Дуйсенова Нургуль Кенжегалиевна Педагог-психолог БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылы, «Б. Жаникешев атындағы жоббм»



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата06.01.2022
өлшемі432,15 Kb.
#11817
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


Дуйсенова Нургуль Кенжегалиевна 

 

Педагог-психолог 



 

БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылы, «Б. Жаникешев атындағы ЖОББМ» 

 

Мұғалім тұлғасының эмоциялық күйреуінің алдын алу 

 

Мақсаты:  эмоциялық  күйреудің  алдын  алу,  топтық  жұмыстар  арқылы  ұжымның  көңіл-

күйін  көтеру,  өзара  түсіністікті  арттыру,  эмоциялық  қалжырауды  жою,  ұжымның  бірлігін 

арттыру.  

Бүгін  сіздерді  көргеніме  өте  қуаныштымын.  Келгендеріңізге  көп-көп  рахмет.  Біздің 

бүгінгі шарамыз достық көңілде өтеді деген ойдамын. Бүгінгі шарамыздың тақырыбы «Мұғалім 

тұлғасының  эмоциялық  күйреуінің  алдын  алу».  Әуелі  «күйіп  кету,  күйреу»  неліктен  болады, 

соны анықтап алайық. 

Кәсіптік  жану  синдромы:  оның  іске  қосатын  механизм  тек  сыртқы  жағдайлармен  ғана 

шартталмайды,  сонымен  бірге  адамның жеке ерекшеліктеріменде  тығыз  байланысты.  Адамның 

«күйіп  кетуі»  өз  дамуының  бастапқы  кезеңінде  неғұрлым  қауіпті.  Мұғалім  оның  белгілерін 

мүлде  сезінбейді,  сондықтан  оның  мінез-құлқындағы  өзгерістерді  алғаш  рет  әріптестері 

байқайды.  

«Күйреуді,  күйіп  кетуді»  жеңу  үшін    педагогтар  сабырлылықты  (өз  қызметі,  жеке  басы, 

маңайындағылар  үшін  жағымсыз  әсерін  тигізбейтін  күйзеліс  жағдайларын  көтеруге  мүмкіндік 

беретін  бір  жеке  қасиеттерінің  үйлесімін)  дамытулары  қажет.  Сабырлы  адамдар  кез  келген 

өзгерістерге  әрдайым  дайын  болады  және  оларды  жеңіл  қабылдайды.  Олар  дағдарыс 

жағдайларында  қиындықтарды  оп-оңай  жеңіп  шығады.  Сабырсыз  адамдарға  кез  келген 

өзгерістреге бейімделу қиын, оларға өз мінез-құлықтарын, мақсаттарын, көзқарастарын өзгерту 

оңай емес.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет