Дивергенция макроэволюцияның негізгі жолы



Дата16.02.2023
өлшемі15,06 Kb.
#68284

58-62 -СӨЖ
Ф.Г.Добжанскийдің 1937 жылы жарық көрген «Генетика және түрлердің тегі» деген еңбегі эволюциялық ілімнің синтетикалық теориясының негізін қалады. Эволюцияның синтетикалық теориясын жасауда И.И.Шмальгаузеннің еңбегі өте жоғары. Оның 1938 жылы «Организмнің жеке және тарихи дамудағы біртұтастығы», 1939 жылы жарық көрген «Эволюция факторы» деп аталатын еңбектерін атауға болады. Шмальгаузеннің бағалы еңбегінің бірі- тұрақтандырушы сұрыптау ілімін ашуы еді. Ол ағзалардың өзгергіштігімен бірге айтарлықтай тұрақты болатынын анықтады. «Тұрақтылықсыз өзгергіштік болмақ емес» деген анықтама эволюция әрекетінің жалпы диалектикасын түсіндірді. Ол статика мен динамиканың, тыныштық пен қозғалыстың арақатынасын көрсетеді.
Дивергенция макроэволюцияның негізгі жолы. Дивергенция дегеніміз туыс ағзаларда әр түрлі белгілер пайда болуы. Ол түрлердің экологиялық жіктелуіне байланысты жүреді. Мысалы, өсімдіктерде алдымен экоэлементтер пайда болады, дами келе ол экологиялық расаларға айналады. Соңында жаңа түрге айналады. Эволюция нәтижесінде түрлер арасындағы айырмашылықтар көбейіп түрлер алщақтай түседі. Сөйте тұра жалпы морфофизиологиялық құрылымы сақталады. Дивергенция нәтижесінде гомолог мүшелер пайда болған. Ол шығу тегі бір, бірақ атқаратын қызметтері әр түрлі мүшелер. Құрлықтағы жануарлардың аяқтары жүруге арналса, судағы жануарлардың аяғы жүзуге арналған. Сөйте тұра, жылқы мен тюленнің қаңқасы мен бұлшық еттер жүйесі сүтқоректілерге тән бірдей. Түрлердің жаңа түрлерге ажырасуының алғы шарты олардың полиморфтылығы. Дивергенцияның сыртқы факторы тіршілік ортасының әр түрлілігі. Осылайша дивергенцияны ішкі және сыртқы факторлардың әсерлесуі анықтайды. Түр ішілік дивергенциялық ажырасуға бәсекелестік себеп болады. Бәсекелестікті шешудің оңай жолы әртүрлі тіршілік ортасына ауыса қою. Сонымен, ірі таксондардағы түрлердің ұқсас болуы олардың тектерінің бірлігінде, бірақ тіршілік орталары әр түрлі болады. 
Конвергенция – бұл екі немесе бірнеше топтар дараларының ұқсас фенотиптік келбеттерінің қалыптасу процесі. Конвергенция (конвергенттік даму) – Жердегі тіршілік дамуындағы анық құбылыстардың (феномендердің) бірі.
Конвергенттік ұқсастық дивергенттікен барлық уақытта жай ғана ерекшеленбейді. Мысалы, ХХ ғасыр ортасына дейін нағыз кеміргіштермен (Rodenia) қоянтәрізділердің (Lagomorha) туыстығы ортақ тектердің топтар дивергенциясына негізделген. Тек арнайы зерттеулер ғана қояндарды, үй қояндарын, сенімділікпен нағыз кеміргіштерге емес, шығу тегі бойынша тұяқтыларға жақын ерекше жақын отрядқа жатқызуға мүмкіндік берді. Қазір қоянтәрізділердің кеміргіштермен ұқсастығы дивергентті емес, конвергентті екендігі анықталған.
Конвергенция топтар эволюциясының формасы секілді кез-келген деңгейдегі эволюциялық процесс үшін тән болып саналады: әртүрлі тұқымдас, отряд, соңында, әртүрлі класс (акулалар, ихтиозаврлар мен дельфиндер денелерінің формасы бойынша ұқсастық) түрлерінің конвергенциясын табуға болады. Бір класс ішіндегі конвергенттік даму мысалы болып «қасқырлардың», «аюлардың», «көртышқандар» мен т.с.с қалталы және қағанақты сүтқоректілердің арасындағы бірдей биологиялық формалардың туындауы табылады. Тасманиялық қалталы қасқыр (Thylacinus cynocephalus) мен кәдімгі қасқырдың туындауы бүтін қауымдастықтың эволюциялық процесінің ұқсас бағыттарымен анықталады. Отряд ішіндегі конвергенция мысалы ретінде ашық кеңістіктегі «секіргіштің» биологиялық типінің тәуелсіз туындауын есептеуге болады. 
Конвергенттік дамудың өзіндік формасы параллелизм түрінде – біріншілік дивергирленуші және генетикалық жақын топтардың ұқсас фенотиптік қалыптасуы қарастырылуы мүмкін. Параллель дамудың классикалық мысалы болы тұяқты сүтқоректілер: Оңтүстік Америкадағы литоптерн (Litopterna) Арктогестегі жұптұятылар (Perissodactyla)екі тобының филогениясы саналады.
Тіршілік үшін күрес. Ағзалардың мақсатқа сәйкес бейімділіктері қалай пайда болатынын түсіндіру Дарвин теориясында жақсы айтылған. Тірі ағзалардың геометриялық прогрессия бойынша көбейіп отыратыны белгілі еді. Бұл заңдылық бойынша әрбір түрде даралар санын шексіз көбейтіп отыру мүмкіндігі бар. Бірақ, табиғатта бір түрдің өте көп көбеуі байқалмайды. Бұлардың шексіз көбейюіне «тіршілік үшін күрес» бөгеу болады. Тіршілік үшін күреске ағзалардың жеке қоршаған ортасының өлі және тірі табиғатымен қарым–қатынасын жатқызады. Ағзалар арасындағы қатынасты түр ішілік және түр аралық деп бөлді. Себебі ағзалардың көп ұрпақ қалдыруынан, табиғаттағы тіршілік ресурстары жеткіліксіз болады. Тіршілік үшін күрес сұрыпталу әрекетіндегі өзгеріс туғызатын негізгі фактор болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет