Директордың имиджі мен басқару стилі мектептің дамуына қалай әсер етеді?



Дата16.08.2023
өлшемі15,04 Kb.
#105345
Байланысты:
ЭССЕ


Директордың имиджі мен басқару стилі мектептің дамуына қалай әсер етеді?

Имидж – ағылшынның image деген сөзінен шыққан, белгілі бір тұлғаның оның бар болмысын көрсететін бейнесі, яғни жұрттың сіз туралы жинақталған ойы. Адам бір-бірі туралы ақпараттың 60–80%-ын бейвербалды қарым-қатынас арқылы алады екен. Сондықтан жағымды имиджға ұмтылу қай кезде де табысқа әкеледі. Директор имиджінің біртұтас және қайшылықсыз сипатта болуы аса маңызды. Ол шынайылығымен ерекшеленеді. Директордың имиджін сыртқы бейнесі, табиғи қасиеттері, кәсіби қасиеттері, игерілген қасиеттері айқындайды. Директордың бойында адалдық, мақсатқа ұмтылу,көшбасшылық қабілет, жігерлілік, өзіне жауапкершілік ала білу, команда құру қабілеті, жұмысқа қабілеттілік, қарым қатынас орната білу қабілеттері көрініс табуы керек. Білім мен дағдыларды игеруі тиіс. Имидж қалыптастыру үшін жұмыс істеу ұзақ уақытты талап етеді,нәтижесінде ұзақ уақытқа жақсы бедел қалыптасады. Директор имиджі шынайы болса, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын бөле алса, жеке өміріндегі, үйдегі проблемаларды жұмысқа араластырмаса, өзінің ой өрісін кеңейтіп отырса, жағдайға байланысты әртүрлі басқару стилдерін пайдаланса, дамуына ықпал ете алса артып отыратыны шүбәсіз. Егер директор қарамағындағыларға құрметпен қарамаса, жұмыс істеуге қабілеті жоқ таныстарын, туыстарын, достарын жұмысқа алса, уәдесінде тұрмаса, ұжымдағы әріптестерді бөліп жарып қараса, негізсіз жазалау түрлерін қолданса имиджі түсіп кетеді. Директорға имидж белгілі бір мақсаттарға жету, нақты міндеттерді шешу, әріптестерге оң ықпал ету үшін қажет. Директор имиджіндегі негізгі элементтер сыртқы түрі, кинестикалық параметрлер, айналасындағыларға қатысты бағыт бағдарлар,вербалды және бейвербалды мінез құлық, жұмысқа берілу деңгейі, басшылық стилі, мінез құлық формасы. Басшы имиджінің маңызды жақтары жеке сипаттамаларынан, әлеуметтік сипаттамаларынан, ішкі құрылыстар жүйесінен, стратегиялық көзқарастардан тұрады. Басшы оқу сапасын басқару үшін жұмыс барысында әртүрлі көшбасшылық стилдерін пайдалануы тиіс. Олар авторитарлық, демократиялық, либералды стилдер. Көшбасшы өзінің жоғары кәсіби деңгейі мен жлпы әл ахуал қалыптастыруға мүдделілігі арқылы құрметке ие болады. Олар басқаларға қызмет ету, басқалардың қажеттіліктерін ескеру, сынды ескеру, басқаларды дамуға ынталандыру, ашық пікір алмасуға ұмтылу,коуч рөлін орындау, жоғары моральдық стандарттар. Мектеп директорының бойында адамдарға бағдарлану, қиын мәселелер бойынша шешім қабылдай білу, команданы жеңіске жігерлендіре білу, жетісітктер үшін мадақтау, қызметкерлерді сауатты таңдау, стратегиялық тұрғыдан ойлауға қабілеттілік, өзі үлгі бола білу, жаңа мүмкіндіктер ұсына білу, тиімді коммуникацияларды қолдана білу сияқты дағдылар табылса ол оның жұмыс істеу стилін жандандырады. Директордың имиджі мен басқару стилі мектептің дамуына зор үдесін тигізеді. Басшы имиджді және басқару стилін дұрыс таңдаса беделі арта түседі. Беделі артқан сайын жұмыс істеуі оңтайлана бастайды. Жалпы, мектеп басшысы болу үнемі ізденісті, тынымсыз еңбекқорлықты қажет етеді,




стиль

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет