Дүниенің екі бөлігі —



бет1/6
Дата31.12.2021
өлшемі41,01 Kb.
#23582
  1   2   3   4   5   6

Классикалық еуразияшылдық идеясы: қайнар көздері, қалыптасу жəне даму кезеңдері

Дүниенің екі бөлігі — Еуропа мен Азиядан тұратын жер жаһандағы ең үлкен құрлықты атау үшін алынған «Еуразия» термині жағрапиялық, тарихи, саяси мəнді ұғым болып келеді. Еуразияшылдық идеясы Шығыс пен Батыс арасындағы өзара əрекеттесу мен өзара ықпалдасу ретінде қарастырылуы бүгін ғана бастау алған жоқ. Бұл идея ХІХ ғасырда Еуропада кең таралды. Осы кезде Германия мен Францияда Шығысқа қатысты қызығушылық ерекше болып, ориенталистика қалыптасты. Ресейде бұл идея өз қолдаушыларын ХІХ ғ. тапты. Бұлардың еңбектері кейін ХХ ғасыр басындағы еуразияшылдар үшін теориялық негіз болды. Десек те, еуразияшылдарда алдыңғыларға қарағанда нақты идеялық-дүниетанымдық жəне əлеуметтік-саяси доктринасы болды. Соның нəтижесінде өткен ғасырдың басында еуразияшылдар қозғалысы қалыптасты, алайда оның ғұмыры қысқа болды.

Еуразияшылдар қозғалысының тұжырымдамаларында Еуразиядағы Ресей рөлін айқындау мəселесі негізге алынғанымен, оның басты идеясының ерекшелігі ресейлік мемлекеттілікті құруда славян этносы ғана емес, түрік, монғол, фин-угор тайпалары да үлкен рөл атқарғандығында болды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет