Дєріс тезистері


«Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп-ұстауға және



Pdf көрінісі
бет282/294
Дата07.01.2022
өлшемі2.95 Mb.
#20622
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   294
«Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық ережелері 
1. Жалпы ережелер 
1.Осы  «Білім  берудің  мектепке  дейінгі  ұйымдарын  күтіп-ұстауға  және 
пайдалануға 
 
қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық 
талаптар» 
санитариялық  ережелері  (бұдан  әрі  –  санитариялық  ережелер)  білім  берудің 
мектепке дейінгі ұйымдарын жобалауға, құрылысына, реконстукциялауға,  жер 
учаскесіне, ғимаратқа, үй-жайларды күтіп ұстауға, жӛндеуге және пайдалануға 
енгізуге,  жабдықтауға,  тамақтандыруды  ұйымдастыруға,  ауа-жылу  режиміне, 
табиғи  және  жасанды  жарықтандыруға,  сумен  жабдықтауға  және  кәрізге, 
медициналық  кӛмек  кӛрсетуге  және  гигиеналық  тәрбиеге  қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.  
2.Осы  санитариялық  ережелер  қызметі  барлық  типтегі  және  түрдегі 
мектепке  дейінгі  ұйымдарды  пайдаланумен  және  күтіп-ұстаумен  байланысты 
жеке және заңды тұлғаларға арналады.  
3.Осы санитариялық ережелерде мынадай терминдер пайдаланылды:  
1) 
білім  берудің  мектепке  дейінгі  ұйымдары  -  Қазақстан 
Республикасының  заңдарына,  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  және  оқытудың 
мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде әзірленген бағдарламалар 
мен  оқу  жоспарларына  сәйкес  тәрбие-білім  беру  қызметін  жүзеге  асыратын, 
сондай-ақ қосымша сауықтыру және заңнамада кӛзделген басқа да қызметтерді 
кӛрсететін жеке және заңды тұлғалар
2)  білім  берудің  жалпы  типтегі  мектепке  дейінгі  ұйымдары  – 
сыйымдылығы  4-тен  бастап  12-ге  дейін  топ  болатын,  ережеге  сай  ӛзінің 
тәрбиеленушілерінің тұрақты контингентіне педагогикалық және медициналық 
қызмет  кӛрсететін  және  жеке  тұрған  ғимаратта  орналасатын  мектепке  дейінгі 
ұйымдар; 
3)  шағын  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары  (шағын  орталықтар)  – 
сыйымдылығы 3 топқа дейінгі, ережеге сай жеке тұрған ғимаратта, кӛп пәтерлі 


 
352 
тұрғын  үйде,  сондай-ақ  құрылған-жапсарлас  үй-жайларда  орналасатын 
мектепке дейінгі ұйымдар
4) топтық бӛлік – бір топтың балаларына арналған үй-жай жиынтығы; 
5) топтың жинақталуы – топтағы балалардың нормаланатын саны; 
6) күн тәртібі – балаларға арналған белгіленген күн тәртібі;  
7)  таңертеңгі  сүзгі  -  инфекциялық  аурулардың  әкелінуінің  алдын  алуға 
бағытталған профилактикалық медициналық іс-шаралар;  
8) дене тәрбиесі - адамның денсаулығын нығайтуға және дене қабілетін 
дамытуға бағытталған қызмет саласы;  
9)  тиімді  тамақтандыру  –  тамақтанудың  физиологиялық  және  жас 
нормаларын ескере  отырып, баланстанған тамақтандыру;  
10)  бракераж  –  органолептикалық  кӛрсеткіштер  бойынша  тамақ 
ӛнімдерінің және дайын тағамның сапасын бағалау;  
11) изолятор - науқасты оқшаулауға арналған үй-жай;  
12)  инсоляция  -  үй-жайды  гигиеналық  бағалау  үшін  күн  радиациясын 
нормалайтын кӛрсеткіш;  
13)  табиғи жарықтандыру  коэффициенті  (бұдан  әрі  -  ТЖК)  –  үй-жайды 
табиғи жарықтандыруды нормалайтын кӛрсеткіш;  
14) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температура, ылғалдылық) 
бойынша бӛлінетін аумақ;  
15)  септик  –  ағынды  сұйықтық  ағып  ӛтетін  бір  немесе  бірнеше 
камерадан тұратын кӛлденең типтегі жер астындағы тұндырғыш ретінде шағын 
кӛлемдегі тұрмыстық ағынды суды тазалауға арналған құрылыс;    
16)  дезинфекциялау  құралдары  –  қоршаған  орта  объектілерінде 
инфекциялық  аурулар  қоздырғыштарын  жою  үшін  қолданылатын  химиялық 
заттар.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   294




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет