Диссертация «Қазіргі қазақ Әдебиетіндегі табиғат лирикасы»



жүктеу 376.17 Kb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата30.12.2016
өлшемі376.17 Kb.
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7

  Табиғатты   ағын   судай,   сымпылдап   ұшқан   үйрек,   қаздай

динамикалы халде алған сияқты, адамды да тепе-тек тыныш отырған

үнсіз,   қозғалыссыз   күйде   алмайды.   Әркім   әр   алуан   іс   пен   мінезде,

құбылыста   көрінеді.   Осында   буы   аспанға   шыққан,   көшіп   келген

жәрмеңкедей жанды өмірді оқушыға аса қонымды етіп, 

“дәл осындай

болады

”  дегендей   бас   шұлғытып,   иландыра   біледі.   Өлеңнің   ішінде



жанды   тіршілік,   қайнар   қызу   мол   болғандықтан   түрі   менен   өлшеу

ұйқастарында   да   аса   жанды,   қызулы   жүрдектік   бар.   Ұйқастарда

келетін  

“шыбындап”,  “шылпылдап”,  “бұлтылдап”,  “сымпылдап”,

“сыңқылдап”, “жылпылдап” деген сияқты айтуға ауырлау келгенмен,

тұрақты тыныштық күй емес, үнемі өзгеріп тұрған қозғалыс әрекетті

көрсететін сөздер барлық өлеңге өзгеше ағындылық береді. [11.118]

Абай  


“Жаз”  өлеңінде   білімді   адамдар   жайында

“білімділер сөз айтса, бәйге 

атындай   аңқылдап

”  десе,   халықтың   мінезін   мінеп   сынаған

өлеңдерінде:  

“адам   қылмас   халқым   бар,   өтірік   пен   өсекке   бәйге

атындай аңқылдар

” (“Келдік талай жерге енді”) деп бәйге атын өсек,

өтірікке аңқылдап  тұрған   халқының   ұнамсыз  мінезін  жасауға  теңеу

ретінде   қолданады.   Жүйрік   деген   ұғымды   контексте   мағыналық

тұрғыдан   контрасттық-қарама-қарсы   мәнде   қолданады,     жылқы,   ат

бейнесін   сипаттауда     ұлттық   ерекшелік   танылатынын   дәлелдейтін

мұндай   мысалдардың   тізімін   ұзарта   беру   қиын   емес.  

“Ат   сынын

айтып, өлеңдерінің мазмұнына төрт түліктің ішінен таңдап алып бүкіл

творчествосын адамға құра білген қазақ классигі жылқыға неге мән

береді?   Бұның   екі   түрлі   себебі   бар.   Біріншісі,   жылқы   көшпелі

қазақтың   ең   қастерлі   түлігі   еді.   Екіншісі,   бұл   түлік   сұлулықтың

сымбатына   жүретін   еді

”.   [12.75]   Біздіңше,   осындай   себептердің

23


астарында жалпы әдебиеттің даму заңдылығы саналатын ұлттық сипат

пен оның негізгі категориясы ұлттық мінез бар. Дәл осы тұста өлең

өріміндегі ұлттық мінез категориясы, ұғымы жайлы бірер қорытынды

жасауға болады. Табиғат, төрт түлік мал туралы өлең-жыр Абайдан

бұрын да болды. Бірақ 

“қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі төрт түлік

мал,   аң-құс,   аңшылық,   малшылық   жөніндегі   өлең   жырлар   рулық

дәуірде,  V-Х   ғасырларда   жасалған

”, [13.19] - деуге,  одан  да  бұрын

жасалған   деуге   келісуге   болғаныменен,   оларда   заман   шындығын,

қоғам жағдайын халық, ел өмірімен байланыстырып терең суреттеу,

табиғат   көріністерін,   жыл   мезгілдерін,   сол   сияқты   малшылық,

аңшылық   кәсіптерді   адам   өмірінің   сан   алуан   қырларымен

байланыстырып жырлау, сөйте отырып халқымыздың әр түрлі таптары

мен топтарының өмірінен алып, типтік бейнелер жасау болған жоқ.

Сол  себепті   де   Абайдан   бұрынғы   ауыз   әдебиет   үлгілерінде,   тарихи

әдебиетте, толғау ақындарының шығармашылықтарында ұлттық мінез

жан-жақты,   терең   ашылған   жоқ.   Тек   қайсыбір   қырларынан   көрініп

отырғаны шындық. Демек, көркем шығармашылық  өнердегі  ұлттық

мінездің   жан-жақты   толық   ашылуы,   терең   әрі   сомдалып   жасалуы

суреткер   тұлғасына,   талант   ерекшелігіне,   дарын   дәрежесіне

байланысты болады деген сөз. Бұған 

— Абай шығармашылығы дәлел.

Бұндай ерекшелік, әрине әдебиеттің ұлттық сипаты мен тарихилығын

жоққа шығармайды, қайта керсінше оған қосымша мағына үстейді.

Орыс ғалымдарының әдебиеттің ұлттық сипаты мен мінезін

зерттегенде   Пушкинге   айналып   соға   беруінде   осындай   мәніс   бар.

Әдебиеттің ұлттық сипаты мен мінезін ұлылар шығармашылығынан

іздеу, яғни 

“Ұлы суреткердің шығармашылығында, тұлғасында ұлттық

мінез   сипаттары   айқын   және   тұтастықта   танылады.   Пушкин

тұлғасынан   бүтін   бір   дәуірдегі   орыс   халқының   дана   қалпымен   әрі

жарқын   көрінгендігін   Белинский,   Гоголь,   Тургенев,   Горькийлер

ерекше атап айтады

” [14.119] — деу еріккеннің ермегі емесі түсінікті.

Ұлы ақынның  

“Күз”  өлеңіндегі  “енесіне иіртіп шуда жібін,

жас қатындар жыртылған жамайды үйін

”, “кемпір-шал құржаң қағып,

бала   бүрсең

”,  “кемік   сүйек,   сорпа-су   тимеген   соң,   үйде   ит   жоқ,

тышқан   аулап,   қайда   көрсең

”  деген   өлең   жолдары   күздегі   сүреңсіз

ауыл өмірін соншалықты дәл әрі көркем бере алған десеңізші, күздегі

ауыл   көрінісі   бұл   өлеңде   де   сол   адам   өмірімен,   олардың   әр   түрлі

топтарының   белгілі   бір   қырларымен   жасалған   бейнелерімен

байланыстырылған, жалт етіп көрсеткенімен сол бейнелерден көп сыр

аңғарылып қалады.

   Абай   бірнеше   рет   жырлап   көрген   сахара   табиғатының

өзгеше кезеңдеріне көшпелі ауылдың күзгі тіршілігін суреттеген 

“Сұр

бұлт


” және “Қараша, желтоқсанмен” дейтін екі өлеңінің орны ерекше.

Бұл   өлеңдер   көркемдік   жағынан   да,   өмір   шындығы   мен

мазмұн   жағынан   да   және   әсіресе   ақын   барынша   батыл

шыншылдықпен   ашып   берген   қоғамдық   тірлік,   халықтық   идея

жағынан   да   бұрын   Абай   жазған   табиғат   турасындағы   өлеңдердің

24


барлығынан биік өрлеп, өзгеше сапа табады.  

…Аз сөздермен барлық

көшпелі   шаруаның   көп   күйзелгенін   таныта   келе,   әсіресе,   күздің

ауыртпалығы кімге түсетініне айрықша көңіл бөледі. 

“Сұр бұлтта” да

жүдеулігі,   күйсіздігі   аса   ауыр   сорлылыққа   жеткен   кедей   ауылды

бейнелейді. Сол ауылдың адамы ғана емес, итіне шейін даланы кезіп,

безіп  кеткенін  айту  арқылы  Абай  көшпелі  тіршілікке дәл   осы  өлең

тұсында лағнет айтқандай болады.[15.150] Күздің  сұрқай көрінісімен

ауылдың жүдеу, арып ашыған тіршілігінің жайы үндесіп, әлеуметтік

екпінді күшейтіп тұр. Көз алдыңда жалаңаш сұрқай күз, сұрғылт ауыл

кесе көлденең тұрады. 

“Күздегі” көрініс “Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай” да

одан   әрі   тереңдеп,   жіктік,   әлеуметтік   сипат   ала   түседі.   Енді   ақын

өлеңнің   саяси-әлеуметтік   мазмұнын   тереңдетіп,   қоғамның   бай   мен

кедей   болып   бөлінуінің,   қоғамдық   құрылымның   шындығын   ашуға,

әлеуметтік   жіктелудегі   ақ,   қараны   ажыратуға,   сол   арқылы   заман

ағымымен, қоғам сырын танытуға ұмтылады.

“Ерте барсам, жерімді жеп қоям деп,

Ықтырма мен күзеуде отырар бай,

” немесе

“кәрі қой ептеп сойған байдың үйі”, сондай-ақ  “үйі жылы

киіз   тұтқан   айналасы

”  дегендерден   қазақ   байының   тұрмысының

тәуірлігі аңғарылса,

“Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

 Отыруға отын жоқ үзбей жағып,

 Тозған үйін жылытып, тонын илеп,

 Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып

Немесе:



“Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?

Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,

О да қылған кедейге үлкен сыйы

”, -


дегендерден кедей тұрмысының тапшылығы танылады.

“Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы

немесе 



“Асын жөндеп іше алмай қысылады”, - дегенінде бай

баласы   мен   жалшы   баласының   ара   жігінің   алшақтығы   айтылады.

Тұрмыс-тіршіліктегі арасы жер мен көктей айырмашылықты атап қана

қоймайды, ақын әлеуметтік жіктелістің,  бөліністің қоғамдық сырына

үңіледі,  

“байда   мейір,   жалшыда   пейіл   де   жоқ   аңдыстырған   екеуін

құдайым-ай

”,  –  деп күйінеді, әділетсіз, теңсіздікті ашына жырлайды.

Өлеңнің өне бойын зерделеп қарасақ, мейірімсіз байлар мен пейілсіз

кедейлердің   мінездеріндегі   айырмашылық   қоғамдық   құрылысқа,

әлеуметтік сипатқа, экономикалық жағдайға тіреледі. 

Табиғаттың,   айнала   даланың   сарғайып,   жүдеу   тартып,

аспанды   да     түсі   суық   бұлт   қаптап,   жастардың   да   күлкісі   тиылып

сұрқы қашқан, жүдеу ауылдың күйі   Күз   өлеңінде әлеуметтік астар

алады.   Қазақ   ауылының   тұрмыс   жағдайының   нашарлығы   бірден

аңғарылады.     Күз     өлеңі   табиғаттың   сұрықсыз   бейнесін   қазақ

25


ауылының күйзелісі мен астастырып жырлаған гумманист ақынның

сұрқысыз жүдеу тіршілікке берген бағасындай да қабылданады. Ақын

халқының   қамын   ойлап,   жан   дүниесі   күйзеліске   түседі.   Мына

сұрықсыз тіршілікті мансұқтайды.

Абай   өлеңдерінің   ішінде   оқшау   тұрған  

–  “Қансонарда

бүркітші шығады аңға

” болса, бұл туындының аңшылыққа арналғаны,

ал   аңшылықтың  

“қазақ   халқының   ежелгі   кәсібінің   бірі,   күнкөріс

құралы   болса,   бертін   келе   спорттық,   саяткерлік   өнер   түрлеріне

айналғаны

”[16.10] бұрыннан белгілі жайт. Ұлы ақынның осы өлеңді

жазуға   саналы   түрде   баруының   себебі,   дәл   осындай   аңшылық

ләззатын, оның құмарлық құпияларын бұрынғы әдебиет өкілдерінің

сөз етпегендігінен емес, қансонар арқылы да қазақтың мінезін сомдап,

елдің   саятшылық   өнеріне   елең   еткізуді   ойлағанында.   Аңшылық,

саятшылық кәсіпке, өнерге Абайдың айрықша мән беріп  жырға қосуы

қалай болғанда да тегін емес, ұлттық болмысымыздың табиғатын да

аңдатқандай   қансонар   қыс   мезгілінің   ерекше   бір   сыйы   іспетті.

Қансонарда     өлеңі   табиғат   аясында,   қысқы   сахарада   өтіп   жатқан

ежелгі саятшылық өнерінің қыр-сырын, баптап түлкіге салған қыран

құстың   тегеурінін,   алпыс   екі   айлалы   алтайы   қызыл   түлкінің

арпалысын  қимыл, қозғалыс  үстінде жандандырып  суреттеген  ақын

көп нәрсенің астарына да үңілуге итермелейді, ой салып өтеді. Ит пен

құстың өзін қолына үйретіп өз шаруасына пайдаланып келе жатқан

ата-бабаларымыз   жан-жануарлардың   да   мінез-құлқын,   тіршілік-

тынысын   зерттеп   зерделегені   сонша   қыран   құстың,   ителгі   мен

қырғидың   өзін   құс   болса   да   қолына   үйретіп,   баулып   баптап   күтім

жасай   білген,   бұл   құстың   да   тілін   білген   деген   сөз.     Қансонарда

халқымыздың   бай   этнографиялық   қазынасының   көп   жәдігерлік

көріністерін   ақын   поэтикалық   тілмен   түйіндеп   кетеді.   Оқырман

сырттай   ғана   емес,   ұлттық   болмысымен,   ұлттық   таным-түсінігімен

қабылдайтын   аңшылық   көріністің   картинасы  

–  кең   полотнолы

суреттей көз алдыңда тұрады.  Қыран құстың  қызығы ақынның өзін

де,   оқырманын   да   елітіп,   еліктіріп,   желпіндіріп   те   жібереді.   Сонда

онда не сыр, не құдірет болғаны? Саятшылық өнерге, соның ішінде

саят құстарына қатысты деректерді реті келіп тұрғандықтан келтіре

кетейік. Өйткені Абай жырлап отырған құсбегілік өнердің табиғатын,

қыр-сырын аша түссек, өлеңге тақырып болып отырған объектіні де

кеңірек   түсініп   тани   аламыз.   Саятшылар   құс   атаулыны:   желбесін

құстар,   тұяқты   құстар   деп   екі   топқа   бөледі.   Желбесін   құстар   етін

жейтін, жүнін мамық ретінде пайдаланатын құстар тобы. Оның өзі су

құстары   (аққу,   қоңырқаз,   қоқиқаз,   бірқазан,   қалбағай,   аққұтан,

көкқұтан, керқұтан, әупілдек, шағалалар), қыр құстары (дуадақ, жорға

дуадақ,   безгелдек,   оқпақ,   қарабай,   тырна,   шыңырау,  тарғақ),   судың

бойы мен қырды бірдей жайлайтын құстар 

– қырғауыл, құр, шіл, ұлар,

тауқұдірет, орақтұмсық, сатауық, бөдене, бұлдырық   сияқты түрлері

бар. Тұяқты құстардың өзі   қыран затты ,  керексіз заттылар  болып

бөлінеді,   соңғысына   бұған:   әртүрлі   қарақұстар   (көкжөре,   күшіген,

26


балтақұстар,   сақалтақ)   субүркіт,   саңқылтақ,   сарышағыл,   саржала,

жалмансары, бөктергі, кезқұйрық, құладын, күйкентай, ақсары, ақүкі,

жапалақ,   сондай-ақ   құзғын,   қарға,   сауысқан   осы   топқа   кіреді.

Қансонарда       Абай   желбесін   құстарды   емес,   болат   тұяқты   қыран

құстың аң аулау тәсілін суреттейді әрі қызықтайды. Тұяқты құстардың

ішінде  ақылдысы  әрі адам қолына үйренуге икемдісі, әрі пайдалысы,

түйсігі   мол   қыран   заттылар,   ол   өте   сезгіш   әрі   сезімтал   құс.

Тумысынан аң, құс алып кәделі қызмет атқаруға лайықталып жаралған

қыран   құстардың   негізгі   тұқымы   үш   түрлі.   Олар:   бүркіт,  қаршыға,

сұңқар   тектес   қанаттылар.   Бұл   көрсеткен   үш   текті   құстың

жаратылысы өзге құстан бүтіндей басқа. Олар түз құсының ішіндегі

ең   қарулысы,   тегеуріндісі   әрі   ұшқыры   және   олардың   тұяқ,   тұмсық

бітісі де басқа құстан өзгеше келеді. Сондықтан оларды саятшылар

тілінде  қыран құс  деп атайды , - деп жіктеп, салалап түстеп жазады

Ә.Марғұлан     Саят   құстары   және   олардың   жаратылысытағы

ерекшеліктері     деген   мақаласында.   [17.43]     Қыран   құстардың   қыр-

сырын аңшылықпен көп уақытын өткізген, саятшылық құрған ақын

өте жақсы білген, өзі басынан өткерген. Қыран құстар биікке самғап,

көбіне қалықтай сыза ұшады, оның дене бітімі сұрапылдай ағызып,

сыпырта, сыпылдап ұшуға ыңғайлы. Қаршыға, лашын, сұңқар көбіне

кенеттен жоғарыға атылып, не төменге қарай құлдилап, сорғалай, не

қырындап   бұлдырап   ұшады,   ол   өте   жылдам   ұшатындықтан   жемін

қандай   жағдайда   да   іліп   түседі.   Ал   қыран   бүркіттің   аңға   шүйлігуі

бөлек, ірілік сезілетіндей:  

Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,

Қандыкөз қайқаң қағып шықса аспанға.

Ақын қыран құстың түлкінің қай бағытқа қарай қашарына

дейін аңдып білетін сергек қырағылығына тоқталады. Абай бүркітті

батыр   бейнесінде   сипаттаса,   енді   бірде   паң   қалпында   суреттейді,

қыранға     кейде   адамға   тән   іс-әрекетті   бейімдеп   жырлап,   табиғи

сипатта жымдастырып жібереді. Айла-тәсіл, әдіс қолдану қыранның

түйсікпен дағдылы түрде іске асыратын қаруы-машығы. Түлкі жоғары

өрлеп   құтылып   кетпес   үшін   қыран   лезде   аспанға   қайқаң   етіп

көтеріледі. Жаратылысынан түйсігі мол жануардың бұл тәсілін саналы

жанға тән қимыл әрекеттей суреттейді. Енді биікке көтерілген паңның,

батырдың қолындағы қаруын ақын:

О дағы осал жау емес қыран паңға,

Сегіз найза қолында, көз аудармай

Батыр аял қылмайды ертең таңға, - деп бедерлеп, айшықтап

суреттейді. Өте әдемі   бейнелеу, алайда сегіз найзасы не нәрсе? Бұл

ақынның тапқырлығы. Бүркітті батыр кейпінде жырлап отырған ақын,

енді оның қолында сегіз  найзасы бар деп бұрынғыдан да күшейтіп

сипаттайды. Сегіз найза жан шыдата  ма?  Сегіз найза деп бір жағы

жұмбақтап отырғандай бейнелеп өрнектеуі бұл қыранның ең мықты

қаруы   сегіз   тұяғы.   Саятшылар   бірден   ұға   кететін   әдемі   әрі   бұрын

сөйлеу машығында ұшыраспайтын тың тіркесті теңеу. Сөз зергерінің

27


бүркіттің ең мықты қаруын сегіз найза қолында деп жырлауы ұтқыр

да ұтымды шыққан.

Академик     Ә.Марғұлан   жоғарыда   келтірген   мақаласында

былай   деп   жазады:     Ылғи   аңмен     алысып   күн   өткізетін   саят

құстарының   тарамыс   бітісі   де   басқа   хайуандікінен   өзгешерек.

Бұлардың   тарамысы   жембасар   (алға   қарай   кеткен   үш   саусақ)   мен

тегеуріннің (артқа қарай біткен саусақ) бауырын ала иректеле бітіп,

оның әрбір ирегіне шодырайған сіңір қыры дәл келіп отырады. Сөйтіп,

тұяқты   қысып-жазғанда   мықты   тарамыстың   ирегіне  буындағы  сіңір

қырының  дәл  келіп  отыруы  құстың   тегеурініне  ерекше  күш  береді.

Соның   нәтижесінде   оның   шеңгеліне   түскен   желбесін   құстар   темір

қысқыштың арасына түскендей жаншылып отырады . Көктен сорғалап

құйылған қыранның серпімді болат тұяғының шеңгеліне іліккен түз

тағысы  әп-сәтте-ақ  ғаламат күшпен  сығымдалып   жаншылып кетеді.

Адам тісі стоматолог ғалымдардың зерттеуіне қарағанда 80 кг дейін

күшпен   қыршып   тістейді   екен.   Бүркіттің   шеңгелінің   аңның

беломыртқасын   қаусатып   жіберетін   сығымдау  күшін   соған   қарап-ақ

шамалауға болар. Одан әрі ақын:

Қанат, құйрық суылдап ысқырады

Көктен   қыран   сорғалап   құйылғанда,   -   дейді,   көзді   ашып-

жұмғанша,   әп-сәтте,   найзағайдай   лезде   жарқ   ете   қалған   сұрапыл

жылдам қимыл-қозғалыс. Жылдамдық барған сайын үдей түскендігі

сонша   қанат,  құйрық   суылдап   ысқырып   зулап,   ауаны   тіліп   барады.

Ақын   соншама   дәл,   нақты   суреттейді.   Атылған   жебедей   ғаламат

шапшаңдық. Сорғалап құйылған бүркіттің болат тұяғының тегеурініне

жемі қарсылық көрсете ала ма?   Құс қанатымен ұшып, құйрығымен

қонады  дейді халқымыз. Қыран құстың қанат пен құйрық бітімі, дене

құрылысы басқа құстардан мүлде өзгеше. Айталық сұңқар мен лашын

оқтай атылып,  сыпыра  ағызып   ұшады,  ешбір құс  олармен  тең  келе

алмайды. Саятшылар мен ғалымдар  

– орионтологтардың бақылауына

қарағанда саят құстары секундына 11-12 метр жылдамдықпен, лашын

жемтігіне   төнгенде   секундына   75   метр   жылдамдықпен   құлдилайды

екен. Ұшу жылдамдығы өте жоғары. Ұлы ақынның бүркіттің көктен

құлдилауын сипаттауында асқан байқампаздық көзге ұрып тұр. Сұлу

сурет,   жан   дүниеңе,   адам   сезіміне   әсер   ететін   сырлы   полотно,

аңшылық рақатынан адам бір жасап қалатын әсем көрініс. 

Аңның   да,   құстың   да   мінез-құлқын,   ерекше   қасиеттерін

қапысыз тануы жағынан Абай кәнігі саятшыдан да асып түседі. Қыран

бүркіттің әдемі, келісті қимыл-қозғалысын шеберлікпен әрі шабытпен

сипаттауы соның айғағы. Абай   Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ

деген   өлеңінде   жануардың   ішіндегі   сұлу   түлік   жылқыға   берген

сипаттамасы, сыны қандай ғажап болса,  Қансонарда  қыран құстың да

бойынан   сондай   бір   өзге   жануарларға   ұқсамайтын   ерекшеліктерді

танып,   соны   өлең   тілімен   тамаша   мөлдіретіп   өрнектей   білген.

Ақынның қыранды суреттеуінің астарында Абайдың өзі қанық болған,

бізге   бүгінде   беймәлімдеу   этнографиялық   құндылықтарға   айналып

28


бара жатқан астарлы дүниелер табығатының беткі көрінісі сипатталып

өткендей   болатыны   сондықтан.   Ол   көрініске   үңілсең   дала

табиғатының   мінезін,   халқымыздың   этномәдени   мұрасын,

этнографиясын,   тұрмыс-салтын   тануға   алып   барады.   Ақынның   бір

сөзбен көп дүниенің басын қайырып кететіні, көріністеріне дейін сыр

шертіп тұратыны сондықтан.

  Қансонарда     Әуезовше   айтқандай,   Абайдың     жаңаша

қалыптанған ақындық  мәдениетін танытады . Ол қандай мәдениет, ең

алдымен орыс классикалық поэзиясының дәстүрін сіңіру, солай бола

тұра орыс поэзиясына тікелей еліктеу де жоқ, бұл таза қар жамылған

қысқы   далада   өтіп   жатқан   аңшылық,   саятшылық,   ұлттық

болмысымызға   тән   құсбегілік   өнер.   Құсбегілік   өнердің   қызық   та

қызығарлық   сәттерін   ақын   өзі   де   оқиға   ішіне   еніп   кеткендей   етіп

еліктіріп   суреттейді.     Қансонар     ақынның   табиғатты   да   көркем

суреттеген, бүркіттің қимыл қозғалысын, бүркітшінің ширақ әрекетін,

томағасы   сыпырылған   қыранның   биіктен   сорғалап   түлкіге

шүйілгендегі көріністер аңшылықтың тұтас картинасын береді. Абай

Қансонарда     даланы,   тау   мен   тасты   нақты   суреттейді,   реалистік

дәлдікпен   бейнелейді.   Оқиға   табиғат   аясында,   Абай   өзі   талай

саятшылық   құрған   қысқы   сахарада   өтеді.   Бүркіт   пен   түлкінің

арпалысқан   сәтін   бейнелегенде   Абай     жеке   батыр   шыққандай   қан

майданға  деп дәстүрлі теңеуді де қолданып өтеді. Одан әрі ақын:  қар

– аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, ұқсайды хасса сұлу шомылғанға

деп   батыл   теңеу  қолдана   сипаттайды.   Аппақ  қардың   үстіндегі   қара

бүркіт   пен   қызыл   түлкінің   тайталасқан,   қарбалас   қалпын     хасса

сұлудың шомылғанына  ұқсатып жіберуі ақын танымының, көркемдік

әлемін қабылдауының биіктігін, образдылғын көрсетеді. Табиғаттың

көркін   ерекше   түрлендіре   суреттеген   өлең   осы     Қансонарда   .

Қансонар     табиғат   лирикасының   ең   бір   гауһары   десе   де   болады.

Аңшылық өнер, саятшылық бұл бір жағынан спорт өнері де.  

Егер ақын:

“Құсы да иесі де қоразданар,

Алпыс екі айлалы түлкі алғанда,

“Үйірімен үш тоғыз”, деп жымыңдап

Жасы үлкені жанына байланғанда

” — 


десе, бұл шумақтан, біріншіден өлеңнің таза ұлттық сипаты

аңғарылады,  

“үйірімен үш тоғызды”  жасы үлкенге сыйлау  —  қазақ

дәстүрі. Ал, салт  пен сана, тұрмыс, әдет-ғұрыптар  

—  ұлттық мінез

қалыптасуының   қайнар   көздерінің   негізі.   Үлкенді   сыйлау,  алдынан

кесе өтпей, айтқанын екі етпеу  

—  ұлттық сезім ғана емес, мінез де.

“Құсы да иесі де қоразданар”  деген жолдар сәл нәрседен мәре-сәре

болатын аңқылдақ, бала мінезді халқымыздың бейнесін беріп тұр.

““Қансонарда”  өлеңінде   орыс   халқының   өмірінен,   не

орыстың классикалық поэзиясынан тұп-тура ауысып келіп, араласып

тұрған ешбір сырт белгі дерек жоқ. Бұндағы көретініміз қазақ халқы

мекен   еткен   қысы   қарлы,   табиғат.   Бүркіт   салуға   салт   атқа   мініп

29


шыққан   анық   қазақтың   аңшылар   тобы.   Ермек     үшін   еңбек   еткен

ширақ, сергек, қажырлы әрекет үстіндегі адамдар. Көпшілік елдерде,

бұл   замандарда   қолданылмайтын   бүркіт   аңшылығы   суреттелмек.

[18.105]


“1895   жылғы   ақын   тудырған   шығармаларының   қатарында

аса бір көркем, шеберлікпен туған жыр 

— “Көлеңке басын ұзартып”

деген өлең. Табиғат жайында реалистік дәстүрмен, ірі суретшілдікпен

туғызған шығармалардың қатарынан бұл өлең жаңа сапада бөлекше

көрінеді. Бұнда орыс классикалық поэзиясының дәстүрінен ауысқан

ірі   ерекшелік   бар.   Онысы   енді   табиғаттың   кезі   мен   көркін

көлденеңнен   көруші   болып   жырламайды.   Өз   көңілімен   айналадағы

дүниенің   суретін,   сырын   шарпыстырып,   табыстыра   жырлайды

”.

[19.163]



Бұнда ақын үшін тың жаңалық  

—  табиғаттағы стихия мен

ақындық   көңілдің   шабытты   стихиясы   терең   сырлы   сипаттарымен

ұштасады:

Көлеңке басын ұзартып,

Алысты көзден жасырса.

Күнді уақыт қызартып,

Көк жиектен асырса.

Күңгірт көңлім сырласар,

Сұрғұлт тартқан бейуаққа.

Төмен қарап мұңдасар,

Ой жіберіп әр жаққа, 

деген   шумақтарда   күн   көкжиекке   құлап,   көлеңкенің   басы



ұзарып, кештің батып келе жатқанын әдемі өрнектейді. Кешкі мезгіл

екенін   ақын   бір   ғана   сөйлеммен   ұғындыра   білген.   Таңғы   шақ   пен


Каталог: library -> magpdf
magpdf -> И. Р. Гросс СҰлтанмахмұт торайғыров шығармашылығының тілі
magpdf -> Магистратура «Журналистика және қазақ филологиясы» кафедрасы магистрлік диссертация сын есім шырай категориясы теориясының қалыптасуы
library -> М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих
magpdf -> Диссертация 6N0205 «Қазақ филологиясы»
magpdf -> Б. М. Кусманова Ж. Аймауытовтың шағын әҢгімелеріндегі («Әнші», «елес») етіс категориясының функционалдық Қызметі
magpdf -> Х. В. Бекбосынова функционалды грамматика ұҒымдарымен етістің Ұштасуы (КӨркем шығарма мәтіндер негізінде) 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация
magpdf -> Магистратура
magpdf -> Магистерлік диссертация
magpdf -> А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация
magpdf -> Н. Ж. Туралина Қазақ поэзиясы: стиль және бейнелілік


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет