Джумажанова, Г. Т



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата28.04.2023
өлшемі397,5 Kb.
#88169
  1   2   3   4   5   6


KazNU Bulletin. Psychology and sociology series. №2 (49). 2014
ISSN 1563-0307
69
Г.К. Джумажанова, Г.Т. Дакина 
ӘОЖ 159.942.33
Г.К. Джумажанова, Г.Т. Дакина 
Семей қаласыны
ң Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қазақстан, Семей қ. 
e-mail: g.dakina@mail.ru
Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері
Аталған мақалада тұлғаның эмоционалдық аймағының мәселелері қарастырылған. Мақалада тұлғаның 
эмоционалдық аймағының аспектілері, эмоция құрылымы, сонымен қатар тұлғаның эмоционалдық күйін диаг-
ностикалау әдістері қарастыру көзделген. 
Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеудің аса өзектілігі атап көрсетілген. Эмоцияның әлеуметтік табиғатын 
талдау психология үшін болашақта нақты дәлелдемелерді қажет ететін тың тақырыптардың бірі. Эмоцияның 
әлеуметтік табиғаты оның әлеуметтік дүниемен, басқа адамдармен қарым-қатынасы арқылы ашылады. 
Эмоция – адамның ішкі жан-дүниесінің маңызды бөлшегі және тұлғаның эмоционалдық аймағына назар ауда-
ру интеллект, денсаулық, дене күшімен басқа да тұлғалық ресурстарын дамытуға көңіл бөлінуден кем болмау 
керек. Эмоционалдық аймақты дамыту – аса маңызды міндет, әрқайсымыз үшін аса өзекті, бірақ бұны дамыту 
бағыты тұлға типіне байланысты әр түрлі болып келетіндігі көрсетіледі. Эмоционалдық аймақта адамдар ара-
сында ерекше ашық жеке айырмашылықтар байқалады.
Бұл мақалада эмоцияның шетелдік әлеуметтік-психологиялық зерттеулері қарастырылған. Теориялық және 
эмпирикалық зерттеулерге сүйене отырып, адамның эмоционалдық күйін зерттеудің негізгі мәселелері 
көрсетілген.
Өз кезегінде көптеген әлеуметтік-психологиялық феноменнің эмоционалдық компоненті бар. Сезімді эмоцияның 
саналы қобалжуы және эмоционалдық реттеуі ретінде негізгі компонентіне жатқызады. Зерттеушілер эмоция-
ны тұлғалық күй ретінде ажыратады. Қобалжу негізіндегі эмоциялар эмоционалдық эпизодтар деп аталады. 
Эмоцияны зерттемей әлеуметтік-психологиялық зерттеулер толық болмайтындығы туралы айтылған.
Психологиямен әлеуметтік психологиядағы эмоционалдық аймақты зерттеудің негізгі бағыттары қарастырылған. 
Эмоционалдық құбылыстарды әлеуметтік-психологиялық тұрғыда зерттеудің түйіндік мәселелері талданған. 
Эмоциямен сезімнің әртүрлігі тұлғалық қасиеттермен, тұлға бағыттылығымен, мотивтерімен, талпыныста-
рымен, жеке психикалық қасиеттерімен анықталады. Тұлғаның эмоционалдық дамуы психологиядағы өзекті 
және аз зерттелген мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта тұлғаның эмоционалдық аймағын дамытудың тұтас 
тұжырымдамасы жоқ деген тұжырым айтылған. 
Психологияда қобалжу, үрей, ұялшақтық, стресс тұлғаның эмоционалдық әлемін сипаттайтын негізгі катего-
рия ретінде қарастырылады. Эмоционалдық аймақтың өзгеруі физикалық және психикалық күйге байланысты. 
Тұлғаның эмоционалдық дамуы аймағын зерттеуде шешілмеген сұрақтар да көп деген пікір айтылған. 
Ғалымдар тұлға қалыптасуында эмоционалдық дамудың аса маңыздылығын атап көрсетуде. Оның 
заңдылықтарын ашу адам дамуының тұтас механизмін көрсетеді, себебі сезімнің адамның ішкі дүниесінің 
маңызды жақтарын ашады деген ой түйінделген. 
Мақала психологиядағы тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеуге арналған. Тұлғаны адам ретінде түсінудің 
қажеттілігі ұсынылады. 
Адамның эмоционалдық күйіне психологиялық сипаттама берілген. Эмоцияны реттеу әдістерімен 
психологиялық механизмі ашылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет