Директорская программа задачи пре-курса



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата07.01.2022
өлшемі0,75 Mb.
#19369
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


1  

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ 



ҰЙЫМДАРЫ  БАСШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН 

АРТТУРЫ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСАЛДЫ ТАПСЫРМАЛАР 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



2  

 

Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 



Педагогикалық шеберлік орталығы 

Әдістемелік кеңесі ұсынған 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2021 

 

Барлық  құқықтар  қорғалған.  Осы  басылымды  кез  келген  түрінде  және  кез  келген 



құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нысанды қоса алғанда, авторлық 

құқық  иесінің  жазбаша  рұқсатынсыз  толық  немесе  ішінара  басып  шығаруға  немесе 

таратуға тыйым салынады. 

 



3  

 

 



КІРІСПЕ 

 

Қазіргі  кезде  жұртшылық  арасында  ХХІ  ғасырда  білімнің  жоғары  сапалы  және  әділ 



болуына  ықпал  ету  үшін  білім  беру  жүйесінде  реформа  жүргізу  қажеттігі  туралы  ортақ 

пікір  туындап  отыр.  Сонымен  қатар,  көптеген  елдер  сын  тұрғысынан  ойлауды,  қиялды, 

мәдениетаралық  және  әлемдік  сананы,  шығармашылық  тәсілдер  мен  азаматтық  борышты 

дамытуды  қоса  алғанда,  бай  білім  мен  көптеген  дағдылардың  қалыптасуына  қолдау 

көрсетуге  тырысуда.  Дегенмен,  мектептер  деңгейінде  оқыту  тиімділігін  арттырып, 

оқушылардың 

білімін 

тереңдетуге 

мүмкіндік 

болғанда 

ғана, 

стратегиялар 



(тұжырымдамалар)  сәтті  болатыны  көпшілікке  мәлім.  Мақсатымыз  әр  балаға  жоғары 

сапалы білім беру болуы керек. 

Оқыту  сапасының  тұрақты  болуына  қалай  қол  жеткізу  керектігі  көптеген  елдердің 

білім беру саясатының негізгі мәселесі болып отыр.  

Мұғалімдерді  бағамдау  жүйесі  осы  саясаттың  бір  бөлігі  болып  табылады.  Кейбір 

елдерде мұғалімдер бағамдауы туралы пікірталастардың даулы сипатта өтуіне қарамастан, 

шын  мәнінде,  мемлекеттік  билік  пен  мұғалімдер  ұйымдарының  арасында  келісімге  қол 

жеткізілген  оқыту  мен  оқу  тәжірибесін  алға  жылжытуға  арналған  тетік-құралдарды 

қамтамасыз  ететін  ауқымды  салалар  бар.  Көптеген  елдерде  қолданылатын  бағамдау 

жүйелері  маңызды  жақсаруға  әкелмейтін,  жазбаша  есептер  санының  өсуіне  ғана  ықпал 

ететін  жай  ғана  осы  істелді  деген  сөз  үшін  орындалатын  әрекет,  ал  бұлай  болмауы  тиіс. 

Мұғалімдердің төрттен бір бөлігінен астамы өз мұғалімдік тәжірибесіне қатысты ешқандай 

кері  байланыс  алмайтыны  және  мұғалімдердің  95%-ы  пайызы  оқушысының  жетістіктері 

жеткіліксіз  болған  жағдайда  да  қанағаттанарлық  деректерге  ие  болатыны  да  рас,  бұл  да 

өзгеріс  енгізуді  қажет  етеді.  Көптеген  елдердің  алдында  тұрған  мәселе  –  мұғалімдерді 

бағамдау жүйесін жасау емес, оған қалай дұрыс қол жеткізу. 

Голландияда    өткен  мұғалімдердің  халықаралық  білім  беру  саммитінің  (бұдан  әрі  – 

Мұғалімдер  саммиті)  қорытындылары  өз  кезегінде  Қазақстан  Республикасы  педагог 

қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  бағдарламасы  (бұдан  әрі  -  Деңгейлік  бағдарлама) 

шеңберінде педагогикалық шеберлік орталығы таңдаған бағыттарды растайтын жүйелерді 

құруға пайдалы идеялар берді. Төменде ұсынылған бөлімдерде мұғалімдер саммитінің (1a – 

5A)  нәтижелері  және  Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беру  ұйымдары 

басшыларының  біліктілігін  арттыру  бағдарламасы  (бұдан  әрі  -  Бағдарлама)  оларды 

қазақстандық  мектептерде  (1B  –  5B)  жүзеге  асыруға  қалай  көмектесетіні  туралы 

түсіндірмелер баяндалады. 

 

Қорытындылай  келе,  осы  Нұсқаулықтың  соңында    оқудың  бірінші  кезеңінде  қажетті 



түсініктеме жазатын сұрақтар тізімі мен оқитын  материал берілген. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет