Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет156/294
Дата07.01.2022
өлшемі2.95 Mb.
#20622
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   294
Жүгіру-циклді  қозғалыс  типі.  Ол  да  жүру  сияқты  циклдердің 
қайталануымен,  тегістікте  тіректердің  кезектесу  сәттерімен,  аяқтардың  алға 
қарай кезектесіп ауысуымен, қол қимылының үйлесімділігімен ерекшеленеді. 
Алайда,  жүгірудің  жүруден  елеулі  айырмашылығы  бар.  Жүгіру  кезінде, 
жүгірген  адамның  екі  аяғы  бірдей  жерге  тимей  кетіп  бара  жатқан  кезде 
кӛтерілу  фазасы  болады.  Кӛтерілуі  сәті  бұлшық  ет  босаңсып  алға  қарай  
екпінмен  қозғалу  мүмкіндігін  бере  отырып,  адамның  ілгерілеу  тездігін 
күшейтеді,  адымның  ұзындығын  ұлғайтады.  Жұмыс  істеп  тұрған  жүйке 
орталықтарының  қызметінде  осы  кезде  пайда  болған  тежеудің  күшіне  қарай 
олардың  жұмыс  істеу  қабілетін,  сондай-ақ  бүкіл  жүйке-бұлшық  ет  жүйесін 
қалпына келтіру қамтамасыз етіледі (E.Г.JIеви-Гориневская). Жүгіруге үйрену 
кезіндегі  жаттығудың  міндеті  қол  мен  аяқтардың  жақсы  үйлесімімен  жеңіл, 
тез, еркін, ілгері қарай ұмтылған қозғалысты қалыптастыру болып табылады. 
Жүгіру  процесінде  кӛптеген  бұлшық  еттер  тобының  кезектесіп  қысқаруы 
және  босаңсуы  жүріп жатады.  Жүгіру  кезінде  энергия  шығыны  күрт  артады, 
сондықтан тыныс алу ауқымы, қан айналу жылдамдығы, газ алмасу ұлғаяды. 
Дұрыс  мӛлшерленген  жүгіру  жалпы денені дамытуға,  орталық  жүйке  жүйесі 
қызметін  жетілдіруге,  жүрек-қан  тамырлары  мен  тыныс  жүйелерін  
тынықтыруға кӛмектеседі. Тез, екпінді жүгіріс денеге түскен күшті біртіндеп 
азайтумен-ізінше  баяулайтын  жүріске  кӛшумен  аяқталуы  керек,  мұның  ӛзі 
тамырдың  соғуының  мӛлшерге  түсуіне  кӛмектеседі.  Тез  қимылдан  тұрақты 
жағдайға  (тұруға  немесе  отыруға)  бірден  ауысу  жүрек-қан  тамырлары 


 
185 
жүйесінің  жеткіліксіз  шынықтырылуына  қарай  жағымсыз  құбылысты 
туғызады, мұны балалармен жұмыс істеген кезде ескеру қажет. 
  
Жүгіру екі жасқа толған кезде қалыптасып, үш жасқа қарағанда жетіле 
түседі.  2,5-3  жасар  баланың  жүгіруіне  қысқа,  кібіртік  адым  тән.  Кӛптеген 
балалар  жерден  аяғын  әрең  кӛтереді  және  табанын  тегіс  басып,  балпаңдап 
жүгіреді.  Бұл  жаста  балалар  жүргеннен  гӛрі  жүгіргенді  жақсы  кӛреді. 
Дағдыны  игере  бастаған  кезде  олар  аяқтарын  қинала  басып,  қалыпты 
ырғақсыз  жүгіреді,  бағытты  дұрыс  ұстамайды.  Yйретуге  қарай  дұрыс 
жүгірудің  белгілері:  ұшқырлық-кеуде  аздап  алға  қарай  еңкеюі,  бастың 
кӛтеріңкілігі,  қолдың  шынтақтан  бүгілуі,  қол  мен  аяқ  қимылының 
үйлесімділігі қалыптаса бастайды. С.Я.JIайзаненің мәліметі бойынша кӛтерілу 
фазасы бір жас 10 айдан 2 жас 8 айға дейінгі балалардың 30%-нан байқалған, 
ал 8 айдан кейін кӛтерілу фазасының нысаналы әрекеті балалардың 92%-нан 
байқалған. Балаларды жүгіруге үйрету ширақ қимылдайтын ойындар, жаттығу 
ойындары  арқылы  жүзеге  асырылады  (тура  бағытпен,  ал  кейінірек-бытырап 
және бірінің артынан бірі жүгіру). Қол мен аяқ қозғалысының жақсы үйлесімі 
балаларда  жүруден  гӛрі  жүгіру  кезінде  тез  қалыптасады,  бұл  3  жасар 
балалардың 30%-да, 4 жасар балалардың 70-75%-да, 7 жасар балардың 90%-да 
байқалады.  4  жастан  7  жасқа  дейінгі  балалардың  жүгіру  тездігі  айтарлықтай 
ӛзгереді.  4  жастан  7  жасқа  дейінгі  балалардың  жүгіру  адымы  ұзындығының 
тұрақты  кеңейетіндігі  олардың  28-30%-нан  байқалады.  Мектепке  дейінгі 
жаста  жүгіру  адымының  жиілігі  аз  ӛзгереді:  4  жасар  ұлдардың  жүгіру 
адымының жиілігі 4,45 адым (секундына, қыздардың—4,18 адым) секундқа, 7 
жаста  тиісінше  4,26  адым  (секундқа  және  4,24  адым)  секундқа  тең.  Бұл 
мәліметтер  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  жүгіру  тездігінің  артуы 
айтарлықтай  дәрежеде  олардың  жүгіру  адымының  кеңеюі  есебінен  келіп 
шығады  деп  есептеуге  негіз  жасайды  (E.  Н.  Вавилова).  4  жасқа  қарағанда, 
жаттығудың  ықпалымен  жүгіру  кезінде  қол  мен  аяқтың  үйлесімі  жақсарады, 
ұшқырлық,  ырғақтылық  жетіледі.  Алайда,  бала  адымының  ұзындығы  әлі  де 
жеткілікті  болмайды.  Сондықтан  балалар  жүгіру  кезінде  сызылған  сызық, 
шеңбер  арқылы,  сондай-ақ  қатты  жүгіргенде  жалтарып  кететін  және  ұстап 
қалатын жаттығулар беріледі. Бала 5 жасында жүгіру техникасының дәлдігін, 
жеткілікті,  дәрежеде  толық  болмағанымен,  негізінен  меңгереді.  Yйрету 
кезінде  жүгіру  техникасының  дәлдігін,  оның  жеңіл  орындалуымен  тездігін 
жетілдіруге  назар  аударылады.  Балалар  6  жасында  ӛздеріне  қолайлы  жүгіру 
техникасын  меңгереді.  Жеңіл,  ырғақты,  құштарлықпен,  бір  қалыпты, 
қимылдардың  жақсы  үйлесімділігімен,  ұшқырлықпен,  бағытты  сақтап 
жүгіреді. Yйрету кезінде жүгіруді жетілдіруге, оның тездігін дамытуға басты 
назар аударылады (қашықтық 30 м). Балалар әртүрлі тапсырмаларды орындап, 
жалтара  жүгіріп  жаттығады.  Балалардың  жүгіру  қасиетін  жетілдіру 
мақсатымен,  жүру  кезіндегі  сияқты  жүгірудің  сан  алуан  түрлерін:  аяқтың 
ұшымен  жүгіруді,  адымды  кең  ашып  жүгіруді,  құрсақ  шандыры,  жауырын, 
табан бұлшық еттерін шынықтыратын санды биік кӛтеріп жүгіруді, қимылдың 
үйлесімі  мен  икемділігін  тәрбиелеуге  ықпал  ететін  музыка  үнімен  жеңіл, 
ырғақты  жүгіруді,  заттардың  арасымен  және  қолына  зат  ұстап  жүгіруді 


 
186 
(секіргіш,  шеңберлер),  кедергілерді  жеңе  отырып  және  кеңістікте  бағдар 
белгілеу  мен  қимыл  үйлесіміне  кӛмектесетін  шектеулі  тегістікте  (сызылған 
шекаралар)  жүгіруді,  сигнал  бойынша  және  кеңістіктегі  бағдарға  қарап, 
әртүрлі  тапсырмалармен  жүгіруді,  жарыса  жүгіруді,  кеңістікте  және  ұжымда 
бағдар  ұстау  үшін  жақсы  жаттығу  ретінде  қызмет  ететін  ептілікке  және 
баланың қоршаған жағдайды тез сезінуіне тәрбиелейтін жалтарып кетіп және 
ұстап  қалып,  бытырап  жүгіруді  пайдалану  тиімді  болады.  Жүгіру  кезіндегі 
жаттығулардың  тәрбиелік  маңызы,  балалардың  сан  алуан  пайдалы  бағдар 
алуында. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   294




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет