Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) дайындау және ресімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата10.03.2023
өлшемі0,65 Mb.
#73228
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7


Жоба 
 
Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) дайындау және ресімдеу 
 
бойынша әдістемелік нұсқаулар 
 
1 Нормативтік сілтемелер 
1.1 Әдістемелік нұсқаулар келесі құжаттарға сәйкес әзірленді: 
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (02.08.2018 ж. № 170-
VI ҚРЗ өзгерістер және толықтырулармен);
- Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарты (ҚР БҒМ 
31.10.2018 ж. №604 бұйрығы); 
- Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың 
ережесі (ҚР БҒМ 20.04.2011 ж. № 152 бұйрығы, 12.10.2018 ж. №563 
өзгерістермен); 
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары 
қызметінің үлгілік қағидалары (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 
бұйрығы); 
- Мемлекетаралық стандарттар: МЕМСТ 7.32-2001 (2006 жылғы 
өзгерістермен). Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Құрылымы мен ресімдеу 
ережелері;
- МЕМСТ 7.1-2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. 
Жалпы талаптар және құрастыру ережелері. 
 
2 Жалпы ережелер 
2.1 Осы әдістемелік нұсқаудың мақсаты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетінде (бұдан әрі мәтін бойынша университет) дипломдық жұмыстарға 
(жобаларға) қойылатын жалпы талаптарды белгілеу болып табылады. 
2.2 Дипломдық жұмыс (жоба) университет бакалавриатында оқудың 
қорытынды кезеңінде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады. 
2.3 Студенттің дипломдық жұмысына (жобасына) келесі жалпы талаптар 
қойылады: 
 дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми-зерттеу сипатында болуы тиіс; 
 дипломдық жұмыс (жоба) студенттің тәжірибелік материалдарын өз 
бетінше жинау, жүйелендіру және тәжірибеде немесе қоғамдық қатынастардың 
немесе қызметтің (құқық, экономика, басқару) осы саласында қалыптасқан 
жағдайды (үрдістерді) талдау іскерлігінің болуын көрсетуі тиіс...); 
 дипломдық жұмыстың тақырыбы, мақсаттары мен міндеттері зерттеу 
мәселелерін шешумен тығыз байланысты болуы тиіс; 
 жұмыс (жоба) студенттің есеп беру деректерін және басқа авторлардың 
жарияланған материалдарын елде де, шетелде де адал пайдалануын көрсетуі 
тиіс;
 дипломдық жұмыс (жоба) нақты құрылымы, аяқталуы, материалды 
логикалық, дәйекті баяндау талаптарына жауап беруі, жасалған қорытындылар 
мен ұсыныстардың негізділігі болуы тиіс; 


 дипломдық жұмыстың (жобаның) ережелері, тұжырымдары мен 
ұсыныстары жаңа статистикалық деректерге және қолданыстағы нормативтік 
актілерге, ғылым жетістіктері мен практика нәтижелеріне сүйенуі тиіс; 
экономика, менеджмент және т. б. саласындағы жұмыстар үшін есептеу-талдау 
бөлімі болуы тиіс (тиісті аналитикалық кестелермен, кестелермен, 
диаграммалармен және т. б.). 
2.4 Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау мақсаты: 
1) мамандық бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды 
жүйелеу, бекіту және кеңейту, және оларды нақты ғылыми, техникалық, 
экономикалық және өндірістік мәселелерді, сонымен қатар, мәдени бағыттағы 
мәсеелерді шешу үшін қолдану; 
2) өзіндік жұмысты орындау дағдыларын дамыту және қарастырылып 
отырған мәселелерді шешу үшін ғылыми зерттеу мен эксперименттеу 
әдістемелерін меңгеру; 
3) заманауи өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайларында студенттің 
өзіндік жұмыстарға дайындығын, сонымен қатар, оның кәсіби құзырет деңгейін 
анықтау; 
2.5 Дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми жетекшінің көмегімен жүзеге 
асырылады және төмендегі талаптарға сай болуы керек: 
1) ғалымдар, аналитиктер, практиктар: инженерлер, конструкторлар, 
менеджерлер мен экономисттердің ғылыми зерттеулерін, жобалық шешімдерін 
түйіндеу; 
2) зерттеліп отырған нысан бойынша ғылыми негізделген теориялық 
мәліметтердің болуы; 
3) нақты тапсырманың орындалуын қамтамасыз ететін ғылыми 
негізделген нәтижелердің болуы. 
2.6 
Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы өзекті, ғылым, техника 
және мәдениеттің заманауи күйі мен даму перспективасына сәйкес болуы керек. 
Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыбын анықтау кезінде оның 
пәнаралық және университет және сыртқы тұтынушы (ҒЗЖ, ҒЗТКЖ, ТЭН және 
т.б.) қажеттілігі үшін нәтижелердің қажеттілігін ескеру ұсынылады. 
2.7 
Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыбы білім беру 
бағдарламасы мен кадрларды даярлау бейініне сәйкес болуы тиіс. 
2.8 
Дипломдық жұмыстар (жобалардың) тақырыптарын кафедра 
анықтап, факультеттің Ғылыми кеңесінде қарастырып бекітіледі. 
2.9 
Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) жалпы тізімі жыл сайын 
кемінде 30%-ға жаңартылып отыруы керек. 
2.10 
ипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы 7(9) семестрдің басында 
студентке беріліп, ректордың бұйрығымен бекітіледі. 
Диплом алдындағы тәжірибе аяқталғаннан кейін дипломдық жұмыстың 
(жобаның) тақырыбы қажет болған жағдайда кафедраның ұсынысы бойынша 
өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін. 
2.11 
Жұмыс (жоба) тақырыптары әр студент үшін жеке болуы керек, бір 
тақырыпты екі студент таңдауға болмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет