Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет157/294
Дата07.01.2022
өлшемі2.95 Mb.
#20622
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   294
Ӛрмелеу  циклді  қозғалыс  типіне  жатады.  Ӛрмелеу  және  тӛмен  түсу 
процесінде жүрумен ұқсас элементтердің кейбір қысқа мерзімдік қайталануы 
болады: әрбір аяқтың саты басқышына тірелген және екі аяқтың да басқышты 
басып  тұрған  сәтіндегі  қол  мен  аяқтың  кезек  қимылы.  Ӛрмелеу  кезіндегі 
циклдер қайталануының үздіксіздігі гимнастика жасайтын қабырғаның 1-1,5-2 
м  биіктігімен  айқындалады.  Мектепке  дейінгі  жаста  ӛрмелеудің  тӛмендегі 
түрлері  пайдаланылады:  кӛлденең  және  еңіс  жазықпен  еңбектеп  ӛрмелеу, 
асылып  түсу,  еңбектеп  ӛту,  еңбектеп  жүру  (еденде,  гимнастика 
отырғышында),  тік  биікке  ӛрмелеу  (гимнастика  жасайтын  қабырғада,  жеңіл 
баспалдақта,  арқаннан  жасалған  басқышта).  Ӛрмелеу  сан  рет  қайталау 
процесінде игерілетін күрделі шартты рефлекс болып табылады. Ол бұлшық, 
еттердің  айтарлықтай  бӛлігін  жұмысқа  қосады  және  осыған  байланысты 
баланың  бүкіл  организмінің  әрекет  ету  қызметін  арттыруға,  сондай-ақ 
тұлғаны дұрыс қалыптастыруға  кӛмектеседі. Ӛрмелеу бұлшық еттердің алма-
кезек  тартылуымен  және  босаңсуымен  сипатталады,  мұның  ӛзі  қимылдауға 
жұмсалған энергия шығынын қалпына келтіруге және дене күшімен неғұрлым 
ұзақ  уақыт  әрекет  етуге  мүмкіндік  береді.  Ӛрмелеу  кезінде  жасалатын 
жаттығу  қимыл-қозғалыс  үйлесімін  жақсартады,  тыныс  алу  және  қан 
айналымы  функциясын  жетілдіруге  кӛмектеседі,  зат  алмасуды  жақсартады. 
Баланың  8-9  айлығында  игеретін  еңбектеу  кезінде,  ӛрмелеу  кезіндегі  сияқты 
арқаның,  құрсақ  шандырының,  аяқтың бұлшық еттері  нығаяды.  Оның  үстіне 
қол-аяқтың  бірдей  тірек  болуының  арқасында  еңбектеу  кезінде  баланың 
омыртқасына  түсетін  күш  азаяды,  мұның  ӛзі  баланың  ӛсу  кезеңінде  ӛте 
маңызды.  Әуелі  балалар  жер  бауырлап  жылжиды,  ал  кейін  алақанымен, 
тізесімен  жер  тіреп  еңбектейді.  М.Ю.Кистяковскаяның  мәліметі  бойынша, 
кейбір  балаларда  еңбектеудің  неғұрлым  жетілген  формасы  бірден  пайда 
болады:  олар  қолдары  мен  аяқтарын  бірінен  соң  бірін  алма-кезек  басады. 
Жасы  ӛскен  сайын  жаттығу  біртіндеп  күрделендіріледі-кӛлденең  және  еңіс 
қалыпта  тұрған  тақтайдың,  одан  кейін  отырғыштың,  бӛрененің  үстімен 
жүргізеді. Мұнан да басқа балалар қақпаның, орындықтың астында еңбектеп 
жүру, жіптің, қақпаның астына еңбектеп кіру, бӛрененің, отырғыштың үстінен 
асып  ӛту  кезінде  жаттығады.  Омыртқаны  түзету  мақсатында  бұл 
жаттығулардан  кейін  балаларға  допты  лақтыру  және  ұстап  алу,  жалаушаны 
жоғары кӛтеру және т.с. ұсынылады. Бала жеткілікті дәрежеде дербес қимыл 
жасай  алатын  кезде  жантайып  қойылған  және  тік  тұрған,  биіктігі  1  метрлік 
сатыны  бойлап  ӛрмелейтін  жаттығу  ұсынылады.  М.Ю.Кистяковская  мен 


 
187 
3.С.Уварованың мәліметі бойынша ӛрмелеу екі жасқа қарағанда қалыптасады. 
Ӛрмелеу кезінде қозғалыста циклдік біртіндеп байқала бастайды, бағдар және 
қол-аяқ қимылының ауытқу шегі айқындалады. Бастапқыда бұл кӛзбен кӛріп 
талдау,  одан  әрі  кинестетикалық  талдау  арқылы  реттеледі.  Қосымша  адым 
аттау  әуелі  аралас,  ал  кейін  аяқтардың  кезекпен  аттауымен  алмастырылады. 
Тіпті,  үйреткеннің  ӛзінде  аяқтардың  кезекпен  аттауын  жантайтып  қойылған 
сатыға ӛрмелеу кезінде 2 жасар балалардың тек 20%-да, 3 жасар балалардың 
60%-да және тік қойылған сатыға ӛрмелеу кезінде 3 жасар балалардың 40%-да 
ғана  қалыптастыруға  болады.  А.Д.Удаланың  мәліметі  бойынша,  бес  жаста 
аяқтардың кезектесіп адым аттауы іштей әсер етумен, үйретусіз пайда болады. 
Осылай  адым  аттайтын  балалардың  ең  кӛп  саны  6-6,5  жаста  байқалады. 
Алайда,  7,5  жасқа  дейінгі  ұлдардың  40%-ы  және  қыздардың  47%-ы  ӛрмелеу 
кезінде  және  әсіресе,  сатыдан  түскен  кезде  қосымша  адымды  кӛбірек 
жасайтын  аралас  адымды  кӛбірек  қолданады.  Мұндайда  қол  мен  аяқтың 
ерсілі-қарсылы  қимылының  үйлесімі  кӛрінбейді.  Ӛрмелеу  кезінде  тездіктің 
барынша  ӛсуі  5-5,5  жаста  байқалады,  оның  үстіне  ұлдар  тез  ӛрмелеп,  7-7,5 
жаста ең жоғары тездікке жетеді. Жүйелі түрде үйреткен жағдайда ересектер 
мен дайындық тобының балалары қосымша тапсырмаларды орындай отырып, 
трибунаға  шығуда  және  оның  екінші  бӛлігіне  адымдап  ӛтуде,  трибунадағы 
алаңға  жетіп,  жалаушаны  кӛтеруде,  трибунаның  ең  жоғарғысына  жүгіріп 
шығуда («Mаймылдар мен аңшылар», «JIентамен ұстау» және басқа ойындар) 
тез  және  ырғақты  ӛрмелейді.  Бұл  жаттығулар  барлық  жастағы  топтарда 
тәрбиешінің  тікелей  бақылауымен  ӛткізілуі  керек.  Күн  сайын  ӛрмелеу 
жаттығуын жасау баланың бойында қажетті ӛмірлік дағдыны қалыптастырады 
және  қозғалыстар  үйлесімділігіне  тәрбиелейді.  Бұл  үшін  топ  бӛлмесіне  ең 
болмағанда  бір  басқышты  гимнастикалық  саты,  балабақша  ауласына 
мұнаралы трибуна, шағын дуалшалар орнату ұсынылады. Ӛрмелеу процесінде 
бала  қажетті  дәрежеде  қажырлыққа  тәрбиеленеді  (батылдық,  табандылық, 
зеректік,  ептілік).  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  жүйке  жүйелері 
кемелденуінің  жеткіліксіздігіне,  сүйек-буын  сіңірі  аппаратының  әлсіздігіне, 
кеудеге  қарағанда  білезік  бұлшық  еттері  күшінің  аздығына  байланысты 
бӛрененің, арқанның үстімен жүру қиын. Мектеп жасына дейінгі балалардың 
қолымен  асылып  тұруына  болмайды:  бұл  бұлшық  етке  ұзақ  уақыт  тұрақты 
күш түсіруді, буындар мен сіңірлердің уақытынан бұрын созылуын туғызады, 
жүйке жүйесін шаршатады. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   294




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет