Дістемелік кешені


Лекциялық сабақтар тезистері



бет27/118
Дата20.02.2022
өлшемі180.82 Kb.
#25977
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   118
1.6 Лекциялық сабақтар тезистері
Дәріс тезистерi және оларға дайындалуға арналған әдiстемелiк нұсқаулар

Жоғары оқу орнындағы лекцияжалпы оқу процесiндегi негiзгi, ұйымдық және студентке таңдаған мамандығы бойынша дұрыс бағыт-бағдар беретiн звено болып табылады.

Кредиттiк оқу жүйесi жағдайында лекция жаңаша мән-мазмұнға ие болады және белсендi формада өткiзiледi. Сондықтан да студенттi басқа да оқу формаларымен қатар лекция сабағына да өз бетiнше дайындала бiлуге үйрету оқу-әдiстемелiк тұрғыдан алғанда басты мәселелердiң бiрi.

Студентке өз бетiнше дайындалуға ұсынылатын лекция тезистерi тақырып бойынша қысқаша бағыт-бағдар, мағұлмат берiп қана қоймай, студенттiң өзiнiң ой-өрiсiн одан әрi дамытып, ойлану, iздену қабiлетiн жетiлдiруге ықпал ететiн механизм болып табылады.

Ал аудиторияда оқытушының қатысуымен өтетiн лекция сабағы тараптардың берiлген тақырып бойынша көзқарасын айқындайтын, алған бiлiмiн одан әрi бекiте түсетiн ғылыми дискуссия ретiнде қарастырылады. Бұл сатыдағы оқытушының ролi студентке түсiнбеген мәселелер бойынша кеңестер беру және оны тақырыпты одан әрi терең меңгеруге ынталандыратын бағыт-бағдар сiлтеу болып табылады.

Осы мақсатта әрбiр студентке лекция сабағына дайындалу барысында төмендегiдей әдiстемелiк нұсқауларды басшылыққа алу ұсынылады:

сабақтың тақырыбымен және қарастыруға ұсынылатын сұрақтармен мұқият танысу;

лекция сабағының алдына қойылған мақсатымен танысу;

тақырып бойынша ұсынылатын әдебиеттер тiзiмiмен танысу;

лекцияның тезисiмен мұқият танысу, яғни берiлген қысқаша материалмен таныса отырып, қиындық тудыратын сұрақтарды және тезисте қамтылмаған немесе жеткiлiксiз түрде қамтылған мәселелердi өзiне белгiлеп алу және олар бойынша аудиторияда өтетiн сабақта оқытушыдан қосымша мағұлмат немесе өз бетiнше iздену үшiн бағыт-бағдар, кеңес алу;

әрбiр тақырыптың соңында берiлген қайталау-пысықтау сұрақтары бойынша өзiнiң тақырыпты қаншалықты игергенiн тексеру;

тақырып бойынша өз көзқарасын, яғни позициясын айқындау және аудиториядағы сабақ барысында дискуссияға ұсыну.Осы аталған әдiстемелiк ұсыныстар студенттiң берiлген тақырыпты неғұрлым терең игерiп, айқын түсiнуiне көмек көрсету мақсатын көздейдi. Әрине жоғарыда айтып өткенiмiздей, тақырыпты терең меңгеру үшiн дайындалу барысында тек лекция тезистерiмен шектелiп қою жеткiлiксiз. Бұл ретте студенттiң тақырып бойынша өз бетiмен iзденiп, ұсынылған әдебиеттер бойынша қосымша материалдармен жұмыс iстеуi қажет болады.

1 тақырып. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   118




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет