Э. М. Самекбаева тіл біліміне кіріспе



жүктеу 0.84 Mb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата24.03.2017
өлшемі0.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

      Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Грамматика нені зерттейді? 

2.Грамматиканың қандай салалары бар? 

3. Сөзжасам және грамматиканың зерттеу нысанына не жатады? 

4.Грамматиканың құрылысы дегеніміз не? 

5. Сөздің морфологиялық құрылымы неден тұрады? 



     Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 2011 

2.  Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы: Арыс, 2007. 

3.  Невченко В.Н. Введение в языкознание. –Москва: Дрофа., 2008. 

4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- 

Алматы, 2011 

 

№22 тақырып: Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері 

 

 



            Жоспар 

1.Грамматикалық мағынаның берілу түрлері 

2.Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері 

 

Грамматика тілдегі грамматикалық бірліктерді және ол бірліктердің әр басын 



қосып ұйымдастырып, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың бір – біріне 

жігін 


ажырататын 

тәсілдерді, 

құралдарды 

зерттейді.  

     Грамматикалық  негізгі  бірліктер  –  морфема,  сөз  тіркесі  және  сөйлем. 

Грамматикалық бірліктердің негізгі табиғатын түсінуге олардың ара қатысы мен 

байланысын  айқындауға  т.б.  қатысы  бір  алуан  грамматикалық  ұғымдар  бар. 

Олардың 


қатарына 

грамматикалық 

мағына, 

грамматикалық 

форма, 

грамматикалық  тәсіл  және  грамматикалық  категория  туралы  ұғымдар  енеді. 



Сөзде  лексикалық  мағына  мен  бірнеше  грамматикалық  мағына  ұштасып  келеді. 

Грамматикалық мағыналар сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл  – тілде 

түрлі – түрлі грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құралдар, амал 

– тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы 

әр  түрлі  қатынастарды  білдірудің  жолы  грамматикалық  тәсіл  деп  аталады. 

Грамматикалық  тәсілдердің  бірнеше  түрі  бар.  Олар:  Афиксация  тәсіл,  қосарлану 

тәсілі,  көмекші  сөздер  тәсіл,  интонация  тәсілі.  Грамматикалық  тәсілдердің 

қатарына сөздердің орын тәртібі, ішкі флекция, екпін тәсілдері де жатады. 

Грамматикалық әрі өте маңызы, әрі күрделі мәселелерінің бірі – 

грамматикалық форма туралы мәселе. Грамматикалық форма туралы туралы ұғым 

грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы ұғымдармен тығыз 

байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен 

айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық 

форма арқылы білдірудің жолы болып саналады.  

Грамматикалық мағыналар тіл-тілде әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы 

беріледі. Ол тәсілдер мыналар: 1) аффиксация тәсілі, 2) ішкі флексия тәсілі, 3) 

қосарлану тәсілі, 4) көмекші сөздер тәсілі 5)сөздердің орын тәртібі тәсілі, 6) екпін 

тәсілі, 7) интонация тәсілі.  



1.Аффиксация тәсілі. Түбірге немесе негізге аффикстер жалғану арқылы 

грамматикалық мағынаның берілуі - аффиксация тәсілі деп аталады. Бұл тәсіл 

әсіресе түркі тілдерінде жиі қолданылады.  Аффиксация тәсілі, түркі тілдерінен 

басқа, үнді еуропа тілдерінде де бар.  

2. Ішкі флексия тәсілі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің 

бірі - флекция тәсілі. Ішкі флексия тәсілі дегеніміз — түбірдің дыбыстық 

құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. Мыс: 

ходить>хожу. Бұл тәсіл әсіресе семит тілдеріне (араб, еврей т.б.) тән тәсіл.  

3.Қосарлану тәсілі. Екі сөздің қосырлануы да грамматикалық мағынаны 

білдірудің тәсілі ретінде қызмет етеді. Қосарлану тәсіл түркі тілдерінде кең 

тараған және ол практикада жиі қолданылады.  Мысалы: кұшақ-кұшақ, (қурай), 

қап-қара (бұлт), тап-тар (киім), жап-жалтыр (мұз). 

4.Көмекші сөздер тәсілі. Тілде негізгі атауыш сөздермен бірге көмекші сөздер де 

болатыңдығы белгілі. Атауыш сөздерде дербестік болса, көмекші сөздерде 

дербестік жоқ. Сондықтан да, олар аффикстерге ұқсас қызмет атқарады.  Көмекші 

сөздердің түрлері көп. Олардың білдіретін мағыналары да алуан түрлі. 

 5. Сөздердің орын тәртібі. Бұл да - грамматикалық тәсілдердің бірі. Сөз 

түрлендіруші формалар жоқ немесе аз тілдерде сездердің, орын тәртібінің мәні 

айрықша. Ағылшын тілі мен қытай тіліңде сөздердің орын тәртібі - 

грамматикалық тәсілдердің ішіндегі басты тәсілдердің бірі. 

6.Екпін тәсілі.Сөз екпіні тиянақсыз, яғни жылжымалы болса, ол да 

грамматикалық тәсіл ретінде қызмет атқарады.  

7.Интонация  тәсілі.  Екпін  сөзге  қатысты  болса,  интонация  —  фразаға,  сөйлемге 

қатысты болады. 

   Сонымен,  грамматикалық  мағыналарды  білдірудің  тәсілдері  алуан  түрлі  екен. 

Олар  екі  топқа  бөлінеді:  1)  синтетикалық  тәсілдер  (аффиксация,  ішкіфлексия, 

екпін,  қосарлану),  2)аналитикалық  тәсілдер  (көмекші  сөздер,  сөздердің  орын 

тәртібі, интонация). Синтетикалық тәсіл сөз ішінде болады, аланалитикалық тәсіл 

сөздің  сыртында  болады.  Синтетикалық  тәсілдер  жиі  қолданылатын  тілдерді  – 

синтетикалық  тілдер,  аналитикалық  тәсілдер  жиі  қолданылатын  –  аналитикалық 

тілдер  деп  айтады.  Синтетикалық  тілдердің  қатарына  үндіеуропа,  славян,  түркі, 

маңғол  тілдері  жатады.  Аланалитикалық  тілдерге  ағылшын,  болғар,  дат,  грек, 

француз тілдері енеді.  

     Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1. Грамматикалық ұғымдарға не жатады? 

2. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма дегеніміз не? 

3. Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері қандай? 



      Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011 

2.  Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007. 

3.  Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008. 

4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- 

Алматы, 2011 

5.  Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007 

6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.  

7.  Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001 


8.  Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 

9.   Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. 

     -Алматы,1985  

10.  Қордабаев Т.Р.  Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 

 

№23  тақырып: Грамматикалық категория жайлы ұғым.Морфологиялық және 

синтаксистік категориялар туралы 

 

1.Грамматикалық категориялар 



2. Грамматикалық категорияның бөлінуі 

3.Морфология категориясы 

4. Синтаксистік категориялар 

 

        Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, 



жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — 

мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі. Бұл 

жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет аткарады. 

Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай 

тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. 

Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші 

қатарға шығару кен тараған. Шынында, грамматикалық категорияның ен басты 

белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі болып табылады. Одан Грамматикалың 

категорияның екі жақты сипаты көрінеді.  

    Грамматикалық 

категория морфологиялық және синтаксистік болып 

бөлінеді. Морфологиялық 

категорияларға етіс, түр, шақ, жақ, рай, септік т. 

б. 


жатады.  Бұл  категориялардың  жүйелі  түрлері  сөздердін  ірі  грамматикалық 

топтарын  (сөз  таптарын)  жасайды.  Тілдерде  грамматикалық  категориялардың 

саны 

бірдей 


емес. 

Мысалы, 


қазақ 

тілінде 


орыс 

тіліндегідей вид, 

род категориялары 

жоқ. 


Синтаксистік 

категориялар 

тұлғалардын сөз 

тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу қабілетіне қарай жіктеледі.  



     Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1.Грамматикалық категорияларға не жатады?

 

2. Грамматикалық категория қалай  бөлінеді? 



3.Морфологиялық  категорияға не жатады? 

4. Синтаксистік категорияларға не жатады? 



     Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011 

2.  Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007. 

3.  Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008. 

4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- 

Алматы, 2011 

5.  Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007 

6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.  

7.  Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001 

8.  Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 

9.  Қордабаев Т.Р.  Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 


 

№24 тақырып: Сөз таптары, шығуы мен дамуы 

 

1.Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі ұстанымдары туралы 



2.Сөз таптарының шығуы мен дамуы 

 

  Тілдің  байлығы  -  сөздер  алуан  түрлі,  олар  тек  мағынасы  жағынан  ғана  емес, 



грамматикалық  құрамы,  атқаратын  қызметі  жағынан  да  түрлі-түрлі.  Тілдегі 

сөздердің  бұл  ерекшелігін  ғалымдар  ерте  байқаған.  Сонымен  байланысты  тілдегі 

сөздерді топтастыру мэселесі туындаған. 

Тілдегі  сөздерді  топтастыру  мәселесі  тіл  білімі  ғылымында  алғашқы 

грамматикалардан  басталған.  Аристотельдің  сөздерді  есім  және  етістік  деп  бөлгені 

белгілі.  Содан  бері  ғылым  дамып,  эр  тілдің  грамматикаларында  сөздердің  топтары 

нақтыланып,  барған  сайын  анықталып  келеді.  Бір  тілдін  өзінде  сөздер  эр  заманда 

түрліше  таптастырылып  отырғаны  белгілі.  Мәселен,  1914  жылы  баспадан  шыққан 

А.Байтұрсыновтың  "Тіл  құрал"  атты  оқулығында  сөздерді  алдымен  атауыш  сөздер, 

шылау сөздер деп екі үлкен топқа бөлген. Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан есім, 

есімдік деген бес сөз табын жатқызған. Ал, шылау сөздерге үстеу, демеу, жалғаулық, 

одағай сөздерді жатқызған. Бұл қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық екені белгілі. 

Ахмет Байтұрсынов "Тіл құралдың" 1915 жылғы басылымында сөз  таптары туралы 

пікіріне  біраз  өзгерістер  енгізген.  Оқулықтың  бұл  басылымында  ғалым  сөздерді 

бұрынғы  басылымдағыдай  екі  үлкен  топқа  бөлмеген.  Сөздерді  9  топқа  бөлген:  зат 

5есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулықтар, одағай. 

Қазақ тілінде создер екі түрлі топтастырылады.: 1) сөздерді 3 топқа бөлу, 2) сөздерді 

әр түрлі жеке-жеке сөз таптарына бөлу. Олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқтау қажет. 

Тілдегі  сөз  атаулыны  үш  топқа  бөлу  алғаш  екі  топ  ретінде  (атауыш  сөздер, 

шылаулар) А.Байтұрсыновтан басталғаны жоғарыда айтылды. Сөздерді бұл тұрғыда 

топтастыру  олардың  мағыналық  ерекшелігіне,  атқаратын  лексикалық,  грамматикалық 

қызметіне негізделген. Сөздерді осы түрде таптастыру тек қазақ тіліне  ғана  қатысты 

құбылыс 

емес. 


Мысалы, 

2004 


жылғы 

Д.Э.Розенталь, 

И.Б.Голуб, 

МА.Теленковалардың авторлығымен шыққан "Современный русский язык" атты оку 

кұралында  "самостоятельные  и  служебные  части  речи"  деп  бөліп,  одан  басқа  модаль 

сөздер,  одағай  жэне  еліктеуіш  сөздер  топтары  бар  деп  есептеп  жэне  олардың 

эрқайсысына қысқаша анықтама берген. 

Демек,  сөздердің  бір-бірінен  ерекшелігін  ашу  үшін  қолданылып  жүрген 

сөздерді  топтастырудың  бұл  түрі  ғылыми  негізі  бар,  тәжірибеде  өзін  ақтаған, 

сондықтан ол XXI гасырда да сақталғаны жоғарыда келтірілген орыс тіл білімінің 

тәжірибесінен көрінді. Сондықтан бұл топтастыруды артық санайтын кейбір қазақ ті 

лшілерінің  пікіріне  қосы  луға  болмайды.  Өйткені  бұл  топтастыруда  тілдегі  сөздердің 

жалпы  ерекшеліктері  ашылады,  соған  байланысты  сөздің  ойды  білдіретін  лексикалық 

мағыналы  топтары  анықталады,  олардың  сөйлемдегі  ойды  білдірудегі  қызметі 

белгіленеді,  сондай-ақ  ол  белгілері  жоқ  атауыш  сөздерге  кызмет  ететін  де  сөздер 

бары, көмекшілер бары анықталады. Осы екі топтың да қызметін де атқармайтын, 

тіпті сөйлемге қатыспайтын ерекше топтың бары осы топтастыруда анықталады.  

      


Тіл  білімінде  сөз  таптарының  табиғаты  жайында  әр  түрлі  көзқарастар  мен 

пайымдаулар  бар.  Олардың  бірі  бойынша,  сөз  таптары  сөздердің  лексика-



грамматикалық  категориялары  болып  саналса,  екіншілері  бойынша,  сөз  таптары 

сөздердің  формальды-грамматикалық  категориялары,  үшіншілері  бойынша, 

сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады. 

      


Сөз  таптарын  сөздердің  лексика-грамматикалық  категориялары  деп 

қарайтындар  сөздер  өзіне  тән  белгілері,  атап  айтқанда,  семантикалық, 

морфологиялық және синтаксистік белгілері бойынша топталып, тиісінше белгілі 

бір  сөз  табына  телінеді  деп  есептейді.  Мысалы,  А.А.Шахматовтың  пікірі 

бойынша,  әрбір  сөз  табының  мағынасы  сөздің негізгі  лексикалық  мағынасы мен 

оған  қосымша  грамматикалық  ұғымдардың,  грамматикалық  категориялардың 

жиынтығынан  құралады.Орыс  тіліндегі  зат  есімдерде  негізгі  атауыш  түсініктер 

(основные  знаменательное  представление)  грамматикалық  жекелік-көптік,  тек 

(род), септік категорияларымен ұштасады да, етістіктерде  – грамматикалық шақ, 

рай, етіс, жақ және т.б. категориялармен ұштасады. А.А.Шахматовтың бұл жерде 

«мағына»  жайында  емес,  «түсінік»  жайында  әңгіме  етуінің  себебі  оның 

грамматикалық теориясына тән психологизмге байланысты екендігі аңғарылады. 

     

Ф.Ф.Фортунатов  және  оның  мектебі  сөз  таптарын  формальды-



грамматикалық 

(дәлірек 

айтқанда 

морфологиялық) 

категория 

деп 


қарады.Ф.Ф.Фортунатов  сөздерді  «түрленетін»  сөздер  деп  топтастырады  да, 

«түрленетін»  сөздерді  «жіктелетін»(етістіктер),  «септелетін»(зат  есімдер)  сөздер 

септелетіндердің  ішінде  тек  (род)  категориясына  орай  сөз  түрлендіруші 

формаларға  ие  болатын  сөздер        (сын  есімдер)  деп  іштей  жіктейді. 

Ф.Ф.Фортунатов  үстеулерді  «түрленбейтін»,  бірақ  сөз  тудырушы  формаларға  ие 

болатын топқа жатқызады. 

     

Сөз  таптарын  таза  грамматикалық  категория  деп  қарайтын  лингвистер  де 



бар. Мысалы, О.П.Суник сөз таптарын классификациялауда тіл білімінде негізге 

алынып жүрген заттық, атрибутивтік, іс-әрекет (процесс) тәрізділерді лексикалық 

мағына  емес  (ал  А.А.Шахматов  бұларды  лексикалық  мағынамен  ұштастырады), 

жалпы  грамматикалық  мағына  деп  есептейді.Оның  пікірінше,  заттылық  –  зат 

есімдерге тән және оны басқа сөз таптарынан ажырататын жалпы грамматикалық 

мағына.    О.П.Суник  сөз  таптарының  әрқайсысына  тән  жеке  грамматикалық 

категориялар  мен  мағыналарды,  грамматикалық  формаларды  сөз  таптарын 

ажырататын  белгілер  ретінде  емес,  сөз  таптарының  әрқайсысының  өзіне  тән 

жалпы  грамматикалық  мағынасынан  туатын,  соған  бағынышты  құбылыстар  деп 

қарайды. Сонымен, О.П.Суник сөздерді сөз таптарына классификация жасауда сөз 

таптарының  жалпы  грамматикалық  мағыналары  –  заттылық,  атрибутивтілік, 

процессуальдық  және  т.б.  мағыналарды  негізге  алады  да,  сөз  таптарын  таза 

грамматикалық категория ретінде қарастырады. 

      


Сөз    таптарына  қатысты  айтылғандарды  жинақтай  келгенде,мынандай 

қорытындылар жасауға болады. 

1.

 

Жеке,  нақтылы  тілдердегі  немесе  тілдердің  тобындағы  сөз  таптарын 



айқындап  классификация  жасауда  жеке,  нақтылы  тілдің  немесе  тілдер 

тобының  грамматикалық  басты  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  сөз 

таптарының жалпы теориясына сүйену өте-мөте қажет. 

2.

 



Сөз  таптары  –  сөздердің  лексика-грамматикалық  категориясы  (топтары)  . 

Олар  бір-бірінен  жалпы  категорияльдық  мағынасы  мен  грамматикалық 

белгілері жағынан ажыратылады. 


3.

 

Сөздердің  топтары  сөз  таптары  ретінде  қаралғанда,  ең  алдымен,  олардың 



білдіретін  мағыналары,  атап  айтқанда,  заттылық  мағына,  атрибутивтік 

мағына,процессуальдық  мағына  және  т.б.  түрдегі  мағыналар  негізге 

алынады.  Сөз  лексикалық  құбылыс  қана  емес,  мұнымен  бірге 

грамматикалық  құбылыс  ретінде  де  танылады.  Осыған  орай,  сөздерді  сөз 

таптарына  классификация  жасауда  олардың  грамматикалық  белгілері  де 

негізге алынуы тиіс. 

4.

 

Сөз  таптарының  морфологиялық  белгісінің  мазмұнына  сөз  тудыру 



формалары  мен  сөз  түрлендіру  формалары  енеді.  Сөз  таптарының 

әрқайсысының өзіне тән сөз тудырушы арнайы аффикстері болады да, сөз 

таптары  бір-бірінен  сөз  тудырушы  аффикстер  арқылы  ажыратыла  алады. 

Сөз  түрлендіру  жүйесі  грамматикалық  категориялармен  ұштасады, 

жекелік-көптік,септік,тек  (род)  ,  шақ,  жақ,  рай,  етіс  деп  аталатын 

грамматикалық  категориялардың  бірі  зат  есімдерге  немесе  есімдерге, 

екіншілері  етістіктерге  телініп,  сөз  таптарын  саралап  ажыратуға 

көмектеседі. 

5.

 

Сөз таптарының синтаксистік белгісінің мазмұнына сөз табының сөйлемде 



мүше болу қызметі және сөздермен тіркесу ерекшелігі енеді. Белгілі бір сөз 

табына  енетін  сөздер  сөйлемде  белгілі  бір  мүше  болып  қызмет  атқаруға 

икемделеді  және  сөздердің  кез  келген  топтарымен  емес,  арнаулы  бір 

тобымен тіркеседі, солармен қарым-қатынасқа түседі, өз ара байланысады.. 



       Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1. Қазақ тілінде сөздерді таптастыру  ұстанымдарына не жатады? 

2. Сөз таптарының шығуы мен дамуы туралы қандай көзқарастар бар? 

      Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011 

2.  Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007. 

3.  Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008. 

4.  Исаев  .С. Қазақ  тіл  білімінің  мәселелері//    Вопросы  казахского  языкознания  .- 

Алматы, 2011 

5.  Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007 

6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.  

7.  Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001 

8.  Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 

9.   Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. 

     -Алматы,1985  

10.  Қордабаев Т.Р.  Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 

 

 



 

 

 



 

 

 



 №25  тақырып:  Синтаксис  мәселелері.  Сөздердің  байланысу  амалдары  мен 

формалары. Сөз тіркесі мен сөйлем  

 

1. Синтаксистің зерттеу нысаны 



2. Сөздердің байланысу амалдары мен формалары 

3. Сөз тіркесі  мен сөйлем  

 

 

Синтаксис - сөз  тіркесі туралы, сөйлем туралы  ғылым.  Сөздердің  сөйлемде 



байланысуының белгілі заңдылығы бар, сөздер бір-бірімен белгілі бір тәсілдермен 

байланысады.   Сөйлеу  дағдысы  бойынша  сөздер  өзара  белгілі  бір  жүйемен 

тіркеседі.  Сол  тіркестердің  де,  сөйлемдердің  де  өз  жүйелері,  өз  заңдары 

болады. Қазақ  тілінде  сөйлемдегі  сөздер  төрт  түрлі  тәсіл  арқылы  байланысады: 

жалғаулар  арқылы;  шылаулар  арқылы;  сөздердің  орын  тіртібі  арқылы  және 

интонация  арқылы.  Осы  амалдарды  біз  былай  топтап  атаймыз:  қосымшалар 

синтетикалық  тәсілдер  деп,  шылаулар,  сөздердің  орын  тәртібі,  интотацияны 

аналитикалық  тәсілдер  деп  аталады.  Осы  аталған  тәсілдерді  қолданып  сөз 

тіркестерін  құрауда  тілдің  қалыптастырған  формасы  бар.  Сөздердің  тіркесу 

формасы 5 түрлі: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу. 

       Синтаксис сөйлеудің  калыптасу  ережелерін  зерттейді.   Сөз  тіркесі  жөнінде 

жүйелі  зерттеулердің  қалыптасып  дамығанына  көп  болған  жоқ.      Қазан 

төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын 

тәртібін  көбірек  сөз  қылды  да,  ал  сөз  тіркесіне  байланысты  мәселелер  онша 

ауызға  алынбады.  Түркі  тілдерінің  сөз  тіркестері  тек  кеңес  дәуірінде  ғана 

зерттеліне  басталды.  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  еңбектерге  сөз  тіркесі,  оның 

байланысы формалары жалпы болса да айқын жіктелмей келді.   

Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. 

Толық  мағыналы  кем  дегенде  екі  сөздің  өзара  сабақтаса,  бірі  екіншісіне  бағына 

байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы 

деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады.  

Сөйлем -  біршама  аяқталған  ойды  білдіретін  сөздер,  я  сөздер  тобы.  Қазақ 

тілінің синтаксисі грамматикалық ілім  ретінде  екі  салада  зерттеліп  келеді:  сөз 

тіркесінің синтаксисі,  сөйлемнің синтаксисі.  Соңғысы  өз  ішінен  жай сөйлем 

синтаксисі, құрмалас  сөйлем синтаксисі  болып  жіктеледі.

.

Тиянақталған  ойды 



ауызша  да,  жазбаша  да  білдіруге  болады.  Сөйлемдер  айтылу  мақсатына  және 

дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.    

Сөйлемдер  айтылу  мақсатына  қарай  хабарлы,  сұраулы,  бұйрықты,  лепті; 

құрылысына қарай жай және  құрмалас;  Баяндаудың шындыққа  қатысы жағынан 

болымды  және  болымсыз;  Тұрлаулы,  тұрлаусыз  мүшелердің  қатысына  қарай 

жалаң және жайылма; Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай 

есімді  және  етістікті;  Бастауыштарының  қатысына  қарай  жақты  және  жақсыз 

болып бөлінеді. 

    Хабарлы  сөйлем —  сөйлемнің  бір  түрі.  Хабарды,  ақпаратты  баяндау 

мақсатында айтылады.  

     Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған 

сөйлемді атаймыз. Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады. 

      


       Лепті  сөйлем  деп  ерекше  көңіл  күйіне,  сезімге  байланысты  (қуану,  ренжу, 

таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз. Лепті 

сөйлем соңынан леп белгісі қойылады. 

       Бұйрықты  сөйлем -  кимыл-әрекетке  итермелу  мақсатында  айтылған  сөйлем. 

Бұйрықты  сөйлем  көбінесе  ауызекі  тілге  тән.  Бұйрық  мағынасы  әр  түрлі  реңкте 

білдіріледі:  егер  бұйыру  қатал  талап  мағынасында  жұмсалса,  дауыс  көтеріңкі 

айтылады,  ал  өтініш,  тілек  мағынасында  айтылса,  бәсең  айтылады.  Бұйрықты 

сөйлемдердің  баяндауыштары  етістіктің  бұйрық  және  қалау  райлары  арқылы 

жасалады: 


Каталог: data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
data -> Байдалиев Д. Д
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Сборник материалов Международной научно-практической конференции
data -> Бағдарламасы бойынша ескертпе (сайтқа орналастыру үшін)
data -> РеспубликалыҚ оҚу-Әдiстемелiк ЖуРнал мазмҰны содеРЖание Ө. Шеденов., а аРна
data -> Литература Межрегиональной олимпиады школьников «Высшая проба» по праву для учащихся 10 классов
data -> Урок русского языка в 11-м классе по теме: "Сложные предложения с различными видами связи"


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет