Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет18/28
Дата22.12.2016
өлшемі1,62 Mb.
#272
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

124
Вместо  вывода.  Ряд  статей  уголовного 
законодательства,  в  отношении  которых 
проведен 
научно-правовой 
мониторинг 
через  календарный  год  уже  будет  иметь  иное 
наполнение. Вместе с тем, данный анализ имеет 
опережающий  характер  с  целью  недопущения 
коллизий и пробельности при применении этих 
уголовно-правовых норм на практике.
Мақалада  бөлек  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды  саралаудың  мәселелері  қарастырылған 
(ҚР ҚК-нің 282 және 295 баптары). Нақты ғылыми түсініктеме ұсынылды.
Түйін  сөздер:  қылмыстық-құқықтық  норма,  қоғамдық  қауіпсіздік,  ғарыш  қызметін  жүзеге 
асыру, археологиялық жұмыстарды өткізу.
В статье рассмотрены проблемы квалификации отдельных уголовных правонарушений (статьи 
282 и 295 УК РК). Предложен детальный научный комментарий.
Ключевые  слова:  уголовно-правовая  норма,  общественная  безопасность,  осуществление 
космической деятельности, проведение археологических работ.
The article deals with problems of qualification of certain criminal offenses ( Articles 282 and 295 of the 
Criminal Code of the Republic of Kazakhstan). Provided a detailed scientific commentary.
Keywords: Criminal – legal norm, public safety, space activites, conducting archaeological work. 
Алмас Қанатұлы Қанатов,
ҚР  Заңнама  институтының  қылмыстық,  қылмыстық  іс  жүргізу,  қылмыстық  атқару  заңнамасы 
және сот сараптамасы бөлімінің бастығы, з.ғ.к., доцент 
Ерболат Мағжанұлы Елубай,
ҚР  Заңнама  институтының  қылмыстық,  қылмыстық  іс  жүргізу,  қылмыстық  атқару  заңнамасы 
және сот сараптамасы бөлімінің аға ғылыми қызметкері
Жекелеген  алдын  алу  нормаларының  сипаттамасына  (ҚК-ның  жаңашылдықтарын 
мониторингілеу)
Канатов Алмас Канатович,
начальник  отдела  уголовного,  уголовно-процессуального  и  уголовно-исполнительного 
законодательства и судебной экспертизы Института законодательства РК, к.ю.н., доцент
Ерболат Мағжанұлы Елубай,
старший  научный  сотрудник  отдела  уголовного,  уголовно-процессуального  и  уголовно-
исполнительного законодательства и судебной экспертизы Института законодательства РК
К характеристике отдельных превентивных норм (мониторинг нововведений УК)
Kanatov Almas Kanatovich,
Head of Department of the criminal, criminal procedure and penal enforcement and forensic of the 
Institute of Legislation of Republic of Kazakhstan, Candidate of legal sciences, Associate Professor
Erbolat Elubay,
Senior  research  fellow  of  the  department  of  the  criminal,  criminal-proceeding,  criminal-executive 
legislation and forensic examination of the Institute of Legislation of the Republic of Kazakhstan
On the specification of certain preventive norms (monitoring novels of the Criminal Code)
● ● ● ● ●

125
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА ЛЕКСИКАСЫ: 
САЛЫСТЫРМАЛЫ КОНТЕНТ-ТАЛДАУ
Примашев Нұрзада Маханбетұлы,
ҚР Заңнама институты Лингвистика орталығының 
бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты
Қазақстан Республикасы Конституциясының 
20  жылдығы  қарсаңында  конституциялық 
заңнама  сапасы  мәселесіне  де  қайта  назар 
аударған  артық  болмас.  Өкінішке  орай,  бұл 
салада  да  ұлттық  заңнаманың  қазақ  тіліндегі 
нұсқасына тән өрескел қателер мен кемшіліктер 
кездесіп жатады. 
Республика тәуелсіздігінің құқықтық бастауы 
болып  саналатын  Қазақстан  Республикасының 
Мемлекеттiк  егемендiгi  туралы  декларациясы 
(бұдан әрі – Декларация) [1] мен 1991 жылғы 16 
желтоқсандағы  «Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттiк  тәуелсiздiгi  туралы»  Қазақстан 
Республикасының Конституциялық заңы (бұдан 
әрі  –  Конституциялық  заң)  [2]  мәтіндеріне 
уақыттық 
салыстырмалы 
контент-талдау 
арқылы  олардың  лексикалық  кемшіліктерін 
ашуға болады. Жалпы мұндай тәсілдің қостілдік 
тәжірибе 
жағдайында 
заңнама 
сапасын 
жақсартуға тигізетін септігі мол. Талдау арқылы 
нормалардың тілдік, тіпті құқықтық та табиғатын 
ұғуға мүмкіндік мол. Сондықтан қолданыстағы 
ұлттық  заңнамаға  (екі  тілдегі  де  нұсқаларға!), 
лингвистикалық  мониторингті  қоса  алғанда, 
кешенді  талдау  жұмыстары  жүргізілсе  оңды 
болар еді. 
Декларациядағы  «Республиканың  барлық 
ұлт  азаматтары  Қазақстан  халқын  құрайды» 
деген  сөйлемнің  «Граждане  Республики  всех 
национальностей составляют народ Казахстана» 
деген  сөйлемнің  дұрыс  аудармасы  деуге 
болмас,  өйткені  «азамат»  деген  ұғым  орысша 
нұсқада  «Республика»  ұғымына  қатысты,  ал 
қазақшасында  «ұлт»  ұғымымен  үйлестірілген. 
Бұл нұсқаның тілдік те, құқықтық та кемшілігі 
айқын байқалады. 
Осындай  теріс  тәжірибе  конституциялық 
заңда  да  орын  алған.  Мысалы,  оның 
6-бабында  «Тарихи  тағдыр  ортақтастығы 
қазақ  ұлтымен  біріктірген  Республиканың 
барлық  ұлттарының  азаматтары  Қазақстанның 
бiртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан 
Республикасындағы  егемендiктiң  бiрден  бiр 
иесi  және  мемлекеттік  биліктің  қайнар  көзi 
болып  табылады»  делінген  [2].  Бұл  кемшілікті 
де  түсіну  үшін  норманың  орыс  тіліндегі 
«Граждане  Республики  всех  национальностей, 
объединенные общностью исторической судьбы 
с  казахской  нацией,  составляют  вместе  с  ней 
единый  народ  Казахстана,  который  является 
единственным  носителем  суверенитета  и 
источником государственной власти в Республике 
Казахстан» деген нұсқасымен салыстыру қажет. 
«Всеобщая декларация прав человека» деген 
атаудың  «Жалпыға  бiрдей  адам  праволары 
декларациясы»  [1],  «Адам  хұқыларының 
жалпыға  бiрдей  Декларациясы»  [2]  сияқты 
аудармаларын тек қана аудармашылардың әлеуеті 
емес,  сонымен  қатар,  уақыт  лексикасы  мен  бір 
кездердегі  талаптар  ескерткіші  деп  қабылдауға 
болатын  шығар.  Осы  құжаттардағы  «Жоғарғы 
Совет» пен «Жоғарғы Кеңес» атаулары да сондай 
мәртебеде. 
Конституциялық 
заңнама 
лексикасы 
нормативтік  құқықтық  актілерді  қабылдау 
кезіндегі  тәжірибе  мен  талаптарға  тікелей 
байланысты.  Мысалы,  «праволық  мемлекет», 
«өкімет билігі», «жария ұрандар», «мемлекеттік 
өкiмет  билiгi»,  «басқару  органдарының 
құрылымы  мен  компетенциясы»,  «меншiк 
формалары», 
«республикалық 
таможня 
жүйесi», «халықаралық хұқ», «финанс-кредит», 
«хайуанаттар  дүниесi»  және  т.с.с.  тіркестер 
қазір  қолданылмайды.  Қазіргі  қолданыста 
қазақ  және  құқық  тіліне  әдемі  енген  керемет 
баламалы нұсқалар бар. Яғни құқықтық лексика 
да  объективті  даму  үстінде.  Бұл  қуантарлық 
құбылыс.  Бір  жағынан,  жоғарыда  келтірілген 
мысалдарды тіл және құқық білімі тұрғысынан 
қате  деуге  де  болар  еді,  бірақ  олар  кезінде  өз 
Мемлекеттік тілде заң шығару тәжірибесінен

№ 3 (39) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
126
функцияларын атқара білгені анық.
Конституциялық  заңда  да  жоғарыдағыдай 
тәжірибе 
қайталанады. 
Мысалы, 
онда 
«мемлекеттiк  өкiмет»,  «хұқылық  мемлекет», 
«заңдық билік», «бiрдей міндеткерлікте болады», 
«жасауға қақылы», «жалауы» және т.с.с. сөздер 
мен сөз тіркестері кездеседі.
Декларацияның 11-тармағындағы «Қазақстан 
Республикасы  Республиканың  экологиялық 
ортасын  қорғаудың,  табиғи  ресурстарды 
пайдаланудың  тәртiбiн,  ұйымдастырылуын 
дербес  белгiлейдi,  халықтың  экологиялық 
хауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi» деген сөйлемнің 
аударма және орфографиялық кемшіліктері бар. 
Аударма  қатені  тек  норманың  орыс  тіліндегі 
«Республики  Казахстан    самостоятельно 
устанавливает  порядок  организации  охраны 
экологической среды Республики, использования 
природных  ресурсов,  обеспечивает  народу 
экологическую безопасность» деген нұсқасымен 
салыстыру  арқылы  табуға  болады.  Норманың 
мәселесі  –  «тәртiбiн,  ұйымдастырылуын  / 
порядок организации» деген тіркесте.
Осы 
жердегі 
түрлі 
комбинациядағы 
«экологиялық  ортаны  қорғау  /  охрана 
экологической среды» деген ұғымның екі тілдегі 
нұсқасы да кемшілікті сияқты.
«Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советi  мен  Қазақстан 
Республикасы 
Президентіне 
бағынатын 
және  солардың  бақылауында  болатын  өз 
iшкi  әскерлерiн,  мемлекет  қауiпсiздiгi  және 
ішкi  iстер  органдарын  ұстауға,  Қазақстан 
Республикасының  правосы  бар»  деген  нормада 
«Қазақстан  Республикасының»  деген  атауды 
сөйлемнің басына шығарғанда дұрыс болар еді. 
Сонда  «ұстауға»  деген  сөзден  кейін  қойылған 
үтір де өздігінен түсіп қалар еді.
Әрине, конституциялық заңнаманың күрделі 
ұғымдары  мен  тіркестерінің  нұсқалары  күннен 
күнге  жақсарып  жатқаны  объективтік  факт. 
Бірақ,  соның  өзінде  де,  бір  кезде  жіберіліп, 
әлі  күнге  сол  қалпын  сақтап  отырғандардың 
кейбіреулерімен  мүлдем  келісуге  болмайды. 
Олардың біразы «адам» мен «тұлға» ұғымдарына 
байланысты. 
Конституциялық 
құқықтың 
төл  ұғымы  болып  табылатын  бұл  сөздерді 
қолдануда  әзірге  бірізділік  болмай  отыр. 
Сондықтан  қолданыстағы  заңнамадағы  кейбір 
нормаларды  ұғудың  өзі  қиын.  Мысалы,  таза 
конституция саласына жатпаса да, азаматтардың 
құқықтары  мен  бостандықтарына  қатысы  бар 
«ырықтандыру»  сөзін  «либерализация»  сөзінің 
қате баламасы деуге болады. Ырықтандыру деп 
басқаруға,  бақылауға  болатын  іс-әрекеттерді 
айтуға болатын шығар, яғни адамның (кез келген 
билік  субъектісінің:  мемлекет  пен  лауазымды 
тұлғаның)  көзқарасы  мен  жігеріне,  еркіне 
байланысты  құбылыс  деп  түсінуге  болады. 
Түбінде  белгілі  бір  шекте,  ережеде,  талапта 
және  т.с.с.  межелерде  ұстау,  яғни  өз  дегеніне 
бағындыру  сияқты.  Ал  «либерализация»  оның 
антонимі  іспетті.  Босату,  еркіндікке  жіберу, 
шектеулер мен межелерді алып тастау емес пе? 
Яғни бұл ұғым адамның санасынан гөрі, табиғи 
объективтілікке  жақын  сияқты  (бұл  жерде 
либерализацияны  белгілі  бір  субъектілердің  – 
мемлекеттердің, мүдделі адамдар мен топтардың 
«ойыны»  деп  қабылдауға  болатын  тұстарының 
бар  екенін  жоққа  шығаруға  болмайды.  Бірақ 
бұл  ұғым,  соның  өзінде  де,  бірінші  кезекте, 
әлеуметтік-экономикалық  заңдылықтарға  бағы-
нысты сияқты). 
Сол  сияқты  қазір  кең  қолданылып  жүрген 
«жария құқық» (публичное право), деген ұғымдар 
да  келешекте  өздерінің  нақты  баламаларын 
табатынына күмән келтіруге болмайды.
Сонымен 
қатар 
ұлттық 
заңнамада 
күрделілігіне 
байланысты 
қазақ 
тілінің 
табиғатына  сәйкес  келмейтін  ұғымдар  да 
кездеседі.  Оларды  қолданбауға  болмайды. 
Сондықтан шарасыздықтан олар ұлттық заңнама 
мен  ресми  құжат  лексикасында  орын  алып 
келеді. Мысалы, қарастырылып отырған салаға 
қатысты «мемлекеттік рәміздерді қорлау» деген 
ұғым, бірінші кезекте, тілдік мәселе сияқты.
  Конституциялық  заңның  «Қазақстан 
Республикасының басшысы және оның атқарушы 
өкіметі  Президент  болып  табылады»  деген 
нормасының  «Главой  Республики  Казахстан  и 
ее исполнительной власти является Президент» 
деген орыс тіліндегі нұсқасына сай емес екендігі 
көрініп-ақ  тұр.  Яғни  норманың  құқықтық  та, 
тілдік те кемшілігі бар.
Құжаттағы  «право  выступать  от  имени» 
деген  тіркестің  «атынан  сөйлеу  хұқы»  деген 
аудармасы  орнына  Қазақстан  Республикасы 
Конституциясындағы «атынан билiк жүргiзуге» 
[3]  деген  нұсқасы  өте  ыңғайлы.  Тікелей 
аударма орнына мағынасына сай аударудың осы 
тәжірибесі өзге нормативтік құқықтық актілерде 
орын алып жатса, құба-құп болар еді.
Осы  мақала  объектісінің  бір  мәселесі  деп 
конституциялық  заңнаманың  ресми  мәтіні 
мәселесін  көрсеткен  артық  болмас.  Бұрынғы 
мақалаларда келтірілген заңнама мәтінінің қате-
кемшіліктерін конституциялық құқық саласында 
да жалғастыра беруге болады. Конституциялық 
заңнаманың  қатесіз  болмайтын  қазақ  тіліндегі 

127
Мемлекеттік тілде заң шығару тәжірибесінен
нұсқасымен  қатар,  үлгілі  саналатын  орыс 
тіліндегі  нұсқасы  да  сұраулы.  Мысалы, 
ресми  қайнаркөз  болып  саналатын  «Әділет» 
ақпараттық-құқықтық  жүйесінде  жарияланған 
Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттiк 
егемендiгi  туралы  декларациясының  орыс 
тіліндегі  нұсқасының  «Республики  Казахстан 
есть  суверенное  государство»,  «источником 
государственной 
власти 
в 
Республики 
Казахстан», 
«Охрана 
суверенных 
прав 
Республики 
осуществляется 
Республики 
Казахстан»  және  осыларға  ұқсас  жалпы  19  рет 
кездесетін «Республики Казахстан» деген қателі 
ұғым  бүгінгі  күні  құқықтық  күшінде  деуге 
болады .
Мақала 
объектілерінде 
орын 
алған 
«Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттiк 
егемендiгi  туралы  декларация»  [1]  «Қазақ  КСР 
Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» [2] 
деген атаулардың бір біріне сәйкес келмейтінін 
де көрсеткен артық болмас.
Жоғарыда  келтірілген  мысалдарды  қазіргі 
күнгі  қате  мысалдармен  толықтыра  беруге 
болады. Мысалы, қолданыстағы конституциялық 
құрылыс  пен  мемлекеттік  басқарудың  негізі 
болып  табылатын  мемлекеттік  қызмет  туралы 
заңнамада  «мемлекеттік  қызметші»  деген 
атаудың бекітілгеніне қарамастан, «мемлекеттік 
қызметкер»  деген  ұғымның  қолданылу  аясы 
күнен  күнге  артып  бара  жатқан  сияқты.  Сол 
сияқты  ресми  құжаттар  лексикасында  да 
бұрын  соңды  естілмеген  ұғымдар  мен  сөз 
тіркестерінің пайда болуы да күмәнді. Мысалы, 
«кандидаттарды  реттеу»,  «қызықты  азаматтар 
үшін  ұлттық  құрмет  тақтасы»  (бұл  мысалдың 
мәселесі оның орыс тіліндегі нұсқасында болар. 
Онда  мәнмәтінге  байланысты  «национальной 
доской  почета  для  интересных  граждан» 
деген  сөз  тіркесі  бар),  «жемқорлық  құқық 
бұзушылықтың  жүйелі  түрде  алдын  алу  және 
сауықтыру»  деген  тіркестердегі  қателер  тілдік 
және  түсінбестік  мәселелерін  туғызары  анық. 
Әрине,  ондай  санаттағы  қате-кемшіліктерді 
ажырата білетіндерде ғана.
Жоғарыда  келтірілген  мысалдар  консти-
туциялық  заңнама  лексикасының  кемшілікті 
екенін  көрсетеді.  Ал  мақаланың  мақсаты 
өткенді  қазбалау  не  ревизиялау,  қарастырылған 
құжаттарды  дайындауға,  қабылдауға  қатысқан 
адамдарды  мұқату  емес.  Мақсат  -  көрсетілген 
мысалдар  негізінде  кез  келген  уақытта 
қабылданатын  түрлі  ресми  құжаттар  мен 
құқықтық нормаларды қазақ тілінде сауатты да 
сапалы  дайындауға  ұмтылуға  бағыттау.  Одан 
қоғам мен мемлекет еш уақытта да ұтылмайды. 
Сапалы дүниеге шек жоқ. Оған ұмтыла білуге де. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларация жөнiнде : Қазақ ССР 
Жоғарғы Советінің 1990 жылғы 25 қазандағы Қаулысы // «Әділет» АҚЖ. (01. 08.2015)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы : Қазақстан Республикасының 
Конституциялық заңы. 1991 жылғы 16 желтоқсан // «Әділет» АҚЖ. (01. 08.2015)
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы // «Әділет» АҚЖ. (01. 08.2015)
4. О Декларации о государственном суверенитете Республики Казахстан : 
Постановление Веpховного Совета Казахской ССР от 25 октябpя 1990 г. // ИПС «Әділет». (01. 
08.2015)
5. О госудаpственной независимости Республики Казахстан : Конституционный закон Республики 
Казахстан от 16 декабpя 1991 года // ИПС «Әділет». (01. 08.2015)
Мақалада  қазақ  тіліндегі  конституциялық  заңнама  лексикасының  кейбір  мәселелері 
қарастырылады.
Қолданыстағы  конституциялық  заңнамада  бірқатар  лексикалық  кемшіліктер  жіберілген. 
Оларды табу және жою үшін кешенді зерттеулер қажет. 
Түйін сөздер: конституциялық заңнама, мәселелі сөздер, ресми мәтін.
● ● ● ● ●

№ 3 (39) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
128
В статье рассматриваются некоторые проблемы лексики конституционного законодательства 
на казахском языке.
В действующем конституционном законодательстве допущены ряд лексических недостатков. 
Для их обнаружения и устранения необходимы комплексные исследования. 
Ключевые слова: конституционное законодательство, проблемные слова, официальный текст.
Article discusses some problems of lexicon of the constitutional legislation in kazakh language.
In the existing constitutional legislation we can see so many lexical shortcomings. Complex researches 
are necessary for their detection and elimination.
Кеywords: constitutional legislation, problem words, official text.
Нұрзада Маханбетұлы Примашев,
ҚР Заңнама институты Лингвистика орталығының бас ғылыми қызметкері, з.ғ.к.
Конституциялық заңнама лексикасы: салыстырмалы контент-талдау
Примашев Нурзада Маханбетович,
главный научный сотрудник Центра лингвистики Института законодательства РК, к.ю.н.
Лексика конституционного законодательства: сравнительный контент-анализ
Primashev Nurzada Mahanbetovich,
chief researcher at the Center of the Institute of Linguistics of the legislation of Kazakhstan, Ph.D
Lexicon of constitutional law: a comparative content analysis 

129
Мемлекеттік тілде заң шығару тәжірибесінен
АЗАМАТТЫҚ ЗАҢНАМА: ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ 
МӘТІНДЕРІНІҢ ТЕҢ ТҮПНҰСҚАЛЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ақылбекова Гүлжан Кәрімқызы,
ҚР Заңнама институты Лингвистика орталығының 
жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты
Азаматтық заңнаманы құрайтын нормативтік 
құқықтық актілердің әрқайсысы өз алдына жеке-
жеке  заң  болғанымен,  реттейтін  қатынастары 
және  онда  қолданылатын  терминдердің  бірізді 
болуы  бөлігінде  бір-бірімен  өзара  тығыз 
байланыста  болады.  Осы  тұрғыдан  азаматтық 
заңнама 
мәтініндеріндегі 
ұғымдар 
мен 
терминдердің  азаматтық  заңнама  ұғымдары 
мен  терминдеріне  сәйкестігі,  олардың  бір  ізді 
қолданылуы мен дәлдігі, мағыналық бірізділігі 
мәселесі  бүгінгі  күні  зерттеп-зерделеуді  қажет 
ететін тың тақырыптардың бірі болып отыр.
Азаматтық заңнаманың ең негізгі және содан 
туындайтын  басқа  заңдарға  ұйтқы  болатын 
негіздемелік  заңдар  біртектес  аса  маңызды 
қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  құқық 
нормалары  біріктіріліп,  жүйеге  келтірілетін 
заңдар  жүйесі.  Азаматтық  заңнаманың  орыс 
және  қазақ  тілдеріндегі  мәтіндерінің  тең 
түпнұсқалы  болуы  ұлттық  заңнама  сапасының 
көрсеткіші де болып табылады. 
Тең түпнұсқалықты қамтамасыз ету – құқық 
қатынастарының 
барлық 
субъектілерінің 
заңнаманы  бірдей  түсінуіне  және  қолдануына 
бағытталған  ұйымдастырушылық,  функцио-
налдық, экономикалық, әлеуметтік шара.
Азаматтық  заңнаманың  қазақ  және  орыс 
тiлдерiндегi  мәтiндерiнiң  тең  түпнұсқалығы 
бөлiгiнде  ғылыми  лингвистикалық  сарап-
таманың  негiзгi  мақсаты  заң  жобаларының 
қазақ  және  орыс  тiлдерiндегi  мәтiндерiнiң 
сәйкестiгiн анықтау болып табылады. Сонымен 
бірге,  нормативтік  құқықтық  актілер  тілінің 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  қазіргі  қа-
зақ  әдеби  тілі  нормаларына  сай  болуы,  грам-
матикалық, синтаксистік, стилистикалық, логи-
калық,  редакциялық-техникалық  қателерді 
жою және терминдердің қолданылуы жөніндегі 
ұсынымдар беру. 
Қай  салада  болсын  терминология  мәселесі 
қашан  да  өзекті.  Қоғам  өмірінде  заңдардың 
маңыздылығы  қаншалықты  маңызды  бол-
са,  заң  шығармашылығы,  әсіресе,  құқық 
шығармашылығы  саласында  аталған  мәселе  де 
соншалықты  маңызға  ие.  Заң  шығарушының 
еркінің дәлдігі әрі заңның нәтижелілігі заңдарда 
терминдердің  нақты  қолданылуына  тікелей 
байланысты екендігі даусыз. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  – 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2050» 
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая-
си бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын-
да: «Бүкіл әлемде бірдей қабылданған терминдер 
бар. Олар кез келген тілді байытады. Біз өмірді 
өзіміз  күрделендіре  түсеміз,  түсінбестікке  бой 
алдырып,  ақыл-ойды  сапырылыстырамыз, 
көнерген  сөздердің  шырмауынан  шықпаймыз. 
Мұндай мысалдар аз емес». 
Жаңа  қолданыстардың  денін  құрайтын 
халықаралық қолданыстағы терминдерді аудару 
қажет пе, қажет емес пе деген мәселе туындайды. 
Осы  ретте  мүлдем  аудармау  керек,  мағынасы 
бұрмаланады, бұлар ортақ қолданыстағы сөздік 
қорымызды  байытатын  сөз  болып  жүре  берсін 
деген  де  пікірлер  бар.  Қоғамдық  санамызға 
да,  тілдік  қолданысымызға  да  әбден  орныққан 
атаулар  аударылмай,  тілдік  қорымызға  әбден 
сіңісті болып кетті. Бірқатар өркениетті елдердің 
заң  лексикасынада  бұл  терминдер  айна-қатесіз 
осылай алынып, кәдеге асып жүргені мәлім.
Халықаралық 
қолданыстағы 
сөздердің 
қазақша баламасы сәтті табылған нұсқалары да 
аз емес. 
Алайда  соңғы  кездері  төл  сөздеріміздің 
орнына,  шетелдік  баламаларды  қатар  қолдану 
үрдісі  етек  алып  отыр.  Мысалы,  нақты  тілдік 
жағдаятта «еркітілер» деген өзіміздің төл сөзіміз 
бола  тұра,  француз  тілінен  енген  «волонтер» 

№ 3 (39) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
130
шартта  баланс  –  теңгерім  нұсқалары  қатар 
қолданылғанын  көруге  болады.  Шарттың 
80-бабында:  газдың,  мұнайдың  және  мұнай 
өнімдерінің  индикативті  (болжамды)  балансы 
деп  қолданылса,  101-бапта:  төлем  теңгерімі 
(платежный баланс) деп алынған. 
Осы 
тұрғыдан 
идентификациялау 
– 
сәйкестендіру, бірдейлендіру; баланс – теңгерім; 
рынок – нарық тәрізді қолданыстар әлі де болса, 
ойлана түсуді қажет етеді. 
Бірнеше 
нұсқадағы 
қолданыстардың 
мүмкіндігінше  Мемлекеттік  терминология 
комиссиясы тарапынан бекітілген немесе ресми 
тілде  стандартталған,  сондай-ақ  жазба  тілде 
қолданылу жиілігі жоғары, яғни, нормаға айнала 
бастаған  тұлғасы  пайдаланылуы  тиіс:  кредит 
–  несие;  кредитор  –  несие  беруші;  кредитор  – 
кредит  беруші;  финанс  –  қаржы;  Бұлар  тілдік 
қарым-қатынас 
машығында 
сабақтастық 
қағидаты бойынша, біразға дейін жарыса жүріп, 
келе-келе  біреуі  орнығады.  Сөйтіп,  «табиғи» 
түрде  тіл  өзін-өзі  реттеп  отыратындықтан, 
біралуан сөздер тез арада нормаға түсіп, сөздің 
ықшам нұсқасына артықшылық беріліп, бір ізге 
түседі.
Олардың  тілдік  норма  үрдісіне  сай  келетіні 
немесе  ауытқитын  тұстарына  талдау  жасап 
отыру тілші қауымының да, заңгер қауымының 
да құзыретіне жатады. 
Мемлекеттік терминологиялық комиссия осы 
жылдар  ішінде  осындай  жүздеген  терминдерді 
бекітіп,  қолданысқа  енгізді.  Қарап  отырсаңыз, 
ұлттық тіліміздің бай қорының тұнығынан небір 
өміршең баламаны, қазақша сөйлеп тұрған небір 
атауларды табуға болады екен. Бұл арада термин 
жасалымының ғылыми дәстүрлі грамматикалық 
әдістемелеріне  сүйене  отырып,  ежелгі  салт-
дәстүрімізде қанықты бояуымен өрнектелген сөз 
қолданыстарды  да,  түбірі  бір  түркі  сөздерінің 
қолданыстарын  да  өзге  тіл  сөзіне  баламалық 
ұғым беретін атауларды молынан табуға болады. 
Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң  жанын-
дағы  Мемлекеттiк  терминология  комиссиясы 
экономиканың, 
ғылымның, 
техниканың, 
мәдениеттiң  барлық  салалары  бойынша  қазақ 
тiлiнiң  терминологиялық  лексикасы  саласында 
ұсыныстар  әзiрлейтiн  консультациялық  кеңес-
шi  орган  болып  табылады.  Комиссияның 
құзыретiне  енетiн  жекелеген  мәселелердi  қарау 
үшiн  терминологиялық  секциялардың  жұмыс 
топтары  (қазіргі  уақытта  30  жұмыс  тобы)  бар, 
олар салалық терминдер ұсынады.
Қазақ 
тілінің 
ғылыми 
салаларының 
ішіндегі  орфографиялық,  орфоэпиялық  және 
сөзі қолданылып жүрген жай бар («Мемлекеттiк 
жастар  саясаты  туралы»  2015  жылғы  9  ақпан-
дағы  Қазақстан  Республикасының  Заңы). 
Қолданыстағы  заңнамаға  зер  салсаңыз,  тіпті 
екі  нұсқаның  қатар  қолданылып  жүргеніне  куә 
боласыз («Қазақстан Республикасының Үкіметі 
мен  Жапония  Үкіметі  арасындағы  Техникалық 
ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы» 
Қазақстан  Республикасының  2005  жылғы  20 
маусымдағы Заңы).
Әбден  орныққан  халықаралық  және  шет 
тілінен  енген  сөздерді  қазақ  тіліне  аудару 
мәселесін біржола шешуді қажет етеді. 
Бұған  дәлел  ретінде  қолданыстағы  заңнама 
тіліндегі  «идентификациялау»  –  сәйкестендіру, 
бірдейлендіру мысалын келтіруге болады.
«Сәйкестендiру 
нөмiрлерiнiң 
ұлттық 
тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы 
Қазақстан  Республикасының  Заңында  «бизнес-
сәйкестендiру  нөмiрi»  (бизнес-идентифика-
ционный  номер),  «жеке  сәйкестендiру  нөмiрi» 
(индивидуальный  идентификационный  номер), 
«сәйкестендiру  нөмiрiн  қалыптастыру»  (фор-
мирование 
идентификационного 
номера), 
«сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi» 
(национальные  реестры  идентификационных 
номеров), құжаттарда сәйкестендiру нөмiрлерiн 
көрсеткен  кезде:  «ЖСН»  (ИИН)  –  жеке 
сәйкестендiру  нөмiрi  үшiн;  «БСН»  (БИН) 
–  бизнес-сәйкестендiру  нөмiрi  үшiн  ресми 
қысқарту ретінде алынған.
«Сәйкестендіру  нөмірлерінің  ұлттық  тізі-
лімдері  туралы»  Қазақстан  Республикасының 
2007  жылғы  12  қаңтардағы  Заңына  сәйкес 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 
22  мамырдағы  N  406  қаулысымен  бекітілген 
Сәйкестендіру  нөмірін  қалыптастыру  ережесі, 
Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен 
өкілдіктердің),  сондай-ақ  дара  кәсіпкерлердің 
сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын 
берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш 
жасау ережесі 2007 жылғы 13 тамыздан бастап 
қолданысқа  енгізіліп,  «жеке  сәйкестендiру 
нөмiрi»,  «бизнес-сәйкестендiру  нөмiрi»  болып 
қолданылып жүр. 
Ал  Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң 
жанындағы 
Мемлекеттiк 
терминология 
комиссиясы  2014  жылғы  отырыстарында 
«идентификациялау»  нұсқасын  бекітіп,  соңғы 
тәжірибеде осылайша қолдану белең алып отыр.
Осындай  сипаттағы  тәжірибені  баланс  – 
теңгерім  сөздерінің  қолданылуы  мысалынан 
да  байқаймыз.  2014  жылғы  29  мамырдағы 
Еуразиялық  экономикалық  одақ  туралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет