Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Ақша қаражаттары есебі мен аудиті Студент: 4 курс сыртқы бөлім



бет1/6
Дата09.05.2022
өлшемі378,5 Kb.
#33608
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет: «Қаржы және есеп»

Кафедра: «Бухгалтерлік есеп және аудит»



ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ақша қаражаттары есебі мен аудиті

Студент: 4 курс сыртқы бөлім,

Байғазиева Айгул Жакенқызы

Мамандығы: «Бухгалтерлік есеп және аудит»
Ғылыми жетекші:

аға оқытушы Иманкулова Ш.А


Рецензент: ________________________

Жұмыс қорғауға жіберілді:

«____»_________________2006ж.

Кафедра меңгерушісі:

э.ғ.к., доцент Міржақыпова С.Т.

Алматы 2006ж.



Мазмұны

Кiрiспе………………………………………………………………………....3

1-тарау Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде………………………………………………………………………….8

1.1. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы ……………………...........8

1.2. «Оптика» АҚ жалпы эконмикалық сипаттамасы және есеп саясаты………………………………………………………………………....14

2-тарау Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру . ………………........20

2.1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебi……………………………….......20

2.2.Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………….....26

2.3.Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………………….....31

2.4.Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақшаның есебi………….........38

3-тарау Ақша қаражаттары есебiнiң аудитi……………………………........43

3.1. Ақша қаражаттары есебi аудитiнiң мақсаты мен мiндеттерi…….........43

3.2.Касса операцияларының аудитi………………………………………….51

3.3. Есеп айырысу шоттарының аудиті..........................................................60

Қорытынды ......................................................................................................67

Қолданылғын әдебиеттер тізімі .....................................................................69

Қосымша

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп жүйесі Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күнде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінедгі басты орынды алуда.

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикалық тұрақты өсуіне әсер етеді.

Қаржы – несие институттары мен операциялардың қайта бағытталуына, кәсіпорындар өзара қатынас жүйесінің өзгеруіне байланысты бухгалтерлік есеп және есеп беру үздіксіз жаңарып отырады. Бухгалтерлік есеп, басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылғандықтан ол маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік есептің ерекшелігі операция сипатына, есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп құжаттарының мазмұнына байланысты.

Бұл дипломдық жұмыс ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, бухгалтерлік есепті түсініп, оны игеруге мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады. Әрбір тарау халықаралық стандарт бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәжірибесіне сәйкес келеді. Дипломдық жұмыс қолданыстағы заңдар мен нориативтік базаларға сәйкес жазылады.

Нарықтық реформалар нәтижесінде отандық экономиканың түпкілікті өзгеруі іскер адамдардың – кәсіпкерлер, менеджерлер, қаржы қызметкерлерінің жұмысына маңызды өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді қажет етіп отыр. Бұл мамандардың көнеден келе жатқан бөлігі – бухгалтерлерге де тікелей қатысты.

Әрбір кәсіорын шаруашылығының нәтижесінің көрсеткіштерін бір жүйеге келтіріп есепке алатын бухгалтерлік есеп анықталады. Шарушылық есептің негізгі мақсаты, сол құбылыстар нәтижесінің көрсеткіштерін топтап талдау жасап, олардың өзара бір-бірімен қандай байланыста екенін анықтап қорытынды жасау болып табылады. Одан ары осы анықталған шаруашылық есеп көрсеткіштерінің адамзат қоғамының, өндіріс шаруашылығының өсіп-даму жолында қандай әсері бар екенін негізге ала отырып, сол есеп көрсеткіштерін тиімді әдіспен шаруашылықты басқаруға пайдалану болады.

Шарушылық есептің мазмұнының негізін құрайтын – бухгалтерлік есеп. Бухгалтерлік есеп экономикалық ғылымдар ішінде бөлек ғылыми сала. Осы орайда, қоғамдық өндіріс процестері бухгалтерлік есепке алынатын бір тұтас тұлға деуге болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің даму жолында жүйелі көрсеткіш – мәлімет ретінде қажет. Себебі, бухгалтерлік есеп болмаса, қоғамдық өндірістің өсіп дамуы мүмкін емес. Бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу. Осымен бухгалтерлік есеп бұл ұйымның меншіктік капиталы, активтері, міндеттемелері және қызмет ерекшеліктері туралы ақпараттарды, оны әр түрлі пайдаланушылардың: меншік иелерінің, инвесторлардың, банктердің, бақылаушы органдардың, акционерлердің және тағы басқа қолдануы үшін жинаудың, өңдеудің және берудің тәртіптелген жүйесі.

Есеп тізімдемесі, журналдарда, ведомостарда, бастапқы құжаттарда шаруашылық операцияларын жаппай, үздіксіз құжаттық негізделген түрде көрсету тәсілі негізінде жасалады.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жүйесін құруды реттейтін құқықтық нормативтік актілер төрт деңгейді білдіреді.



  1. «Бухгалтерлік есеп туралы» 26.12.95 жылы №2732 Заң күші бар Жарлық

  2. Бухгалтерлік есептің стандарттары және 18.11.2001 жылы №6 Шоттардың бас жоспар – ұйымдарға шаруашылық операцияларды есепке алуда балама нұсқаларды көрсетуді білдіретін шаруашылық операцияларды есепке алу тәртібін анықтайтын ресми қағида.

  3. Уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі бухгалтерлік есеп және аудит Департаменті бекітетін нұсқаулықтар, ақыл-кеңестер, нұсқаулар, басшылықтар, мұнда ұйымнан салалық тиістілігіне, мөлшеріне және өндіріс үлгісіне және басқа факторлеріне байланысты есепті ұйымдастырудың нұсқаулары ұсынылады.

  4. Жоғарыда аталған құжаттарда ұйымның нақты қызмет ерекшеліктерін ескере отырып анықталған тәсілдерге қағидаларға және қағидаттарға негізделеген нормативтер мен нормалардың жүйесі, нұсқаулар, нұсқаулықтар, ережелер, бұрықтар, мұны ұйымның басшысы немесе оның меншік иесі келесі есепті жылға жасап, бекітеді.

Қазіргі таңда ақша қаражаттар есебіне үлкен көңіл бөлінеді. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердіңтұрақты жүріп отыратын ақша қаражаттар айналымына байланысты. Өйткені барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарлы-материалды қорларды, шикізаттарды, қызметтер мен жұмыстарды сату және сатып алу арқылыөз жұмыстарын атқарады.

Ақша қаражаттар есебінің негізгі мақсаты: толық және шынайы ақпаратпен ішкі қолданушыларды қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепте ішкі және сыртқы қолданушыларға бақылау үшін қажет. Операциялар жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының Заңдарының сақталуы және ақша қаражаттарының мақсаттылы қолданылуын қамтамасыз етеді.

Осы жоғарыда айтылғанның бәрі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға әсер етті. «Ақша қаражаттар есебі мен аудиті» оқулықтар мен «Оптика» Акционерлік Қоғамының мәләметтеріне сүйене отырып жасалынды.

Бұл дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері:



  • ақша қаражаттарына жалпы сипаттама беру;

  • есеп айырысудың нысандарын анықтау;

  • «Оптика» Акционерлік Қоғамына экономикалық сипаттама беру;

  • кассадағы қолма-қол ақша есебінің қалай жүргізілетінін көрсету;

  • есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша есебінің қалай жүргізілетінін көрсету;

  • валюта шотындағы қолма-қол ақша есебінің қалай жүргізілетінін көрсету;

  • ақша қаражаттар есебі аудитінің мақсаты мен міндеттерін анықтау;

  • касса операцияларының аудитін қарастыру;

  • банк операцияларының аудитін қарастыру;

  • «Оптика» Акционерлік Қоғамының ақша қаражаттар есебі талдауын жүргізу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет