Дєріс тезистері


Сабақ  ӛткізу  әдістемесі



Pdf көрінісі
бет196/294
Дата07.01.2022
өлшемі2.95 Mb.
#20622
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   294
Сабақ  ӛткізу  әдістемесі.  Сабаққа  арнап  дене  жаттықтыруларын  іріктеп  алу 
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бағдарламасы негізінде жасалған жұмыс 
жоспарымен анықталады. Белгілі бір топтағы балалардың жасын, әрбір баланың 
жеке  басының  денсаулық  жағдайын,  дамуының  жалпы  дәрежесін  балалар 
игерген  қимыл  дағдыларын,  әрбір  баланың  жеке  басының  типологиялық 
ерекшелігін,  жыл  мезгілін,  сабақ  ӛткізу  үшін  жасалған  жағдайды,  сондай-ақ 
балалардың  бұрынғы  әрекеттерін  есепке  алуды  да  ескеретін  перспективалық 
және календарлық жоспарларды негізге ала отырып, міндеттер белгіленеді және 
нақты  дене  жаттықтырулары  іріктеліп  алынады.  Кезекті  сабақтың  жоспарын 
талдап  жасауға  бұрын  ӛткен  2-3  сабақтың,  әсіресе  соңғы  сабақтың  тиянақты 
талдауы  алғы  шарт  болады.  Талдау  процесінде  ӛткен  сабақта  қойылған 
міндеттердің  жүзеге  асырылу  дәрежесі,  балалардың  реакциясынан  кӛрінетін 
және  әрбір  сабақты  есепке  алу  негізінде  белгіленетін  нәтижелер  (жаңа 
бағдарламалық материалды барлық және жекелеген балалардың игеру дәрежесі, 
ӛздеріне  таныс  қимылды  игерудегі  прогресс,  қосымша  жаттығуларды, 
жеңілдетілген  нұсқаларды  неғұрлым  дәлдікпен  үйренуді,  сабақта  балаларды 
ұйымдастыру  формаларын  ӛзгертуді,  жеке  бӛліп  сабақ  жүргізуді  т.б.) 
анықталады. Бұрын ӛткізілген және соңғы сабақтың тығыз байланысы, олардың 
жалпыға  ортақ  мақсаттылығы  орындалу  кезінде  бірте-бірте  күрделенетін 
міндеттердің айқын дәйектілігін белгілейтін үйлесімді жүйесін, бағдарламаның 
ӛтуін  және  сол  арқылы  кез  келген  жастағы  топтың  балаларын  үйретудің 
табысты нәтижесін қамтамасыз етеді. Ӛткен сабаққа талдау жасау негізінде, ең 
алдымен, негізгі бӛлімнің: балаларға жаңа жаттығулар үйрету, бұрын ӛздеріне 
таныс  жаттығуларды  қайталау,  жетілдіру  міндеттері  анықталады.  Нақты  дене 
тәрбиесі  жаттығулары  атап  кӛрсетіледі.  Одан  кейін  сабақтың  кіріспе  және 
қорытынды  бӛлімі  анықталады.  Сабақта  тәрбиеші  балаларды  ұйымдастыруда 
әртүрлі яғни әдістерін жаппай, топтық, жеке әдіс-тәсілдерді пайдаланады. 
Ж а п п а й   ә д і с т і   пайдалана  отырып,  балалардың  бәріне  орындалу 
тәртібі бірдей жаттығу ұсынады, олар бір мезгілде орындалады. Жаппай әдісті 
қолдану сабақтың кез келген бӛлімінде, әсіресе балаларға жаңа жаттығу үйрету 
және ӛздеріне бұрыннан таныс жаттығуларды жетілдіру кезінде тиімді болады. 
Бұл  әдіс  балалардың  бойында  әрекет  үйлесімділігін  қалыптастыру,  оларды 


 
250 
жалпыға  ортақ  міндетті  шешуге  біріктіру,  тәрбиешінің  балалармен  тікелей 
қатынаста болуы, сондай-ақ сабақтың қозғаушы күшін арттыру үшін пайдалы. 
Жаттығуды  үйрету  және  оның  егжей-тегжейін  анықтау  процесінде  
балалар  к е з е к п е н   әрекет  ететін  шағын  топтарға  бӛлінуі  мүмкін.  Тәрбиеші 
бір немесе екі топтың жаттығуды орындауын бақылау мүмкіндігіне ие болады, 
ал қалған балалар ӛз жолдастарының әрекеттерін бақылайды және тәрбиешіні 
тыңдайды. 
      Жаттығуды  орындаудың  бұдан  да  басқа,  толассыз  әдісі  пайдаланылады, 
мұндайда  балалар  кезекпен,  бірінің  соңынан  бірі,  үзіліс-толассыз  бір  ғана 
жаттығуды  орындайды.  Жаттығудың  кӛп  қайталануын  жүзеге  асыру  үшін 
жаттығу жасау екі, үш дүркін ұйымдастырылуы мүмкін. Әрбір баланың әртүрлі 
жаттығуларды  шеңбер  бойлап,  станциялық  жүйелі  тәртіппен  толассыз 
орындауды (мысалы, шығыршықтан ӛту отырғыштың үстімен бойды тік ұстап 
ӛту, секіру, қоңырауды соғу, жүгіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру) пайдалы 
болады. 
     Дене тәрбиесі жаттығуларын толассыз әдіспен орындауды ересектер және 
дайындық  топтарының  балаларымен  жаттығу  ӛткізгенде  қолдану  тиімді.  Бұл 
әдістің  жаттығуларды  жетілдіру  кезіндегі  маңызының  ерекшелігін,  ал 
жаттығуларды  үйрену  кезіндегі  маңызының  болмашылығын  атап  кӛрсетуіміз 
керек.  Толассыз  қимылдың  үздіксіздігі  кейде  балалардың  дәл  емес  қимыл- 
әрекеттерін тәрбиешінің түзетуіне мүмкіндік бермейді, ол әрбір баланы бақылап 
тұрады  және  сол  кезде  жаттығудың  орындалуына  қысқаша  баға  бере  алады 
немесе  ескерту  жасай  алады.  Сонымен  бірге  қимыл  дағдыларын  жетілдіру 
кезінде  толассыз  әдісті  қолдану  балалардың  дене  күшінің  тездік,  ептілік,  күш, 
тӛзімділік,  кеңістікте  бағдар  белгілей  білу  қабілеттерін  қалыптастыруға 
кӛмектеседі. 
Ересектер 
және 
даярлық 
топтарында 
топталып 
ойнау 
әдісі  
пайдаланылады.  Бұл  әдіс  сабақта  тәрбиешінің  балаларды  үйрету  және 
балалардың  ӛздері  бұрын  игерген  қимыл  дағдыларын  ӛз  беттерінше  жетілдіру 
процесі ұштастырылған жағдайда ғана қолданылады. Бұл орайда балалардың бір 
тобы тәрбиешінің басшылығымен қандай да бір қимыл әрекетін үйренеді, екінші 
топ  (немесе  шағын  екі  топ)  бұл  кезде  қимылдың  басқа  түрімен  ӛз  бетінше 
(қайталап) жаттығады. Балалардың екі немесе үш тобы ӛздеріне таныс, бірақ әр 
түрлі  жаттығуларды  (доппен  ойнау,  ӛрмелеу,  тепе-теңдік  жаттығуы  т.б.) 
орындап жатуы мүмкін. Тікелей балалардың бір тобын үйрете жүріп, тәрбиеші 
жаттығу  жасап  жатқандардың  бәрін  ӛз  назарында  ұстайды,  ӛз  қимылдарының 
дұрыстығын,  рет-ретін,  тәртібін  ӛздері  бақылауын  ұсынады.  Мұндай 
ұйымдастыру  жағдайында  балалардың  бойында  жауапкершілік,  ұстамдылық, 
жалпыға  бірдей  іскерлік  кӛңіл  күйді  бұзбай  тапсырманы  ӛз  бетінше  орындай 
білу,  ӛз  дағдыларын  саналы  түрде  жетілдіру  қабілеті  қалыптасады,  сондай-ақ 
сабақ  барысында  бүкіл  топтың  қимыл  ширақтылығын,  сабақтың  қозғаушы 
күшін сақтауға мүмкіндік береді. Балалардың сабақ кезіндегі зейіні, белсенділігі 
олардың 
эмоциялық 
жағдайы 
әртүрлі 
жастағы 
топтарда 
қимыл 
материалдарының  іріктеп  алынуына,  тәрбиешінің  қолданатын  тәсілдері  мен 
сабақ  кезінде  балаларды  ұйымдастыру  әдістеріне  байланысты.  Егер  балалар 


 
251 
ұйымдастырудың  әртүрлі  әдістері  арқылы  қимыл  әрекеттерін  үйрету,  қимыл-
қозғалыс  ойындарын  ӛткізу  процесінде  қимылға  бір  мезгілде  тартылса  оларда 
тұрақты  зейінділік,  эмоциялық-жағымды  күй,  тапсырмаға  толық  дәрежелі 
реакция байқалады. Қимыл әрекетіне балалардың тек бір бӛлігі ғана тартылып, 
ал екінші бӛлігі орындайтын тапсырма болмай, әрекет ету үшін ӛз кезегін күтіп 
тұрған  жағдайда,  кезек  күтіп  тұрған  топ  «қозғаушы,  алаңдаушылық»  белгі-
деректік тұрақтылығының жеткіліксіздігінің белгілерін кӛрсете бастайды. 
   Сабақ  процесінде  ж е к е   ә д і с   пайдаланылуы  мүмкін,  ондайда  әрбір 
бала  ӛзіне  берілген  тапсырманы  тәрбиешінің  бақылаумен  ӛз  бетінше 
орындайды. Жалпыға бірдей жаттығудың егжей-тегжейін анықтау мақсатында 
ол  да  тәрбиешінің  шақыруымен  жеке  орындалады.  Мұндай  әдіс  тәрбиешінің 
ерекше  кӛңіл  аударуын,  балаларды  жақсы  ұйымдастыруды,  балалардың  бәрін 
сергек  бақылауға  және  тапсырманың  орындалу  дұрыстығына  талдау  жасауға 
тартуды,  тәрбиешінің  шақыруымен  жаттығуды  қайта  жасауға  дайын  тұруды 
талап  етеді.  Сабақ  кезінде  ұйымдастырудың  кӛрсетілген  әдістерін  пайдалану 
тәрбиеші  қойған  міндеттерге,  сабақ  ӛткізілетін  жағдайларға,  тиімді  түрде 
жүзеге  асыруға  байланысты.  Балаларды  үйрету  кезінде  ұйымдастыру  
сабақтарының  тиімділігін  арттыруға  жеткізетін  әртүрлі  әдістерді  аралас 
қолдану неғұрлым пайдалы болады.  Мектеп жасына дейінгі балалармен  дене 
шынықтыру  сабағын  жүргізу  кезінде  организмге  түсетін  ауыртпалықтың 
неғұрлым тиімді кезектесуі талап етіледі.  Сабақ процесіндегі тынығу  белсенді 
және енжар болуы мүмкін. Белсенді тынығу біршама қажу туғызатын алдыңғы 
әрекетке 
ауыстыруды 
кӛздейді.  Енжар 
тынығуға 
қимыл 
әрекетін 
болдырмайтын  тыныштық  тән.  Сабақтарда  денеге  түсетін  ауыртпалық  пен 
белсенді  тынығуды  дұрыс  кезектестіре  білу  баланың  зейінінің  мейлінше 
дәрежеде  болуын  сақтауды  қамтамасыз  етеді,  табиғи  түрде  дамитын  қажуды 
болдырмайды.  Бұл  орайда  белгілі  дәрежеде  дененің  ширығуын  және  күш 
жұмсауды,  ал  осыған  байланысты  қажуды  тудыратын  ауыртпалық  организмді 
қалпына  келтіру  процестері  үшін  стимул,  оның  функциялық  мүмкіндіктерін 
арттыру болып табылады. 
Жұмыс  пен  тынығуды  кезектестірген  кезде  организмнің  жұмыс  істеу 
қабілеті  белгілі  бір  фазалардың  ауысуы  процесінде  заңды  түрде  ӛзгеретінін 
қолда бар зерттеулер кӛрсетіп отыр. Айтарлықтай күш түскен жағдайда жұмыс 
істеу қабілеті біршама қажумен қатарласа келіп, біртіндеп тӛмендейді. Баланың 
организмді  тынықтыратын  қимыл  әрекетінің  алмасуы  қалпына  келтіру 
процестерін  жеделдетуге  кӛмектеседі,  олар  денеге  түсетін  бұдан  бұрынғы 
ауыртпалықтан стимул алады. Сӛйтіп, қажу мен қалпына келтіру процестерінің 
табиғи байланысы және бір-біріне ӛзара ауысуы жұмыс пен тынығудың заңды 
түрде  ӛзара  алмасуын  айқындайды.  Сабақтың  кіріспе  бӛлімі  организмнің 
біртіндеп жұмыс істеуіне және баланы сабақтың негізгі бӛліміне дайындайтын 
психикалық  функцияның  жандануына  жағдай  жасайтындығы  жоғарыда 
кӛрсетілді.  Негізгі  бӛлімнің  бас  кезінде  балаларға  назар  аударуды  барынша 
жинақтауды  талап  ететін  жаңа  материал  ұынылады.  Баланы  жаңа  қимыл 
әрекетіне үйрету кезінде баланың кӛз алдында ол қимылдың алғашқы бейнесі, 
қимыл түсінігі пайда болады.  Бұл тәрбиешінің балалардың кӛз алдында жасап 


 
252 
кӛрсетпей  жаттығуды  орындау  әдісін  айтып  беруге  немесе  түсіндіруіне  қарай 
балалардың  тапсырманы  ұғынуымен,  жаттығу  элементтерінің  жүйелілігін 
бақылаумен  байланысты.  Бұдан  кейін  балалар  оны  ӛз  беттерінше  қайта  жасай 
бастайды.  Бұл  кезде  бала  жаттығуды  мүмкіндігінше  дәл  орындауға  тырысып 
ерік  (ой  және  дене)  күшін  кӛрсетеді.  Мұның  бәрі  жүйке  жүйесінің  жеткілікті 
дәрежеде  ширығуын  организмнің  психикалық  және  физиологиялық 
функциясының  артуын  туғызады.  Сондықтан  мұндай  процесс  ӛте  ұзаққа 
созылмауы  керек.  Ми  қыртысы  клеткаларының  бір  тобының  немесе  тұтастай 
учаскесінің  ұзақ  уақыт  қозуы  басқа  клеткалардың  немесе  учаскенің  тежелу 
құбылысын  сӛзсіз  туғызады.  Сырттай  қарағанда  бұл  балалардың  зейінінің 
шашыраңқылығынан,  қызығушылығы  мен  эмоциясының  тӛмендеуінен,  қимыл 
үйлесімінің  қандай  да  бір  бұзылуынан,  кейде  күшті  елігуінен  кӛрінеді. 
Тежеудің маңызды функцияларының бірі - ми қыртысының клеткаларын артық 
елігуден  қорғау.  Егер  тітіркендіргіш  ӛте  ұзаққа  созылатын  болса  немесе  жиі 
қайталанса немесе егер ол шектен тыс күшті, қауіпті титықтату болып шықса, 
онда  қабық  еліктіруді  тӛмендетеді  және  қоздыруға  жауап  беруден  қалады. 
Осыған байланысты жұмыс мӛлшерінің, баланы бір әрекеттен екінші әрекетке 
дер  кезінде  ауыстырудың,  жұмыс  пен  тынығудың  жүйелі  түрде  кезектесуінің 
қандай  рӛл  атқаратындығы  түсінікті  болады.  Балалар  жаңа  жаттығуды 
игергеннен  кейін  оларға  қайталайтын,  кӛп  күш  жұмсамай-ақ  орындайтын 
жаттығулар ұсынылады. Ӛздеріне таныс жаттығуды орындар алдында балалар 
тәрбиешінің  сӛзбен  айтқан  нұсқауын  тыңдап  алады,  содан  кейін  қимыл 
әрекеттерін  сан  рет  қайталап  жасайды.  Тәрбиешінің  нұсқау  беруге  кеткен 
уақыты  балалардың  ақыл-ой  әрекетін  жандандыра  түсіп,  бұлшық  ет  қызметін 
тынықтырады.  Осыдан  кейін  қимыл  әрекетінің  әрбір  егжей-тегжейін  саналы 
түрде  орындайды,  бақылайды,  бірнеше  рет  қайталау  арқылы  игере  отырып, 
оның  дұрыстығын  анықтайды.  Осының  ізінше  балаларға  бұрыннан  таныс 
жаттығу  немесе  тұрақты  игеру  сатысына  жеткен  бір  нұсқасы  ұсынылады.  Бұл 
жаттығулардың  орындалуы  балалардың  тапсырманы  ұғынуын  сақтауды 
кӛздейді, 
бірақ 
бұған 
дейін 
игерілген 
жүйенің, 
олардың 
автоматтандырылуының  арқасында  қимыл  әрекетін  орындау  әдісінің  ӛзіне 
назар  аударуды  талап  етпейді.  Жаттығудың  орындалу  әдісін  әрбір  баланың 
жеке ӛзінің еске түсіру және айтып беруі ұсынылады, содан кейін оны барлық 
бала  қайталап  жасайды.  Кӛрсетілген  (үлгі  ретіндегі)  сабақтың  кезектесуі 
тәрбиешіге бүкіл сабақтың организмнің психикалық және дене функциясының 
қажетті  ӛзара  байланысын  туғызатын  қолайлы  (асығыссыз)  қарқыны, 
балалардың әрекет сипатының алмастырылуын, жаттығуларды қайталау санын 
кӛздеуге  мүмкіндік  береді.  Сабақ  кезінде  балалардың  әрекетін  дұрыс 
кезектестіру  оның  жалпы  тығыздығын  қамтамасыз  етеді.  Сабақтың  жалпы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   294




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет