Дістемелік кешені


Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі



бет46/118
Дата20.02.2022
өлшемі180.82 Kb.
#25977
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   118
2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі. Заңда мемлекеттік қызметшілерде екі топқа бөліп, түсініктеме берген. Бұлардың бірі мемлекеттік әкімшілік қызметші деп аталады. Оған мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші жатады(мысалы, мемлекеттік хатшы кеңесшісі, сарапшы, маман, құрылымдық бөлім басшысы, департамент директоры, аудан әкімінің орынбасары және т.б.). Енді бір тобы - мемлекеттік саяси қызметші. Мұндай қызметші болып тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші табылады(мысалы, ҚР-ның Премьер-министрі, министрлер, олардың орынбасарлары, облыс, қала, аудан әкімдері және т.б.). Яғни, Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды жасақтау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Мемлекетттік саяси қызметші- тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші. Саяси лауазымдарға: ҚР-нің Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;ҚР-сы Парламентінің Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары; ҚР-сы Жоғарғы Сот аппараттының басшысы,оның орынбасарлары; Конститутцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер; Орталық атқарушы органдар мен ведмостваларды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады. Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін. Мемлекеттік әкімшілік қызметші- мемлекетттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекетттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілетттілікті жүзіге асыратын мемлекеттік қызметші. Сонымен мемлекетттік қызметшілерді жоғарыдағыдай 2 топқа бөлудің негізгі мақсаты мемлекетттік қызмет аясында демократияландырудың қамтамасыз ету, саяси қызметке тағайындалатындардың шегін белгілеу, оларға байланысты кәсіби қызметшілердің ауысуларын болдырмау, сөйтіп мемлекеттік аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оның тиімділігін арттыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   118




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет