Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет7/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   294
Дене дайындығы - белгілі бір іс-әрекетке байланысты мақсатты 
орындауға бағытталған дене тәрбиесінің мамандандырылған процесі. 
Дене  тәрбиесінің  жүйесі,  бұл  ұғым  дене  тәрбиесінің  әлеуметтік 
практикасындағы белгілі тарихи үлгіні белгілейді. 
Дене  қуатының  тынығуы  -  жаттығу  жасау  арқылы  белсенді  демалыс 
ұйымдастыру.  Ол  дене  тәрбиесі  жаттығуларының  кӛмегімен  адамның  кӛңілін 
кӛтеріп, бір әрекеттен екінші әрекетке кӛшіреді. Дене қуатын қалпына келтіру - 
адам  организмінің  ауырған  жеріне  массаж  жасау,  булау,  су  процедуралары 
арқылы емдеп, қалпына келтіру, дене қуаты қасиетін үйлесімді дамытып, жан-
жақты дайындығы жоғары деңгейге жеткізу. Дене қуаты білімі - адамды қимыл 
ептілігі мен дағдыға үйрету және теориялық біліммен қаруландыру. 
Дене әзірлігі - бұл дене шынықтыру кешенінің талаптары мен нормалары 
және  Біртұтас  спорттық  жүйемен  (спорттық  разрядтар  мен  атақтар) 
анықталатын  қозғалыс  дағдыларының,  іскерліктің,  дене  қасиеттерінің  даму 
деңгейі. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін денені жаттықтырудың барлық 
негізгі түрлері бойынша нормативтік кӛрсеткіштер және оларды орындаудың 
сапасына  қойылатын  талаптар  («Мектепке  дейінгі    тәрбие  мен  оқыту 
бағдарламасында») талдап жасалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет