Дістемелік кешені


Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері



бет45/118
Дата20.02.2022
өлшемі180,82 Kb.
#25977
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   118
1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері. Ғылыми және құқықтық оқулықтарда мемлекеттік қызметті кең және тар мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, өзге де ұйымдарда орындаудан көрінісін табады; тар мағынада - бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындаулары. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР-ның 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы тар мағынада берілген. Онда мемлекеттік қызмет- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі, - делінген. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда мемлекеттік қызметшінің түсінігі берілген. Ол бойынша мемлекеттік қызметші болып заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті мемлекеттік органда атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы табылады. Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметшіге жатпайды(мысалы, архивариус, кітапханашы, комендант, лаборант, әдіскер және т.б.). Мұндай адамдардың тізбесін республика Үкіметі белгілейді. Мемлекеттік қызметтің принциптері мемлекеттік қызметтің қызметтің негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеалдар, басшылыққа алынатын бастамалар. Принциптері:Заңдылық, Қазақстандық патриоитизм, мемлекеттік өкіметтің заң шығару және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан мемлекеттік қызмет жүйесінің бір тұтастығы. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы. Жалпы қол жетімділік, яғни республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярылғына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарлатылуға тең құқығы. Азамматрдың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі. Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді оырндаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет