Дипломный проект рассматривает вопрос системы водоснабжения населенный мест в Алматинской области Карасайского



жүктеу 1.89 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата31.03.2017
өлшемі1.89 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Қоршаған ортаны қорғау 

 

3.1  Ластанған  суларды  механикалық,  химиялық,  биологиялық 

жолмен тазарту. 

 

Механикалық  жолмен  тазарту  әдісі  –  ластанған  сулардан  әдейі 

арналған  құралдардың  көмегімен  ерімейтін  зиянды  қосындыларды  бөлуге 

бағытталған.  Ол  үшін  сүзгі,  мұнай,  май  ұстайтын  құралдар  т.б. 

пайдаланылады.  Бұл  әдіспен  ластанған  судың  60%,  өндірістік  қалдық 

сулардың - 95% -ке дейінін ерімейтін қосындылардан айыруға болады. 

Ластанған  суларды  химиялық  жолмен  тазарту  әдісі  -  әр  түрлі 

реагенттерді  қосу  арқылы  құрамын  жақсартуға  бағытталған.  Химиялық 

әдіспен  ластанған  сулардағы  ерімейтін  зиянды  заттарды  95  –  ке  дейін 

азайтуға болады. 

Қазақстанда  жоғарыда  аталған  су  тазарту  әдістерінің  ішінен  тек  қана 

механикалық әдіс пайдаланылады. 

Кейінгі  жылдарда  жан-жақты  дамыған  халық  шаруашылығы 

мемлекетке  қажет  өнімдерді  көп  мөлшерде  өндірумен  қатар  керексіз 

қалдықтарды да, ластанған суларды да көбейтті. әсіресе ауыл шаруашылығы 

өнімдерін  молайту  мақсатында  жерді  молынан  жырту  су  қорының 

сақталуына  зиянды  әсер  етті.  Мысалы:  Қазақстанда  тың  және  тыңайған 

жерлерді  молынан  игеру  тұщы  су  көздерін  азайтты.  Егістік  көлемін  өсіру 

мақсатында  жер  жоспарсыз  жыртылды,  көп  жағдайда  мұның  өзі  өздерінің 

жолын  бөгеді,  олар  көлдерге  дейін  жете  алмай  қиылып  қалады.  Осының 

әсерінен  соңғы  жылдарда  су  тапшылығы,  қуаңшылық  жиі  орын  алып  отыр. 

өткен  жылдардағы  республикамызда  халық  шаруашылығын  дамыту 

жолдары, біздердің көп нәрсені дұрыс есептемейтінімізді көрсетті. 

Адам  баласы  өзінің  дамуының  өткен  кезеңдерінде  тұщы  су 

тапшылығын  қазіргі  кездегідей  қатал  сезінген  жоқ.  Себебі,  ол  уақыттарда 

тұщы  су  қоры  көбінесе  ауыз  су,  үй  тұрмысына,  мал  шаруашылығында  ғана 

пайдаланылады.  Ол  кезде  тұщы  суды  егін  шаруашылығында,  өнеркәсіпте 

пайдалану қазіргідей кең етек алған жоқты. 

Ал соңғы жылдары тұщы суды халық шаруашылығының кез  – келген 

саласында ысыраппен пайдалану кең етек алып отыр. 

Қазақ  халқы  суды  қадірлеумен  қатар  оны  жалпы  халыққа,  тіршілікке, 

орман  –  тоғай  өсімдіктер  дүниесіне  ортақ  тіршілік  беруші  деп  қараған.  Су 

бермей судан тарықтыру ең үлкен қылмыс саналған. Сол үшін атам заманнан 

бері  қазақ  үйіндегі  су,  қымыз,  айран  –  шалап,  көже,  сүт  сияқты  сусындар 

тегін.  Айдалада  мал  бағып  отырған  жалғыз  үй  болса  да  жолаушыға  сусын 

берп  аттандырады.  Осындай  тарихи  фактілерді  еске  түсіре  отырып,  қазіргі 

кездегі  маңызды  мәселенің  бірі  қолда  бар  су  қорын  сақтай  білу,  оның 

сапасын төмендетпеу. 

Жер  шарындағы  тұщы  суды  таза  ұстау,  оны  ластамау,  орынды 

пайдалану, үнемдеп жұмсау мәселелері бүкіл халықтық көкейкесті мәселеге, 

актуальды проблемаға айналып отыр. 


 

Су байлықтарын сақтау – бүкілхалықтық іс екенін ұмытпауымыз керек. 

Су бірінші қасиеттілік және біздің байлығымыз. 

 Елді  мекенді  немесе  өнеркәсіп  кәсіпорынды  орталықтандырылған 

сумен  жабдықтау  жүйесі  жер  бетіндегі  немесе  жерасты  көздерінен  суды 

алып,  оны  тазалап  және  өңдеп  тұтынушыларға  уақытысында  қажетті 

мөлшерімен  жеткізуді  қамтамасыз  ету  керек.  Осы  мақсатпен  сумен 

жабдықтау  жүйесіне  су  қабылдайтын  ғимараттар,  суды  арынмен  тазарту 

ғимараттарға, жинағыш резервуарлар мен түтынушыларға жеткізетін сорғыш 

станциялар,  тазарту  ғимараттар,  сақтау  мен  реттеуге  арналған  резервуарлар 

мен  арынды  су  мұнарапар,  суды  үлестіру  мен  түтыну  жеріне  жеткізуге 

арналған су өткізуші құбырлар мен үлестіруші тораптар кіреді: 

Сумен жабдықтау жуйелерін төменгі бірқатар белгілермен жіктейді. 

1)  қьізмет  ететін  объектінің  туріне  байланысты  айыру:тұрғын  жерді 

(қалаларды,  поселкелерді,  ауылды)  суменқамтамасыз  ету  жуйесі;  өндірісті 

сумен  қамтамасыз  ету  жүйесі;  ауылшаруашылықты  сумен  қамтамасыз  ету 

жуйесі; 

2)  белгілеу  бойынша  айыруы:шаруашылық  және  ауыз  суының 

жүйесі;өндірістік жуйе;өрттен сақтық жүйе; 

3)  бір  жүйемен  бірқатар  объектілерді  қамтамасыз  ететін  болсақ 

топталған немесе аудандық жүйелер құрады; 

4)  пайдаланатын  табиғи  көздерінің  түріне  байланысты  айыру:  жер 

бетіндегі  көздерден  су  қабылдайтын  жүйелер;  жер  астындағы  суға 

бейімделетін жүйелер; аралас қоректену жүйелері; 

5)  суды  жеткізу  тәсіліне  байланысты  айыру:  өздігінен  ағатын  су 

құбыры бар жүйелер; 

6) суды механика арқылы сорғышты қолданып жіберу

 

7) аймақтық жүйелер. 



Өндірісті  сумен  қамтамасыз  ету  жүйесін  өзінше  суды  пайдаланатын 

тәсіліне  байланысты  былай  жікіоую  гмнніды  тіке  ағызу  жүйелері;бір  ізді 

жүйелер;айналма жүйелер. 

Осы  келтірілген жүйелердің  ішіндегі  шаруашылық  және ауыз  суының 

жүйесі  халық  пен  кәсіпорындардың  қызметкерлерінің  шаруашылық  пен 

ішімдік  мүддесін  сумен  қамтамасыз  ету  керек,  өндірістік  жүйе  өнеркәсіпте 

технологиялық  процестерді  сумен  жабдықтауға  арналады,  ал  өрттен  сақтық 

жүйе өртті өшіруге қажет суды жеткізуін қамту керек. 

Аудандық  жүйе  бір-бірінен  бірталай  қашықтықта  орналасқан  бірнеше 

ірі объекттерге суды жеткізуге арнапады. 

Жер бетіндегі көздерден су қабылдайтын жүйелер суды өзендерден, су 

қоймаларынан, көл мен теңіздерден, кейде жасанды каналдардан алады. Жер 

астындағы  көздерге  артезиандық,  грунт  және  қалқыма  сулар  жатады.  Бұл 

көздерден суды қабылдау үшін арнайы су қабылдағыштарды құрады. 

Сумен  жабдықтаудың  аймақтық  жуйелерін  территорияның  әртүрлі 

бөліктерінде  жер  белгісінің  біраз  айырмашылығы  бар  жерде  ойластырады. 

Жердің  мұндай  бедерінде  тораптың  жоғары  орналасқан  учаскелерінде 

сорғыштар жоғары қысымды үзбеу керек, ал төмен орналасқан учаскелердегі 



 

тораптарда мұндай қысым жарамайды. Осыған байланысты торапты бірнеше 

аймақтарға бөліп әр қайсысы өзіне қажетті арынды белгілейді. 

Қалалар  мен өнеркәсіп  кәсіпорындарда  көбінесе  сумен  жабдықтаудың 

біріккен  жүйелерін  құрады.  Қалалар  мен  поселкелерде  бірыңғай 

шаруашылық  -  өрттен  сақтық,  ал  өнеркәсіп  орындарында  өндірісті  - 

шаруашылық  -  өрттен  сақтық  жүйелерді  ойластырады.  Кейбір  өндіріс 

мекемелерде  технологиялық  мүддеге  ауыз  суы  қажетті  болмаса  екі  бөлек 

жүйелерді құрады - өндіріс пен шаруашылық - өрттен сақтық. 

Әртүрлі  объектілерді  сумен  жабдықтау  жүйелеріне  қоятын  негізгі 

талаптарына  олардың  тапсырылған  міндетті  жоғары  сенімді  және  тиімді 

көрсеткішпен орындауы жатады. 

Жүйенің жүмыс сенімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі  -уақыттың 

қаралатын мерзімінде тоқтаусыз жүмыс істеу ықтималдығы. 

Жүйенің  тиімділігі  оны  қүру  мен  сенімді  жүмыс  атқаруына  кететін 

қаражаттың ең аз шығынымен сипатталады. 

 

3.2 Суды залалсыздандыру 

 

Су  сапасын  арттыруға  арналған  құрылыстар.  Қазіргі  тазалау 

құрылыстарында суды залалсыздандыру санитарлық көзқарас жөнінен сумен 

қамтамасыз  етудің  су  көздері  сенімсіз  болған  барлық  жағдайларда 

жүргізіледі.  Залалсыздандыру,  хлорлау,  азондау,  бактерицидті  сәулелермен 

жою  және  тағы  басқа  тәсілін  судың  сапасын  және  шығынын  ескеріп,  оның 

тазалану  тиімділігін  және  реагенттерді  сақтау  мен  жеткізу  жағдайларын 

ескеретін  техника-экономикалық  негіздеудің  негізінде,  қиын  жұмыстардың 

процестерін автоматтандыру мен механизациялауды ескеріп таңдайды.  

Жобада қабылданған залалсыздандыру тәсілі – сұйық хлормен хлорлау. 

Өйткені жер асты су көздері хлорлаудан басқа өңдеуге келмейді.   

Хлордың  немесе  оның  туындылары  әсерінен  суда  бар  бактериялар 

өледі. 


Сондықтан 

хлорлау 


судағы 

микроорганизмдердің 

көбеюін 

болдырмайтын  жақсы  орта  болып  табылады.  Хлорлау  эффектті  болу  үшін 

жақсылап  араластырылуы  қажет,  ал  сосын  су,  су  қолданушыға  жеткенге 

дейін 30 минуттан кем келсе су мен хлор әсерлесуі керек. Әсерлесу таза су 

резервуарында  (ТСР)  немесе  тұтынушыларға  су  берілетін  су  құбырларында 

жүргізілуі мүмкін.  

Хлордың  мөлшері  жеткіліксіз  болса  оның  бактерицидтік  әсері  нашар 

болады,  хлордың  мөлшері  өте  артық  болса  судың  дәмін  бұзады.  Сол  үшін 

хлордың  мөлшерін  технологиялық  анализге  негізделген  тазаланатын  судың 

қасиетіне байланысты анықталады. 

Хлордың  қабылданған  мөлшері  жеткілікті  екенін  судағы  қалдық  хлор 

деп  аталатын  мөлшер  көрсетеді.  Қалдық  хлор  дегеніміз  алдын-ала  қосылған 

хлордан  судағы  әртүрлі  бактерия  мен  вирустарды  және  органикалық 

зарасыздандырудан зататрды кейін қалған хлор. 

 

 



 

Хлорды  мөлшерлеу  үшін  хлор  мөлшерлегіштер  қолданылады.  Көп 

тарағаны  ЛОНИН-100  жүйелі  вакуумды  хлор  мөлшерлегіштер  3.1  суретте 

көрсетілген. 

 

 

 



3.1 сурет  1-аралық баллон; 2-шыны маталарынан жасалған  сүзгі;                   

3-қысымды төмендетуге арналған редукционды  клапан; 4-манометрлер; 5-

өлшегіш  диафрагма: 6ротаметр; 7-араластырғыш; 8-9 – эжектор. 

 

Хлор  мөлшерін  тұтынушыға  берілетін  1  мл  суда  реакцияға  түспейтін 



(қалдық)  0,3÷0,5  мг  хлор  қалатындай  етіп  қабылданған  хлор  мөлшерінің 

жеткіліктілігінің  көрсеткіші  болып  табылатын  үлгіні  хлорлау  есебінен 

қабылдайды.  

Хлордың  мөлшері  жеткіліксіз  болса  оның  бактерицидтік  әсері  нашар 

болады,  хлордың  мөлшері  өте  артық  болса  судың  дәмін  бұзады.  Сол  үшін 

хлордың  мөлшерін  технологиялық  анализге  негізделген  тазаланатын  судың 

қасиетіне байланысты анықталады. 

Хлордың  қабылданған  мөлшері  жеткілікті  екенін  судағы  қалдық  хлор 



деп  аталатын  мөлшер  көрсетеді.  Қалдық  хлор  дегеніміз  алдын-ала  қосылған 

хлордан  судағы  әртүрлі  бактерия  мен  вирустарды  және  органикалық 

зарасыздандырудан зататрды кейін қалған хлор. 

Хлорды  мөлшерлеу  үшін  хлор  мөлшерлегіштер  қолданылады.  Көп 

тарағаны ЛОНИН-100 жүйелі вакуумды хлор мөлшерлегіштер (6-сурет). 

Дипломдық  жобада  қабылданған  өнімділігі  сағатына  0,5  кг  хлоратор 

бөлмесі  қоймадан,  хлор  мөлшерлегіштен,  сорап  және  вентиляторлы 

камерадан  тұратын  аралық  6  м  ғимараттан  тұрады.  Сыйымдылығын  55  м 

баллондармен хлор әкелінеді. Булану – буландырғыштарда.  

Хлор  баллондары  бар  көлік  қойма  қақпасы  алдындағы  монорельстер 

астындағы  ашық  алаңқайға  тоқтатылады.  Баллондарды  көтергіш  кран 


 

көмегімен  арбаға  түсіреді,  қоймаға  кіргізеді  және  тұрақ  шұңқырына 

вертикальды жағдайда орналастырады.  

Сұйық 


хлор 

баллоннан 

хлор 

өткізгіш 



құбырлар 

арқылы 


буландырғышқа  өткізіледі,  мұнда  ол  газ  жағдайына  өтеді,  әрі  қарай  хлор 

ласты  тастау  құбырынан  (аралық  баллон)  өтеді  және  хлораторлар  арқылы 

эжекторларға әкелінеді.  

Хлор қозғалысы эжекторлардағы сору есебінен оларға су беру кезінде 

жүреді,  хлораторлар  мен  эжекторлар  1  -  этаждың  полынан  3,5  биіктікте 

орналасқан  және  2,4  м  белгісіндегі  ауданшадан  тазартылады.  Хлоратор 

суының жалпы Арыны 6,5 м (1 этаж едені деңгейінен). 

Хлорлы  су  эжекторлардан  кейін  жеке  құбыр  өткізіштер  арқылы 

хлораторныйда шығарылып тасталады.  

Жобада  диаметрі  25  мм  резервуарларға  жеткізілетін  2  жікті  коливини 

хлоридтен жасалған құбырлар қабылданған.  

 

3.3 

Қазақстандағы 

өндіріс 

қалдықтарының 

экологиялық 

мәселелері 

 

Ірі  өнеркәсіп  пен  қалалар  және  т.б.  құрылыстар  кешені  көбінесе  суы 



мол, адамдар үшін қолайлы жерге салынады. Ол үшін ормандар  қырқылып, 

құнарлы  жерлер  пайдаланылады.  Осының  бәрі  қоршаған  табиғи  ортаға 

өзімен  бірге  өндіріс  қалдықтары  мен  түрлі  тұтыну  қалдықтарын  көбейтіп 

үлкен мәселе туғызады. 

Өнеркәсіп қалдықтары көлемі мен зияндылығы жөнінен өте күрделі әрі 

қауіпті  болып  келеді.  Олар  су,  дала,  орман,  т.б.  кешендерді  ластап,  айнала 

қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұдан бүкіл тіршілік атаулы және адамдар 

ауруға шалдығуы мүмкін. 

Қалалар  жағдайында  қалдықтарды  қайта  өңдеп,  тұрмыста  пайдалану 

жұмыстары  жүргізіледі  Көбіне  металл  қалдықтар  балқытылып,  қайтадан 

жаратуға келсе, пластмассадан жасалған бұйымдарды жоюға тура келеді. 

Қалдықтардың  көбін  құрылыс  материалдарын  шығаруға,  шикізат 

өндіруге  жұмсайды.  Ал  кейбіреулерінен  кәдімгі  тыңайтқыштар  алынады. 

Органикалық  қалдықтар  құрамында  қоректік  элементтер:  азот,  фосфор, 

кальций, магний, калий көп болады.  

Өндіріс  және  тұрмыс  қалдықтарын  заласыздандыру  халықаралық 

мәселе.  Ең  басты  зиянды  заттарды  пайдалы  заттарға  айналдыру.  Ол  үшін 

үлкен  қалаларда  қалдықтарды  өңдейтін  зауыт  салынуы  керек.  Алғашқы 

осындай  зауыт  1981  жылы  ГФР-де  ашылған.  Оның  қуаттылығы  тәулігіне   

300 т, ал жылына 75 мың т қоқыс өңдейді. 

Қазақстанда  қалдықтарды  өңдеу  мәселесі  әлі  шешілмей  келеді. 

Көптеген  қалаларымыз  (Қарағанда,  Екібастұз,  Рудный,  Жезқазған,  Риддер, 

т.б.) өнеркәсіп шоғырланған жерлерге салынған. Өнеркәсіп қалдықтары тау-

тау болып үйіліп жатады. Оны өңдеу баяу жүргізілуде. Осының бәрі желмен, 

сумен, ауаға, топыраққа тарап, қоршаған ортаны ластап жатыр. 

1994 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда жинақталған қалдықтар 20 

млрд.  тоннадан  асып  кеткен.  Оның  үстіне  жыл  сайын  шамамен 


 

өнеркәсіптерден 1 млрд. қалдық шығарылса, тұрмыстық қалдықтар 14 млн. т 

құрайды. 

Қалдықтардың 

ішінде 

ең 


улысы 

түсті 


металлургия 

кәсіпорындарынана бөлінеді. Олардың көлемі республика жерінде 54  млн. т 

деп есептелінеді. 

Қалдықтарды  өңдеу  Қазақстан  бойынша  Алматы  қаласында  жүзеге 

асырылуда. Республикада өнеркәсіп, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды 

есепке алу, оларды залалсыздандыру мен көму шаралары өте нашар дамыған. 

Оның  үстіне  мұндай  қалдықтар  ешқандай  қоршаусыз  ашық  аспан  астында 

жатыр. 


Шағын қалалар, поселкелер, ауылдар маңында шоғырланған өндірістік 

және  тұрмыстық  қалдықтар  да  жеткілікті.  Олардың  көбі  сол  маңдағы  көл, 

өзен  және  шұңқырларға  шығарылады. Ал  оның  одан арғы  айналымға  түсіп, 

екінші бір елді мекенге тигізетін зардабы есепке алынбайды. Қалдықтардың 

ішінде  пластикалық  заттар  пластмасса  бұйымдарын  жою  өте  қиын.  Ал 

оларды  жағу  ауаға  зиянды  көміртек оксидтерін  көптеп  шығарады.  Олардың 

табиғи  шіруі  мүмкін  емес.  Біз  зат  алмасу  заңдылығын  білеміз.  Табиғатта 

көптеген қалдықтарды, әсіресе жануарлар сүйегін, кейбір темір қалдықтарын 

шірітіп  жіберетін  саңырауқұлақтар  бар.  Осылайша  табиғатта  өздігінен 

тазалау  процесі  жүріп  жатады.  Яғни,  органикалақ  қалдықтар  далада 

ешуақытта  үйіліп  жатпайды.  Осы  заңдылықты  адам  өз  іс-әрекетімен  бұзып 

отыр. Адамның ақыл ойымен жасалған өнеркәсіп қалдықтарын шірітетін тірі 

организм  (бактериялар,  саңырауқұлақтар,  т.б.)  табиғатта  жоқ.  Сондықтан 

адам баласы өзі жасаған зиянды қалдықтарды өзі жоюға міндетті. 

Аталған  фактілердің  барлығы  Қазақстанда  экологиялық  жағдайдың 

қалыпты  емес  екендігін  көрсетеді.  Оның  залалдары  тұрғындардың 

денсаулығының  нашарлауынан  көрінеді.  Жергілікті  жердегі  өнеркәсіп 

орындарының  шоғырлануы,  зиянды  заттардың  шектен  тыс  көбеюі, 

атмосфераның ластануы, және т.б экологиялық жағдайларды нашарлатады. 

Қазақстан  республикасының  табиғи  ресурстар  және  қоршаған  ортаны 

қорғау  министірлігінің  (Өндіріс  қалдықтарының  қоршаған  ортаға  қолайсыз 

әсерін  азайту  жөнінідегі  шаралары  туралы)  және  (Қоршаған  ортаны  қорғау 

туралы)  заңдары  еліміздегі  экологиялық  ахуалды  жақсарту  барысында 

жасалынып жатқан игі істердің бастамасы деп білеміз. 

Дүние  жүзінің  ¾  бөлігін  су  алып  жатыр.  Су  баға  жетпес  табиғат 

байлығы.  Жер  жүзіндегі  барлық  тіршілік  суға  байланысты.  Сусыз  тіршілік 

болуы мүмкін емес. Ол зат алмасу процесінде шешуші роль атқарады. Ал зат 

алмасу  процесі  –  барлық  органикалық  өмірдің  негізі  екені  белгілі.  Су  адам 

және  жануарлар  денесінде  қажетті  түрде  кездесетін  құрамды  бөлік.  Ересек 

жануарлардың  жалпы  массасының  45-70%-і  судан  тұрады.  Сондықтанда, 

денедегі  судың  өзгеруі  организмге  тікелей  әсер  етеді.  Егер  денедегі  судың 

10-12%-і жоғалса, организм әлсірейді, дене дірілдейді, шөлдеу пайда болады. 

Ал  су  –  мөлшерінің  20-25%-і  адамды  өлтіріп  жіберуі  мүмкін.  Кейбір 

жануарлар (балықтар, киттер, дельфиндер, құндыздар т.б.) тек қана суда өмір 

сүреді. 


 

Ауа  райы  өте  ысыған  кезде  адамдар  мен  жан  –  жануарлар  денедегі 

судың  азаюын  ауыр  сезінеді.  Бұл  жағдайда  организмге  керекті  су  мөлшері      

2 – 3 есе өседі. Судың организмге жетпеуі ас қорыту процесінің бұзылуына, 

қандағы  судың  азаюына  әкеліп  соқтырады.  Сондықтанда,  сапалы  тұщы 

судың  болуы  –  адамның  денсаулығы  мен  жануарлардың  өсуі  олардың 

өнімділігін көтерудегі басты шарттың бірі. 

Халық  шаруашылығына  қажетті  тұщы  су  көзі  тек  қана  адамдар  мен 

жануарлардың  ішуі  үшін  емес,  жер  суаруда  да,  өнеркәсіпті  дамытуда  да, 

барлық  технологиялық  процестерді  жүзеге  асыруда  да  пайдаланады.           

«Су  -  ландшафттың  қаны»  деп  текке  айтылмаған.  Сусыз  ландшафта 

ешқандай  өмір  болуы  мүмкін  емес.  Планетамыздың  гидросфера  қабатының 

дені  (98%)  мұхит  суларынан  тұрады.  Олар  жер  бетінің  70%-тен  астамын 

қамтып, орташа тереңдігі төрт километрлік ұшы  – қиыры жоқ телегей теңіз 

болып  жатыр.  Ал  тұщы  сулар  қоры  онша  көп  емес,  жер  асты  сулары  қоса 

есептегенде  35  млн  текше  километрден  аспайды.  Дүние  жүзіндегі  тұщы 

сулардың  30%  жер  асты  сулары,  оның  өзін  көп  жағдайда  пайдалануға 

мүмкіндік жоқ. 

Ал  мұхиттардың,  теңіздердің  суларын  шаруашылықта,  оның  ішінде 

ауыз  су  керегіне  пайдалану  болашақтың  ісі.  Қазір  елімізде  ара  салмағы 

мардымсыз,  теңіздер  суының  жылына  тек  ғана  0,3  млн  текше  метрі 

тұщытылады.  Біздің  республикамызда  су  тұщытқыш  станциясы  Ақтау 

қаласында  ғана  бар.  Республикамызда  тұщы  су  қорының  көп  пайдалану 

нәтижесінде азайып бара жатқаны, тұщы су қондырғыларын көбейтуді қажет 

етеді. Себебі, қоғамымызда тұщы су пайдалану жыл сайын өсіп келеді. Егер 

ерте  кезде  бір  адамға  шаққанда  тәулігіне  12  –  18  метр  су  пайдаланылса,       

ХХ ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы 200-400 метрге жетіп 

отыр.  Әсіресе,  тұщы  су  қорын  шаруашылықтың  әр  саласында,  оның  ішінде 

ауыл шаруашылығында пайдалану басым. Мысалы, тәулігіне бір адамға 10 л, 

бір  бас  қара  малға  40л,  бір  қойға  10  л  су  керек.  Ал  егін  шаруашылығының 

тұщы суды керексінуі мұнан әлдеқайда көп. 

Есептеулер  көрсетіп  отырғандай,  жер  шарында  жыл  сайын  әр  түрлі 

мақсатқа 150 км

су жұмсалады, ал өзендер мен жер асты суларының есебінен 



жылына  600  км

3

  су  жинауға  болады.  Бірінші  қарағанда,  жер  шарындағы  су 



мөлшері жеткілікті сияқты. Бірақ өзендерге т.б. су қоймаларына жыл сайын 

150 км


3

 ластанған сулар жіберіледі. Олардың тек жартысы ғана тазартылады. 

Осының  салдарынан  ластанған  сулар  көптеген  мөлшерде  табиғи  суларды 

бүлдіреді.  Сөйтіп  тұщы  су  қоры  жыл  сайын  азайып  келеді.  Әсіресе 

адамдардың көптеп мекендейтін жерлерінде, ауа – райы егіншілікке қолайлы 

және жылы жерлерде тұщы су көп жеткіліксіз. 

Су  қорының  Қазақстан  үшін  өте  маңызды  роль  атқаратыны  белгілі. 

Себебі оның территориясында өте көп шөл және шөлейт далалар бар. 

Қазіргі  кезде  өндірісте  де  тұщы  су  қоры  молынан  пайдаланылады. 

Мысалы, бір тонна шойын алу және оны болатқа, прокатқа айналдыру үшін 

300 м

3

 су керек, бір тонна мысты алу үшін 500м



3

, никель алу үшін – 3500м

3



 

синтетикалық  каучук  және  нысанды  мата  алу  үшін  –  400  м

3

  сода  алу          



үшін – 300 м

су



 

керек.  


Қазақстанда  шамамен  200  жасанды  су  қоймасы  бар,  олардың 

сиымдылығы  94  млрд.  текше  метрден  астам.  Қызылқұм,  Арыс  –  Түркістан, 

Шенгелді,  Ақдала,  Шимсай  т.б.  суландыру  массивтері  қызмет  істеуді.       

Орал – Көшім, Бартоғай су қоймасы пайдалануға бергізілді, 170 км-лік Үлкен 

Алматылық  канал,  Ертіс  Қарағанды  каналының  су  ресурстары  игерілуде        

9 мың км су науасы салынды. 

Соңғы  жылдары  өнеркәсіптің  дамуы  үшін  ауылшаруашылығында    

азық-түлік мәселесін шешуде халықтың санитарлық – гигиеналық жағдайын 

жақсартуда тұщы суды керексіну тез өсіп отыр. Қазіргі кезде суды пайдалану 

алдын ала жасалған болжамдардан асып түседі. 

Егер суды пайдалану қарқыны есепке алсақ жуық жылдардың ішінде су 

қажетсіну  дәрежесі  барлық  өзендеріміздің  жылдық  ағысына  тепе  –  тең 

болуы, оны қуып жетуі мүмкін. Мұның өте қауіпті жағдай екені белгілі. Егер 

барлық  өзендеріміздің  ағысы  жер  суғаруға,  өндірісті  дамытуға  жұмсалатын 

болса,  теңіздер  мен  көлдердің  құрғап  қалуынан,  еліміздің  экологиясычның 

өзгеру қауіпі бар. Мұндай қауіпті жағдайға жол бермеу керектігі өзінен - өзі 

түсінікті. Суларды ластаудың негізгі көздері:  

1) ауыл шаруашылығындағы жерді улы химикаттармен тыңайту, жерді 

тыңайтудан  қалған  қалдық  аурулардың  қайта  келіп  өзендерге,  көлдерге 

құюы; 


2) Кен орындарын пайдаланудан болатын өндіріс қалдықтары; 

3) Мұнай өндірісінің ластанған сулары; 

4)  Ағаш  материалдарын  дайындаудағы,  өңдегендегі  және  су 

жолдарымен тасымалдағандағы ағаш қалдықтары; 

5) Су және темір жолдарының лас қалдықтары; 

6) Техникалық өсімдіктерді алғашқы өңдеудің қалдықтары; 

Ғылыми  негіздер  бойынша  су  күн  көзі  радиациясының  әсерінен,        

өзін - өзі тазарту жолымен үнемі жаңарып отырады. Мұның басты агенттері 

бактериялар, саңырауқұлақтар және балдырлар. Әрине лас суларды жаңарту 

үшін оны  таза сумен  араластыру  керек.  Таза  су  түспеген  уақытта ешқандай 

да өзін - өзі тазарту процесі жүрмейтіне белгілі. Күшті ластанған, жаңа ағыс 

келіп құймайтын суларда өзінен - өзі тазарту процесі ешқашанда болмайды. 

Сол  үшін  өндірістің  технологиялық  процестерін  жетілдіріп  цехтарда, 

заводтарда лас суларды тазартатын қондырғы тұрғызу керек. 

 

 


Каталог: diplom -> 2015 -> eef
eef -> Дипломдық жұмыстың негізгі бағыттарын дәлелдейтін графикалық бөлімдер орындалған
2015 -> Дипломдық жобаның тақырыбы «scada программалар қолдануымен авв контроллер оқу стендін құрастыру»
2015 -> Бизнес-план, а также рассмотрены вопросы безопасности жизнедеятельности
eef -> Дипломный проект посвящен разработке системы энергоснабжения
2015 -> В данной выпускной работе рассматриваются вопросы исследование
2015 -> Применением программы «SystemView». Рассмотрены вопросы организации охраны труда и безопасности
eef -> Дипломдық жоба «Шардара балық»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет