қазақ күресі арқылы жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері



бет1/3
Дата22.06.2022
өлшемі22,86 Kb.
#37193
түріДиплом
  1   2   3

Жумабаев Ерлан Аргинбаевич
Дипломдық жұмыс: Қазақ күресі арқылы жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Ғылыми жетекшісі: профессор Сейсимбеков Е


КIРIСПЕ


Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Заманымыздың белді ақындары М.Мақатаев, О.Сүлейменов, М.Шаханов, Ф.Оңғарсынова т.б. шығармаларын көкіректегі қайнаған патриотизмнен туынды жалынды толғаулар деуге болады.
Сонымен қатар, Қазақстан мектептерінде де Кеңес Одағы кезінде өсіп келе жатқан жас буындарды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты жеткілікті тәжірибелер жинақталған. Осы тәжірибелердің белгілі бір кезіндегі жай-жапсарын зерттеу, танып білу, оның нәтижелерін нарықтық экономика жағдайында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу жолдары мен бағыттарын қарастыру бүгінгі күн талаптарынан туындап отыр:

  • ал соғыс жылдарында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мен ұлттық жауынгерлік дәстүр, Әлия мен Мәншүк ерліктері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беруді С.Ешімханов, С.Т.Иманбаевалар, өз зерттеулерінде арқау етіп алған;

Жоғарыдағы аталған ғалымдардың еңбектерін сапалай келе қорытқанымыз, жастардың бойында отаншылдық тәрбиелеудің кейбір тұстары бүгінгі өмірге лайық толық зерделенбеген. Оның ішінде спорт барысын айтуға болады.
Бүгінде спорт әлемдік деңгейде отаншыл, жастар тәрбиелеуді негізгі құралына айналуда, Сонымен бірге Қазақстан жаңа демократиялық құрылым жағдайында оқушыларды спорт арқылы қай ел болмасын әлемге танылуда отансүйгіштікке тәрбиелеуде аса маңызды қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері және Отанымыздың ұлттық саясатына қатысты кейбір ой пікірлер, осыған орай, қоғамымыздың әлеуметтік экономикалық дамуынан туындап отырған «спорттық патриотизм» секілді ұғымдардың педагогикалық мәні ашылып нақтыланбаған. Қазақстандағы мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің даму жолдарына қатысты мұрағат құжаттары, ғылыми педагогикалық айналымға түспегендігіне көз жеткіздік. Мысалы, қазақ елін әлем балуандарына мойындатқан Балуан Шолақ, Қажымұхан Мұңайтпасов, А.Нұрмаханов, Жақсылық Үшкеміров, Д.Тұрлыханов т.б.балуандардың сіңірген еңбектерін бүгінгі арнайы спорт мектептерінде жасөспірімдерді отаншылдыққа тәрбиелеуде орны ерекше. Бірақ, бұл бір өкініштісі оқу жаттығу сабақтарында жүйелі түрде қолданылмайды.
Спорт саласындағы жасөспірімдерді тәрбиелеуде, аға ұрпақтың ерлік іс тәжірибесімен байланысты болмауы және педагогикалық әдіс тәсілдерінің оқу-тәрбие үрдістерінде ендірілмеуі, бүгінгі жасөспірімдерді отан- сүйгіштікке тәрбиелеудегі қажеттілігін өтеуде қарама-қайшылықтардың
Зерттеу мақсаты: Жасөспірімдерді қазақ күресінің жетістіктері арқылы, отансүйгіштікке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық мүмкіндіктерін саралап, отаншылдыққа тәрбиелеудің жаңа бағыттарын анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет