Диссертация қорғаған тұлғаға «6D020500 Филология»



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата07.01.2022
өлшемі477,9 Kb.
#20081
  1   2   3   4   5   6   7



ТҮСІНІК ХАТ 

«6D020500  –  Филология»  (қазақ  әдебиеттануы)  мамандығы  бойынша  философия 

докторларын (PhD) даярлау төмендегі талаптарға сәйкес іске асады: 

- мемлекеттік стандарт негізінде

- Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 

мамандықтарының Классификаторы негізінде; 

- оқу-бағдарламалық және әдістемелік құжаттар негізінде

- докторанттардың жеке жұмыс жоспары негізінде

- белгіленген тәртіпте бекітілетін басқа да құжаттар негізінде. 

Докторантурада  «6D020500  –  Филология»  (қазақ  әдебиеттануы)  мамандығы 

бойынша мамандар даярлау екі бағытта жүргізіледі: 

- бейіндік; 

- ғылыми және педагогикалық. 

Докторантураның  білім  беру  бағдарламасын  толық  меңгерген  және  докторлық 

диссертация  қорғаған  тұлғаға    «6D020500  –  Филология»  (қазақ  әдебиеттануы) 

мамандығы бойынша «философия докторы» (PhD) академиялық дәрежесі беріледі. 

«6D020500  –  Филология»  (қазақ  әдебиеттануы)  мамандығы  бойынша  философия 

докторы (PhD) білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы – 3 жыл. 

Докторантураға  қабылданушы  қазақ  әдебиеттануы,  әдебиеттанудың  теориялық 

мәселелері,  фольклор  және  фольклористика,  әдеби  аспектілерден,  әдебиеттанудағы 

жаңа  бағыттар    мен  басымдықтардан  докторлық  дәрежеге  ізденуші  ретінде  ғылыми 

бейімділік қалыптастыратындай жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп, әдебиеттану 

ғылымының іргелі қағидалары, жаңа бағыттары, басқа ғылымдармен байланысы, ғылым 

дамуының қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері бойынша білім-пайымын таныта алуы 

қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет