Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «эксперименттік есептер шығару әдістемесі» «5В011000 -физика»



бет1/14
Дата12.09.2022
өлшемі0,99 Mb.
#38908
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Жаратылыстану-математика» факультеті
«Физика» кафедрасы


Дипломдық жұмыс


Тақырыбы: «ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ»


«5В011000 –Физика»
Болатбекова Құндыз Болатбекқызы
Семей
2017 жыл
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


«Қорғауға жіберілді»
____________кафедра меңгерушісі,
п.ғ.д., профессор Маусымбаев С.С.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: «ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ»


Мамандығы - «5В011000 – Физика»
Орындаған Болатбекова Қ.Б.
Ғылыми жетекшісі Қасымханова К.А.


Семей
2017 жыл


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6

    1. Оқушылардың эксперименттік есептер шығару мәселесінің зерттелу деңгейі 6

    2. Мектепте физиканы оқытуда эксперименттік есептер шығарудың ерекшеліктері 15

1.3 Физика пәнінде эксперименттік есептер шығарудың маңызы 25


2 ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Эксперименттік есептер шығарудың мазмұны 43
2.2 Физиканы оқытуда эксперименттік есептер шығарудың әдіс-тәсілдері 55
2.3 Физиканы оқытуда эксперименттік есептер шығару әдістемесінің тәжірибелік-экперименттік нәтижелері 64

ҚОРЫТЫНДЫ 71
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 73
ҚОСЫМШАЛАР 75


КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. «Физика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.
Базалық білімнің негізгі компоненті ретіндегі физиканың мәні практикалық іс-әрекетте қолдану үшін қажетті, басқа оқу пәндерін зерделеу үшін, үздіксіз білім беру жүйесінде оқуды жалғастыру үшін қажетті, нақты физикалық білімді игерту арқылы оның адамзат өркениетін, ғылыми-техникалық прогресті дамытудағы, қазіргі ғылымдағы және өндірістегі рөлімен, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани ортасын қалыптастырудағы, олардың интеллектуалдық және басқа да сапаларын дамытудағы физикалық білімнің маңыздылығымен анықталады.
Оқытудың тиімділігі – мектепте оқушылардың белсенді араласуына байланысты, яғни жоғары білімді оқытушы мен білімді меңгеретін оқу-танымы жоғары, қабілетті, белсенді оқушыларға тікелей байланысты. Сондықтан мектепте оқу процессін іске асыру үшін оқытушының жұмыс сапасын арттыру керек, яғни өтілетін сабақтың, жүргізілетін практикасы мен лобараториялық жұмыстарының сапасын арттыру, оқушылардың белсенді оқу-танымдық іс-әркеттерін ынталандыру, оқу процессін рационалды түрде негіздеу.
Эксперименттік жұмыстарда басқа білім түрлеріне қарағанда мұғалімнің барынша белсенді болу керектігін айқындайды. Мұндай жұмыстарда мұғалім әрбір оқушымен қарым-қатынаста болады және олардың өзіндік жұмыстарын тиімді басқаруға көмектеседі.
Қазіргі уақытта мектептегі физика пәнінен эксперименттік жұмыстарын өңдеген келесі авторлардың А.В.Беклемешев, Ю.А.Кравцов, А.Н.Мансуров, Н.Г.Майсов, А.Г.Белянкин, Г.П.Мотулевич және т.б. ғалымдардың оқулықтарымен өтіледі. Мазмұнының көрсетілуі және жаңа ғылыми лабораториялық оқу формалары – ғылыми-әдістемелік кітаптарда талқыланады, алайда ұйымдастыру бөлімі аз қамтылған. Физика пәні бойынша оқушылардың кәсіптік оқытылуын және оқу мен экспериментке дайындығын арттыру үшін практикалық және лабораториялық сабақтарды зерттеу жеткіліксіз болады. Мектептерде физика пәнінен лабораториялық сабақтардың өтілуі мен дайындық кезіндегі біршама атап көрсетсек болады:
- лабораториялық сабақтарға қолданатын құрал-жабдықтар әрқашан қазіргі заман талабына сай еместігі;
- өтілген материалға лабораториялық жұмыстардың сәйкес келмеуі;
- лабораториялық жұмыстарға көптеген әдістемелік сипаттаманың берілуі;
- жұмысты орындауда оқушылардың дайындығының аздығы;
- оқушылардың әрқашан болып жатқан құбылысты талдауға машықтанбауы және жасалған эксперименттен қорытынды жасауға қабілетінің жетіспеуі;
- оқушылардың көп уақыты өтпелі тапсырмаларды орындауға кетеді, нәтижесінде эксперименттің тиімділігі төмендейді;
- оқушылардың индивидуальды дайындығы әрқашан есептелмейді;
- оқушылардың педагогикалық еңбек мәдениетін қалыптастыруға назар аударылмауы.
Эксперименттік жұмыстың орындалуынан алынған нәтижелер бағаланады, ал практикалық жұмыстарды жасағанда оқушылардың қабілеттілігі мен дағдылануы жетіспейді.
Жоғарыда аталған ұйымдастыру кезіндегі кететін кемшіліктер бойынша физика пәні бойынша жүргізілген эксперименттік жұмыстардың өтілуі, сонымен бірге оқушылардың қабілетсіздігі мен білімінің жоқтығы, осының барлығы мектептерде физика пәні бойынша жүргізілетін эксперименттік жұмыстардың жүргізу мен теориясы және әдістемесін жаңарту керектігін айқын көрсетіп тұр.
Сондықтан зерттеу мақсатымен жүргізілген осы жұмыстың тақырыбын «Эксперименттік есептер шығару әдістемесі» деп атауға негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет