Э. М. Самекбаева тіл біліміне кіріспе



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата24.03.2017
өлшемі0,84 Mb.
#10284
1   2   3   4   5   6   7

№8    тақырып:  Фонетиканың  мақсаты  мен  міндеті,  қарастыратын  мәселесі. 

Дыбыс  және  оның  түрлері.  Тіл  дыбыстары.    Дыбыс  және  таңба.  Тіл 

дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты 



 

             Жоспары: 

1.  Фонетиканың мақсаты мен міндеті, қарастыратын мәселесі 

2. Фонетика және оның салалары 

2. Дыбыс және оның түрлері 

3.  Тіл дыбыстары. Дыбыс және таңба 

4. Тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты 



 

  1.  Фонетика-  гректің  фоне  деген  сөзі  негізінде  қолданысқа  еніп  қалыптасқан. 

Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің 

дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Адам баласының тілі – дыбыстық тіл . Тіл 

дыбыстары  -  әрбір  тілдің  өмір  сүруінің  тәсілі.  Егер  сөздер  дыбыстардың  өз  ара 

тіркесі  түрінде  айтылмаса,  тіл  қатынас  құралы  да,  пікір  алысу  құралы  да  бола 

алмас еді. Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойында өмір сүруіне, ұрпақтан 

–ұрпаққа беріліп отыруына  мүмкіндік жасайды.  Тілдің дыбыстық  жағы  – сөздер 

мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады.  

     Тіл  дыбыстары, әдетте  сөз ішінде  айтылады.  Бірақ  белгілі  бір  дыбыс  арнаулы 

бір  сөздің  қолданылумен  шектеліп  қоймай,  көптеген  сөздердің  құрамында 

қолданыла  береді.  Тілдің  лексикасын  құрастыратын  сан  мыңдаған  сөздер 

дыбыстық  жағынан  алғанда,  ондаған  ғана  дыбыстардың  әр  түрлі 

комбинацияларынан  құралған.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  дыбыс  белгілі  бір  сөзге 

байланып  қоймай,  одан  белгілі  дәрежеде  оңашаланып,  нақтылы  сөздерден 

абстракцияланады.  Бұған  тілдегі  дыбыстық  заңдылықтардың  барлық  сөздерге 

бірдей  қатысты  болып  келуі  дәлел  бола  алады.  Мысал  ретінде  түркі  тілдерінде 

сөздердің  алғашқы буынындағы ерін  дауыстының  әуеніне  қарай,  екінші  буынды 

да ерін дауыстысының айтылу заңдылығын немесе орыс тілінде барлық сөздерде 

дауысты  дыбыстың  ашық  буында  созылыңқы  айтылу  заңдылығын  және  т.б. 

дыбыстық 

заңдылықтарды 

атауға 

болады. 


     2. Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды. 

Тіл  дыбыстары,  олардың  құрамы,  тілдегі  дыбыстардың  өзгеру  заңдылықтары 

туралы мәселелер фонетикада маңызды орынға ие болады. Алайда, тіл дыбыстары 

туралы  мәселенің  фонетикада  басты  орынға  ие  болуы  фонетиканың  басқада 



маңызды  объектілерінің  болуын  жоққа  шығармайды.  Дыбыстарды  зерттеу  мен 

дыбыстық  тілдің  басқада  мәселелерін,  мысалы,  буын,  екпін  және  интонация 

мәселелерін  қарастыру  өз  ара  тығыз  байланыста  болады.  Оның  үстіне,  тіл 

дыбыстары  мен  буын,  екпін  туралу  ілімнің  тілдің  жазба  жазба  түріне  тікелей 

қатысы  бар.  Жазудың  теориясы  сөйлеудің  деректеріне,  тіл  дыбыстарының 

фактілеріне 

негізделеді. 

      Сонымен  фонетиканың  зерттейтіндері  –  тілдің  барлық  жағдайларында  және 

қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу 

түрі 


мен 

жазба 


түрінің 

арасындағы 

байланыстар. 

     Тіл  дыбыстарын  және  оларға  тән  заңдылықтарды  зерттеудің  теориялық  мәні, 

атап  айтқанда,  мынада:  дыбыстық  өзгерістерді,  олардың  заңдылықтарын  есепке 

алмай тұрып, лексикалық құбылыстардың да,  грамматикалық құбылыстардың да 

шығу  төркінін,  өзгеріп  дамуын  ашып  айқындау,  соған  орай,  лексиканың  да, 

грамматиканың  да,  ғылыми  тарихын  жасау  мүмкін  болмаған  болар  еді.  Демек, 

тілдің  замандар  бойындағы  тарихи  даму  барысының  түрлі  дәуірлеріндегі 

дыбыстық өзгерістерді, оның заңдылықтарын зерттеу мәселесі өте-мөте маңызды 

мәселе 

болып 


саналады. 

    Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы тілдің 

фонетикасы) болып бөлінеді. 

     «Жалпы  фонетика  тіл  дыбыстарының  тіл  жүйесінде  өмір  сүру  жағдайларын 

зерттеуден  басқа,  оларды  сөйлеудің  түйдегінде  зерттейді.Жеке  фонетика  белгілі 

бір  тілдің  дыбыстық  құрамын,  ондағы дыбыс  заңдарын  зерттейді.  Ол  зерттеудің 

мақсатына  қарай  сипаттама  (синхрониялық,  статикалық)  фонетика  және  тарихи 

(диахрониялық) фонетика болып бөлінеді. 

       Адам  баласының  тілі  –  дыбыстық  тіл  .  Тіл  дыбыстары  -  әрбір  тілдің  өмір 

сүруінің тәсілі. Тіл дыбыстары, әдетте сөз ішінде айтылады. 

     3. Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды. 

Тіл  дыбыстары,  олардың  құрамы,  тілдегі  дыбыстардың  өзгеру  заңдылықтары 

туралы мәселелер фонетикада маңызды орынға ие болады. Алайда, тіл дыбыстары 

туралы  мәселенің  фонетикада  басты  орынға  ие  болуы  фонетиканың  басқа    да 

маңызды 

объектілерінің 

болуын 

жоққа 


шығармайды.  

      Сөздің  айтылуы  бар  да,  жазылуы  бар.  Әдетте  мынадай  көзқарас  кездеседі: 

шын тіл-жазылған тіл, яғни сөзді қатесіз жазу, жазылуындай етіп оқу.  

     Дұрысы,  жазудан  гөрі  айту  әлдеқайда  маңызды.  Басқаны  айтпағанда,  әрбір 

адам  алдымен  сөйлеуді  үйренеді  де,  содан  соң  жазуға  көшеді.    Олай  болатыны, 

сөздің өмір сүру формасы- дыбыс. Әріп-сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір 

ғана дыбысты әр түрлі (мәселен, д, d, т.б.) өрнектей беруге болады.  

   А.  Байтұрсынов  өзінің  алғашқы  «Тіл-құрал»  деп  аталатын  еңбегінде  (1914ж.) 

осыны  айырықша  қадағалап  айтқан:  «Дыбыс  пен  қаріп  екеуі  екі  басқа  напсе. 



Біріне-бірі  қатыстырып,  шатастырмасқа  тиіс.  Дыбыс  естілетін  көзге 

көрінбейтін нәрсе, қаріп көрінетін, естілмейтін нәрсе».  Содан бері 90 жыл өтті. 

Алайда  осы  бір  қарапайым  да  аса  қажетті  қағиданы  әлі  күнге  пайымдай  алмай 

келеміз. 

   Әріп  пен  дыбысты  шатастыруға  әсте    болмайды.  Әріп  кейде  жеке  дыбысқа 

сәйкес келсе (мәселен, о, ө, ү, ұ), кейде бір әріп (мәселен, ю,я)  бірнеше дыбыстың 


қосындысын  (йұу,  йүу,  йа)  өрнектейді.  Керісінше,  кейбір  әріптердің  (ь,  ъ

дыбыстық мәні жоқ.   

   Әріп пен дыбыстың бір-біріне ылғи да сәйкес келе бермеуі сөздің жазылуы мен 

айтылуының  арасында  ала-құлалық  тудырады.  Мәселен,  адам,  ана,  жер,  кісі, 



ойла,  ат,  қара,  қызыл,  кел,  ескер,  сен  т.б.  сөздердің  жазылуы  мен  айтылуы  бір-

біріне жуық. Ал оқы, ойланба, тонға, басшы, көзсіз дегендер айтуда оқұ, ойламба, 



тоңға, башшы, көссүз түрінде болады.    

    4.  Дыбыстың  жалпы  теориясын  физиканың  акустика  деп  аталатын  саласы 

қарастырады.    Акустикалық  тұрғыдан  алғанда  ,  дыбыс  қандай  да  болсын  бір 

дененің  белгілі  бір  ортада  теңселіп  қозғалуының  нәтижесінде  пайда  болады  да  , 

құлаққа  естіледі.  Дыбыс  өтетін  орта  –  ауа  кеңістігі.  Ауа  кеңістігінсіз  ешбір 

дыбыстың  жасалып  пайда  болуы  мүмкін  емес.  Акустика  дыбыстардағы 

төмендегідей  белгілерді  ажыратады:  дыбыс  ырғағы,  дыбыс  күші,  дыбыс  әуені 

(тембр), 

дыбыстың 

созылыңқылығы. 

       Дыбыс  ырғағы  уақыт  мөлшерінің  ішіндегі  дірілдің  санына  байланысты 

болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе , дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп 

күшейе  береді,  керісінше  ,  дірілдің  саны  азайған  сайын  дыбыстың  ырғағы 

солғындап  әлсірей  береді.Адамның  бір  секунд  ішіндегі  16-дан  20000-ға  дейінгі 

дірілдің  нәтижесінде  пайда  болған  дыбысты  қабылдап  ести  алады. 

    Дыбыс  күші  дірілдің  қарқынына  байланысты  болады.  Егер  дірілдің 

амплитудасы  ,  яғни  қарқыны  ,  неғұрлым  көбейсе  ,  дыбыс  күші  де  соғұрлым 

күшеие  береді.  Мұны  шекті  аспаптардан  да  айқын  аңғаруға  болады. 

      Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен , қарым-қатынасқа түседі. Дыбыс күшінің тіл-

тілдің ішінде динамикалық екпінге ие тілдерге қатысы , атқаратын қызметі басым 

болады. 


       Дыбыстың  созылыңқылығы  дірілдің  санымен  қоса  дыбыстың  созылу 

уақытына  байланысты.  Орыс  тілінде  екпінсіз  буындағы  дауысты  дыбысқа 

қарағанда,  екпінтүскен  буындағы  дауысты  дыбыс  созылыңқы  ,  ашығырақ 

айтылады.  Көптеген  тілдерде  ,  мысалы,  қырғыз,  ойрат,  түрікмен,  хақас,  тува  , 

неміс  ,  ағылшын,  француз  тілдерінде  екпін  созылыңқы  дауыстыға  да,  қысқа 

айтылатын 

дауыстыға 

да 


түсе 

береді. 


    Дыбыс әуені туралы мәселе дыбыс түрлерімен байланысты . Дыбыс толқынын 

тудыратын  дірілдің  қозғалысы  күрделі  болады.  Ол  негізгі  тон  мен  бірнеше 

көмекші тондардың қосындысынан жасалады. Көмекші тон парциалды тон немесе 

обертон  деп  аталады.  Дыбыстың  әуені  осы  аталған  обертондардың  санына  және 

олардың  дыбыс  ырғағы  ,  дыбыс  күшіжағынан  негізгі  тонмен  арақатысына 

байланысты 

болады. 

      Дірілдің  өзі  түрліше  болады  дедік  Дірілдің  ритмикалы  және  ритмикалы  емес 

деп  аталатын  түрлері  болады.  Егер  дірілдің  саны  уақыт  единицасының  бойында 

өзгермей  тұрақты  болып  қалса  ,  ондай  діріл  ритмикалы  діріл(немесе  біркелкі 

діріл) деп аталады. Ал, егер уақыт единицасының бойында дірілдің саны өзгеретін 

болса,  ондай  діріл  ритмикалық  емес  діріл  (немесе  біркелкі  емес  діріл)  деп 

аталады.  Ритмикалық  дірілдің  нәтижесінде  тон  жасалып  пайда  болады.  Бұған 

сөйлеу  кезінде  ауыз  қуысы  мен  мұрын  қуысын  толтырып  тұратын  дауыс 

шымылдығы  мен  ауаның  дірілі  жатады.  Ритмикалы  емес  дірілдің  нәтижесінде 

салдыр  пайда  болады.  Бұған  еріннің  ,  тілдің,  кішкене  тілдің  дірілі  және  сөйлеу 


мүшелерінің  біріне-бірінің  жуықтасып  немесе  түйісіп  тұруынан  жасалған 

дыбыстар  жатады.      Дыбыстардың  жасалуы  үшін резонанс айрықша  қызмет 

атқарады. Резонанс жан-жағы тұйықталып бітелген ауа бар жерде пайда болады. 

Ауыз  қуысында  әр  түрлі  тәсілдер  арқылы  дауыстылардың  әуені  жасалады. 

Жұтқыншақ  қуысы  да  белгілі  дәрежеде  резонаторлық  қызмет  атқарады.,  ауыз 

қуысымен  бірге  дауыстылардың  әуенін  жасауға  қатысады.  Мұнымен  бірге  , 

мұрын 

қуысының 



да 

резонаторлық 

қызметі 

бар. 


    Тіл  дыбыстары  өкпедегі  ауаның  сыртқа  шығуынан  жасалады.  Бірақ  олар 

өкпедегі  ауаның  жай  ғана  шыға  салуынан  жасалмайды,  ол  үшін  сөйлеу 

аппаратының қатысуы шарт. Анығырақ айтқанда, тіл дыбыстары өкпедегі ауаның 

сөйлеу  аппаратының  қатысуы  арқылы  сыртқа  шығуынан  жасалады.Дыбыстау 

мүшелері ауа жүретін каналдың бойына орналасқан . Өкпеден шыққан ауа тыныс 

алатын  кеңірдектің  өкпеге  қосылатын  тарамдарынан  тамаққа  ,  одан  көмейге  , 

көмейден  жұтқыншақ  қуысына  келеді,  одан  әрі  ауа  не  мұрын  қуысы  ,  не  ауыз 

қуысы 


арқылы 

өтеді. 


    Дыбыстарды  айтуда,  әсіресе,  дауыс  шымылдығы  мен  тіл  ерекше  қызмет 

атқарады.    Дауыс  шымылдығы  көмейде  болады.  Дауыс  шымылдығының  керіліп 

тұруынан  діріл  пайда  болады  да  ,  үн  шығады.  Ал,  егер  дауыс  шымылдығы 

жиырылып тұрса, онда діріл пайда болмайды, сондықтан да үн де шыға алмайды. 

Дауысты  дыбыстар  осы  аталған  дауыс  шымылдығының  дірілінен  пайда  болады. 

        Көмейдің  үстіңгі  жағында  жұтқыншақ  қуысы  болады.  Ол  ауыз  қуысы  және 

мұрын қуысымен жалғасып жатады. Дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен 

мұрын  қуысы  резонаторлық  қызмет  атқарады.  Кейбір  үнді  дауыссыздар  (м,н,ң) 

мұрын қуысы арқылы жасалады. Дыбыстардың басым көпшілігінің жасалуында , 

әсіресе 


ауыз 


қуысы 

айрықша 


қызмет 

атқарады. 



       Ауыз қуысындағы мүшелердің ішінде ең басты қызмет атқаратын мүше  – тіл 

болады.  Тілдің  бірде  ілгері  ,  бірде  кейін  жылжуынан,  бірде  жоғары  көтеріліп  , 

бірде  төмен  түсуінен,  сондай-ақ  оның  артқы  шені  мен  орта  шенінің  немесе 

ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Мысалы, тілдің ұшы жоғарғы 

тіске  тиюінен  тіс  (немесе денталь) дыбыстары  (  т,д…)  ,  ал  тілдің  артқы  шенінің 

артқы  таңдайға  тиюнен  немесе  жуықтауынан  тіл  арты  (қ,ғ,к,г)  жасалады. 

      Тіл  дыбыстарының  артикулякциясына  айрықша  қатысы  бар  дыбыстау 

мүшелерінің бірі – ерін. Еріннің дауысты дыбыстардың (о,ө,у,ұ…) жасалуына да, 

дауыссыз  дыбыстардың  (м,п,б..)  жасалуына  да  қатысы  бар  .  Еріннің  сүйірленіп 

дөңгеленуінен  еріндік  дауыстылар  (о,у,ө…)  жасалса,  екі  еріннің  өз  ара 

жымдасуынан  ерін  дауыссыздары  немесе  билабиаль  дыбыстар  (м,б,п…) 

жасалады.  Астыңғы  еріннің  үстіңгі  тіске  тиюінен  немесе  оған  жуықтауынан 

лабиаль 

–денталь 

дыбыстар 

(ф,в) 


жасалады. 

        Сонымен,  тіл  дыбыстары  дыбыстау  мүшелері  арқылы  жасалады.  Дыбыстау 

мүшелерінің  әрқайсысының  белгілі  бір  қызметі  болады.  Бірақ  олардың 

әрқайсысының қызметі  өз алдына жеке дара болмай , бірінің қызметі екіншісіне 

бағынышты 

және 


өз 

ара 


тығыз 

байланысты 

болады 

        Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1. Фонетиканың зерттеу нысанына не жатады? 

2. Фонетика қандай  салалардан тұрады? 


3. Дыбыс және таңбаның қандай айырым белгілері бар? 

4.Дыбыстың жалпы теориясын қай сала қарастырады?  

5. Акустика дыбыстарды қандай белгілері арқылы  ажыратады:

6.  Тіл дыбыстарының  жасалуын қай сала қарастырады? 



       Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011 

2.  Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007. 

3.  Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008. 

4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- 

Алматы, 2011 

5.  Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007 

6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.  

7.  Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001 

 

№9  тақырып: Тіл дыбыстарын жіктеу ұстанымдары. Дауысты және  

дауыссыз дыбыстар 

                         Жоспары: 

1.Тіл дыбыстарын  топтастырудың  ұстанымдары 

2. Дауысты  дыбыстардың топтастырылуы 

3.Дауыссыз дыбыстардың  топтастырылуы 

 

Тілдің барлығында да  тіл  дыбыстарды екі  топқа бөледі  .Олар: дауыстылар 



мен дауыссыздар. Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың қатысуымен жасалса, 

қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады. Осыған орай, дауыссыздар екі 

топқа бөлінеді: оның бірі – қатаң дауыссыздар, екіншісі – ұяң дауыссыздар.  

Қатаң  дауыссыздарда  салдыр  басым  болады.  Осыған  орай,  ұяңдарға 

қарағанда,  қатаң  дауыссыздарда  ауаның  қарқыны  басым  болады.  Сондықтан  да, 

қатаң  дауыссыздар  кейде,  қарқынды  немесе  күшті  дауыссыздар  деп  те  аталады. 

Ал  ұяң  дауыссыздарды  айтқанда  ауаның  қарқыны,  қатаң  дауыссыздарға 

қарағанда,  баяу  болады.  Осымен  байланысты,  ұяңдар  әлсіз  дауыссыздар  деп 

аталады.   

Дауыссыздар  жұмсақ  таңдайдың  қалпына  қарай  ауыз  жолды  және  мұрын 



жолды  дауыссыздар  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Артикуляциялық  жолына  қарай 

салдыр  дауыссыздар(қатаңдар  мен  ұяңдар)  шұғыл  дауыссыздар  және  ызың 



дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді. 

Тіл – тілде ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшеліктерін 

бірдей қамтыған дауыссыз дыбыстар да кездеседі. Мұндай дауыссыздар аффрикат 

дыбыстар  деп  аталады.  Тіл    білімінде  дауыссыз  дыбыстар  жүйесі  консонантизм 

деп те аталады. 

Тіл – тілде дауысты дыбыстар саны жағынан да, сапасы жағынан да түрлі – 

түрлі  болып  келеді.  Дауыстылар  сөйлеу  мүшелерінің  негізгі  үш  түрінің  қатысы 

мен  қалпына  қарап,  атап  айтқанда,  1)  тілдің  қалпына;  2)  еріннің  қатысына;  3) 

жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.  


2.Ерін қатысына қарай дауыстылар еріндік және езулік болып екі топқа бөлінеді. 

3.Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық дауыстылар және қысаң 

дауыстылар болып екі топқа бөлінеді.  

Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1.Тіл дыбыстары қандай ұстанымдарға негізделіп жіктеледі? 

2. Дауысты  дыбыстар қалай  топтастырылады? 

3.Дауыссыз дыбыстар қалай   топтастырылады? 



      Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011 

2.  Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007. 

3.  Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008. 

4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- 

Алматы, 2011 

5.  Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007 

6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.  

7.  Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001 

8.  Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 

9.   Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. 

     -Алматы,1985  



 

№10  тақырып: Буын, оның түрлері. Екпін және  оның түрлері 

              

               Жоспары: 

1.

 



Буын және оның түрлері 

2.

 



Буынның жасалуы 

3.

 



Екпін және  оның түрлері 

 

 



      Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны 

біреуден  артық  болмауға  тиіс.  Сонда  сөздің  құрамында  қанша  дауысты  фонема 

болса, сонша буын болады деген сөз. 

 Буында  мағына  болмайды.  Кейбір  сөздердің  әрбір  буыны  лексикалық  немесе 

грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. 

Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып 

келеді.  Тіліміздегі  байырғы  сөздер,  сондай-ақ,  буындарда  екі  дауыссыздан 

басталмайды.  Орыс  тілінен  енген  біраз  сөздің  біздің  тілімізде  жазылуы  соның 

айғағы.:  бөрене,  жеребе,  кереует,  кінәз,  үстел.  Сондай-ақ  тіліміздегі  байырғы 

сөздердің  соңында  екіден  артық  дауыссыз  тұра  алмайды.  Оның  өзінде  негізінен 

еліктеуіш  сөздер.Қазіргі  қазақ    тіліндегі  буындар  дыбыстық  құрамы  жағынан  әр 

түрлі  болып келеді. 

Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз. Екпін түскен буын басқа 

буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады.  

1)Буынның  біреуі  басқа  буындардан  айрықша  күшті  айтылуы  арқылы 

ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп 

аталады.2)  Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы (высота 

тона)  арқылы  ерекшеленіп,  дауыс  шымылдығының  дірілінің  жиілеуіне 

негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін  деп аталады. 


Екпіннің бұл түріне ие тілдер : қытай, корей, дүнген, япон, серб, литва және т.б. 

тілдер.  3)Басқа  буындардың  ішінен  бір  буын    өзінің  құрамындағы  дауыстың 

созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті  екпін деп  аталады. 

Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе 

беретін  болса,  ондай  екпін  жылжымалы  екпін  деп  аталады.  Мысалы,  орыс 

тіліндегі екпін – жылжымалы екпін. 

Кейбір  тілдерде,  мысалы,  түркі  тілдерінде,  екпін  көбінесе  арнаулы  бір 

буынға  байланып,  басқа  буындарға  жылжи  бермейді.  Екпін  белгілі  бір  буынға 

телініп  тұрақталса,  ондай  екпін  тұрақты  екпін  деп  аталады.  Түркі  тілдерінде, 

соның ішінде  қазақ  тілінде,  екпін  көбінесе  сөздің  соңғы буынына  түседі.  Кейбір 

сөз  тіркестерінің  құрамындағы  сөздердің  әрқайсысы  өз  алдына  дербес  екпінмен 

дараланбай, айтылу жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болды. Мұндай 

сөз  тіркестеріндегі  екпін  фразалық  екпін  деп  аталады.  Акцентуациялық  жақтан 

жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған сөз 

тіркесінің  құрамындағы  екпін  түспеген  сөз  екпінді  өз  бойына  тартқан  сөздің 

алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика деп аталады. 

Жөн-жосық,  кем-кетік,  көл-көсір,  мал-мүлік  тәрізді  қос  сөздер  мен  ән  салу,  қол 

қою  тәрізді  сөз  тіркестерінің  әрқайсысының  алдыңғы  сыңарлары  дербес  екпінге 

ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр. Тіл – тілде энклитикаға айналатындар 

көбінесе  көмекші сөздер. Мысалы, сен ғана, үйге дейін, алыс па, жақын ба, айта 

ғой тәрізді тіркестердің құрамындағы ғана, дейін, па, ба, ғой деген шылау сөздер 

өз  алдына  дербес  екпінге  ие  бола  алмай,  энклитикаға  айналған.  Сөйлемдегі 

айрықша  назар  аударылып  айтылған  сөзде  ой  екпіні  болады  да,  ол  сөз  басқа 

сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп 

аталады.  

Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1. Буынның жалпы сипаттамасы қандай ?  

2. Буынның қандай  түрлері бар ?  

3.Сөздердің буын құрамы қандай ? 

4. Екпін (акцентуация) дегеніміз не? 

5. Оның қандай басты түрлері бар ? 

6. Екпіннің басқа тілдердегі атқаратын  орны қандай ? 

4.Екпінге қатысты Н.А. Басқақов пен А.Н.Коноковтың  қандай пікірлері бар? 



Әдебиеттер: 

1.Аханов К. Тіл білімінің  негіздері.- А.,1973,1977,1993, 2002. 

2.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А. 1989. 

3. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. –А., 1975. 

4. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.  

5.  Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 

 

 

 



 

№11  тақырып:  Дыбыстардың комбинаторлық  өзгерістері. Үндкстік заңы және 

оның түрлері.  Тілдегі басқа да фонетикалық  құбылыстар 



             Жоспары: 

1. Дыбыстардың комбинаторлық  өзгерістері 

2. Дыбыс үндестігі және оның түрлері 

3. Қазақ тіліндегі сингормонизм заңы және оның түрлері 

4. Диссимиляция құбылысы 

5. Тілдегі басқа да фонетикалық  құбылыстар 

 

       Комбинаторлық  өзгерістер  тек  қана  сөз  ішіндегі,  сөз  аралығындағы,  сөздің 



мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір-бірінен алшақтап 

тұрған  бір  фонеманың  екінші  фонемаға  ілгерінді,кейінді,  кейде  тоғыса  келіп, 

тигізетін  әсерінен  болады.  Позициялық  өзгерістер  белгілі  бір  сөздің  шенінде 

болатын  өзгерістер.Оған  протеза,эпентеза,элизия  т.б.  жатады.  Ал  спонтандық 

өзгерістер  кейбір  сөздердің  дыбыстық  құрамы  ешқандай  өзгеріске  ұшырамай-ақ 

бірнеше түргі ауысуы мүмкін.Мысалы,мысық-мышық,секер-шекер т.б.  

      Тіл  дыбыстары,әдетте  жеке-дара  күйінде  айтылмай,  сөз  ішінде  немесе 

сөздердің  аралығында  бір-бірімен  тіркесіп,өз  ара  тізбектелген  түрде 

қолданылады. Сөздердің құрамындағы немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар 

біріне-бірі  ықпал  етіп,бірімен-бірі  өз  ара  үндесіп  айтылатыны  сияқты,дауыссыз 

дыбыстар  да  бір-біріне  әсер  етіп  өз  ара  үндесіп  айтылады.Дыбыстардың  өзгеріп 

үндесуі  олардың  айтылуда  бір-біріне  артикуляциялық  жақтан  әсер  етуінің 

нәтижесінде іске асады. 

      Түркі  тілдерінде  дауыстылардың  үндесуі  сөз  ішінде  жуан  дауысты  дыбысы 

бар  буыннан  кейін,соған  сәйкес  жуан  дауыстының  келуі  (тау-лар,тоғай-

лар),жіңішке  дауысты  дыбысы  бар  буыннан  кейін,соған  орай  жіңішке 

дауыстының    келуі  (көл-дер,өзен-дер)түрінде  болады.Ал  өз(қонақ-қа,қонақ-тар) 

немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да ұяң  дауыссыздан басталуы (қаз-

ға,қаз-дар) дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп,өз ара үндесу болып саналады. 

      Дауыстылардың  бір-бірімен  өз  ара  үндесуі  сингорманизм  деп  аталады  да, 

дауыссыздардың  бір-біріне  ықпал  етіп  өз  ара  үндесуі  ассимиляция  деп  аталады. 

Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде сингорманизм де ассимиляцияның бір  түрі 

ретінде  қарастырылады.  Дауыстылардың  бір-біріне  әсер  етіп,өз  ара  үндесіп 

айтылуы  да  олардың  артикуляциясына  байланысты  екенін  ескергенде, 

сингорманизмді ассимиляцияның бір түрі ретінде қарастырылады.  

         Ассимиляция 

(  лат.-ұқсау)  морфемалардың  жігінде  көрші  келген 

дауыссыздардың акустика-артикуляцияық жақтан бір-бірінің ұқсауы, бейімделуі, 

өзара  тіл  табысуы.  Қазақ  тілінде  прогрессивті  ассимиляция  өте  күшті.  Бұл  заң 

бойынша  алдыңғы  морфеманың  соңғы  дауыссыз  дыбысы  кейінгі  морфеманың 

басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп, игеріп тұрады.  

        Регрессивті  ассимиляция  кейінгі  дыбыстың  алдыңғы  дыбысқа  әсері  арқылы 

реттеуді мақсат етеді.  

        Диссимиляция  –  бір  сөз  ішінде  артикуляциялық  ұқсастығы  жоқ  екі  немесе 

одан да көп дыбыстың келуі.  


       Сингармонизм  түрлері.  Түркі  тілдеріндегі  байырғы  сөздерде  сингармонизм 

екі  түрде  ұшырасады.1)  Дауысты  дыбыстар  тілдің  қатысы  жағынан  және  2) 

еріннің қатысы жағынан бір бірімен үндесіп айтылады. 

Лингвальдық сингармонизм. Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір 

өңкей  жуан  дауыстылар,  не  бір  өңкей  жіңішке  дауыстылар  болып  үндеседі.  Сөз 

құрамында  соңғы  буындардағы  дауыстылар  алдыңғы  буындағы  дауыстының 

әуеніне  қарай  ыңғайланып  айтылады.  Дауыстылардың  бұлайша  үндесуі 

лингвальдық  сингармонизм  деп  аталады.  Сингармонизм  заңы  бойынша  түбір 

сөздегі  дауыстылар  қосымшалардағы  дауыстыларды  билеп,  өзінің  әуеніне  қарай 

икемдеп  бағындырады.  Түбір  сөздегі  дауысты  дыбыс  жуан  болса, 

қосымшалардағы  дауыстылар  соған  бағынып,  жуан  түрде  жалғанады.  Түбір 

сөздегі  дауысты  жіңішке  болса,  қосымшалардағы  дауыстылар  түбіірдегі 

дауыстыға икемделіп жіңішке түрде жалғанады.  

Ерін  үндестігі  немесе  лабиальдық  сингармонизм.  Бастапқы  буындағы  ерін 

дауыстының  ыңғайына  қарай,  соңғы  буындарда  да  ерін  дауыстылардың  келуі 

дауысты  дыбыстардың  ерін  қатысы  жағынан  үндесуі  нәтижесінде  болады.     

Дауысты  дыбыстардың  үндесуінің  бұл  түрін  ерін  үндестігі  немесе  лабиальдық 

сингармонизм дейміз. 



     Диссимиляция  (лат.ұқсамау)  дыбыстардың  комбинаторлық  өзгерістерінің  бір 

түрі ретінде қарастырылады. Ол бір сөздің ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ 

екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.  

     Аккомодация  (лат.  accomodatio  бейімделу)  морфемалар  жиігінде  қатар  келген 

дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. 

Мысалы:  ат,  ет,  от,  өт    деген  сөздерде  бір  ғана  т  фонемасы  дауыстылардың 

әсерінен төрт түрлі реңге ие болатынын білеміз. 

Дыбыстық құбылыстар жөніндегі алғашқы мәліметтер ұшқынын қарастырған 

ғалымдарды айтар болсақ А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов еңбектерінен кездестіреміз. 

Кезінде  Қ.Жұбанов  сөз  ішінде  не  сөйлем  ішінде  буын  құрамындағы  дыбыстар 

қозғалысына  қарай  буын  жігінің  өзгерісін  1)  буынның  жылысуы  2)  буынның 

кірігуі  деп  екі  үлкен  топқа  бөліп  көрсеткен  еді.  Сондай-ақ  белгілі  ғалымдар 

Ж.Досқараев,  Ә.Т.Қайдаров,  Ш.Сарыбаев,  Т.Талипов  т.б.  жергілікті  сөйлеу 

ерекшеліктеріне  байланысты  жазған  кейбір  еңбектерінде  дыбыстық  құбылыстар 

жөнінде де өздерінің ғылыми көзқарастарын білдіргендігін байқауымызға болады. 

Қазақ тіліндегі дыбыстық құбылыстар жөнінде ғалым К.Аханов жазған оқулықта 

«Фонетикалық процестер» деген атпен берілген . 

Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір 

заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе 

туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар 

деп  аталады.  Фонетикалық  басқа  үдерістердің  бірсыпырасы  ассимиляция  мен 

диссимиляцияға  негізделеді.Оларға  мыналар  жатады:  Диэреза  -    сөйлеу  кезінде 

дыбыстар  бір-біріне  әсер  етеді.  Диэрезаның  нәтижесінде  дыбыстар  түсіріліп 

айтылады, мысалы: «честный – чесный», «қалмады – қамады», т.б.  

     Метатеза – (грек.  Meafofhesis -  орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың, 

не буындардың  өзара орын ауыстыруы. 

   Протеза (грек. Proflogis -  алдына қою)  - сөз басында қосымша дыбыстың пайда 

болуы. Мысалы: ырас – рас, ылай – лай. Редукция (лат.  Reductio -  кейін шегіну, 



азаю,  қысқару)  –  дыбыстың  артикуляциялық  және  акустикалық  сипатының 

өзгеруі.  Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы – 

аузы.  Эпентеза  (грек.epenthesis  –  қосынды)  –сөздегі  қосымша  дыбстың  пайда 

болуы. Мысалы: кровать – кереует. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет