Дұрыс ой қортындысы- өзіңе-өзің қарсы шықпағанда туындайды. Сайысшы өз көзқарасын жүйелі қорғай алуы керек



Дата06.01.2022
өлшемі16,6 Kb.
#15683

Пікірталаста жиі қолданылатын тәсілдер.

Қарсыласына тойтарыс берудің ең басты шарты – көз жеткізілген дәлелдерге негізделген ой қортындысы.Аристотель, ,,Дұрыс ой қортындысы- өзіңе-өзің қарсы шықпағанда туындайды.Сайысшы өз көзқарасын жүйелі қорғай алуы керек....,,- деп пікір білдіреді.

Дәлелдеме бір емес, бірнеше ой қортындысынан тұрады.Сондықтан пікірсайысшы дәлелдемелердің құрылымын жақсы білуі керек. Дәлелдеме үш элементтен тұрады: дәлелдеуді қажет ететін ой, ойды дәлелдеуге қажетті дәлелдеу және дәлелдеу тәсілі (формасы)

Тарауды қортындылауға арналған және білімді жинақтауға арналған тест жұмысы берілдеді. Мұқият тест сұрақтарына жауап береміз.



Тест тапсырмалары

  1. Абайдың көктем жайында жазған шығармасын көрсетіңдер:

А) «Көзімнің қарасы» ә) «Жаз» б) «Жалау»

В) «Жазғытұрым» г) «Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай»



2. Абайдың, өз өлеңдерінде сөз құдіретіне, оның өзге өнер түрлерінен даралығына, ақындық қасиетке ерекше мән берген парасаттылық даралығын, даналығын қай өлеңінен көреміз:

А) «Сегіз аяқ» ә) «Өлең- сөздің патшсы, сөз сарасы» б) «Құлақтан кіріп бойды алар»

В) «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» г) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

3. Айбайдың қай қарасөзінде ,, қайрат, ақыл, жүрек,, туралы философиялық тұжырым жасайды? А) 12 ә) 32 б) 41 в) 9 Г) 17

4. Абай «Теректің сыйы», «Бородино» өлеңдерін кімнен аударды?

А) Лермонтов Ә) Долгополов б) Пушкин В) Крылов Г) Толстой



5. Ақынның жастарды оқу-білімге, ғылымға, озық мәдениетке үндеген шығармасы қандай?

А)» Ғылым таппай мақтанба» ә) «Интернатта оқып жүр» Б) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» В) «Құлақтан кіріп бойды алар» Г) «Қор болды жаным»



6. Абай қай қарасөзінде мал табудың жолын өнерден іздеуді ұсынады?

А) 15 Ә) 33 Б) 40 В) 25 Г) 7



7. Шын хәкім, сөзің асыл – баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес.

Қарадан хәкім болған сендей жанның

Әлемнің құлағынан әні кетпес.

Өлең шумағының авторы кім?

А) Ахмет Ә) Жамбыл Б) Мағжан В) Сәкен Г ) Ілияс



8. Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінекей бұзған жоқ па елдің сиқын ? –деп, ел ішіндегі берекесіздік пен бақталастықты өлеңіне арқау еткен шумақ қай өлеңінен алынған?.

А) «Құлақтан кіріп бойды алар» Ә) «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» Б) «Сегіз аяқ» В) «Болыс болдым мінекей» Г) «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»



9. Абай неліктен «толық адам» - деп, адам қасиеттеріннен негелерге көңіл бөлген?

А) қайрат, байлық, мал,ақыл Ә) ақыл, қайрат, ғылым, жүрек Б) қайрат, ғылым,ақыл, жігер В) өнер, таным, білім, дін Г) жүрек, жігер, білім, ғылым, байлық



10. Абайдың қай өлеңі мазмұны, мағынасы жағынан «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңімен идеялас?.

А) «Сабырсыз, арсыз, еріншек» Ә) « Жасымда ғылым бар деп ескермедім» б) «Жартас»

В) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» Г) «Лай суға май бітпес қой өткенге»

11. « Би айтатын сөзді құл да айтады, бірақ аузында .. . жоқ». Мақалдағы бос орынға қай сөзді қояр едіңдер? А) дауасы Ә) дауы б) дуасы В) дәруі г) дәні

12. «Жеті жарғы» деген не?

А) күлтөбедегі жиын ә) жеті жыр Б) шешендік сөздер

В) әдет-ғұрып,қарым-қатынас заңдарының жиынтығы Г) сөз өнеріне үйрететін кітап

13. Мақалдағы көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңдар, «Тура биде туған жоқ... биде иман жоқ»

А) ақылсыз Ә) жағымсыз Б) туысқан В) таныс Г) туғанды



14. Дау-жанжалға билік айтушыны кім деп айтады?

А) шешен Ә) би Б) ақын В) төре Г) болыс



15. «Азғынды қуып, тозғанға жолықпа,

Туыс іздеп, достан кетпе.

Тауға шығып айғайлама,

Ойда тұрып бақырма. – кімнің сөзі?

А) Қазыбек би ә) Төле би Б) Байқотан шешен В) Жанқұтты шешен

Г) Кенжалы шешен

16 «Түгел сөздің түбі-бір, түп атасы ... би». Мақалда қай би туралы айтылады?

А) Сасан би Ә) Майқы би Б) Төле би В) Қазыбек би Г) Әйтеке би



17. Пікірталас түрін белгілеңдер.

А) көзқарас Ә) ойбөліс Б) Түсіндірме сұрақ В) пікір Г) сұрақ-жауап



18. Мәтіндегі ойдың берілу ретін алдын ала жобалауды не деп айтады?

А) жоспар Ә) тақырып Б) сөйлеу тілі В) аудиториямен байланыс Г) хабар



19. Тыңдаушыларды тақырыпқа даярлайтын мәтін бөлігі

А) жоспар Ә) тезис Б) қорытынды В) неізгі бөлім Г) кіріспе



20. Нақты бір мәселені талдап,талқылап аяқтап,келесіге көшу әдісі

А) тарихи әдіс Ә) индуктивті әдіс Б) дедуктивті әдіс

В) баспалдақты әдіс Г) салыстыру

21. Хронологиялық жолмен баяндау әдісі:

А) тарихи әдіс Ә) индуктивті әдіс Б) дедуктивті әдіс

В) баспалдақты әдіс Г) салыстыру

22. Қатысушылар мүдделері ортақ пікірталас түрі

А) ойбөліс Ә) айтыс Б) ойталқы В) пікірталас Г) пікіралмас



23. Ортақ шешеімге келу міндетті емес пікіралмасу түрі

А) ойбөліс Ә) айтыс Б) ойталқы В) пікірталас Г) пікіралмасу



24. Ғылыми,саяси, есеп беру баяндамасына қосымша талдау

А) жарыссөз Ә) тақырып Б) жарнама В) айтыс Г) пікірталас



25. Пікірлер,идеялар айтысы,бір жағы жеңіп үстем болатын пікірталас түрі

А) жарыссөз Ә) тақырып Б) жарнама В) айтыс Г) пікірсайыс



Үйге тапсырма: 1. Қарсыласқа тойтарыс беру тәсілдері мен шарттары қандай?

  1. Тест сұрақтарына жауп беру.

  2. Пікірталастың қандай түрлері бар, атап беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет