Ең қымбат сыйлық



Дата12.12.2022
өлшемі13,79 Kb.
#56699

Ең қымбат сыйлық
(Эссе)
Сыйлық беру, сыймен алмасу адам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сол себепті біз оның маңыздылығына үлкен мән береміз. Сыйлық беру амалсыздан жасалған нәрсе болмауы керек, ол жүректен шығуы керек. Сондай-ақ сыйлық алушыға сіздің ойыңызда не бар екенін көрсетудің бірегей жолы. Игі ниет білдірудің адал жолы меніңше кітап сыйлау.
Себебі, кітап – адам өміріндегі қуатты ресурс, және ондағы білім адам есінен кетпес мәңгілік болмақ. Жоғарыдағы мәтіндегі естеліктер осының негізгі дәлелі. Кітап адам жан дүниесін, әлемін толықтырушы. Кітап - адамның ең жақсы серігі. Кітап бізге білім сыйлайды, бізді шабыттандырады, үйретеді, ынталандырады, бізді қызықтырады, тарихты айтады және бізді де тәрбиелейді. Кітап – біздің әлеміміз және бұл сөз жай сөз емес, бұл шындық, өйткені кітаптар көптеген жағынан пайдалы.
Біздің бала кезімізде әрбір ата-ананың баласына сөйлей бастағанда беретін ең бірінші сыйы – кітап. Әріптерді оқып, сандарды үйреніп, ана тілінде тақпақтар айтуға тырысқанда, түстермен сурет салғанда және қағаздан қайық жасағанда балалық шағымызды еске түсіретін естелік бәріміздің санамызда сақталады. Бұл әрекеттердің барлығы біздің балалық шағымыздың бір бөлігі. Мектеп табалдырығын аттаған кезде бізге берілген қадірлі сый кітап болды. Балалардың көпшілігі оқуға, жазуға деген қызығушылығын тек кітап арқылы дамыта бастайды.
Әрбір адам өміріне кітаптар негізінен үлкен әсер етеді, өйткені олар қиял әлемін ашады, оларға сыртқы әлем туралы үйретеді, жақсы оқырман, жазушы және шешен болуға көмектеседі, есте сақтау қабілеті мен интеллектін шыңдайды. Кітаптардың біздің өміріміздегі құндылығын асыра айту мүмкін емес, өйткені олар біздің ойымызды кеңейтіп қана қоймай, бізді сыртқы әлеммен байланыстырады.
Өмір бізге әр сәттің құндылығын, ал кітаптар сол сәтте қалай өмір сүру керектігін үйретеді. Малала Юсуфзай: «Бір бала, бір ұстаз, бір қалам және бір кітап әлемді өзгерте алады» дегені бар. Кітаптың қадірлі болуының себебі – кітапта ұрпақтар тәжірибесі мен өмір таразысын сақталады.
Ойымды қорытындылай келе, адам баласына тарих тағылымын, өмір тәжірибесін, оның жан дүниесін толықтыратын сый бергеннен, естеліктерді сыйға тартқаннан, кітап сыйлағаннан артық қымбат сыйдың болуы мүмкін емес дегім келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет