Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж


Некоторые вопросы состояния и правового регулирования водных ресурсов в Казахстане



жүктеу 1.62 Mb.
Pdf просмотр
бет11/28
Дата22.12.2016
өлшемі1.62 Mb.
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28

Некоторые вопросы состояния и правового регулирования водных ресурсов в Казахстане
Sherimova Nurzat Shairbekkyzy,
Zhetysu state university named after I.Zhansugurov. candidate of law, Associate professor
Some questions of a state and legal regulation of water resources in Kazakhstan

67
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАРАМОЛА ЕРЕЖЕСІНДЕГІ» 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ 
ЗАҢНАМАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ – ҚАЗІРГІ ЖАҢА ҚЫЛМЫСТЫҚ 
ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ 
ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ШАРТЫ
1885  жылы  мамыр  айында  Семейден  70 
шақырым  жердегі  Шар  өзенінің  бойындағы 
Қарамола  деген  жерде  Семейдің  генерал-
губернаторы 
Цеклинскийдің 
басқаруымен 
Семей  губерниясына  қарайтын  бес  уездің  100-
ден  астам  би-болыстары  бас  қосқан  төтенше 
съезі  өтті.  Кейін  ол  Қарамола  съезі  атанды. 
Қазақ даласындағы даулы істерді бітіру туралы 
шығарған  Ресей  заңының  қазақтың  әдет-
ғұрыптарына қайшы келетінін ескерген генерал-
губернатор  Цеклинский  осы  съезде  төбе  би 
болып  сайланған  Абайға  «Семей  қазақтары 
үшін  қылмысты  істерге  қарсы  заң  ережесін» 
әзірлеуді  тапсырады.  Абай  бастаған  комиссия 
үш  күн,  үш  түнде  патша  өкіметінің  халықты 
қанауға, 
зорлық-зомбылыққа 
негізделген 
заңына ұқсамайтын «Қарамола» ережесін жасап 
шығарады.  Бұл  ереже  қазақ  даласында  ертеден 
қолданыста болған «Қасым ханның қасқа жолы», 
«Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті 
жарғысы» негізінде, қазақ ішіндегі мәселелерді 
реттеуге  арналып  шығарылды.  «Қарамола» 
ережесін қазақ тарихи ескерткіштерінің ішіндегі 
ең көне қылмыстық және қылмыстық-процестік 
кодексі деп тануға болады. Абай билер сотының 
артықшылығын  көріп  осы  ережені  қабылдауға 
бел буып оның тұпнұсқасын араб тілінде берген 
болатын [1, 54 б.].
Абай  жазған  «Қарамола  Ережесінің»  оннан 
астам  бабы  қылмыстық  құқық  пен  жазаға 
арналды.  Оның  ішінде  ұрыс-төбелес,  ұрлық, 
ұрлықты  қайта  жасау,  адам  денесіне  зақым 
келтіру, зардап шегушілерге көмек көрсету және 
тағы  басқалар  қарастырылды.  Атап  айтқанда 
ұрыс-төбелес шығарғандар ат-шапаннан бастап 
үш  тоғызға  дейін  жәбірленушінің  пайдасына 
айып  төледі.  Төбелесті  ұйымдастырушының 
айыбы басқаларға қарағанда көбірек болды.
Суға кетіп бара жатқандарға, өрт уақытында, 
боранда немесе сол тәрізді апатқа ұшырағандарға 
көмек  бермегендер  бас  тоғызбен  айыпталды. 
Арық  бұзғандар,  көпір,  құдық  немесе  біреудің 
өз  еңбегімен  жасаған  заттарын  бұзғандар 
келтірілген  шығынды  өтеумен  бірге  ат-шапан 
айыпқа  да  тартылды,  немесе  ақша  бойынша 
15 теңге төледі (ол кезде бұл ақшаға 15-30 қой 
келді). Ұрлық жасаған адамдармен қатар, ұрлық 
жасауға  көмектескендер  де  жазаланды.  Ұрлық 
Қаражанов Малик Дулатұлы,
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 
Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институтының 
директоры,  қылмыстық-құқықтық  пәндер  кафедрасының  доценті, 
«Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) 
(Қазақстан Республикасы, Семей қаласы)
Қанатов Алмас Қанатұлы,
ҚР Заңнама институты Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, 
қылмыстық атқару заңнамасы және сот сараптамасы бөлімінің бастығы, 
заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Уголовное право и уголовный процесс

№ 3 (39) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
68
жасаушылар  оның  көлемі  мен  оның  жасалу 
сипатына қарай жазаланды.
«Барымташыға  Һәм  ұрыға,  өлсе  құн  жоқ», 
яғни  әдейі,  қасақана,  ұйымдастырылған  түрде 
жасалған  қылмыс  түріне  ешқандай  ізгілендіру 
қарастырылмаған.  Ережеге  сәйкес  қылмыс 
жасаған  адам  немесе  оның  туыс  –  туғандары 
қылмыскерді ақтап алуда, сондай – ақ қандай да 
бір құн өндіріп алуда ешқандай мүмкіншіліктері 
болмады.
Қазақ  қоғамында  өрескел  қылмыс  болып 
саналатын зорлауға қатысты қылмысты тергеуде 
де  өзіндік  ерекшеліктері  болды.  Мұндай 
қылмысты  істерді  қарауда  зардап  шегушінің 
тарапынан арыз болуы міндетті және зорланған 
қыздың 
жас 
ерекшелігіне 
байланысты, 
қылмыскерге  әртүрлі  жаза  тағайындалатын 
болған. Сондай – ақ қоғамға жат қылық көрсеткен, 
ойнас қылған әйел мен еркекті дүре соғу арқылы 
жазалаған. Мысалы: «Балиғатқа толмаған қызды 
зорласа,  айыпқа  лайықты  қалың  малының  үш 
бөлігінің  бір  бөлігін  береді.  Балиғатқа  толған 
қызды  зорласа,  ат  –  шапаннан  түйе  бастатқан 
тоғызға  дейін  айып  береді.  Күйеудегі  әйелді 
зорласа  бір  тоғыздан  үш  тоғызға  дейін.  Ойнас 
қылған еркек, әйелге екеуіне де дүре соғылсын, 
айып жоқ» [1, 55 б.]. 
Қарамола  Ережесінде  қылмыстық  дауларды 
шешуге  арналған  24  бап  бар  екен.  Алайда,  сол 
заманғы  қылмыстық  істер  бойынша  тараптар 
даугер  мен  жауапкер  болған  екен.  Істердің 
барлығы осы тараптар ұсынылған дәлелдемелер 
негізінде  қаралған  екен.  Көне  қазақ  заманынан 
келе жатқан дәстүрлі ережелердің қолдануынан 
тыс  шықпай,  алғашқы  рет  сот  билігін  теңдік 
бастауларда жүзеге асыра бастаған. Сословиелік 
теңдік  пайда  бола  бастады.  Қарамола  ережесін 
талдай  отырып,  онда  жасалған  қылмыстар 
бойынша  жаза  қолдану  барысында  ескерту 
нормаларының  жоқ  екендігін  байқауға  болады. 
Мәселен,  қазақ  арасында  терең  қалыптасқан 
ұрлық  үшін  ұрлаған  малын  қайтарған,  сондай-
ақ  қосымша  тіркеу  ретінде  мал  құнына  тең 
қосымша  қосақ  берген.  Жүйрік  аттыкі  орта 
атпен бірдей төленген. Мал иесіне ұрының аты 
қосақ  ретінде  берілген.  Мал  төлегеннен  басқа 
бір  айға  абақтыға  және  алпыс  шабық  дүрей 
соққан.  Жылқы  құйрығын  кескендер  бір  ат-
шапаннан бір түйеге дейін айыпталған. Ұрлыққа 
көмектескендер бірдей жаза тартқан [2, 255 б.]. 
Теңсіздік  тек  демографиялық  (жыныстық) 
сипатта  ғана  болған.  Мәселен,  ойланып  жүріп 
өлтірген ердің құны жүз түйе болатын. Әйелдің 
құны  –  ер  құнының  жартысы  болған.  Және  ер 
әйелін,  әйел  ерін  өлтірсе,  онда  оған  құн  жоқ 
болған. Сол сияқты барымташыны өлтірсе, оған 
да құн болмаған.
Қарамола  ережесі  куәлік  беру  міндетінен 
босату  қағидасын  да  көздейді.  Куәлік  беруден 
босатылады:  молда,  ел  билеушілері,  билер, 
қажылар,  18  жасқа  жетпегендер,  алпыс  үштен 
асқандар. Төрелер де куә ретінде бола алмайтын. 
Іске мүдделі адам куә бола алмайды. 
Жариялылық  қағидасын  билермен  болатын 
істердің  барлығында  көне  заманынан  көруге 
болады.  Барлық  шешім  қалын  жұрттың 
қатысуымен өткізілген. 
Істі қарау үшін дауласқан тараптар билерді өз 
қалаулары  бойынша  таңдап  алуы  қолданылған. 
Билерді  тек  уездный  бекіткен  екен.  Тараптар 
үш биді таңдауға құқылы болған. Оның ішінен 
бір сыйлысы төрағалық етуші болған. Сонымен 
бірге  екі  би  дауысы  тең  болса,  төрағалық 
етуші қай жақты қолдаса, сол жақтың шешімін 
қабылданған  екен.  Сонымен  бірге,  дауласу 
орын алса, онда бидің орнына басқа би кірген. 
Оның  қазіргі  ұқсастығы  -  қылмыстық  істердің 
алқабилердің  қатысуымен,  оларды  іріктеу 
тәртібіне ұқсас. Қылмыстық процесте бір судья 
– төрағалық етуші болып келеді және запастағы 
судья мен қарсылық беру сұрақтары қаралады. 
Жауапкердің  (сотталушы)  келмеуі  салдары 
мен шешім шығару мен оның салдары қаралған 
екен.  Жауапкер  себепті  жағдайлармен  келмесе, 
онда  даулы  іс  қаралмаған.  Егер  келмеуі 
себепсіз болған жағдайда, оған сырттай шешім 
шығарылған.  Оны  қайта қарау  мерзімі екі апта 
деп  көзделген.  Сонымен  бірге,  қылмыстық 
әрекеттен зиянды өтеу де қаралған болатын. 
Даугердің  (жәбірленуші)  келмеу  салдары 
қаралған.  Даугер  материалдық  жағынан 
жауапкердің  талабы  бойынша  оның  шығынын 
өтеуге тиіс болған. 
Ереженің  5-бабында  қарсылық  беру  тәртібі 
терең  қаралған.  Бидің  жақын-туыстары,  жиені, 
немере  баласы,  туған  құдасы,  дұшпаны  болса, 
немесе  осы  істі  алдында  қараса  онда  істен 
шығуға  тиіс  болған.  Дауды  даугер  болысқа 
айтуға тиіс болатын. Жауапкерді болыс шақырып 
келісуді сұрайды. Егер оған разы болмаса, онда 
екі би шығарылып істі тыңдап билік шығарған. 
Егер билер шешім шығара алмаса, онда билердің 
саны уездный құқығында болатын. Куәнің істен 
шығып  қалу  жағдайы  берілген.  Куә  халыққа 
қарсы дұшпандық жасаса немесе көп уақыт өзін 
күттірткен болса істен шығуға тиіс болатын. 
«Қарамола Ережесінің» 9-шы бабы бойынша 
билердің  және  съездің  шешімдері  күәгерлердің 

69
Уголовное право и уголовный процесс
жауабына  негізделді.  Куәлардан  жауап  алу, 
оларды  жауаптылық  жөнінде  ескерту,  куә 
болу  үшін  қойылатын  талаптар,  куәлардың 
объективтілігі  мен  бейтараптығы  сұрақтары 
ашылған.  Егер  де  шақырылған  куәгерлерді  би 
сенім  артұға  болмайды  деп  тапса,  онда  дауды 
куәгерлерсіз-ақ  антқа  беру  арқылы  шешу 
қарастырылды.  Ережеде  қазақтың  әдет-ғұрып 
құқыңда маңызды орынды алатын ант беру мен 
ант қабылдау тәртібі және оның мән-мағынасы 
ұқыптылықпен  көрсетілген.  Ант  қабылдауды 
болыстық  молда  жүргізді  және  ант  қабылдау 
бүкіл  халықтың  алдында  қабылданды.  Өтірік 
ант  берушілер  көпшілікке  масқара  болуымен 
қатар,  жазаға  ұшырап,  түйе  бастаған  бір  тоғыз 
айып төледі.
Әрбір куәнің айтқаны шыншыл болғанға мол-
да  жауапты  болған.  Молданың  жасырғандығы, 
бұрмалағандығы халықпен анықталған. Жалған 
айтқаны үшін кісіге айып салынған. 
Ереженің  18-бабында  зиянды  өтеу  жағдайы 
қарастырылып,  онда  жауапкер  өз  елін  бере  ме, 
әлде рулас елін бере ме? – деген мәселе қаралған. 
Бұл жағдай жауапкермен шешілген екен. Осыған 
ұқсас  ереже  және  біздің  қылмыстық  процестік 
ғылым  үшін  жаңашыл  болып  табылатын  ҚПК-
тің  173-бабында  «Жәбірленушіге  зиянды  өтеу 
қоры»  көзделген,  яғни  қылмыстық  қудалау 
органының қаулысымен жәбірленушілер болып 
танылған 
тұлғалардың 
жәбірленушілерге  
зиянды  өтеу  қоры  туралы  заңнамалық  актіде 
көзделген жағдайларда, тәртіппен, мөлшерлерде 
және  мерзімдерде  осы  қордан  мемлекеттік 
ақшалай  өтемақыны  кейінге  қалдырмай  толық 
не ішінара алуға құқығы бар» [3, 97 б.].
Билік  ету  барысында  билер  ерте  заманға 
қарағанда  қандай  мал  және  мүлікпен  өтелуге 
жататындығын  көздейтін  билікті  жазбаша 
жазуға  тиіс  болған  еді.  Сонымен  бірге,  билік 
ету  барысында  бидің  куәландыруы  бойынша 
күмәннің  құнын  ұзартуды  кейінге  қалдыруы 
қаралған.  Біздің  ҚПК-тің  475-бабында  үкiмнiң 
орындалуын  кейiнге  қалдыру  сипатталған. 
Адамды  қоғамдық  жұмыстарға,  түзеу  жұмыс-
тарына тартуға, оның бас бостандығын шектеуге 
немесе оны бас бостандығынан айыруға соттау 
туралы  үкiмдi  орындау  мынадай  негiздердiң 
бiрi  болған  кезде:  сотталған  адамның  жазаны 
өтеуге  кедергi  келтiретiн  ауыр  науқасы  болса 
–  ол  сауығып  кеткенге  дейiн;  сотталған  әйел 
жүктi  болса  немесе  сотталған  әйелдiң  жас 
балалары  болса  және  жас  балаларды  жалғыз 
өзі тәрбиелейтін еркектерге қатысты; сотталған 
адам  немесе  оның  отбасы  үшiн  жазаны  дереу 
өтеу  –  өрт  немесе  өзгедей  дүлей  зілзала, 
отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесiнiң 
ауыр  науқасы  немесе  қайтыс  болуы  немесе 
басқа  да  төтенше  жағдайлардың  салдарынан 
ауыр  салдарға  әкеп  соғуы  мүмкiн  болса,  сот 
белгiлеген, бірақ алты айдан аспайтын мерзiмге, 
ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi-
нiң  76-бабының  екiншi  бөлiгiнде  көрсетiлген 
адамдарға қатысты үш айдан аспайтын мерзiмге 
кейiнге қалдырылуы мүмкiн [4, 35 б.].
Ереженің 59-62 баптарда жазаларды орындау 
тәртібі қаралған. Егер жауапкер бұйырған малды 
бермесе,  онда  оны  орындау  үшін,  қарсылық 
білдірген  адамды  байлап  қойып  күштеп 
орындатқан.  Ол  қазіргі  жаңашыл  қылмыстық-
процестік  заңнамада  ҚПК-тің  51-тарауында 
соттың  үкімдері  мен  қаулыларын  орындау 
нормаларына сай келеді.
Абайдың  шығармалары  мен  билік  айту 
кезіндегі  шешімдерінің  және  «Қарамола 
ережесіндегі»  құқықтық  нормаларының  қазіргі 
күні де маңызды үлкен. Өйткені, тарихты білмей, 
оның жетістіктері мен кемшіліктерінің және өткен 
заманның  ұлы  тұлғалары  мен  ойшылдарының 
саяси-құқықтық  ілімдері  мен  көзқарастарын, 
ой-пікірлерін  бүгінгі  күнмен  және  болашақпен 
байланыстырмай  өркенді,  дамыған  ел  болып 
қалыптасу  мүмкін  емес.  Абай  сияқты  ұлы 
тұлғаларымыз бен ойшылдарымыздың ұлағатты 
идеялары мен асыл сөздерін бүгінгі мемлекеттік 
билік  жүргізу,  ел  басқару,  ел  саясаты  және 
құқықтық  реформа  жүргізуде  тиімді  пайдалану 
-  өткен  тарихтан  сабақ  алудың  және  үйренудің 
айқын үлгісі болып табылады.
Абайдың  «Қарамола  ережесіндегі»  көптеген 
қылмыстық  және  қылмыстық  іс  жүргізудің 
нормалары қазіргі қылмыстық және қылмыстық-
процестік заңнамаларда даму бағыттары ретінде 
қолданылып отыр:
1.  Қарамола  ережесіндегі  санкциялар  - 
айыппұл,  қамаққа  алу,  қазіргі  қылмыстық 
құқықта  жазалар  ретінде  қылмыстық  құқық 
бұзушыларға қолданылады. 
2.  Ережеде  сыбайлас  қатысушылар  бірге 
жауапты  болатындығы,  қылмыстық  заңнамада 
да бірге жауап беретіндігі көзделген.
3.  Ережеде  айыппұл  төлеу  жазасы  қамаққа 
алу  жазасына  ауыстыру  қазіргі  қылмыстық 
процестік заңнамада бас бостандығынан айыру 
жазасына ауыстырылған.
4. Алғашқы рет сот билігін теңдік бастауларда 
жүзеге  асыру,  куәлік  айғақ  беруден  босатылу 
қағидалары  қолданыла  бастады.  Осы  қағида 
қазіргі  күні  қылмыстық-процестік  заңнамада 

№ 3 (39) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
70
кеңінен пайдаланылады.
5. Қарамола ережесінен шығарылған билікпен 
келіспей қайта қарау мерзімі қазіргі қылмыстық 
процесте  апелляциялық  шағым,  наразылық 
келтіру мерзімі көлемінде қолданылады.
6.  Қарамола  ережесінде  шығындарды  өтеу 
тәртібі  қазіргі  қылмыстық-процесте  кеңінен 
қолданылады.
7.  Ережеде  айыппұл  төлеу  жазасы  қамаққа 
алу  жазасына  ауыстыру  қазіргі  қылмыстық 
процестік заңнамада бас бостандығынан айыру 
жазасына ауыстырылған.
8.  Сол  заманғы  келісімге  келу  институты 
(береке  мен  салауат)  қазіргі  заманғы  медиация 
институтына ауыстырылды.
9.  Қарамола  ережесінде  зиянды  өтеу  үшін 
жауапкер  өз  елін  бере  ме,  әлде  рулас  елін  бере 
ме даулы сұрағын шешу қазіргі «Жәбірленушіге 
зиянды  өтеу  қорының»  негіздері  деп  түсінуге 
толық болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Қарамола ережесі» // Абай. 1993. №1. Б. 54-68.
2.  Қазақтың  ата-заңдары:  құжаттар,  деректер  және  зерттеулер  –  Древний  мир  права  казахов: 
10-томдық /Бағдарлама жетекшісі С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті-жарғы, 2001. Т.1. – 440 бет.
3.  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық-процестік  кодексi.  Қазақстан  Республикасының 
Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ // Заң деректер базасы. 22.04.2015 ж.
4.  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексi.  Қазақстан  Республикасының  Кодексі                  
2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ // Заң деректер базасы. 22.04.2015 ж.
Бұл мақалада Абай Құнанбайұлының «Қарамола Ережесіне» қазіргі Қазақстан Республикасының 
жаңа  қылмыстық  және  қылмыстық  іс  жүргізу  заңнамасын  жетілдірудің  алғышарты  ретінде 
салыстырмалы  талдау  берілген.  Авторлар  «Қарамола  ережесі»  нормаларының  Қазақстан 
Республикасының  жаңа  қылмыстық  және  қылмыстық-процестік  кодекстерінде  қолданылуын 
нақты дәлелдеген.
Түйін сөздер: қылмыстық заңнама, қылмыстық іс жүргізу заңнамасы, заңнаманы жетілдіру, 
тарихи-құқықтық аспект, салыстырмалы талдау.
В  данной  статье  дается  сравнительный  анализ  «Положения  Карамола»  Абая  Кунанбаева 
как условие совершенствования нового уголовного и уголовно-процессуального законодательства 
Республики  Казахстан.  Авторами  даны  точные  доказательства  применения  норм  «Положения 
Карамола» в новом уголовном и уголовно-процессуальном кодексах Республики Казахстан. 
Ключевые  слова:  уголовное  законодательство,  уголовно-процессуальное  законодательство, 
совершенствование законодательства, историко-правовой аспект, сравнительный анализ.
This article provides a comparative analysis of «Regulation Karamola» Abay as a condition for improving 
the new criminal and criminal-procedural legislation of the Republic of Kazakhstan. The authors give the 
exact application of evidence «Regulation Karamola» in the new Criminal and Criminal Procedure Codes 
of the Republic of Kazakhstan.
Keywords: criminal law, criminal procedure law, improvement of legislation, historical and legal aspect 
of the comparative analysis.
● ● ● ● ●

71
Уголовное право и уголовный процесс
Малик Дулатұлы Қаражанов,
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Біліктілікті жетілдіру және мамандарды 
қайта  даярлау  институтының  директоры,  қылмыстық-құқықтық  пәндер  кафедрасының  доценті, 
«Құқықтану»  мамандығы  бойынша  философия  докторы  (PhD)  (Қазақстан  Республикасы,  Семей 
қаласы)
Алмас Қанатұлы Қанатов,
ҚР Заңнама институты Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару заңнамасы және 
сот сараптамасы бөлімінің бастығы, з.ғ.к., доцент
Абай Құнанбайұлының «Қарамола ережесіндегі» қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу 
заңнамасының негіздері – қазіргі жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын 
жетілдіру шарты
Каражанов Малик Дулатович,
доктор  философии  по  специальности  «Юриспруденция»,  доцент  кафедры  уголовно-правовых 
дисциплин,  директор  Института  повышения  квалификации  и  переподготовки  кадров  Казахского 
гуманитарно-юридического инновационного университета (г. Семей РК)
Канатов Алмас Канатович,
начальник  отдела  уголовного,  уголовно-процессуального,  уголовно-исполнительного 
законодательства и судебной экспертизы Института законодательства РК, к.ю.н., доцент
Основы  уголовного  и  уголовно-процессуального  законодательства  в  «Положении 
Карамола» Абая Кунанбаева - как условие совершенствования нового уголовного и уголовно-
процессуального законодательства
Karazhanov Malik Dulatovich,
Doctor of Philosophy in the specialty «Jurisprudence», Associate Professor of Criminal Law, Director 
institu  training  and  retraining  of  the  Kazakh  Humanitarian  Juridical  Innovative  University  of  Semey 
Kazakhstan
Kanatov Almas Kanatovich,
The head of the criminal, criminal procedure, criminal law enforcement and forensic SI «Institute of 
Legislation of the Republic of Kazakhstan» MJ RK
Fundamentals of criminal and criminal procedural law in the «Regulations Karamola» Abay - as 
a condition for improving the new criminal and criminal procedural law
 

№ 3 (39) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
72
АНТИКОРРУПЦИОННАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ИНСТИТУТОВ 
ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА
Исмагулов Кайрат Еслямкалиевич,
старший научный сотрудник отдела уголовного
уголовно-процессуального,  уголовно-исполнительного  законодательства          
и судебной экспертизы Института законодательства РК,
кандидат юридических наук
Наиболее  приоритетным  направлением 
деятельности  современного  государства  и 
общества  является  противодействие  корруп-
ции.  Развитие  экономики,  политической  и 
социальной  сферы,  уровень  и  качество  жизни 
граждан  Республики  Казахстан  зависит  от 
успехов  государства  в  этой  деятельности.   
Противодействие  коррупции  возможно  при 
объединении  усилий  как  самих  граждан  и 
их  объединений,  так  и  правоохранительных 
органов.  Для  успешности  и  необратимости 
этого  процесса  необходимо  взаимодействие 
институтов  гражданского  общества  (поли-
тических  партий,  правозащитных  организа-
ций,  коммерческих  и  некоммерческих  органи-
заций, профессиональных объединений, средств 
массовой  информации,  неправительственных 
организаций,  учебных  заведений,  научных 
сообществ),  государства  и  местного  само-
управления  в  сфере  противодействия  корруп-
ции.  На  важность  взаимодействия  органов  
власти и гражданского общества в сфере проти-
водействия  коррупции  постоянно  обращает 
внимание  Президент  Республики  Казахстан  
Н.А. Назарбаев.
Последним  примером  является  обна-
родованный  подробный  план  реформирова-
ния  страны,  названный  «Планом  Нации». 
Предполагается,  что  программа  эта  призвана 
заложить  фундамент  «коренных  преобразова-
ний  в  обществе  и  государстве»,  при  этом 
главной  целью  ее  станет  «лечение  системных 
заболева-ний,  а  не  сглаживание  их  внешних 
симптомов».    На  сегодняшний  день  «План 
Нации»  уже  включает  в  себя  «100  конкретных 
шагов»  по  реализации  институциональных 
реформ,   которые еще совсем недавно легли в 
основу  предвыборной  программы  победившего 
на  минувших  выборах  Нурсултана  Назарбаева. 
100 конкретных шагов для реализации 5 прези-
дентских  реформ.  Так,  для  формирования 
профессионального  государственного  аппа-
рата,  к  примеру,  считается  целесообразным 
модернизировать 
процедуру 
поступления 
на  госслужбу,  перейти  на  оплату  труда  по 
результатам, усилить борьбу с коррупцией.
Помимо этого приняты и другие нормативно-
правовые  акты:  «Стратегия  «Казахстан-2050. 
Новый  политический  курс  состоявшегося 
государства» и «Казахстанский путь – 2050: Еди-
ная цель, единые интересы, единое будущее», где 
одной  из  главной  целью  Президент  определил 
«бескомпромиссную  борьбу  с  коррупцией»,  а 
также  Программа  противодействия  коррупции 
партии  «Нұр  Отан»  на  2015-2025  годы.  В 
данной  Программе  решены  основные  задачи 
по  созданию  общественной  инфраструктуры 
противодействия  коррупции  и  защиты  прав 
граждан,  привлечению  к  ответственности 
лиц,  невзирая  на  их  должности,  открытому 
обсуждению проблем с коррупцией. 
В  рамках  деятельности  Республиканского 
общественного  совета  по  противодействию 
коррупции,  региональных  и  территориальных 
общественных советов, а также с участием депу-
татов  всех  уровней,  НПО,  СМИ  значительно 
расширен  охват  общественным  контролем 
наиболее коррупциогенных сфер [2].
Коррупция является одним из наиболее опас-
ных  факторов  в  общественной  жизни,  дест-
руктивно  влияющих  на  состояние  не  только 
национальной  безопасности  государства  в  це-
Плохих политиков коррумпируют хорошие 
бизнесмены. 
Каталог: sites -> default -> files -> leaflets
files -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
files -> А. Т. Селкебаева
files -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
leaflets -> Тема номера
leaflets -> Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет