Дислексия негізінен орталық жүйке жүйесінің зақымдануының салдарынан сөйлеудің бұзылуы. Баланың оқу процесі бұзылады балалар әріптерді дұрыс анықтай алмайды, қате қайталайды, сөздердің буын құрамын бұзады



Дата22.09.2022
өлшемі17,04 Kb.
#39847
түріҚұрамы

Дислексия негізінен орталық жүйке жүйесінің зақымдануының салдарынан сөйлеудің бұзылуы. Баланың оқу процесі бұзылады балалар әріптерді дұрыс анықтай алмайды, қате қайталайды, сөздердің буын құрамын бұзады. Осыған байланысты баланың оқығанының бүкіл мағынасы бұзылады.
Бала мектепке барган кезден бастап оның жазуы мен сөйлеуі бұзылады. Баланың білімділігі қиындалады.Дисграфия мен дислексия бір бірімен өте байланысты. бұл жағдайларда біз сөйлеу бұзылыстары туралы емес, олардың жоғалуы туралы айтып отырмыз.
Сонымен, қазіргі логопедияда сөйлеу бұзылыстарының 11 түрін ажыратады. Оның тоғызы ауызекі сөйлеу тілінің оны тудыру және жүзеге асырудың әртүрлі кезеңдерінде болатын бұзылыстары: дисфония, тахилалия, брадилалия, кекештену, дислалия, дизартрия, ринолалия, алалия және афазия; және 2 – жазу бұзылыстары: дисграфия және дислалия. Айта кету керек, бұл жіктемеге түзетудің арнайы әдістері жасалған бұзушылықтардың түрлері ғана кіреді. Бұл бұзушылықтардың ішінде келесі бөлімдерде толығырақ қарастырылатын өздерінің түрлері мен кіші түрлері болуы мүмкін.

ЖСТД-ның 1-ші деңгейінде толық немесе жартылай қарым-қатынас сөйлеу құралдарының болмауымен сипатталады. Сөздік қоры дыбыстық және дыбысқа ұқсас комплекстерден тұрады, бірақ олар қоршаған адамдарға түсініксіз болғандықтан түрлі қол қимылдарымен сүйемелденіп отырады. Мұндай балаларды кейде «тілсіз балалар» деп атайды.


Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынадай болып келеді: былдырап сөйлейді жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздер мен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырап мүлдем түсініксіз етіп, үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Сөздік қоры шамадан тыс шектелген бұндай балалар заттардың және әр қимыл іс-әрекеттердің сыртқы түрлеріне немесе олардың шығатын дыбыстарының ұқсастығына қарап, өздерінің былдырлаған тілімен барлығына бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді [3].
ЖСТД-ның 2-ші деңгейінде тіл мүмкіндіктерінің біршама өскені байқалады. Тіл дамуының екінші деңгейі әдебиеттерде «жалпы қолданбалы тілдің басы» деп аталады. Оның айырмашылығы баланың тілінде екі-үш, төрт сөзді фразаның пайда болуы мүмкін. Сөздерде сөз тіркесін және фразаны жасай отырып, бала әртүрлі сөз тәсілдерін қолданады және оңай бұза да алады. Балалардың өзіндік тілінде кейде жай шылаулар мен олардың былдырлаған нұсқалары кездеседі. Екінші деңгейдегі бала шылауды дұрыс қолданбай, сөйлем мүшелерін дұрыс құрастырмайды. Алдыңғы деңгейге қарағанда сөздік қоры тек сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да жақсарады: зат есім, етістік, сын есімнің саны кеңейіп, үстеу мен сан есімдер пайда болады. Бірақ сөз туындатушы операциялардың жеткіліксіздігі етістік, сын есім, зат есімдер жалғауларын дұрыс қолданбауға әкеледі. Жалпылама ұғымдар, синоним мен антонимдер жүйелерінің қалыптасуы қиынға түседі. Екінші деңгейдегі балалардың сөзі дыбыстарды айтқанда сөздердің буын бұзылуына қарай түсініксіз болып келеді. Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа болғанымен, грамматикалық құрылымы мен сөз тізбегі біршама дұрыс. Буындар мен дыбыстардың орнын ауыстыру, ұқсас буындардың алмастырылуы, қатарласып келген дауыссыз дыбыстардың қысқартылуы салдарынан сөз құрамындағы дыбыстардың орналасу заңдылықтары бұзылады [4,63].
ЖСТД-ның 3-ші деңгейінде кең түрдегі фразалық тілмен, бірақ сонымен қатар кейбір тілдің лексикалық-грамматикалық және фонетикалық-фонематикалық дамымауымен сипатталады. Бұл деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар кеңейтілген сөз туындаушы модельдер арқылы жаңа сөздер жасап, оны түсіне алады. Дегенмен бала сөздегі туындаушы негізді дұрыс таңдауда қиналады (үйші – үй салушы адам), адекватты емес аффиксальді элементтерді пайдаланады. Сонымен қатар қайталанатын ұғымдарды, абстрактілік және дерексіз сөздерді, ауыспалы мағынадағы сөздерді нақты түсінбейді және дұрыс қолданбайды. Балалардың сөйлеу әрекетіне даму мүмкіндіктеріне детальды талдау жасауда сөздер мен күрделі буынды құрылымға фразаларды айту кезінде қиындықтардың болатынын дәлелдейді. Дыбысты айту мүмкіндігінің жақсаруында да дыбыстардың дифференциациясын шығарудың жеткіліксіздігі байқалады. Бала өмірден алған тәжірибесінің нәтижесінде күнделікті тұрмыстағы өзіне жақсы таныс заттардың атын, түсін, сапасын және бөлігін айтып беруге бұрынғыдай қиналмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет