Диссертация «Қазіргі қазақ Әдебиетіндегі табиғат лирикасы»


Дәстүр сабақтасығы, идея төркіндестігі



жүктеу 376.17 Kb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата30.12.2016
өлшемі376.17 Kb.
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7

2.Дәстүр сабақтасығы, идея төркіндестігі

Сан-алуан   жанрлы   қазақ   әдебиетінде   табиғат   лирикасы

арнайы   зерттелінген   тақырып   емес.   Бірақ   қазақ   әдебиеті   туралы

зерттеу,  әдеби-сын   мақалалар   жазған   ғалымдар   мен   сыншылар   бұл

тақырыпты шама-шарқына қарай көтеріп, пікірлерін білдіріп отырған.

Айталық,   белгілі   сыншы   академик   М.Қаратаев,   ақын   әрі   ғалым

Ә.Тәжібаев,   С.Қирабаев,   З.Ахметов,   Ә.Жәмішев,   Ж.Әбдірашев,

Т.Тоқбергенов,   З.Қабдолов,   Р.Нұрғалиев,   Қ.Жүсіпов,   С.Негімов

еңбектерінен   ақындарымыздың   әр   жылдарда   жазған   табиғат

лирикаларына   қатысты   зерттеушілік   ой   пікірлер   ұшырасады.   Бірақ

олар арнайы  тақырып аясында қарастыруды мақсат етпеген.  

Адамзат баласының  тіршілігі табиғат аясында өтетіндіктен

қоршаған   ортаға   деген   сүйіспеншілік   пен   аялаушылық   сезімі   оның

бойында ана сүтімен даритындай. Табиғат ежелден тылсым күш, оның

құпиясы тым терең, сыры мол. Осы құбылыс жыраулар поэзиясынан

бастап-ақ   көрініс   тауып   отырғанына   тоқталып   өттік.   Қазақтың   от

ауызды,   орақ   тілді   ақын-жыраулары   жырында   табиғат     болмысы,

бейнесі   көбіне   салыстыру,   шендестіру   үстінде   жалпылама

суреттелініп отырады, ол арнайы жырланбаған. Оның да себебі болса

керек,   біріншіден   өлең   суырып   салынып   айтылатындықтан  

–  оның

нысанасы белгілі бір оқиға, болмаса адамның іс-әрекеті, мінез-құлқы,



жақсылығы,   ғибраты   да   болуы   ықтимал.   Табиғат   көріністерін

бейнелеу     негізінен   жазба   әдебиет   өкілдерінің   еншісіне   тиген.

Жыраулар       балығы   тайдай   тулаған,   қарағай   басын   шортан   шалар

қабағынан   қар   жауып     деп   табиғат   көріністерімен   байланыстыра

салыстырып,   теңей   жырлағанымен,   табиғаттың   өзін   жырға   қосуды

мақсат етіп діттемеген сыңайлы. 

Табиғат   көріністері     қазақ   жазба   әдебиетінде   өз   алдына

көркемдік тұрғыдан, суреттеу нысанасы ретінде бейнеленіп, табиғат

лирикасы қазақ поэзиясының жеке тақырыптық саласы болып дами

бастады. Жаратылыстың, құбылыстың жанды келбетін қаз-қалпында

бар   бояу   бедерімен   мейлінше   көркем   етіп   суреттеуді   мұрат   тұтқан

көркемдік концепция қалыптасты. Адамның көңіл-күйін, ішкі сырын

немесе сыртқы түрін, бет әлпетін сипаттағанда, сан-алуан қиялға толы

философиялық   толғаныстарды   білдіргенде,   өмір,   тұрмыс-тіршілік

жайларын   жырлағанда   туған   жер   сипаты,   оның   айрықша   сурет

көріністері, табиғат құбылыстары бейнелік, образдық қызмет атқара

бастады. Табиғат енді жалпы сезім бабы, көңіл-күй қатынасы арқылы

16


көрініс   тапты.   Табиғатты   бейнелеу   субъективті   сипат   алып,   шын

мағынасында жаратылыс пен адам жарастығы тұтас жырлана бастады.

Адам   табиғатқа     тек   әлеуметтік   өмірдің   тірегі   ретінде   ғана   қарау

көзқарасынан арылып, оны сұлулық объектісі ретінде қабылдап, оған

танымдық-тәрбиелік,   эстетикалық-этикалық   тұрғыдан   қарап,   сөйтіп

дүние сырын көркемдік таным тұрғысынан игеруге күш салды. Күллі

әдемілік   әлемі,   сұлулық   сипаттың   барлығы   дерлік   табиғаттың   өз

бойында   тұнып   тұрғанын,   оны   ақындық   сезім,   ақындық   қиялмен

танып,   ақындық   тілмен   жеткізе   білу  

–  поэзия   еншісінде   екенін

таланттар   мықтап   сезінді.     Табиғатты   сүйем,   сұлулыққа   бас   иемін

[5.465]. дейді Байрон. Ал, Шелли:   Шын поэзия жасырынып тұрған

дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды [6.417] - деп

жазған.   Қарап   отырсақ,   өнер   адамының   қай-қайсы   да   бұл   мәселеге

соқпай кетпеген.

Ақындар   әдемілік   негізін   тек   табиғат   әлемінен   іздеген.

Әдемілік  

–  жарытылыс   ғаламатына   таңдана,   тамашалай   қарайтын

адам   жанына   сырттан   құйылатын,   сырттан   даритын   ізгілік   нұры.

Ендеше адам сезімінен тыс табиғат шын мағынасында  эстетикалық

сапаға   ие   бола   алмайды,   ол   үшін   әр   адам   сұлулықты   тани   және

бағалай білуі қажет. Бұл жөнінде З.Қабдолов былай дейді:

Нағыз пейзаж 

– Поэзия! Мінез! Адам! Неге десеңіз, адамның

суреті 

– пейзаж жоқ. [7.256]



Поэзиядағы    табиғат  лирикасын қарастырған  кезімізде   ХХ

ғасырдағы қазақ жырының ірі өкілдерінің лирикалық шығармаларын

орағытып   өте   алмаймыз.   Бұл   орайда   С.Сейфуллин,   І.Жансүгіров,

М.Жұмабаев,   Қ.Аманжолов   және   де   Ж.Нәжмеденов,   М.Мақатаев,

Ж.Жақыпбаев   поэзиялары   мен   қатар,   қазіргі   жас   ақындардан

Маралтай Ыбыраевтың, Алмас Темірбайдың, Бақыт Беделханұлының,

Назира Бердалының т.б. поэзиясындағы табиғат лирикаларын да тілге

тиек етеміз. 

ХХ   ғасыр   басындағы   ірі   қоғамдық-саяси   оқиғалар   мен

ғылыми-техникалық   революция   бүкіл   рухани   қазына   жайындағы

түсінік, ұғымымызды кеңейтіп өзгертті. Адамның өзін-өзі тануының,

ғылымды   игеруінің   жаңа   дәуірі   басталды.   Табиғаттың   сыртқы

бейнесін ғана тамашаламай, оның ішкі болмысына үңілуге мүмкіндік

туды. Адам баласы жердің тартылыс күшін жеңіп, ғарышқа шықты.

Табиғатты   зерттеуде,   танып   білуде   жаңа   белестерге   көтерілдік.   Бұл

оқиғалар   әрине   поэзияда   көрініс   таппай   қалмады.   Лирика   жанрына

көркемдік талдау жүйесі енді. Табиғат суреттері арқылы адамның ішкі

сырын, жан дүниесін ашып көрсетуге күш салды ақындар. Адам жан

әлеміндегі   тылсым,   бейбәлім   өзгерістерді,   сан   алуан   құбылыстар

ажарын   ашатын   табиғат   құбылысының   сыры   мен   сипатынан

оралымды, өрнекті сурет таба білді.

Табиғатты эстетикалық тұрғыдан тану дегеніміз  

— суреттің

өзі   жан   сұлулығымен   астасқан,   оқушысын   толғандыра   отырып,   көз

алдыңа   бейнелі,   бедерлі   жаратылыс   суретінің   қайталанбас   керемет

17


-келбетін,   өзіндік   сыр-сипатын   мейлінше   тұтас,   мейлінше   еркін

жеткізу. Табиғатты эстетикалық тұрғыдан танудың алғашқы үрдістерін

Абай лирикасынан көреміз. Абай табиғат лирикасы арқылы қоғамның

тарихи-психологиялық суретін ашып берді. Сол арқылы жанр аясын

кеңейтті. Өркенін өсірді. Абайдың ешкім деңдей алмайтын биік тұсы

— осы. Осы тұста ол — суреткер. Табиғат, қоғам, адамға қатысты өз

қоғамынан әлдеқайда озық сөзді ол осы жерде айтты. Өйткені өзіне

дейінгі данышпанның қай түрімен де ақыл-парасатын мөлшерден тыс

толықтырған   еді,  

—  дей   келіп,   Абай  —  біреу.  Ол   деңгейге   ешкім

көтерілген жоқ. Ал, дәстүрі   

—  сан тарап. Оны игеру, алға дамыту

қазақ поэзиясының түпкілікті мұраты

”  [8.120], - деген пікірді негізге

алар   болсақ   М.Жұмабаев,   С.Сейфуллин,   І.Жансүгіров   ХХ   ғасыр

басында   Абай   салған,   соны   соқпақты   ілгері   дамытып,   Мұқағали,

Қадыр   ақын,   Жұмекен,   Жұматайлар   жаңа   көркемдік   ізденістерге

құлаш   ұрды.   Бүгінгі   қазақ   поэзиясындағы   табиғат   лирикасын   сөз

еткенде   тіпті   де   өзгеше   сарын,   өзгеше   леп   байқалады.   Олар

әдебиеттіміздің өміршең дәстүрін терең де толық меңгеріп, табиғатты

жаңаша   қырынан   ізденіп   жырлауға   ұмтылады.   Бұл   жолда   жеткен

нәтижелер аз емес.

Сөйтіп, табиғат лирикасына қазақ әдебиетінде қалам тартып,

бұл тақырыпты да ілгері дамытып алып кеткен ақын  

– Абай. Абайда

табиғат көрінісі мен бейнесі, жалпы бізді қоршаған ортаның тыныс-

тіршілігі,   қозғалысы,   дамуы   жаңаша   леппен,   жаңашыл   көзқараспен

жырланады.   Абайдың   табиғатқа   арналған   өлеңдері   жылдың   төрт

мезгілін   де   тұтастай   қамтиды.   Онысы   қазақ   әдебиетінде   жоқ   соны

сүрлеу, батыс әдебиеті, оның ішінде орыс әдебиеті ақындарымен жыр

мүшайрасына   түскендей   қабылданып   отырады.   Абайдың   табиғат

лирикалары   табиғатты   жаңаша   танытады,   біз   аңғара   қоймайтын

тылсым дүниенің құпия кілтін қолымызға ұстатып жібергендей сезім

күйге бөлейді.   М.Әуезов  аса  жоғары  бағалаған     Қыс    деген   өлеңін

алайықшы.

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды. 

Бұл сурет, көрініс қазақ танымында ХІХ ғасырда болып па

еді? Әрине болған жоқ. Абай қысты   қазақ ұғым-түсінігіне барынша

сіңісті етіп шеберлікпен бейнелеп, қиыстырып-ақ жібереді. Қыс адам

кейпінде,   үстінде   ақ   киім,   ақ   сақалды,   сонымен   қатар   тірі   жанды

танымайтын соқыр әрі мылқау күйінде бір суреттелініп алса, енді ол

басының   аппақ   қырау,  түсінің   тым   суық,   басқан   жерінің   сықырлап

келіп қалатынын бейнелейді. Жансыз үскірік аязды қыстың бейнесін

бір   сәт   адам   кейпінде   көз   алдыңа   анық   та   айқын   етіп   суреттейді.

Ақынның бейнелі тілінің, өрнекті ойының қуатымен қыс бейнесі адам

бойында ызғарлы аязды сезінетін түйсік туғызатын бейнеге айналып

кеткендей.     Қыс     өлеңі   Абайдың   шығармалары   ішінде   ақынның

18


айрықша бір ізденісін, ақындық сатысын көрсететін шығарма. Қазақ

даласының   сахарасы,   табиғаты,   әсіресе,   арнайы   жыл   мезгілдеріне

арналған жырлар Абайға дейін дами қоймаған.  Қысты  Абай Әуезов

айтқандай   тірі жанды бейнелі   етіп сипаттайды. Қыс бейнесі   жаңа,

соны   сипатта   сомдалынды.   Қыс   жанды   бейнеде   суреттелгендіктен

қауырт, екпінді, бойында тылсым күш, оның дем алысы үскірік, аяз

бен   қар   ерекше   алапат     дүлей   боранды   елестетеді.   Ақын   қысты

сұрағанын   алмай   тынбайтын,   келгіштеп   есіктен   кетпейтін   қазақтың

кәрі құдасына теңеп жібереді. Табиғаттың қытымыр қысын суреттеген

ақын   қыс   алып   келген   әлекті,   шаруаның   жайына,   малшылардың

көңіл-күйіне ауысады, тұмсығын салған қасқырға малды қор қылмау

жағын   ескертіп   өтеді.   Абайдың   қыс   көрінісін   қарлы,   аязды   дала

пейзажын   суреттеумен   шектелмей   шаруа   баққан     елдің   тұрмысын

қамтуы өз заманының реалистік шындығы болатын. Осы өлеңді ұзақ

талдаған  Әуезов:    

…идея жағынан өзге өлеңдерінде жеткен өрісіне

өрлемейді

…  тартысты танытарлық идеяның жетімсіздігінен, қыстың

суреті,   көбінше,   көлденеңнен   көруші,   салқын   қанмен   сөйлеуші

адамның созерцаниесі болып қалады, [9.137] - деп кемшін тұстарын

көрсетіп   өтеді.   Абай   өлеңдеріндегі   қоғамдық   қайшылықтар   көрініс

таппады деген мәселе тұр. 

Әуезов   оны   саясаттан     сескенгендіктен   айтып   отыр.   Абай

бейнелеуінде   қыс   образы   жалпы   тұрғыда   емес,   нақты,   дәл

динамикалық қозғалыста алғаш рет қазақ сахарасында сипатталынды

деуімізге   болады.   Қазақ   поэзиясында   Абайдай     Қысты     суреттеген

ақынды табу қиын. Ұлы ақын табиғаттың қай көрінісін сипаттамасын

оның   тура,   нақты   көрінісін   емес,   образын,   бейнесін   суретпен,

өрнекпен айшықтап шебер беріп отырады.

Қазақ жазба әдебиетінде, жаратылыс, табиғат келбеті Абай

поэзиясында  көрініс тапқанындай ешбір қазақ ақындарында  көрініс

тапқан   емес.   Абай   табиғат   лирикасының   бастауында   тұр.   Абайдың

салып кеткен дәстүрі мықты да өміршең. Ол дәстүрді кейінгі толқын

ақындар дамытып ілгерілетіп алып кетті.

Абайдың   табиғат   лирикаларынан   мына   ерекшеліктерді

айқын байқаймыз: ірі ақындар, талантты тұлғалар кемелденген сайын

табиғатқа   жақындай   түспек,   табиғатпен   ол   өзін   етене   біртұтас

сезінбек,   табиғат-ананың   бір   бөлшегіне   айналып   кетпек.   Абайдың

Желсіз түнде жарық ай  деген өлеңіне зер салайықшы:

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

Өте келісті, әдемі сурет, аса    бір нәзіктік сезіледі. Көрініс

түнгі мезгіл, аспанда толған ай, дала сүттей жарық - сәт. Бірақ ақын

дала сүттей жарық еді демейді, оны бір ғана  желсіз түнде жарық ай

деген сөйлеммен бейнелеп тұр. Ой бейнелі, тіл айшықты. Мамыра жай

дала көрінісі, терең сайда, гүрілдеп аққан өзеннің бетінде ойнаған ай

19


сәулесінің көрінісі ғажап. Табиғаттың әдемелігі, адам жанына ерекше

бір нұр сәуле құйып тұрғандай. Абай мамыра жай түнді қалай жырлау

керектігін осы өлеңі арқылы өнеге, үлгі көрсетіп тұрған жоқ па? Абай

үнемі   ізденіп,   ақындық   шеберлігін   ұштап   отырғандығын   айқын

сезінеміз.

Ал ақынның  Күз  деген өлеңінде де бір ғана көрініс арқылы

бүкіл өлең тақырыбындағы негізгі мақсатты ашып бере алған.

Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. 

Күзгі   салқын   мен   дауылды   күндері   ағаштың

жапырақтарынан жалаңаштанатыны белгілі. Ал Абай бұған қурайдың

да   жапырағынан   айрылғанын   қосады.   Сол   арқылы   оқырман   ойын

тереңге   бастайды.   Жалпы   Абай   өлеңдеріндегі   табиғат   көріністері

шебер дәлдікпен бейнеленіп отырады.  

Ұлттық   мінездің   қалыптасуында   ұлттың   әдет-ғұрыптық,

тұрмыс-салттық,   кәсіптік-шаруашылықтық   ерекшеліктері,   ұлттық

сезім   бәрі   де   маңызды   болып   есептеледі.   Дүниені   біз   ұлттық

болмысымызбен қабылдаймыз, оны ешкім де теріске шығара алмас.

Табиғатты   тануда   да   ұлттық   ерекшеліктеріміз   сезіліп   отырады.   Бұл

нені   аңғартады:   бұл   ата   дәстүрдің   сабақтастығын,   жалғастығын

аңғартады. Бұл объективті түрде   жүріп жататын процесс. Ол біздің

алуан түрлі поэзиялық шығармаларымыздан  көрініс табады. Біз соны

дұрыс танып, талдай алуымыз керек. Табиғатты тану мен бейнелеуде,

кескіндеуде   ұлттық   таным-түсінік,   ұлттық   ұғым,   ұлттық   дәстүр

барынша   көрініс   тауып   жатады.   Оған   таңырқай   қарамау   керек.

Музыка әуені барлық халыққа түсінікті болғанымен онда да ұлттық

колорит, әуез болғандықтан ұлттық сипатқа ие болады. Осы орайдан

келгенде, Абайдың табиғат лирикасының тереңіне үңіле білсек, бізге

беймәлім сырдың беті ашыла түсетіні ақиқат. Өйткені 

“Абай — асқан

реалист ақын. Оның табиғат жырларынан уақыттың әлдеқалай жылы,

айы емес, өзі өмір сүрген заман жайы, сол заманда тіршілік еткен адам

жайы айқын  көрініс табады.  [10.35]

”  Мысалы  “Жазғытұры”  өлеңін

алап қарасақ:

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

 Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен

Ұлы   ақынның  



“Жазғытұры”  ғана   емес,   басқа   да   табиғат

тақырыбындағы   өлеңдерінде   қазақ   халқының   әдет-салтына,

тұрмыстық-шарушылықтық   кәсіптеріне   байланысты   өлең

жолдарының көп кездесетінін жоғарыда айттық, міне олардың ішінде

тікелей ұлттық сезімге қатысты сөздер мен ұғымдар, өлең жолдары

мен тұтас шумақтар, бедерлі бейнелер мен әдемі сөз бейнелілігі жиі

ұшырасып   отырады.   Ұлттық   сезім   тұрғысынан   келгенде   Абай

өлеңдерінде жиі ұшырасатын бейнелердің бірі 

— кемпір-шал бейнесі.

Мәселен:  

“көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал”  (“Жазғытұры”),

20


“кемпір-шал қыржаң қағып, бала бүрсең”,  “қайыршы шал-кемпірдей

түсі кетіп

”, (“Күз”), “кемпір-шалы бар болса қандай қиын” (“Қараша,

желтоқсан мен сол бір-екі ай

”) т.б. алсақ, біріншіден барынша ұлттық

осы   бейнелердің   табиғат   тақырыбындағы   өлеңдерде   жүруі   де   тегін

болмаса керек, жыл мезгілдерінің ауысып тұратыны сияқты жастық та

кәрілікке ұштасып жатады. Физиология, биологияның заңдылығы  

жастың   қартаюы   болса,   адам   баласының   о   дүниелік   боларының



алдындағы бір кезең 

— кемпір-шалдық дәурен. “Өз баласын өскенше,

немересін өлгенше

” бағып-қағатын, көздерінен таса қылмайтын, қара

шаңырақ   иелері   кемпір-шалдар   бейнесі   ұлттық   сезімімізді   басқа

ұлттардың   сезімдерінен   ерекшелеп   тұрады.   Кемпір-шалын

қаңғыртпай қолда ұстау, қамқор болу 

— арлы ұлдың, қасиетті қыздың

ата-бабадан   мирас   еткен   дәстүрі,   тәрбиесі   мен   тағлымы.   Кемпір-

шалдар бейнесінің жанға жақын, ұлттық ойлау мен ұғымға барынша

сәйкес   келуі,   ұлы   ақын   өлеңдерінің   қуатын   күшейтіп,   қасиеттерін

нақтыландыра   түседі,   әсер-ықпалын   күшейтеді.   Басқа   да

көркемдіктерімен   бірге   ұлы   ақынның   табиғат   тақырыбындағы

өлеңдерінің барынша ұлттық сипатын, мейлінше жинақталып берілген

кемпір-шалдар   бейнесінің   тікелей   ұлттық   мінезге   қатысын   осылай

түсіндіруге   болады.   Қарапайым   түрде   ұғынсақ,   басқа   ұлт

ақындарының   өлеңінде   кемпір-шалдар   бейнесінен   қазақ   ұлтының

туысқандық сезіміндей ыстықтық, жылылық сезіле бермеуі мүмкін. 

Ақынның 

“Жаз” өлеңіндегі:

 Жаздыкүн шілде болғанда,

 Көкорай шалғын бәйшешек,

 Ұзарып өсіп толғанда.

 Күркіреп жатқан өзенге,

 Көшіп ауыл қонғанда.

 Шұрқырап жатқан жылқының

 Шалғына жоны қылтылдап,

 Ат, айғырлар, биелер

 Бүйірі шығып, ыңқылдап,

 Суда тұрып шыбындап

 Құйрығымен шылпылдап,

 Арасында құлын-тай

 Айнала шауып бұлтылдап, 

деген сияқты өлең жолдарында да халық өмірі, тұрмысына



табиғаттың   көркем   бейнесіне,   көкорай   шалғынды,   көк   майса   дала

келбетіне   қатысты   белгі-бедерлер   көп-ақ.   Ұлы   ақын   жаз   жайлауға

“көшіп ауыл қонғанда” деп те тегін айтпаған, табиғаттың ерекше бір

түрге енген маусымын, ауыл өмірін суреттеуге, оны бар көрінісімен

жырлауға ерекше ынтызар көңіл-күймен барып отырған. Жаз айында

қазақ ауылының  тұрмыс-салтын ғана емес, күнкөріс-шаруашылығын,

халықтың   руханият   дүниесін,   этнографиялық   жай-жапсарын,

әлеуметтік   күйін   толығымен,   табиғат   көрінісімен   астастыра     жан-

жақты көрсетеді. 

21


Күні   бүгінге   дейін   қазақ   поэзиясының   ең   бір   өрнекті,

тұрақты   тақырыптарының   бірі   ауылдың   табиғаты,   ауыл   болуы

кездейсоқтық   емес,   ол   қазақ   халқының   генефоны,   шыққан   қайнар

бұлағы   болғандықтан,   бүгінгі  мен  кешегі  ауылдың  айырмашылығы,

ерекшелігі   бар,   соған   орай     әдебиетімізде   бейнеленуінде   де   бұл

айырымашылық, өзгерістер айқын өрнектелуде. 

Поэзия - уақыт айнасы да іспеттес қой. ХХ ғасырдағы қазақ

даласының   табиғатын   жырлаудағы   Абай   дәстүрінің   ілгері   жалғаса

түсіп   үрдіске   айналуы     ақындарымыздың   табиғат   лирикаларынан

айқын   сезіледі.   Ауыл   мен   қала,   дала   төсіндегі   көптеген   соны

өзгерістер   табиғат   келбетіне   де   өз   әсер,   ықпалын   жасады.   Мұны

ақындар, лириктер әртүрлі қабылдады. Жалпы қазақ халқының негізгі

шаруашылығының   төрт   түлік   малмен   байланысты   болуы,   осыдан

туатын   көші-қондық,   көшпелі   тұрмыстық   жағдайлар   табиғи   ортаға

қарай     бейімделіп   отырды.   Тіршіліктің   бәрі   аспан   астында,   жер

бетінде   ежелгі   ата   қоныста   өтіп   жатты.   Қазақтың   тыныс-тіршілігі

негізінен табиғат аясында өтетін. Табиғатқа  барынша жақын, сырлас

халық.   Халқымыз     аспан   әлемін   бақылап,   жұлдыздарға   қарап

бағдарын,   ауа   райындағы   алдағы   өзгеріс   құбылыстарды,   шөптердің

түсіне   қарап   қасиетін,   суына   қарап   жерін,   жеріне   қарап   астында

жатқан қазынасын болжап тап басып айта білген. Халық жадындағы

бұл қасиет ақындар  жырларынан да қылаң береді. Демек, Абайдың

“Жаз” өлеңінде ауылдың аты аталуының, көрініс суреті салынуының

астарында осындай сырлар бар. Бір ғажабы,  

“Жазда   ауыл келбетін

ақын шабытпен суреттеп, сол суретке өзінің де сүйсініп отырғанын

жасыра алмайды.  

“Қыз-келіншек үй тігер, бұрала басып былқылдап”

деп   қыз-келіншектер   туралы,  

“жаутаңдаған   жас   бала,   ет   әпер   деп

қылқылдап

” деп балалар туралы, “салтанатты байлардың, самаурыны

бұрқылдап

”  деп   байлар   жайында,  “білімділер   сөз   айтса,   бәйге

атындай   аңқылдап

”  деп ақылды-есті  адамдар  туралы,  “ақ көйлекті,

таяқты,   ақсақал   шығар   бір   шеттен,   малыңды   әрі   қайтар   деп

”  деп


шалдар туралы,  

“асау мініп теңселген, жылқышылар кеп тұрса”  деп

жылқышылар   туралы,  

“мылтық   атқан,   құс   салған,   жас   бозбала   бір

бөлек

”  деп   жастар   туралы   айтқандарында   қазақ   аулының   осындай



әлеуметтік топтарына әр қырынан тоқталып отырады, осылардың шат-

шадыман   көңіл-күйлеріне   өзінің   ыстық   сезімін   қосып,   табиғат

сұлулығымен жарасым тапқан ауыл ажарын асқан шеберлікпен әдемі

суреттейді.   Қазақ   халқының   тұрмысындағы   осы   бір   жадыраңқы

тұстың жыл мезгілі 

— жазға сәйкес келгеніне көңіл қошын қосқандай,

ақынның   өзінің   де   қуанышты   әсер   үстінде   отырғаны   өлеңнің   әр

жолынан байқалып отырады.

Осы   өлеңдегі   ауыл,   дала   сәні   төрт   түлік   мал   екені

түсінікті,   бірақ   өлеңде   мал   түгел   аталмайды.   Ақын   саналы   түрде

басқалардан   гөрі   жылқыны   айрықша,   ерекше   көріп,   оған  

“Жаздан”


басқа   да   өлеңдерінде   әр   түрлі   қырынан   тоқталып   отырған.   Қазақ

халқы  


“ат  —  ер қанаты”  деп жылқы баласын  аса  қатты  қадірлесе,

22


қымызын  ішіп қызықтаса,  көлікке мініп көсілсе  

—  бұның барлығы

мәселенің   беті   ғана,   ал   ішінде   ата-бабамыздың   сол   жылқымен

байланысты   сұлулыққа,   яки   эстетикалық   көзқарасы,   ерлікке,

батырлыққа ұрпақтарын тәрбиелеуі яки  тәрбиелік-тағлымдық ойлары

жатыр.


Абай  

“Жазда”  қозы-лақтар   демейді,   құлын-тайлар   дейді,

түйе мен сиырды да атамай, 

“ат-айғырлар, биелер” деп кетіп отырады.

“Күз” өлеңінде де сондай “жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан”

дейді. Қысқасы ақын шығармашылығындағы жинақталған типтік әрі

ұлттық   бейнелердің   сапында   жылқы,   ат   бейнесі   айрықша   орында

десек   болады.   Абайдың   сұлулыққа   көзқарасының   ат   сұлулығымен

астарласып   жырлануында   (

“Шоқпардай   кекілі   бар   қамыс   құлақ”)

ұлттық сипаттың өлең мінезінің негізгі айқындаушысы болып тұрғаны

содан.   Ат   сынын   айтқан   осы   өлеңдегі   барлық   талап-талғамдар

көпшіліктің   көңілінен   шығатынын   ақын   ескерсе   және   Абай

талғамындағы   ат   асқан   сұлулығымен   емес,   мінезділігімен,

төзімділігімен, қарапайымдылығымен ерекшеленсе 

— дәл осы жерде,

атқа   қойылатын   Абай   талап-талғамдарында,   сынында   ұлттық   сипат

бар, ұлттық мінез жасалған.


Каталог: library -> magpdf
magpdf -> И. Р. Гросс СҰлтанмахмұт торайғыров шығармашылығының тілі
magpdf -> Магистратура «Журналистика және қазақ филологиясы» кафедрасы магистрлік диссертация сын есім шырай категориясы теориясының қалыптасуы
library -> М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих
magpdf -> Диссертация 6N0205 «Қазақ филологиясы»
magpdf -> Б. М. Кусманова Ж. Аймауытовтың шағын әҢгімелеріндегі («Әнші», «елес») етіс категориясының функционалдық Қызметі
magpdf -> Х. В. Бекбосынова функционалды грамматика ұҒымдарымен етістің Ұштасуы (КӨркем шығарма мәтіндер негізінде) 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация
magpdf -> Магистратура
magpdf -> Магистерлік диссертация
magpdf -> А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация
magpdf -> Н. Ж. Туралина Қазақ поэзиясы: стиль және бейнелілік


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет