Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Ақын-жыраулар поэзиясындағы «ар» концептісі» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


І АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ



бет6/8
Дата23.02.2022
өлшемі111.3 Kb.
#26238
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
І АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1. Өлең-жырлардың тақырыптық-идеялық ерекшеліктері
Әдібйет – қалық хазынасынын, ұлттық мұрасвжьвтының қойнауы. Әр ұлттың әдебиеті сол ұлттың өмір сүру кезеңдерінің нақты көріністерін, олардың ерекшелікт ьжсьерін, болмысы мен бітімдің тұлғасын айқындай алатын бірден бір шығармашдлылық жинағы. Бүм идгінгідей жаһандану дәуірінде әр ұлт түп негіздегі ұмьимлттық дүниелерін ажыратып, саралау үстінде. Әдм осебиет, оның ішінде қазақ әдебием мсм тінде «ұлттық» сөзімен тіркесе отырып, ұлттымрсоқ код, ұлттық генезис, ұлттық дәстүр, сонымен қатар бүгінгі диплом жұмысының тақырыбмссм ы – ұлттық рух та кеңінен қарастмо мырылып жүрген тақырыптардың бірі. Ұл о ттық рух бейнесі тек көркемдік шындықтан, яки сондай тұтастай бірліктерден емес, нақты әрекеттердің нәтижмолесінде көрініс табатын күрделі ұғым. Нақты әрекеттердің өзі өлең жолдтпарында патрмтвпииоттық сарьм ынды, жыр жолдарында жыраулық сарынның үлгісі мен үрдісін, көркем шығармалардың өзінде, нарраторлық баяндауда ақиқаттың еншісім инде жүзеге асып отырады. Қазақ әдебим сдмсетінен ұлттық рух концептісіне сай дүниелерді зерделеген тұста, ханодық дәуірдің құрымл м лған кезін ғана емес, одан да әріре бммскті бағамдауға болады. Көне түркі әдебиет мұраларының қатарына жататын «Орхон-Енисей» жазмабалары, «Күлтегін», «Тоныкөк» жырлартрптындағы сарынның өзін қазақ әдебм вмиетінің ұлс мс ттық рух бірлігімен ұштастыра аламыз. Қазақ халқнонооының ұлттық идеясының қалыптьтасуын қазақ хандығы құрылған кеонозеңнен бері қарастырар болсақ, алдымен ұлттың қалыптасып, оның мүддеиавсінің дамуына негіз болған қазақ жырауларының ой толғамдарына тоқталу қажет. Жыраулар руханиятындағы негізгі айтылатын ойлар, қазақ деген қалың жұрттың болашағына сын көзбен қарап және ұлт қажеттіліктерін саралау негізінде туындап отырған көзқарастар, қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымдық негіздерін анықтай түсетін тұлғалар феноменінің мәдени жүйесінің жарыққа шығуына негіз болмақ. Ата мекен болмысын жан-жақты зерделеп, әлеумет тұрмысын жақсарту мақсатында, тарихтағы ел өмірінің дәстүрлі тәжірибесіне сай шаруашылық түрлерін дамыту қазақ хандарының міндетіне жүктелген елдіктің бірі болып саналса, бұл идеяның келер ұрпақ буыннан одан әрі жалғасын табуына негіз болып отыратын жыраулардың даналығы.  Біз әдебиеттегі жыраулар поэзиясын зерделеген тұста, оның кезеңдік ерекшеліктерін атап өтпесек болмайды. Қазақ хандығы құрылып, оның құрамын қазақ сұлтандары билегеннен, сол хандық кезең қалыптасқан тұстан бастап, өзіміздің төл әдебиет пайда бола бастады. Осы тұстағы әдебиет сахнасына ақын-жыраулар шықты. Жыраулар поэзиясы әдебиеттің төл басы ғана емес, өзінен бұрынғы күллі түркі әдебиетінің көркем сөз өнерінің табиғи жалғасы еді. Жыраулар поэзиясы бір ғана ғасырдың еншісінде өмір сүріп қана қоймай, бірнеше кезеңдерді қамтыды. Жыраулар поэзиясының кезеңдік ерекшелігіне тоқталар болсақ, сонау тарихтың беттерін ақтара отырып, Асан Қайғыдан, Сыпыра мен Едігеден бастайтынымыз белгілі. Ендеше, жыраулар поэзиясын, жыраулар дәуірін қандай кезеңдерге жіктейді?

XV ғасырдың орта шенінде алғашқы қазақ хандығы құрылғанын жоғарыда атап өттік. Сол тұста қазақ халқының өзіндік мәдениеті мен әдебиеті қалыптаса бастады. Өз алдына отау тігіп, феодалдық мемлекеттің іргетасын қалаған қазақ халқы қоғамдық дамудың жаңа белесіне көтеріле бастады.

Аузы дуалы, ақылгөй жыраулар жалпы жұртқа өнегелі сөздерімен зор ықпал етіп, халықты ел болуға, берекелі жұрт болуға шақырып, қоғамдық өмір сахнасына шыға бастады.

Қазақ жырауларының толғау-тебіреністері тәлім-тәрбиелік шарапаты жағынан ғана емес, сонымен қатар рухани-эстетикалық, отаншылдық, патриоттық мәні жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің, қолбасы батырлардың ақылгөй кеңесшісі болып, жорыққа бірге аттанды, ру-тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті. Бұл сарындағы тәлімдік әрі рух беретін жырларды Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Шал ақын шығармаларынан аңғаруға болады. Жыр-толғамдардағы ақын-жыраулардың атап көрсеткені - ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы – өз Отанын сырттан келген басқыншы жаудан қорғау екендігі. Азамат, ер жігіт болу үшін әркім өз мінін өзі көріп, соны түзете білуі қажет: білім – баға жетпес қазына, дүниедегі жақсылықтың бәрі білім арқылы келеді; биік адамгершілік, отбасының берекесі, денсаулық – осылардың бәрі – кісінің басты байлығы. Шындығында, жыраулар поэзиясы – өздері өмір сүрген тарихи кезеңнің жемісі. Жырларының арқауы – ел тағдыры, халық тілегі. Жыраулар өз толғауларында заманының көкейкесті мәселелерін көтере алған. Әр кезеңнің жекелей ерекшелігі бар. Әр жыраудың өзіне тән философиялық сарыны мен ой құндылығы бар. Осы орайда жыраулық поэзия дәуірін 3 кезеңге бөліп қарастыра аламыз.

Алғашқы кезең XIV-XVI ғасыр аралығын қамтыса, екінші кезең XVII ғасырды қамтиды. XVIII ғасырдан бастап үшінші кезеңді бөліп алып саралай аламыз. Бірінші кезеңнің қатарына Сыпыра жырау, Кетбұға, Асан Қайғы жырларын жатқызамыз. Ғалымдарымыздың пікіріне сүйенер болсақ, бұл кезеңге қарға бойлы Қазтуған жырларын да жатқызуға болады. Сонымен қатар, Доспамбет жырау, Жиембет жырлары мен толғауларын да осы кезеңнің аяқ тұсына кіргізуге болады.

Екінші кезеңді Ақтамберді жыраудың арнау-толғауларынан бастап, сол тұстағы өзге де жырауларды атап өтуге болады.

Жыраулық дәстүрдің жалғастығында үшінші кезеңнің басын Бұқар жырау Қалқаманұлы бастап, Оңдасұлы Базар жырау сынды өкілдері аяқтайды. Жыраулық дәстүрден соң қазақ әдебиетіне ақындық дәстүр келеді. Халық поэзиясы деген кезде біз оқырман қауым да, әдебиетші қауым да аталмыш жырауларды атай аламыз. Кейінгі Шортанбай, Дулат, Махамбет жырларының да басым көпшілігі жыраулық дәстүрдің негізіне келіп тіреледі. Десе де біз оларды ақындық дәстүрдің қарамағына кіргіземіз.

Жыраулар поэзиясының зерттелу жайына келер болсақ, оның бөліністік ерекшеліктері мен жырауларға тән қасиеттерді М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин еңбектерінен кездестіре аламыз. Жырдың жанрлық топталу түрлеріне З.А.Ахметов, Қ.Жұбанов сынды ғалымдар да өз пікірлерін білдірді. Асан Қайғының толғауларына қатысты Шоқан Уәлиханов өз бағасын бере отырып, абыздың жырларына «көшпелілер философы» деген өз бағасын берді. Жыраулар поэзиясын ғалымдар саралай келе ұлттық философиялық сарынның ерекшеліктері осы жыраулар поэзиясынан бастау алады деген пікірге тоқталды. Осы орайда С.Ақатай, Ғ.Есім, Т.Рысқалиев, Ә.Сағатова, О.Күмісбаев, Ө.Сегізбаев қазақ даласының философиясын қай кезеңнен бастау алатынын, қайнар көзін қарастырды. Әдебиетші ғалымдар Р.Бердібай, М.Жармұхамедов, Б.Абылқасымов жыраулар поэзиясының толғау жанрына ерекше тоқталып, сол толғау төңірегінде сүбелі ойларын ортаға салып, оның жанрлық, тарихи, тілдік сипатын ашып көрсетті.

Жыраулар поэзиясы – ұлт қалыптасуының басты көрінісі. Кез келген ұлттың жеңісі мен жеңілісі сол ұлттың әдебиеті мен тарихынан хабар беріп, сыр шертіп тұрады. Елдікті еңсеріп, егемендікке қол жеткізген қазақтың бұл дәстүрді түркі дәуірінен бері қарай кемелдендіріп, жаңа мазмұн мен тың тақырыптарды игере отырып, сол қоғамның ашық көрінісін жеткізе алды. Сонау ерте заманнан бері қоғам мен сол қоғамда өмір сүретін адам, сол адамның ұстанар діні мен ұстанымы, этикасы мен эстетикасы, қарама қарсы формадағы адами құндылықтардың барлығы дерлік, бір-бірімен тоғыса отырып, философиялық сарындағы жыр туғызды. Тек қана қазақ әдебиеті емес, осы тұста «Иллиада», «Одиссей» жырларының да сарындық ерекшелігінен осы пікірге келісуге болады. Жыр үлгісі яки болмаса жыраулардың мақамдық ерекшеліктері түркі әдебиетінен нәр алып, қазақ әдебиетіне бастама болып оралды. Ұлт болып қалыптасу барысындағы жыраулар мен олардың аузынан шыққан дуалы сөздердің маңызы мен қоғамнан алар орны Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында, Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» сынды тарихи шығармаларының желісінен көре аламыз. Хандық дәуірдегі хандық биліктің белең алған тұсының өзінде жыраулардың халық алдындағы беделі жойылмаған. Бүгінгі концептілерді зерделер болсақ, бұрынғының биі де, басшысы да жыраулардың әр сөзіне құлақ асып, бір ауыз сөзге тоқтап, бір ауыз сөз үшін бітімге келген. Үш ғасырды қамтыған жыраулар поэзиясының әр кезеңдік тақырыбы, сол заманның тарихи оқиғалары, сонымен қатар тілге тиек ете білген мәселелі оқиғалары да өздеріне тән әртүрлі болған. Жыраулар поэзиясын ғылыми тұрғыда кезеңдерге бөліп қарастырып, олардың әрқайсыына жекелей мән беріп қарастырған ғалымдарымыз жоқ емес. Мұхтар Әуезовтің «Әдебиет тарихын», Мұхтар Мағауиннің «Алдаспанын», Х.Сүйіншәлиевтің зерттеу жұмыстарын қарастырар болсақ, олар жыраулардың арнау-толғауларын бір-бірімен салыстыра отырып, олардың жырларында кездесетін тарихи мезгілдерді хронологиялық кесте арқылы жіктеп, жекелей ақынға тән ерекшеліктерін көрсеткен.(1)

Қазақ хандығы құрылған кезеңдегі жы­раулар поэзиясында ерлік тақырыбының үстемдік алып, Керей мен Жәнібек құрған қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі мен оның даңқын арттыру жолында күрескен батырлардың табандылығы мен қайтпас қай­сарлығын жыр­лау ең өзекті мәселе болды. Жырау­лар билеушілердің және адамдар жоқшылық дегенді білмей, молшылықта өмір сүретін қоғам­ның мінсіз бейнелерін жасады. Олар өздерінің поэтикалық монолог-толғауларында маңызды мемлекеттік мәселелермен қатар, әдеп пен мораль, ар-намыс пен қадір-қасиет мәселелерін қорғады. Өмір мен өлім туралы, дүниенің ауыспалы тұсы мен жалғандығы туралы өз ойларын толғады.

Жыраулар поэзиясы ұлттық болмыс пен бітімнің қалыптасуында аса қарқынды әсерлілігімен ерек­шеленді. Мемлекетті басқар­ған хандардан бастап, балаға тә­лім-тәрбие беретін эстетикалық есті дүниелер қалдырды. Қазақ хал­қы сөз өнерін киелі санайды. «Сөз – сүйектен, таяқ еттен өтеді» дейді дана халқымыз. Жыраулар заманындағы арнау-толғаулар ұлттық рух, патриоттық сарынмен ғана шектелмей, бүгінгі қоғамдағы зияткерлік, ар мен намыс, адамгершілік сынды тақырыптарды да қамти отырып, тәрбиелік бастаудың толық түрдегі тізгінін ұстады.

Өмірден ерте кеткен ақын, профессор А.Егеубай жыраулар поэзиясының қазақ ұлтының рухани қалыптасуына жасаған ықпалы туралы: «Жыраулар толғаған адамшылық, имандылық, қаһармандық, жігерлілік һәм жайсаңдық жаңа қалыптаса бастаған қазақ ұлысының рухани келбетін кестелеуі тиіс еді. Солай болды да. Қазақ елінің ажары мен жан дүниесі сол шығармалардан танылды. Білім-білік, ақиқат, тіл, жаратылыс жайлы толғамдар да сол арнада желі тартты. Ежелгі түркі дүниесінің бар болмысы мен арман-мүддесі бір кезеңде қазақтың классикалық мәдениеті арқылы жаңғыра көрінді. Жырау­лар дәуірінің ішкі мәніне үңілсек, төрт-бес ғасыр бойына тұтастай құбылыс ретінде дамыған әлеуетті әлеуметтік-көркемдік ұлы самғау бұрын-соңды болмаған еді. Ол поэзияда, елдік құрылыста, тұр­мыста материалдық һәм рухани мәдениетте бірдей айқын мүсін­делді», – дейді. Шындығында, сонау түркі әдебиетін есепке алмай, кейінгі ұлт болып қалыптасқанға дейінгі әдебиетті оқырман ретінде яки әдебиетші есебінде оқитын болсақ, жыраулық поэзия тәрбиенің де, тәлімнің де, білім мен ғылым, рух пен жігер, әдебиет пен мәдениет, философия мен психологияның да қайнар көзі болып табылады. Қазақ әдебиеті деген тұста даму тұсымыз бен шарықтау шегімізді айта алмай жатамыз. Өзге де түркі тектес ұлттар секілді біздің де ұлттың өзіне тән, тікелей қазаққа ғана сай әдебиеті мен мәдениетә бар. Олардың даму тарихы да жекелей жіктеледі. Қай халықтың болмасын әдебиет тарихы сол халықтың қоғамдық-әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты. Қазақ әдебиетінің тарихы да қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік, саяси өмірінің бейнелі көрінісі, соның сүрлеуі, ізі болып табылады.

Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар көне замандардан-ақ қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік Шығыс Сібірді, Еділ бойы мен Каспий жағалауларын мекен етті. Қазіргі түркі тектес халықтардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени де әдеби өмірі ежелден-ақ бір-бірімен тығыз байланысып, біте қайнасып жатыр. Ал сол түркі әдебиетінен басталып, нақты өзіндік тарихын қай ғасырда қалыптастырды деген сұраққа жауап берер болсақ, төл әдеби мұрамыз жоғарыда айтып өткендей мемлекет болып құрылғаннан кейін қалыптаса бастады. Бұл шамамен ғалымдардың зерттеу еңберінің негізі бойынша 15-16 ғасыр аралығын құрайды. Әдебиеттануда бұл кезең хандық дәуір әдебиеті деп аталады. Дәл осы хандық дәуір әдебиетінде қазақтың абызы мен жырауы, биі мен ханы өмір сүрді. Абыздан бастасақ Асан, жыраудан Бұқар жырлары өріліп отырды. Тек жыраулармен шектеліп қана қоймай, Қадырғали Жалаиридей ойшыл, Мұхамед Хайдар Дулатидей зерттеуші-тарихшы, абыз Асан, бұдан бөлек Сыпыра жырау, Қодан тайшы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Марқасқа, Ақтамберді, Жиембет, Тәтіқара,Үмбетей мен Шал ақын секілді тұлғалары болған. Аталған тізімге зер салар болсақ, бұл дәуірде көшпенділік жағдайға байланысты, қазақ халқының ауыз әдебиеті, соның ішінде эпостық, салттық жыр-дастандары, ақындық, жыраулық өнері молырақ дамығаны байқалады. Қазақ хандығының туу, орнығу, даму кезеңдеріндегі түрлі оқиғалар жыраулық поэзиямен қатар тарихи, шежіре элементтері араласжазба әдебиет үлгілеріне де түсіп отырған. Оған Мұхамед Хайдар Дулати, Қ.Жалаири, Ә.Баһадүр жазбалары айқын дәлел бола алады.

XVII-XVIII ғасырдағы әдебиет таза жыраулық дәстүрдің, жыраулық поэзияның, жыраулар өнерінің топтамасымен белгілі. Хандық дәуірдегі жыраулар поэзиясының өзін арнау поэзиясы және толғау поэзиясы деп екіге жіктеп қарастырамыз. Қазақтың суырып салма өнерге негізделген, авторлығы бар, жаугершілік заманның өилы әрекеттері мен көріністерін бір желіге сыйғыза отырып жырлаған дүниені толғау поэзиясы деп атаймыз. Ал сол заманның еншісінде өмір сүріп, хандық құрып, билік жүргізген хандарға немесе халықтың жанын аман сақтап, елдік пен бірліктің жолында батырлық танытқан батырларға, билер мен қолбасшыларға арналып шығарылған поэзияны арану поэзиясы деп қарастырған. Хан да, қара да, тарих көшінің бағыты мен бағдарын, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін, шиеленіскен қиынның шешімін жыраудан күткен. Жыраулық дәстүр өз кезеңінде атадан балаға жалғасып, ғасырдан ғасырға, кезеңнен кезеңге мирас болып, бүгінгі күнге ұлттық асыл қазына болып жеткені сөзсіз. Қазақ жыраулары көнеден жеткен терме-толғаулар мен жыр-дастандарды біздің дәуірімізге дейін сақтап жеткізді. Жыршы болу оңай дүние емес, жырау болу тіптен үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Ең әуелі жыр-дастандардың құндылығын жоғалтпай, оны асқақтата жеткізу, елдің мұңы мен шерін қайғысы мен қуанышын бір аранаға тоғыстыра отырып, бір желіге сыйғызу, сол туған дүниені ауыздан ауызға әдемі тарату – жыршының да, жыраудың басты міндеті. Ғасырлар шежіресі мен заманның әрқилы кезең тұстары жыраудың жеке қасиеттерін саралап, сараптап бергендей. Жырау да, жыршы да өн бойына орасан ойшылдық, парасат пен пайым, зейін мен зерделілік, байсалдылық пен сыпайылықты, сонымен қатар адамгершілік бірліктерінің барлығын дерлік игеруі керек.



Жыраулар поэзиясы – дербес мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген Қазақ хандығы атты дәуірдің әдеби мұрасы. Көрнекті ғалым-жазушы М.Мағауиннің айтуынша: «Қазақ халқының жалпы түркілік ортақ этнос құрамынан бөлініп, дербес Орда құрған хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге созылды». Ол тағы бірде «ХV–ХVІІІ ғасырларда жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мұратын бірінші орынға қойды. Өзіндік түр тауып, айқын ұлттық сипатта қалыптасты. Алаштың жайсаң жанын, өр рухын бедерлей таңбалап, келер ұрпақ үшін ешқашан ескірмес үлгілер тудырды. Көркемдік танымның асқар биігіне көтеріліп, әлемдік өредегі ұлы шығармалар қалдырды», дейді. Яғни, жыраулар поэзиясы – қазақ сөз өнерінің әлемдік классикалық шығармалар шоғырына қосылатын біздің ұлттық рухани қазынамыз. Жыраулар шығармаларында ой-пікірлерін ашық айтып, әмірші, хандарды, сұлтандарды «бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» қағидаттарын ұстанып сынап отырған. Жыраулар өздерінің сынында мемлекет мүдделерін жеке бас мүдделерінен жоғары қойған. Ендеше тарих пен әдебиеттің бедерінде ұлт болып қалыптасу тұрғысында арнау мен толғау поэзиясын аманат еткен жыраулардың поэзиясына жекелей тоқталып, олардың өлең-жырларының ұлт болып қалыптасудағы негізгі көріністеріне тоқталып өтейік.

Жыраулар поэзиясының атасы, абызы Асан Қайғы болып саналады. Асан Қайғының ұлт болып қалыптасу жолында алар орны қандай?! Терең философияны тұтастай сөз бірліктерімен қамтыған, жыраулар поэзиясының алғашқы кезеңінде есімі аталатын Асан Қайғы бейнесі қазақ әдебиетінде қалай сомдалады? Жоғарыда атап өткендей жыраулар мен абыздардың ел билігінде алар орны ерекше. Бірі ханның ықпалды кеңесшісі болса, енді бірі көшпенді елдің философы, тағы бірі қара халықтың ардақ тұтар абызы болған. Асан да дәл солай Ұлығ-Мұхамед ханның тұсында өмір сүрген қазақ елінің жырау-философы. Аңыздарға сүйенер болсақ, туған халқының ауыр тіршілігін көрген Асан Қайғы елі үшін қайғы-мұңсыз, малға құт, жауласу жоқ, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жерді, яғни өз танымындағы «Жерұйықты» іздейді. Серігі болған Желмаясымен халық үшін құтты мекен, бақыттың ордасын іздеп, тау-тасты кезіп, біршама жерді шарлайды. Асан арманы – халық арманы. Асан мүддесі – халық мүддесі. Күллі қазақ аңсаған азаттықты әлденеше ғасыр бұрын Асан абыз да аңсайды. Зерттеушілердің еңбегіне, ғалымдардың пікіріне сүйенер болсақ, Асан танымындағы Жерұйықты таппай қазіргі Сарыарқа даласында дүние салады. Оның образдық бейнесін жырау яки абыз ретінде ғана емес, күйші ретінде де тануға болады. «Ел айрылған», «Асан Қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» секілді күйлері бүгінгі күнге сақталып жеткен. Ұлт болып қалыптасудағы Асан бейнесін, оның арнау-толғауларынан оңай аңғарамыз. Ал жыраудың жеке бас көрінісін, оның ұлт алдындағы, халық алдындағы болмысын Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясынан оқи аламыз.

«Хан ордасында қарт Қотан мен Қарға бойлы Қазтуғанның келіп сәлем беруін күтіп отырған Жәнібек, «Асан қайғы» келіп ауыл сыртына түсіп жатыр деген хабарды естісімен, Бүкіл Дешті Қыпшақ ардақтайтын, қазағы үшін қайғылы жырауды өзі шығып қарсы алмақ болды. Жәнібек хан ордасына қарай беттеген Асан қайғы тобына қарсы жүрді. Ханнан бұрын Асан қайғыны зор қошеметпен қарт Қотан мен Қазтуған қарсы алды. Жасы жүзге таяған абыз Асанды екеуі екі жағынан қолтықтап, топ адамды соңдарынан ертіп келе жатыр екен. Жәнібек хан нөкерлерімен жақындап келіп, қол созып, иіліп сәлем берді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет