Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет111/294
Дата07.01.2022
өлшемі2.95 Mb.
#20622
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   294
Беріктілік  қағидасы.  Егер  ғылыми  қағиданың  жүзеге  асу  деңгейін  оқытудың 
ӛз  барысы  бағалайтын  болса,  беріктілік  қағида  оқушының  жұмысқа 
дайындылығын  бейнелейтін  қорытынды  нәтижені  бағалауға  мүмкіндік  береді. 
Жоғарыдағы  айтылған  қағидалар  мынадан  кӛрінеді,  біріншіден,  үйренген 
козғалыс  дағдылары  мен  білімнің  сақталуының  қажетті  ұзақтылығымен; 
екіншіден  стандартты  емес  жағдайда  қажетті  уақытта  оларды  пайдалану 
мүмкіншілігімен,  сонымен  қатар  әуелде  үйреніп  алған  дағдылар  мен  біліммен 
байланыстыруда;  үшіншіден,  ӛте  күрделі  оқу  материалдарын  алдағы  уақытта 
игеру  үшін  қажетті  алғышарттар  жасаудан  кӛрінеді.  Беріктілік  қағидасы 


 
134 
оқушының  жеке  жетістігі  болып  қалатын  оқу  материалын  игеруді  камтамасыз 
етеді,  қимыл-қозғалыс  дағдысын  орнықты  меңгеру  деген  мағынада 
қарастырылады.  Беріктілік  қағидасын  жүзеге  асырудың  бірден-бір  шарты 
барлық  оқыту  қағидаларын  сақтау  болып  табылады.  Басқа  қағидалардың 
ешқайсында  бұндай  жан-жақты  тәуелділік  жоқ.  Беріктілік  приципінің  жүзеге 
асырылуы  екі  бағытта  жүреді.  Бірінші  бағыт  -  арнаулы  білімдердің  беріктік 
бағытын  қалыптастыру.  Бұның  негізіне  педагогика  және  психология 
курстарында  ашылған  теориялық  түсініктерді  бұрын  бар  біліммен 
байланыстыру,  негізгі  идеяларды  бӛліп  қарау,  баяндау  кезінде  әдістердің 
әртүрін  пайдалану,  т.б.  Бұл  жағдайда  мынаны  ескеру  қажет,  кейбір  теориялық 
түсініктерді  еске  сақтау  қозғалыс  қимылдарын  игерумен  қатар  (бір  мезгілде) 
жүреді.  Бұл  ретте  қимылды  орындау  дағдысы  осы  қимыл  туралы  алынған 
ақпаратты  орындау  үшін  материалдык  негіз  маңызына  ие  болады.    Бала 
теориялық материалды есту және кӛру қабілеттеріне сүйене отырып есте сақтау 
мүмкіншілігіне  ғана  ие  болып  қалмай    қимыл  арқылы  да  бойында  жинақтау 
мүмкіншілігіне  ие  болады.  Екінші  бағыт  -  берік  қозғалыс  дағдыларын 
қалыптастыру.  Қозғалыс  дағдыларының  беріктілігі  кӛптеген  факторларға 
тәуелді.  Алайда,  түрлі  қозғалыс  міндеттерін  шешуде  есте  сақтау  механизмі 
әртүрлі  болады.  Берік  дағдыларды  калыптастыру  дене  мүмкіншіліктерінің 
қажетті  даму  деңгейі  ғана  емес  (арқан  бойымен  ӛрмелегенде-күш  касиетін), 
басқа  да  қасиеттерді  талап  етеді  (мысалы,  шыдамдылық.  икемділік). 
Мүмкіншіліктерінің даму деңгейінің азайған кезінде қозғалыс қимылын жалпы 
орындау мүмкіншілігін жоғалтып алуы мүмкін, бірақ оны орындаудың барлық 
ережелерін сақтауы тиіс. Баланың игерген қозғалыс қимылдарының үлкен қоры  
ол  жаңа  дағдыларды  қалыптастырудың  алғышарты  ғана  емес,  онымен  бірге 
оның  беріктілігінің  іргетасы.  Бұның  барлығы  да    қозғалыс  қимылдарын 
үйренуге  және  оны  ӛмірге пайдалануға,    дене дайындығының беріктігі  туралы 
айтуға негіз болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   294




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет