Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата22.12.2016
өлшемі0,68 Mb.
#187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

«Еске  түсіру»  ойыны.  Қатар  отырған  оқушылар  бір-біріне  теріс  қарап  отырады  да, 
парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса, 
белдемшесінің түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл 
ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың 
есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады. 
«Сауат ашу» пәнінің мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол 
жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды 
талап етеді.
«Сұрақтар жаңбыры»
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа сұрақтар 
жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған 
парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай 
жалғаса береді.
«Суретті әңгімеле»
Ұйымдастыру: барлық сыныппен, жұппен жұмыс.
Мақсаты:  бір  бөлігі  берілген  сурет  бойынша  әңгімелету,  суреттегі  оқиғаның  басын  және 
соңын болжату арқылы тапқызу. 
Қажетті материалдар: сериялы суреттер. 
Сипаттамасы:  оқушыларға  сурет  көрсетіліп,  әңгімелетіледі.  Қажет  болған  жағдайда 
әңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады. Сурет әңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. 
Оқушыларға суретте бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжаты-
лады. Оқушылардың өз әңгімелері тыңдалғаннан кейін әңгіменің толық нұсқасы оқып беріледі. 
Оқушылар өздері құраған әңгіме мен әңгіменің шынайы сюжетін салыстырады. Оқушыларға 
әңгімедегі негізгі ойды табу тапсырылады. 

9
«Әңгімеге негізделген жазу»
Ұйымдастыру: топпен/жұппен жұмыс.
Мақсаты: әңгіме желісі бойынша орындалған жұмысты топтарда немесе жұптарда талқылай 
отырып жазу; әңгіме туралы өз ойларын ортаға салу және пікір алмасу.
Қажетті материалдар: ақ парақтар, қалам.
Сипаттамасы: берілген әңгіме бойынша шақыру қағазын, хат, ашық хат, электрондық хат, 
күнделік жаздыру үшін оқушылар шағын топтарға немесе жұптарға бөлінеді. Оқушылар берілген 
жұмыс түрлерінің бірін таңдайды немесе жеребе арқылы анықталады. Жазу уақыты белгіленіп, 
оқушыларға ескертіледі. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайланады. Оқушылар не жазатында-
рын талқылап, бір-бірімен пікір алмасады. Жазып біткеннен кейін олар өз жұмыстары төңірегінде 
ой бөліседі. 
1. Шақыру қағазы
Оқушылар  мазмұны  кеш,  туған  күн  немесе  басқа  да  мерекелер  туралы  айтылған  әңгімені 
тыңдағаннан кейін шақыру қағазын жазады. 
2. Хат 
Оқушылар әңгіме кейіпкерінің атынан хат жазады.
3. Ашық хат
Оқушылар әңгіме кейіпкерінің атынан кейіпкердің ата-анасына хат жазады.
4. e-mail
Оқушылар әңгіменің бір кейіпкеріне электрондық хат жазады.
«Детектив»
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы:  Оқушылар  екі  топқа  біріктіріледі.  Екі  топқа  да  шытырман  оқиғалы  мәтін 
шағын бөліктерге бөлініп, қима қағаздарға жазылып беріледі. Олар 15 минут ішінде осы мәтіндегі 
шытырман  оқиғаның  шешімін  табуы  тиіс.  Әр  топ  өз  шешімдерін  айтады.  Қандай  тәсілмен 
анықтағандары талқыланып, ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.
«Коллаж әңгіме»
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: оқушыларға түрлі түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан 
қиып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.
«Менің сөзім»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау. 
Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап 
айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, 
сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
«Жағымды, жағымсыз, даулы»
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын 
арттыру.
Сипаттамасы:  оқушылар  шағын  топтарға  біріктіріледі.  Әр  топ  оқылған  әңгімені  немесе 
мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын (идеяларын) ай-
тады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяла-
рын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.
«Неге? Неге? Неге?»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

10
Мақсаты:  орындалған  тапсырмалардың  түйінді  тұстарымен  ой  бөлісу  және  оқушылардың 
рефлексиялық ойлауын дамыту.
Сипаттамасы: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін ай-
тады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап 
беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар да 
осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында оқушылар орындалған тап-
сырмаларды еске түсіріп, олардың түйінді тұстарымен ой бөліседі.
«Қол белгісі»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту.
Сипаттамасы:  Мұғалім  оқушылардан  тақырыпты  түсінгендігін  немесе  түсінбегендігін  қол 
белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын» деген-
дер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдың бас 
бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды.
Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін біле алады.
«Бағдаршам»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту.
Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім 
олардан  сабақты  түсінген-түсінбегеніне  сәйкес  карточкаларды  көтеруін  сұрайды.  Жасыл  кар-
точка көтерген оқушылар барлығын түсінген болып есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша 
қойылады.  Сары  және  қызыл  карточка  көтергендерден  не  түсініксіз  болғаны  айқындалып, 
тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.
Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.
Пән  мазмұны  оқу  бөлімдері  бойынша  ұйымдастырылған.  Әр  бөлім  өз  кезегінде  әрі  қарай 
бөлімшелерге  бөлінген.  Бөлімшелерде 
оқу  мақсаттары  белгіленген,  олар  білім  немесе  түсінік, 
дағды  немесе  білік  бойынша  күтілетін  нәтижелер  түрінде  берілген.  Әрбір  кіші  бөлімшенің 
ішінде  бірізділікпен  орналастырылған  және  сол  арқылы  мұғалімге  өз  жұмысын  жоспарлауға, 
оқушылардың  еңбегін  бағалауға  оқытудың  келесі  кезеңі  туралы  ақпараттандыруға  мүмкіндік 
беретін оқу мақсаттары бірізділікпен орналастырылған. 

11
ОҚУЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ҮЛГІ-ЖОСПАРЫ
(Барлығы – 150 сағат, аптасына – 6 сағат)

Тақырыптар
Сағат 
саны
1
Өзім туралы 
2
Сәлем саған, мектебім! Сөйлеу
1
3
Оқушымын мен енді! Сөйлеу
1
4
Кел, танысайық. Осы менің туған елім! Сөйлем
1
5
Сыныптағы танысу. Сөйлем
2
6
Оқу құралдарымен таныс болайық. Сөз
1
7
Әдептілікке үйренейік. Сөз
1
8
Маған ұнайтын өлеңдер. Сөз.
3
9
Маған не ұнайды?
 Буын
2
10
Мен жақсы көретін жан-жануарлар. Буын
2
11
Мен ұнататын жыл мезгілі. Дыбыс
1
12
Мен ұнататын ертегілер. Дыбыс
1
13
Дыбыстар әлемі несімен ұнайды? Дыбыс
3
14
Мен ақынмын. Дыбыс
2
15
Баспана түрлері. Дыбыс. Сөйлеу
2
16
Өз үйімді сипаттаймын. Дыбыс. Сөйлем. Сөйлеу
3
17
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
4
18
Менің мектебім
19
Мектебіме саяхат. 
А дыбысы мен әрпі
2
20
Мектебіме саяхат. 
Н дыбысы мен әрпі
3
21
Мектеп ауласына саяхат. 
Л дыбысы мен әрпі 
3
22
Мектеп шеберханасына саяхат. 
Р дыбысы мен әрпі
3
23
Менiң мектепке баратын жолым. 
О дыбысы мен әрпі
2
24
Менiң мектепке баратын жолым. 
Т дыбысы мен әрпі
3
25
Сыныптан тыс уақытта. 
У дыбысы мен әрпі 
3
26
Сыныптан тыс уақытта. 
Ш дыбысы мен әрпі
2

12
27
Сыныптан тыс уақытта. 
С дыбысы мен әрпі
2
28
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
1
29
Менің отбасым және достарым
30
Менің достарым. 
Д дыбысы мен әрпі
3
31
Менің сыныптас достарым. 
Ы дыбысы мен әрпі
3
32
Менің отбасым. 
М дыбысы мен әрпі
3
33
Менің отбасым. 
Қ дыбысы мен әрпі
4
34
Менің отбасым. 
Ұ дыбысы мен әрпі
4
35
Менің отбасым. 
І дыбысы мен әрпі
4
36
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
1
37
Бізді қоршаған әлем
38
Мен және табиғат. 
Е дыбысы мен әрпі
2
39
Мен және табиғат. 
К дыбысы мен әрпі
3
40
Мен және табиғат. 
Ү дыбысы мен әрпі
4
41
Мен және табиғат. 
И дыбысы мен әрпі
3
42
Мен және табиғат. 
Й дыбысы мен әрпі
2
43
Мен және табиғат. 
Ғ дыбысы мен әрпі
3
44
Мен және табиғат. 
Г дыбысы мен әрпі
2
45
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
1
46
Саяхат 
47
Орманға саяхат. 
ң дыбысы мен әрпі
3
48
Табиғатқа саяхат. 
Ө дыбысы мен әрпі
4
49
Табиғатқа саяхат. 
З дыбысы мен әрпі
3
50
Табиғатқа саяхат. 
Ә дыбысы мен әрпі
3
51
Табиғатқа саяхат. 
Ж дыбысы мен әрпі
3
52
Табиғатқа саяхат. 
П дыбысы мен әрпі
3
53
Табиғатқа саяхат. 
Б дыбысы мен әрпі
3
54
«Х» еліне саяхат. 
Х дыбысы мен әрпі
2
55
Қаһарлы не, қаһарман кім? 
һ дыбысы мен әрпі
2
56
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
1

13
57
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
58
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? 
Я әрпі
2
59
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? 
Ф дыбысы мен әрпі
2
60
Кейіпкерлерді сипаттаймын. 
Ю әрпі
2
61
Кейіпкерлерді сипаттаймын. 
Ё әрпі
2
62
Ұлттық ойын туралы не білемін? 
В дыбысы мен әрпі
2
63
Ұлттық ойын туралы не білемін? 
Э дыбысы мен әрпі
3
64
Ойын ережесі деген не? 
Ц дыбысы мен әрпі
2
65
Ойын ережесін құра аламын. 
Щ дыбысы мен әрпі
2
66
Ойын ережесін құра аламын. 
Ч дыбысы мен әрпі
1
67
Ойын ережесін құра аламын. 
ь таңбасы
1
68
Ойын ережесін құра аламын. 
ъ таңбасы
1
69
Нәтиже сабақтар
7
 
 
Әдістемедегі ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері бойынша әріптік белгілердің мәні төмендегідей:
Ұ = ұжымдық жұмыс (сыныппен)  
ОТ = оқушының тәжірибесі
Т = топтық жұмыс  
МК = мұғалімнің көрсетуі
Ж = жұптық жұмыс  
Қ = қалыптастырушы (формативті) бағалау 
 
Ө = өзіндік жұмыс 
 
 
Ескерту: «Мұғалімнің сыйы» бағытында ұсынылған тапсырмаларды өз қалауыңыз бойынша 
қосымша ақпараттар ретінде қолдануыңызға болады.

14
 «Сауат ашу» пәні. 1-сынып
1-бөлім. Өзім туралы
Осыған дейін меңгерілген білім
1-бөлім үйде/мектепке дейінгі ұйымда алынған білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар 
әңгімелер мен өлеңдерді, өздерін сипаттайтын кейбір сөздерді біледі деп жоспарланады. 
Контекст (мәнмәтін)
Бірінші бөлім оқушылардың өзін жан-жақты таныстыруына және бірін-бірі танып білулеріне 
мүмкіндік  береді.  Бұл  бөлім  материалдары  «Дүниетану»,  «Жаратылыстану»  пәндерімен 
сабақтастық байланыста жүргізіледі. Мұғалім «Өзім туралы» лексикалық тақырыбы негізінде 
оқушыларды  оқу  мен  жазуға  үйрете  отырып,  олардың  тыңдалым  және  айтылым,  оқылым, 
жазылым  дағдыларын  қалыптастырады.  Бұл,  сөз  жоқ,  белсенді  тілдік  ортаның  құрылуына 
мүмкіндік береді. Сабақ арасында бастауыш сынып оқушыларын шаршатып алмау үшін сергіту 
сәтін өткізген дұрыс. 
Қысқаша шолу 
Бұл  кезең  материалдарын  оқытуға  5  апта  (30  сағат)  бөлінеді.  Бөлімде  оқушылардың  оқу 
әрекетіне  деген  қызығушылығын  қалыптастыру;  фонематикалық  есту-тыңдауын  дамыту; 
дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру; сызба-
үлгілерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды 
ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын қалыптастыру; қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту 
(бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу); ойлау, есте 
сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін дамыту; ауызша, жазбаша тілін 
дамыту  қарастырылады.  «Өзім  туралы»  атты  тақырыптан  бастап,  өзі,  елі,  үйі  және  ұнататын 
заттары туралы ойларын ортаға салады. Оқушылар ұжымда, топта, жұппен жұмыс жасау ба-
рысында бір-біріне сұрақтар қояды және жауап береді, өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасауды 
үйренеді, бірігіп өлең шумақтары мен бейкөркем мәтіндер құрастыра бастайды. 

15
Оқу 
бағдарла-
масына 
сілтеме
Оқу 
мақсаттары
Ұсынылатын 
оқыту
іс-әрекеттері
Мұғалімге арналған ескертпелер
(оқыту әдістемесі бойынша)
Оқыту 
ресурс тары
Өзім туралы
1.1 
Тыңдал-
ған мате-
риалдың 
мазмұ-
нын 
түсіну.
1.1.1.1 
Тыңдау бары-
сында тілдік 
бірліктерді 
(сөйлеу, 
сөз, сөйлем, 
мәтін) 
ажырату, 
тыңдалған 
мәтіннің 
мазмұнын 
түсіну.
(МК; Ұ; Қ
Тыңдаған не-
месе көрген 
материалы-
ның 
мазмұнын 
зейін қойып 
тыңдау, 
түсіну білігін 
бағалау. 
1-сабақ. Сәлем саған, мектебім! 
Сөйлеу. Оқушылармен сабақ 
мазмұнын ашатын қосымша ма-
териалдармен және оқулықтағы 
сюжетті суретпен жұмыс жасаңыз. 
Оқушының тыңдаған немесе 
көрген материалының мазмұнын 
түсіну дәрежесін айқындау үшін 
сұрақ қою тәсілін қолданыңыз. 
Сұрақ қысқа да түсінікті, 
қызғылықты және әдістемелік 
жағынан дұрыс құрылған болу 
керек. Балалардың сөйлеу 
деңгейі сұрақтарға жауап беру 
кезінде байқалады. Анықталған 
кемшіліктерді мұғалім әр 
оқушымен жеке (дифференци-
алды) жұмыс ұйымдастыруда 
басшылыққа алуы тиіс екенін 
есіңізде ұстаңыз.
Оқулық
https://www. 
google.ru
детские сю-
жетные кар-
тинки
http://www. 
balalaralemi.
kz
Әңгімелер
1.8
Берілген 
тақы-
рыпқа 
әңгіме 
құрап 
айту.
1.1.8.1 
Берілген 
сюжетті су-
рет бойын-
ша шағын 
әңгіме құрап 
айту. 
(МК;  Ө; Қ) 
Сурет 
бойынша 
сұрақтарға 
толық жа-
уап беру, 
әңгіме құрай 
алу білігін 
бағалау.
Алғашқы сабақта Білім күніне 
арналған сюжетті суретпен жұмыс 
ұйымдастырыңыз. 
Мұғалім тарапынан қойылатын 
сұрақ пен оқушылар жауабы-
нан диалог құрылатынына мән 
беріңіз. Сұрақтарға толық жауап 
алыңыз.
 Мысалы: 
– Бүгін қандай күн?
– Бүгін – білім күні.
– Балалар қайда келді?
– Балалар мектепке келді.
– Оларды кім қарсы алды?
– Оларды мұғалім қарсы алды.
– Бұл күн сенің өміріңе қандай 
өзгеріс әкелді?
– Мен енді оқушымын.
Оқулықта-
ғы сюжетті 
суретпен 
жұмыс

16
2.1 
Оқу түр-
лерін 
қолдану.
1.2.1.1 
Сөз/сөйлем 
сызбасын оқу. 
(МК; Ө; Қ) 
Тақтамен 
жұмыс жасату.
Сызба арқылы 
сөйлемдер 
жаздыру.
Сызба-
үлгілермен 
жұмыс жасай 
алу білігін 
бағалау.
 
Оқулықта берілген сызба-
үлгілермен жұмыс ұйымдастыруда 
сөйлемнің жеке сөздерден 
тұратындығы, сөйлемнің бірінші 
сөзі бас әріппен жазылып
сөйлемнен кейін тыныс белгісі 
қойылатынын практикалық 
тұрғыда танытыңыз. Бірнеше 
оқушыға тақтамен жұмыс жа-
сатып, сөйлемдерді сызбамен 
жаздырыңыз. Сюжетті суреттерді 
қолданыңыз.
Оқулықпен 
жұмыс
Тақтамен 
жұмыс 
https://www. 
google.kz 
детские сю-
жетные кар-
тинки
1.5 
Түрлі 
жағдаят-
тарда 
тілдік 
норма-
ларды 
дұрыс 
қолдану.
1.1.5.1 
Түрлі 
жағдаяттарда 
этикет 
сөздерін 
қолдана білу.
(МК; Ө; Қ) 
Оқулықта 
берілген 
сұрақтар 
бойынша 
оқиғаны 
ретімен ба-
яндату, түрлі 
жағдаяттарда 
этикет 
сөздерді 
қолдану 
білігін 
бағалау.
Оқушылардың түрлі жағдаяттарда 
этикет сөздерін қолдануын 
ұйымдастырыңыз. Оқушылардың 
сызба арқылы құрастырған мәтін 
мазмұнын оқулықта берілген 
сюжетті суретке сүйеніп баянда-
уына ықпал етіңіз. Тақтаға мәтін 
құрастыруға негізделген сызбаның 
үлгісін сызып қойыңыз. 
Оқушыларға сұрақтар қойып, 
толық жауап алыңыз. Олардың өзі 
туралы айтуына ықпал етіңіз. 
Мысалы:
    
 
 
 
Бүгін – 1 қыркүйек. Мен мектепке 
келдім. (Мен енді оқушымын.) 
Оқулықпен 
жұмыс
3.8 
Калли-
гра-
фиялық, 
графика-
лық нор-
маларды 
сақтау.
1.3.8.1 
Жазу жолын, 
жоларалық 
кеңістікті, 
жолдың 
жоғарғы 
және төменгі 
сызығын 
сақтап, әріп 
элементтерін 
каллигра-
фиялық 
талаптарға 
сай жазу.
(Ө; Қ) 
Жазу жолын, 
жоларалық 
кеңістікті, 
жолдың 
жоғарғы 
және төменгі 
сызығын 
сақтау және 
әріп 
элементтерін 
дұрыс, көркем
жазу білігін 
бағалау. 
Бала қолының ұсақ бұлшық 
еттерін дамыту (бояу, сурет салу, 
түрлі бағытта сызықтар жүргізу, 
сұлбасын салу, элементтерді жазу) 
үшін төменде берілген жазуға да-
ярлау жұмыстарын басшылыққа 
алғаныңыз дұрыс:
– дәптер бетіндегі суреттерді бояу;
– әртүрлі (түзу, қисық, сынық) 
сызықтар сызу;
– заттарды сызықтар арқылы қосу;
– үзік сызықтарды бастырып 
жүргізу;
Тақтамен 
жұмыс
Дәптермен 
жұмыс


.
.
.

17
– әртүрлі сызықтар, ою-өрнек, 
таңбалар салу;
– дәптер бетіндегі кеңістікті 
бағдарлау;
– жазу жолдарымен (үлкен, кіші) 
таныстыру;
– әріп элементтерімен таныстыру, 
оларды жазуға үйрету.
1.1 Тың-
далған 
мате-
риалдың 
мазмұ-
нын 
түсіну.
1.1.1.1 
Тыңдау бары-
сында тілдік 
бірліктерді 
(сөйлеу, 
сөз, сөйлем, 
мәтін) 
ажырату, 
тыңдалған 
мәтіннің 
мазмұнын 
түсіну.
(МК; Ө; Қ) 
Сөз бен 
сөйлемді 
ажыра-
ту, сөздің 
мағынасын, 
сөйлемнің 
мазмұнын 
түсіну білігін 
бағалау.
2-сабақ. Оқушымын мен енді! 
Сөйлеу. Оқушылармен сабақ 
мазмұнын ашатын қосымша мате-
риалдармен жұмыс жасаңыз. 
Өткен сабақтан игерген 
білімдеріне сүйене отырып, 
тыңдау және сөйлеу барысында 
сөз бен сөйлемді ажыратқызып, 
сөздің мағынасын, сөйлемнің 
мазмұнын түсінулеріне ықпал 
етіп, талдау жасатыңыз. Жаңа 
сабаққа дайындық мақсатында 
күз мезгіліне байланысты 
сюжетті суреттермен жұмыс 
жасаңыз. Сөздерден сөйлем 
құратыңыз. Оны сызбалар арқылы 
бейнелетіңіз. 
https://www. 
google.kz 
детские сю-
жетные кар-
тинки
http://www. 
balalaralemi.
kz
Әңгімелер
1.5 
Түрлі 
жағдаят-
тарда 
тілдік 
норма-
ларды 
дұрыс 
қолдану.
1.1.5.1 
Түрлі 
жағдаяттарда 
этикет 
сөздерін 
қолдана білу.
(Ұ; Қ) 
Тыңдау 
арқылы және 
сюжетті 
суреттің 
көмегімен 
мәтінді ба-
яндау, эти-
кет сөздерді 
қолдана 
алу білігін 
бағалау.
1. Тыңдау арқылы және сюжетті 
суреттің көмегімен мәтінді 
баяндау, этикет сөздерді 
қолдана алу білігін бағалауды 
ұйымдастырыңыз. Берілген 
сюжетті суреттерге оқушылардың 
назарын аудартыңыз. Бұлар қандай 
бөлмелер? Олар қайда орналасқан? 
Бұл бөлмелерде балалар не істейді? 
сұрақтарын қою арқылы баланың 
мектептегі негізгі әрекетінің оқу 
екендігін танытыңыз. 
Оқулықпен 
жұмыс
2.1
 Оқу 
түрлерін 
қолдану.
1.2.1.1 Сөз/
сөйлем сыз-
басын оқу. 
(МК; Ө; Қ) 
Сызбаның 
көмегімен 
берілген 
сұрақтарға 
жауап беру 
білігін 
бағалау.
 
2. Оқулықта берілген сызбаның 
көмегімен сұрақтарға жауап 
алыңыз.
Сынып бөлмесінде отырғандар 
кімдер? Олар не істейді? 
сұрақтарына жауап ала оты-
рып, сөз, сөйлем туралы игерген 
білімдерін пысықтаңыз.
Оқулық 

18
1.2 
Мәтіннің 
тақыры-
бы мен 
негізгі 
ойын 
анықтау. 
1.1.2.1 
Мұғалімнің 
көмегімен 
мәтінде кім 
(не) туралы 
айтылғанын 
анықтау. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет