Дипломдық ЖҰмыс «Жарақаттар, алғашқы медициналық көмек.»



бет1/7
Дата10.02.2023
өлшемі53,12 Kb.
#66653
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7


Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
09130100 - «Мейіргер ісі» мамандығы

5АВ09130101- «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша




ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
« Жарақаттар, алғашқы медициналық көмек.»

Орындаған:Болатбек Марфуға


Ғылыми жетекші: ________


Тараз 2023


Жоспар


І Кіріспе
ІІ Негізіг бөлім



  1. Қан ағу түрлері, тоқтату тәсілдері

  2. Асептика және антисептика туралы түсінік.

  3. Жаралар, жара инфекциясы

  4. Сүйектің сынуы, алғашқы медициналық көмек.



ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


Жарақаттар, алғашқы медициналық көмек.
Алғашқы медициналық көмектің міндеті — жарақаттанған адамның өмірін сақтап қалудың қарапайым шараларын жасау, көп қиналудан асқыну мүмкіндігінен сақтандыру, жарақат немесе ауру зардаптарының жеңілдеуіне мүмкіндік жасау.
Жазым болған жерде алғашқы медициналық көмекті жарақаттанған адамның өзі (өзіне-өзі жәрдемдесу) немесе оның серігі (өзара жәрдем), жасақшы санитар қыз көрсетуіне болады. Алғашқы медициналық көмек көрсетудің мынадай шаралары бар: қанның ағуын уақытша тыю, жараға немесе дененің күйген жеріне стерильді таңғыш байлап, қолдан тыныс алдыру және жүрек тұсын ұқалау, антидоттар жіберіп, антибиотик ішкізу, ауруды басатын (шок кезінде) дәрі егу, жанып жатқан киімді сөндіру, тасымалдауға әзірлеп, иммобильдеу, дөңесін жылыту, ыстық пен суықтан сақтау, противогаз кигізу, жарақаттанған адамды зақымданған жерден, әкетіп, аз-аздап санитарлық тексеруден өткізу.
Алғашқы медициналық жәрдем неғұрлым тез көрсетілсе, зақымданудың бұдан былайғы барысы мен сауығу нәтижесіне, тіпті өмірді сақтап калуға шешуші әсер етеді. Қан көп кетіп, электр тогы соққанда, суға батқанда, жүрек қызметі, тыныс алу тоқтағанда, басқа да бірқатар жағдайларда дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілуі тиіс. Егер алғашқы медициналық көмек көрсетуді қажет ететін зақымданушылар көп болса, оның кезегі мен қайсысына жедел жәрдем берілетіні анықталады. Ең алдымен балаларға және өте ауыр зақымдалған немесе жараланған науқастарға көмек беріледі.
Қат-қабат жарақаттанғанда алғашқы медициналық көмек көрсете отырып, оның жеке тәсілдерін орындаудың жүйесін анықтап алу керек. Алдымен зақымданған адамның өмірін сақтап қалуға немесе келесі медициналық жәрдем көрсетуге қажетті мүмкіндік беретін тәсілдер орындалады. Мәселен ортан жілік тіке сынып, артериядан қан кеткені байкалса, алдымен өмірге , қауіпті қан кетуді тиып, жараға стерильді таңғыш салып байлайды да, аяқ қолды тек содан кейін ғана иммобильдейді, арнайы шендеуіш салады немесе сынықты қимылдатпайтындай қолда бар құралдар пайдаланылады.
Алғашқы медициналық көмек көрсеткенде қолданылатын тәсілдердің қай-қайсысы болса да ұқыптылықпен, ойлап орындау керек. Қалай болса солай көрсетілген көмек зақымданушыға зиянын тигізіп, оның халін нашарлатуы мүмкін. Алғашқы медициналық көмекті бірнеше адам керсетуге тура келген жағдайда, іске жұмыла кіріскені жөн. Мұндайда жәрдемдесушілердің біреуі басшылық жасап, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін орындағанда барлығына жетекшілік етуі тиіс.
Алғашкы медициналық көмек көрсеткенде тізімдік және қолда бар құралдар пайдаланылады. Таңу материалдары — бинт, медициналық таңу пакеті, үлкен және кішкене стерильді таңғыштар мен салфеткалар, мақта және басқалар алғашқы медициналық көмек көрсетудің тізімдік құралдары болып табылады. Қан кеткенде таспалы және түтікті қан тоқтататын жгуттерглен тыяды, ал иммобильдеуге арнайы фанер, баспалдақты, торлы және басқа шендеуіш қолданылады. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде ампула немесе шишаға құйылған 5 проценттік спиртте ерітілген иод, шишаға құйылған 1—2 проценттік спиртте ерітілген бриллиант көгі, валидол таблеткалары, шүйіншөп (валериан) тұнбасы, ампулаға кұйылған мүсәтір спирті, натрий гидрокарбонатының (ас содасы) таблеткалары немесе ұнтағы, вазелин және басқа кейбір дәрі-дәрмектерқолданылады. Зақымдау ауқымында радиоактивті, уландырғыш заттармен және бактериялық құралдарға шалдыққан зақымданушыларға жеке адамға арналған аптечкамен (АИ-2) сақтандыру шарасы жасалады.
Санитарлық жасақтар мен санитарлық постарға тізімдік құралдар беріледі. Құрылыс пен өндірістік учаскелерге, цехтарға, фермалар мен бригадаларға, оқу орындары мен мекемелерге, тұрғын халық тынығатын жерлерге алғашқы көмек көрсетуге арналған аптечкалар жиынтығы койылады. Адамдарды тасымалдайтын құралдарда, сондай-ақ жеке пайдаланылатын автомобильдерде де аптечкалар болуы тиіс.
Алғашқы медициналық көмек көрсеткенде қолда бар құралдар ретінде: таңғыш салып байлауға — ақжайма, жейде, мата (түсінің, ала-құла болмағаны жен); аққан қанды тыюға — жгуттың орнына белбеу немесе белдік, ширатылған мата; сүйек сынғанда — шендеуіш орнына қатырма қағаз немесе фанер тілкемі, тақтай. таяқ және т. б. пайдалануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет