Дженнифер рис


Мысықтың жеті қара баласы



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата24.03.2017
өлшемі0,62 Mb.
#10299
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

Мысықтың жеті қара баласы

 

 

Келесі апта Джек үшін шым

-

шытырық


 

түстей


 

болды. 


Ауыр  жұмыстан  кейін  бұлшық  еттері  ауырып,  таңертең 

зорға  орнынан  қозғалды.  Кәрі  кемпір  мұның  мысықпен

 

не  істегенін  біліп  қояр  деп,  ол  түнде  ұйықтай  алмай 



шықты. Ал күндіз күні бойы сабақтан соң кәрі кемпірдің 

түнерген


 

үйіне  тағы  да  бару  керек

 

деген  ой  басынан 



кетпеді. 

 

Ярвис ханым күйеуіне: 



 

 



Джектің  орман

 

ішінде  сағаттап  қыдырып  жүргені 



зиян  болмас  па  екен  деп  ойлаймын,  –

 

дегенін  естіп, 



Джек ауыр күрсінді. 

 


 

30 


 

Уайымдама,  ештеңе  етпейді



 



деп  басу  айтқан 

жауап естілді. –

 

Орман адамға жақсы



 

әсер етеді. 

 

«Бұл  әзілдері  болар!»  –



 

деп  түңіле  ойлады  Джек. 

Шын  мәнінде  осы  жаман  үйшікке  бар  деп

 

оған



 

ешкім 


қолқа  салып  жатқан  жоқ.  Ормандағы  кәрі  кемпір

 

ӛткендегіден  кейін  оған  басқа  ауыртпалық  салмады.



 

Бірақ


 

оның  бүйрегі  осы  әйелге  бұра  бастаған  сияқты.

 

Оның алдында



 

ӛзінің


 

кінәлі екенін айтқысы келді. 

 

 

Тағы  да  жексенбі  күні  келіп  жетті.



 

Ол  арамшӛптер 

мен  тікендерді  тазалап  жүргенде,  күн  дәл  тӛбесінен 

қатты  күйдіріп  тұрған  еді.  Жұмыс  істеуді  жаңа  ғана 

бастаса

 

да,  ол  тез



 

шаршап  кетті.  Кенет  есік  сықырлай 

ашылып,  кемпір

 

оны  үйге  шақырды.



 

Джек  күрегін 

жайлап

 

жерге



 

қойып,  кӛңілсіздікке  толы  сезіммен  үйге 

қарай жүрді. Ол оны үйдің бұрышында тұрған себеттегі 

мысықтардың  қасына  алып  келгенде,  күннің  ыстығына

 

қарамастан, қорыққанынан тұла



-

бойы мұздап кетті. 

 

«Егер  ол  мысықпен  не  болғанын  білсе,  мен 



құрыдым»,  –

 

деп  ойлады  ол.  Бірақ,



 

оның  таңғалғаны, 

бала

 

мысықтар  тірі  әрі  кӛңілді  екен.  Жеті  сыңар 



дӛңгелек кӛк кӛздер оған сеніммен қадала қарады. 

 



 

Бұларды


 

шешесі тағдырдың тәлкегіне тастап кетті.

 

Кезінде мені де анам дәл осылай тастап кетіп еді,



 

 



деп 

қария  күйіне  сӛйледі



 



Қандай  оңбағандық!  Ол

 

ӛзіне 



жас

 

еркек



 

мысықты тапқандықтан қашып кеткен шығар.

 

Ал мен болсам мына жерде



 

бұларды әлдилеп отырмын! 

 



 



Әлі  күнге  дейін  бұлар  қалай  ӛлмеген?  –

 

деп 



сұрады иығынан ауыр жүк түскендей болған

 

Джек. 



 

 



Неге ӛлмеген? –

 

деп ашулана дауыс кӛтерді әйел. 



       

 



Ӛйткені  мен  оларды

 

күні



-

түні,


 

әрбір  екі  сағат  сайын 

тамақтандырамын. Әбден шаршадым.

  

Бұларға сүт ұнтағы мен еміздік алу үшін, тіпті



 

қалаға да 

баруыма  тура  келді.

 

Одан  да



 

бұларды


 

суға


 

батырып 


жіберген жақсырақ болар еді. 

 



 

О,  жоқ,  олай  істемеңіз!  –

 

деп  жалынды  Джек.  –



 

Оларды тамақтандыруға мен кӛмектесемін. 

 



 



Таңертең  мектепке  барар  алдында  ма?  –

 

деп 



сұрады әйел. 

 


 

31 


 

Иә, –



 

деп жауап берді Джек ӛзінің сағат жетілерде 

осы жерде болатынына таңғалып. 

 



 

Жақсы


 

болды!  Онда мен  қайтадан

 

тынығып,  кітап 



оқи алатын болдым. Осы аптада мен бір бетке де алға 

жылжыған жоқпын. Кел, кӛріп

 

ал, кешке кетер кезде ӛзің 



тамақтандырып

 

кетесің. 



 

 

Ол



 

сүт  ұнтағын  қайнаған  жылы  суға  езді,

 

сосын  


бӛтелкені  толтырып,  еміздікті  кигізді.  Бір  мысықты  ескі 

орамалға орап, оған бӛтелкені апарды. Сол

-

ақ екен, ол



 

еміздікті

 

қомағайлана



 

сорып,  толы  үш  бӛтелкені

 

бірден


 

босатып тастады. 

 



 



Жетеді енді, ашқарақ! Әйтпесе қарның жарылады, 

 



деп күңкілдеді

 

қария. 



 

Әр  мысықты  тамақтандырған

 

сайын  ол  осылай 



күңкілдеумен 

болды.


 

Бірақ 


қарияның 

оларды


 

мейірімділікпен аялай ұстағанын Джек байқады. 

 



 



Бұл  ақымақ

 

мақұлықтар



 

мына  резеңкені  шешеміз 

екен деп ойлайды



 

деп түсіндірді ол оған ыстық суды 

құйып  жатып.  Сӛйтті  де  резеңкені  шүберекке  орап, 

себетке  қайтадан  салды.  Сосын

 

мысықтарды  бірінен 



кейін бірін кӛтеріп, әрқайсысының қарнын

 

жылы дымқыл 



шүберекпен  сүртті.

 



 

Сәбилер  жӛргекті  былғайды, 

сондықтан

 

оларды



 

түзге отыруға

  

үйрету қажет. 



 

Оларды  түзге  шығарып

 

болған  соң,



 

барлығын 

қайтадан  жылы  резеңкеге

 

жатқызды  да,  үстіне  жүн 



жамылғы жауып қойды. 

 



 

Жұмысыңды  жалғастыр!  –

 

деді  қария.  –



 

Екі 


сағаттан кейін тағы тамақтандырасың

.  


Мысықтың  балаларын  тамақтандыру  оңай  болған 

жоқ,  оның  үстіне  қария  оның  икемсіздігін  айтып

 

қарғаумен



 

болды


.  

 



Еміздікті аузына сал! –

 

деп



 

тістене


 

сыбырлады ол 

оған. –

 

Ол сүтті құлағымен еме алмайды. Ақымақ бала, 



бұлай ұстасаң, оны қылқындырып тастайсың. 

 

Сонда  да



 

жетеуін  тамақтандырған  ол  ӛзіне  кӛңілі 

толып, рахаттанып қалды.

  

Бірақ  таңертең  ұйықтап  қалып,  орманда  ашқарын



 

келе  жатқан  ол  ешбір  рахатты  сезінбеді.  Мысықтарды 

тамақтандырамын

 

деп  уәде  бергені  үшін  ӛкініп,  тілін 



 

32 


тістеп

 

келеді.  Бірақ  уақыт  ӛте  келе  ол  мысықтарды 



тамақтандыру

 

жауапкершілігін



 

ӛз  мойнына  алды.  Ол

 

мысықтарды



 

күніне  үш,  тіпті  тӛрт  рет  тамақтандырды. 

Ал қария болса кӛзәйнегін мұрнының үстіне қойып алып, 

дәл қасында кітап

 

оқып отыратын. 



 

Джекті  бұл  жұпыны  үй  мен  оның  оғаш  мінезді 

тұрғыны

 

жайында  біреу



-

міреу  біле

 

ме  екен  деген  ой 



қызықтырушы 

еді.


 

Бірақ 


жанұядағылармен 

сӛйлеспегендіктен,  мұны  қалай 

білудің  амалын 

таппады


.  

Сондықтан  да  бір  күні  жолда  келе  жатып

 

Петяның 


былай дегені ол үшін күтпеген жай еді:

 



 

Егер  орман  ішінде  ұзақ  жүретін  болсаң,  Поттс 

ханымға  кездесіп  қаласың.  Ол  ӛте  жаман

 

кемпір.  Ескі 



зауыттың  қасындағы  жартылай

 

құлаған  үйде  тұрады. 



Сен

 

оны  әлі  кӛрген  жоқсың



 

ба



 

Джектен  жауап 



алмастан,  Петя  тағы  жалғастырды:  –

 

Ол  шынымен  де 



қорқынышты

 

адам



папам  оған  пошта  апарып  берген 

кезде  соңынан  ұрысып  айқайлайды.  Папамның

 

мәсіхші 



екенін  біледі,  ал  ӛзінің  Құдаймен  ісі  жоқ.  Мен  кішірек 

болғанда,  оны  шын  мәнінде  мыстан  кемпір  екен  деп 

ойлайтынмын.  Бірақ  папам  ол  тек  кәрі

 

кісі,  оның  үстіне



 

жалғызілікті

 

дейді. Дәл сен сияқты, Джек, ол да барлық



 

адамды жек кӛреді, –

 

деді жымиып. –



 

Бәлкім, бір күндері 

сен де дәл сондай күйге түсетін шығарсың.

  

Джек жолдың ортасында



 

кілт тоқтап,

 

мелшиіп


 

тұрып


 

қалды.  Шын  мәнінде  ол  осындай,  Поттс  ханым  сияқты 

бола ма? Адамдар

 

одан



 

қорқып, қашып жүретін кісі бола 

ма? 

 



 

Кеттік!  –

 

деп  айқайлады  Петя.  –



 

Әйтпесе


 

автобустан қалып қоямыз

Бұл  ой  Джекке  ұнамады.  Ол  қайтадан



 

Поттс 


ханымның  бақшасын  қазып  жүргенде

 

де  бұл  ой  оны 



мазалай берді.

  

«Мен  неліктен  адамдарды  жек  кӛрмеуім



 

керек?  –

 

деп  ақталды  ол.  –



 

Олар  да  мені  жек  кӛреді  ғой.  Мені 

үйлерінен  қуып  шығып,  біресе

 

анда,  біресе  мұнда 



қуалайды.

  

Ярвистер жанұясын жалықтырғанымда, олар 



 

33 


да солай істейді. Мына кемпірмен әйтеуір

 

бәрі түсінікті. 



Екеуіміздің ӛмірімізде кӛп ұқсастық бар».

 

Мысықтар  ӛте



 

жылдам  есейді.  Екі  аптадан  кейін 

олар  ыдыстағы  ботқаларын  жалап  жеп,  құм

 

салынған



 

жәшікті  пайдалануды  да  үйренді.  Жұмыс  кезінде  Джек 

оларға  қарай  жүрсін

 

деп,  Поттс  ханым  оларды 



себетімен  қосып  кешкі  күн  кӛзіне  қойып  қоятын.  Енді 

оған күнде кешкісін

 

арамшӛптерді құртуға рұқсат етілді. 



Поттс ханымның кӛрсеткен әр түрлі қысымына қарамай, 

оған


 

ӛз жұмысы ұнай

 

бастады. 



 

Бір  күні  кешке  ол  күрегіне  сүйеніп,  кешкі  аспанға 

кӛтеріліп  бара  жатқан  түтін  мен  ұшқындарға  қарап 

тұрғанда,  қасына  Поттс  ханым

 

келе  қалды.  Қолына 



кітапқа толы сӛмке ұстап алыпты.

 



 

Мына малғұндар менің уақытымды ұрлап

 

жатыр, –


 

деп шағымданды ол. –

 

Бұл күндері мен кітапханаға бара 



алмай  жүрмін.  Ертең  осында  келмес  бұрын  мына 

кітаптарды  айырбастап  әкеліп  берші.  Бірақ

 

маған 


антұрған

 

детективтік  әдебиеттер  әкелуші  болма.  Мен 



тек 

қана 


тарихи 

кітаптар 

мен 

саяхатшылық 



шығармаларды ұнатамын. 

 



 

Мен оқи білмеймін, –

 

деді Джек ашығын айтып. 



 

Қарияның қалың қастары қабағына жиналды.

  



 



Оқи

 

білмейімі  қалай?



 

 



деп  сұрады  ол.  –

 

Сенің 



жасың он екіде емес пе? 

 



 

Оқығым  келсе

 

оқитын  едім,



 

 



деп  мойындады 

Джек, –


 

бірақ менің оқығым келмейді!

 



 



Сен  не  дедің?  Оқығың  келмей  ме?  –

 

деп  ашумен



 

айқайлап  жіберді  ол.  –

 

Онда  ӛмірдегі  жақсылықтардан 



құр  қаласың.  Кітаптағы  адамдар  сені  ренжітпейді, 

сондықтан оларды жек кӛре алмайсың. Мен саған оқуды 

үйретейін



 

деді  ол  кішкене  басылып.  –

 

Мен  бұрын 



мұғалім болғанмын. 

 



 

Сіз сол кезде ӛте жаман

 

болдыңыз ба? –



 

деді


 

Джек


 

күбірлеп


.  

 



Иә,

 

ӛте жаман



 

болғанмын! –

 

деп зілді үнмен жауап 



берді  ол.  –

 

Мен



 

тәрбиесіз  балаларға  әлсіреп  құлап 

қалғанша

 

жұмыс істететінмін! 



 

 

34 


 

Мені  жайыма  қалдырыңызшы!



 

 



деді

 

де  Джек,



 

кемпір


 

оны  ұстап  алмас  бұрын

 

жолға  түсіп,  қаша 



жӛнелді... 

 

Сол  күні  кешке,



 

ұйықтар  алдында  оның  есігін 

тоқылдатты. 

Есікті 


ашқанда

 

алдында



 

тұрған 


пошташыны кӛрді.

  



 

Бір минутқа кіріп, сенімен сӛйлесуіме бола ма? 

 



 



Джек  теріс  бұрылып,  тӛсектің  бір  бұрышына

 

жайғасты. Оның бойын



 

қорқыныш билеп кетті

.  

«Ол  мені  абайлап  дайындауға  келді,  –



 

деп  дереу

 

қорытынды  жасап  үлгерді  Джек.  –



 

Олар  мені  қайтадан 

балалар  үйіне  апарып  тастамақшы».

 

Пошташы  тӛсекке 



жамбастап отырды. 

 



 

Сенің  мұғалімің,  Перси  мырза

 

бүгін  түстен  кейін 



мені ӛзіне

 

шақырды, –



 

деп бастады ол. 

 

«Ӛрт дабылы!» –



 

деп ойлады Джек. 

 



 



Ол  сенің  қамыңды  жейді,  –

 

деп  жалғастырды 



Ярвис  мырза.  –

 

Оның  айтуынша,  сен  ақымақ  емессің, 



бірақ сенің оқуыңа бір нәрсе кедергі жасайтын сияқты

.  


Джек тас түйін болып, үндемей отыр.

 

Күтпеген жерден Ярвис мырза былай деді: 



 

 



Мен  саған  бір  ұсыныс  айтқым  келеді.  Кеше 

полковниктің  бақша  күтушісі  жамбасын  сындырып 

алыпты,  енді  ол  тәуір  болғанша  оның  орнына  маған 

жұмыс  жасауды  сұрады.  Поштаны  тасып  болған  соң, 

сол  жерде  жұмыс  жасап,  үш

-

тӛрт  айдың  ішінде  саған 



жақсы велосипед сатып әперетіндей ақша таба аламын. 

Егер  Перси  мырза

 

сенің  үлгерімің  жақсы



жан  сала 

еңбектенеді  десе,

 

саған



 

сол  велосипедті

 

сыйлай 


аламын.

 

«Жекеменшік велосипед!



 

Мүлдем су жаңа және жып

-

жылтыр!  –



 

Джектің  жүрегі

 

тулап


 

кетті.  –

 

Маған 


велосипедтің керек екенін мына кішкентай, күлкілі

 

адам 



қайдан біледі екен?»

 



 

Қалай, келісесің бе? –

 

деп сұрады пошташы. Джек 



келіскендігінің  белгісі  ретінде  ӛзіне  қолын  созып  тұрған 

кішкентай еркекке

 

қолын ұсынды



.  

Келесі күні кешке Джек Поттс ханымдікіне келгенде, 

ол

 

мысықтарды



 

тізесіне қойып, күн кӛзінде отыр екен. 

 


 

35 


 

Сіздің



 

оқу  туралы  айтқаныңыз  жайында  тағы  да 

ойландым,  –

 

деп  бастады  ол.  –



 

Егер  қаласаңыз,  маған 

үйретуіңізге болады. 

 



 

Мен де ӛз пікірімді ӛзгерттім, –

 

деп бас салды



 

оны 


қария. –

 

Неге алтын уақытымды сен сияқты балаға сарп 



етпекпін? 

 

Джек  қатты  мұңайып  қалды.



 

Ол  Перси  мырзадан

 

оқығысы келмейтін. 



 

 



Оқытыңызшы



 

деп жалынды ол.  –

 

Мен  екі  сағат 



жұмыс жасауымды жалғастырамын,  егер  оқи алсам,  әр 

апта  сайын  сіздің  кітаптарыңызды  айырбастап  келер 

едім. 

 



 

Беймаза


 

бала, –


 

деп күңкілдеді

 

Поттс ханым, –



 

іске 


кіріс!

 

Бірақ  бақтағы  от  сӛніп,  мысықтар  кешкі  тамақтарын 



ішіп болған соң, ол қолына кішкене кітапты алды да: 

 



 

Ал енді істі бастайық! –

 

деді. 


 

Поттс  ханым  сияқты  адамнан  оқуды  үйрену  оңай 

болмады.

 

Алайда,  олар  бір



-

бірін  түсінгендіктен,  Джек 

алдыға қарай сәтті жылжыды. 

 

Кенет



 

оған


 

мектептегі сабақтар соншалықты кӛңілсіз 

болып  кӛрінбеді.  Үнтаспа  мен  есептегіш  құралдың 

кӛмегімен  оқу  барынша  қызықты  екеніне  Джектің 

келісуіне  тура  келді.  Жексенбілік  мектептің

 

мерекесі 



болуға  тиісті

 

күнге  дейінгі  ӛмір  оған  оң  қабағымен 



қараған. 

 

 



 

Сиыну үйіндегі жарылыс

 

 

 



Сен  сенбі  күні  балалармен

 

бірге  теңізге  барасың 



ба, 

Джек? 


 

деп 



сұрады 

Дженни 


Ярвис. 

Толқығандықтан,  оның  беттері  қызарып  кеткен  еді.  –

 

Жексенбілік мектеп автобуспен Хастингске барады. Бұл 



ғажайып орын. 

 



 

Онда  тек  балалар  ғана  болмайды,  –

 

деді  Петя.  –



 

Жексенбілік жастар тобы да барады. 

 


 

36 


Жексенбілік  мектептегілермен  бірге  бару  Джек  үшін 

күлкілі  еді.  Бірақ  онда  қандай  сергіту  ойындары 

болатынын айтқанда, Джек келісті. 

 

Поттс ханымсыз  ӛткізген  бір күні ол  үшін жақсы еді. 



Автобус толы

 

кӛңілді



 

кісілермен бірге шайқалып барған 

оған  ұнады.  Бірақ  олар  теңізге  жеткенде,  Джек  жеке 

бӛлініп,  жағалаудағы

 

кішкене  кӛшелердің  бірінде



 

сенеделіп

 

жүрді.  Ақырында  ол  қасындағы  қараңғы 



кӛшелердің  бірінен  ойынға  және  әзіл

-

қалжыңға



 

қажетті 


заттар  сататын  дүкенді  кездестірді.  Бір  сағат  бойы 

тауарларды  қарап  жүріп,

 

ақырында  қолына  «Аса  қатты 



жағымсыз  иісті  жарылғыш»  деген  жазуы  бар  шыны 

бӛтелкені алып, дүкеннен шықты. Ол

тіпті


ақшасын да

 

тӛледі. 


 

«Ақыры  мен  жексенбілік  мектеппен  бірге  келсем,  –

 

деп  ойлады  ол,  –



 

онда  осы

 

ойым  да


 

іске  ассын».

 

Ол 


жарылғышты  мектепте  жиналыс  болып  жатқанда

 

жару 



туралы алдын ала ойластырып қойған

 

«Егер Кәрі Перси 



мені  ауыр  жұмыстармен  жібіттім  деп  ойласа,  қазір  мен 

оған  кӛрсетермін».  Қайтар  жолда  ол  кір

-

қожалақ 


Дженнидің қасында отырды. 

 

«Жаман  бала  емес,  –



 

деп  ойлады  Джек  автобус 

қозғалып,  дүрілдей  бастағанда.  –

 

Жалпы,  бұл  ӛзінің 



үлкен  ағасына  тартқан  екен,  дәл  сол  сияқты  тыным 

таппай сӛйлейді». 

 



 



Ертеңгі  күн  қандай  болар  екен,  –

 

деп  дауыстай 



армандады Дженни. 

 



 

Біз  жексенбілік  мектептің  бір  жылдығын  ӛз 

қауымымызда  атап  ӛтеміз,  онда  менің  ойнайтын  ролім 

бар.  Біз  Иерихон  қабырғасын  және  Ешуа  Нұнды 

кӛрсетеміз,  мен  Рахап

 

боламын.  Петя  гитарамен  әнді 



сүйемелдейді.  Мамам  мен  папам  мерекенің  барлық 

жоспарын  құрды,  онда  басқа  жерден  келген  уағызшы 

түскі  және  түстен  кейінгі  аста  біздің  үйде  болады. 

Мамам осыған бір апта бойы дәмді тағамдар дайындап 

жүр. 

 

Джек  оның  бітпес  әңгімесін  тыңдай  отырып



мынандай  ойға  келді:  «Иісі  жаман  жарылғышты  сиыну 

үйінде 

жарсам 


қайтеді? 

Бұл 


жағдайды 

біраз 


 

37 


жандандырар

 

еді».  Онда  жарылғышты



 

сиыну  үйіне  ӛзі

 

алып келуі тиіс екені ұнамады, дегенмен кӛптен бері ол 



қауымға  барып  кӛруге  құмартып  жүрген.  Бұл  кӛңілді 

адамдар  кішкене  қаңылтыр  үйде  немен  айналысады

 

екен


Сонымен  ол  қауымға  бас  сұғуға  себеп 

табылғанына іштей қуанып қалды.

 

Келесі  жексенбі  күні  Джек  қауымға  барды,  жолы 



болмағанда, 

онда 


адамдар 

лық 


толы 

болып, 


Лонгфилдке  келгендегі  ең  бірінші  жексенбі  күні  ӛзін 

қатты ренжіткен Диксон ханымның қасында ғана бір бос 

орын  табылды.  Бұл  отырған  кезде,  ол  ары  қарай 

жылжыды.  Бірақ  мұны  кӛрген  кезде  алдыңғы  жақта 

тұрған кішкене пошташының жүзі жарқырап кетті. 

 

Егер  мұның  балаларға  арналған  қойылым  екенін 



есепке  алса,  Дженни  ӛз  ролін  сәтті  ойнады.  Барлығы 

ойдағыдай  ӛтті.  Ӛзгелер  айтып  жатқан  әнге  Джек 

қосылмаса да, бұл жер

 

ӛзіне ұнағанын жасыра алмады.



 

Ол  Құдайға

 

құлшылық  жиналысы  кӛңілсіз  болады  деп



 

ойлайтын, бірақ мына жүздері жарқыраған адамдардың 

Құдайды  қастерлеуі  ерекше  еді.

 

Ол  иісі  жаман 



жарылғышын  әлі  де  қолына  ұстап  отыр,

 

бірақ 



жиналыстың ортасында оны жармауды ойлады. 

 

«Мынандай  керемет  жерді  мен бүлдіре  алмаймын», 



 

деп ойлады



 

ол. 


 

Барлығын да құрбандық салатын

 

ыдыс құртты. Оның 



жауы  Диксон  ханым  ыдысты  оған  дәл  бір  найза 

сұққандай  беріп,

 

оның  қолындағы  бӛтелкені  ұшырып 



түсірді.  Джек  орындықтың  астына  бекер  кіріп,  әуре 

болды.


 

Бӛтелкенің  қақпағы  ашылып,  сұйықтық  жерге 

тӛгілді.  Шақырылған  уағызшы  енді  сӛйлей  бергенде

кейбіреулер  мұрындарын  тыржита  бастады.  Сосын 



бірінен  кейін  бірі  бет  орамалдарын  алып,  мұрындарын 

басты.  Адамдар  жӛтеліп,  түшкіре  бастады.  Бірінші 

қатарда  отырған  жексенбілік  мектептің  балалары  ең 

бірінші болып бӛлмеден шықты. Олар сықылықтап

 

күліп


 

далаға  қашты.  Кӛп  уақыт  ӛтпей,  қауым  мүшелері  бір 

жұтым  таза  ауа  жұту  үшін  далаға  асықты.  Ең  соңында

 

мұрнын  беторамалымен  басып,  қолына  конспектісін 



ұстап уағыздаушы шықты.

  


 

38 


Барлығы  абыр

-

сабыр  болып  жатқанда,  Джек 



жасырынып  үйіне  келді  де,  қораның  ішіне  тығылып 

қалды.


 

 



Сен менің

 

кӛңілімді



 

қатты


 

қалдырдың, ұлым, –

 

деді 


оның  артынан  жайлы  дауыс.  Джек  бұрылған  жоқ, 

пошташы  оған  жақын  келді.  –

 

Кей  кезде  бір  нәрсені 



бүлдіргің  келіп  тұратын  тілегіңді  мен  жақсы  түсінемін. 

Мен  ӛзім  де  бір  кездері  жас  болғанмын.  Бірақ  сенің 

бүгінгі ісің ӛте жаман болды. Біз үшін

 

дүниеде Құдайдан 



маңызды  ешнәрсе  жоқ.  Біз  Оған  барлық  жағынан: 

ӛмірімізбен, біздегі бардың бәрімен қарызбыз.

 

Сен бүгін 



Оның үйін арамдап, Оны қуантатын құлшылық қызметті 

бұздың.


 

Осы  сәтте  Джек  оған  бұрылды.  Кішкене  еркектің 

қайғылы  түрін  кӛргенше,  сазайын

 

жақсылап  тартқаны 



жақсы болар еді. 

 

Түскі  дастарханда  әркім  мұздай  салқындықты 



сезініп, 

ыңғайсызданып 

отырды.

 

Шақырылған 



уағыздаушы  уағыз  жайында  еске  түсірмеуге  тырысты. 

Ярвис  ханымның  сасқалақтағаны  сонша,  мұқият 

дайындаған  ас  мәзірі  ойлағанындай  болмай

 

шықты.



 

Йоркшир күлшесі дұрыс піспеді, ал хош иісті күлше күйіп 

кетті.  Ақырында,  шәй  дайындауға  кеткен  ол  қайтып 

келмеді.


 

Үйден  шығып  бара  жатып,  Джек  оның  ыдыс

 

жуғыштың қасында жылап тұрғанын кӛрді. 



 

Ал Петя мұны бақтың ішінде күтіп тұр еді. Джек оны

 

мұндай ашулы күйде әлі кӛрген емес. 



 

 



Сен не істегеніңді

 

ӛзің білесің бе? –



 

деді ол тістене 

сӛйлеп





 

Әлгі сенің қасыңда отырған кәрі екіжүзді әйел 

жиналыстан кейін барды да, барлық уағыздаушыларды 

мамам  мен  папама  қарсы  қойып  қойды.  Олар  әкем 

жексенбілік  мектепті  және  жастар  тобын  басқармасын, 

себебі  ӛз  баласын  дұрыс  тәрбиелей  алмайды  деп 

шешкен.  Сонан  кейін  әлгі  әйел  сен  сияқты  балалар

 

тұрғылықты  жердің  балаларын  бұзады,



 

ондайларды

 

тәрбиелеу  ақымақтық  деп  мамама  ақыл



 

айтқан.  Енді 

мамам

 

жылап



-

сықтап жүр. 

 

Джек тағы да қояндар



 

тұрған қораға бет алды. Оның 

қысылғаны  соншалықты,  денесі  мұздап  кетті.

 

Ол 



 

39 


Лонгфилдке  келгенде  бұл  адамдарды  қалай  қинасам 

екен  деп  сағат  сайын  ойлайтын.  Енді  сол  ісі  жүзеге 

асқанда,  мүлдем  қуанбады.

 

Осы  ауылда  не  жамандық 



істесе де, сонысы ӛзіне тас болып тиді. 

 

Ярвис  ханымның  ӛзіне  арнап  пісірген  тәтті 



тоқаштарын  жеместен,  шақырылған  уағызшы  тезірек 

үйіне  қайтты.  Поттс  ханымның  үйіне  бару  үшін  киім 

киейін  деп  Джек  үйге  кіргенде,  тӛсекте  отырған  асырап 

алған  әке

-

шешесін  кӛрді.  Кӛзіне  бет  орамалын  басып 



жылап  отырған  әйелін  пошташы  құшақтап,  жұбатып 

отыр  екен.  Тидегурстіктерге

 

қарсы  крокет  ойынынан 



кейін  ол  осы  тӛсекте  жатқанда,  Ярвис  ханымның

 

ӛзіне



 

қалай


 

қамқор болғанын есіне түсірді. 

 

Кенет  Джек  ӛмірінде  ешқашан  жасап  кӛрмеген 



нәрсені жасады. Ол бӛлмеден ӛтіп

 

ерлі



-

зайыптылардың 

алдына келді де, қырылдай сӛйлеп:

 



 

Маған  ӛте  ӛкінішті.  Енді  ешқашан  бұлай 

жасамаймын, –

 

деді.



  

Сӛйтті де киінбестен, орманға тартты. 

 



 



Ол  бізбен  сӛйлесті!  –

 

деп  қуанды  Ярвис  ханым. 



Оның

 

кӛзіндегі



 

жасы кілт тиылды.

 



 



Ең бірінші рет! –

 

деп күйеуі қосарлады. 



 

 



Шын

 

айтқаны кӛрініп тұр. Адамдар біз жайында не 



ойласа да, бәрін кӛтеруіміз керек. 

 

Джек  ӛз  жұмысынан  жүйкесі  құрып  келген  кезде,  үй 



ішінде  тағы  да

 

жайма  шуақ



 

кӛңілділік  пайда  болғанын 

байқады, ӛйткені ол ӛкініп кешірім сұраған болатын. 

 

Барлығы  түс  қайта  дәмді



 

тағам  ішуге  жиналған 

кезде, Петя ойын білдіруге асығып:

 



 

Қонақтың  алдында  ұстамды,  сыпайы  болуға 

тырыспай

-

ақ, батылырақ



 

болған қандай жақсы! –

 

деді. 


 

Ярвис мырза оны түзеткендей

 

сыңай танытты, бірақ 



барлығы  бірден

 

кӛңілдене  күліп  жіберді.  Содан  кейін 



жанұядағы  басқалары  сияқты,  Джек  те  ыдыс

-

аяқтарды 



жууға кӛмектесті. 

 

Бірақ  ауыл  тұрғындары  тез  тыныштала



 

қоймады. 

Дүйсенбі күні кешке уағызшы әңгімесін жалғастыру үшін 

Ярвистерге келді. Джек қойдан жуас болып, бӛлмесінде 



 

40 


тып

-

тыныш



 

сабақ  оқып  отырды.  Сол  кезде  ол

 

пошташының әдеттен тыс қатты дауыспен:



 

 



Оған  сын  айтқанша,  сол  үшін  сиынғанымыз 

дұрысырақ болмай ма? 

 



 



деген сӛзін естіп қалды.

 

Келесі  күні  мектептен  келе  жатқан  Дженни  ӛз 



анасының тағы да жылап отырғанын

 

кӛрді. Үйге



 

Диксон 


ханым келіп кетіпті.

  



 

Ол

 



Джекті 

қайтадан 

балалар 

үйіне 


қайтарғанымызды қалайды



 

деп түсіндірді ол ӛксіп.

 

Джектің


 

ас  үйге  елеусіз

 

кіріп  кеткенін  ешкім  де 



байқаған  жоқ.  Ӛтіп  бара  жатып:

 

«Неге  біз  Джек  сияқты 



бӛтен  біреудің  баласын  асырауымыз  керек,  сол  үшін 

барлық  адамдар  бізді  жек  кӛреді»,  –

   

деген  Дженнидің 



дауысын естіді. 

 

Джек тастүйін болып



 

жауабын күтіп тұрған болатын. 

 



 



Ӛйткені  оны  бізге  Құдай  жіберді,  аяулым,  –

 

деп 



түсіндірді  Ярвис  ханым,  –

 

білесің  бе,  ол  Джекті  ӛте 



жақсы

 

кӛреді. 



 

 



Джек  сияқты  қатігез  баланы  да  Құдай  жақсы  кӛре 

ме? –


 

деді күдіктене Дженни. 

 



 



Нағыз  таңғаларлығы  осы,  –

 

деді  анасы.  –



 

Сені, 


Петяны жақсы кӛргені сияқты, оны да дәл солай сүйеді. 

Ол Джектің ӛміріне немқұрайды қарамайды.

  

 

Джек



 

у

-



шусыз 

 

артқы  жақтағы  есіктен



 

үн

-



түнсіз

 

шықты да, сүйікті орманына бағыт алды. 



 

Осы  күнге  дейін  мені

 

қуып  жібермей  жүрген 



бұлардың есі дұрыс

 

емес пе деген сұрақ әрқашан оның 



кӛкейінде  жүретін.  Оның  ойынша,  бұлар  «қиын 

балалармен  тіл  табыса алатындықтарын» мақтан  етеді 

деп

 

ойлайтын.  Ал  енді  Ярвис  ханым  Құдай  алып  келді, 



ӛйткені  Құдай  оны  қайда  жүрсе  де  қамқорлайды  деп 

тұжырымдап 

берді. 

Джекті


 

ешкім, 


ешқашан 

қамқорламаған. 

Ирланд

-

анасы 



да, 

қамқоршы 

тәрбиешілері  де  –

 

сансыз  кӛп



 

басқа


 

адамдар  да.

 

Шын 


мәнінде,  Құдай  оларға  қарағанда  басқаша  ма?  Мүмкін, 

Ярвис  ханым  дұрыс  айтатын  шығар?  Балалар  үйіндегі 

әлгі  әйел  Құдай  жаман  адамдарды  жек  кӛреді  және 

жазалайды деген. Енді кімге сену керек? 

 


 

41 


Оның  басында  сұрақтар  кӛп  болғаны  соншалық, 

кенет ол Поттс ханымнан былай деп сұрады: 

 



 



Құдай  сіз  бен

 

мен  сияқты  адамдарды  сүюі  мүмкін 



бе? 

 

Кәрі  әйелдің  бет



-

әлпеті  бейне  бір  улы  шаянды 

кӛргендей болып ӛзгеріп кетті: 

 



 

Мына оңбаған пошташы сеніде

 

иландырыпты



 

ғой, 


 

деп  айқайлады  ол.  –



 

Міне  саған  –

 

ақымақ  сұрағың 



үшін! 

 

Ол



 

кӛз  ілеспес  жылдамдықпен

 

баланың  бетінен 



тартып  жіберді.  Джек  қызарып  кеткен  құлағын  ұрлана 

сүртіп,  бар  зейінін  мәтінге  салды.  Алайда  Құдай  ӛзін 

сүюі мүмкін деген ой күні бойы басынан кетпеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет