Е. сейтжанов



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата22.02.2017
өлшемі0,78 Mb.
#4697
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзбекстан Республикасы Жоғарғы 

жəне орта бiлiм министрлiгi 

Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік 

университеті 

ҚАРАҚАЛПАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ 

Түркі филологиясы кафедрасы 

 

 

 

Е. СЕЙТЖАНОВ 

 

Қ А З I Р Г I   Ə Д Е Б И   П Р О Ц Е С С  

(лекциялық курс) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Н Ө К I С – 2010. 

Е.Сейтжанов Қазіргі əдеб

и процесс 

 

Пікір білдіргендер: ф.ғ.к. И.Дилманов (НМПИ) 



   

 

 



     Ф.ғ.к. Ж.Низаматдинов (ҚМУ) 

 

 



 

 

 



 

 

Бұл  лекциялық  курс  филология  факультеті  қазақ  бөлімі 



студенттері  үшін  «Қазіргі  əдеби  процесс»  пəні  бойынша  үлгі 

бағдарламаны  басшылыққа  алып  жазылған.  Лекциялық  курста 

соңғы жылдарда жарық көрген ғылыми-зерттеу еңбектерінің əдеби 

процеске  байланысты  материалдары  қысқаша  қамтылған.  Еңбек 

студенттерге,  мектеп  оқушыларына  жəне  өзге  де  əдебиеттану 

пəніне қызығушыларға бірқыдыру мəлімет береді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


«Қазіргі əдеби процесс» пəні, оның сипаты, мақсаты жəне зерттейтін 

мəселелері 

 

1.Қазіргі дəуір жəне əдеби процесс. 

2.Əдеби процесс термин,онын зерттеу объектілері. 

3.Ұлттық сана жəне əдебиеттану ілімі.  

4.Қазіргі кезең əдебиетіндегі негізгі бағыттар мен беталыстар. 

 

 



       Тірек   сөздер: əдеби процесс, ұлттық болмыс, ұлттық сана, 

ғаламдану, əдебиеттегі психологизм, жанрлардың баюы, егемендік жəне 

əдебиет, көркемдік ізденіс, əдеби əсер, əдеби байланыс, қоғамдық 

сананың əдебиеттегі көрінісі, жабық тақырыптар. 

 

  

«Қазіргі  əдеби  процесс»  пəні    өз  алдына  жеке  пəн  ретінде  соңғы 

кездерден  бастап  жоғарғы  оқу  орындарында  оқытыла  бастады.  Бұл  ғылыми 

курстың негізгі мақсаты соңғы жылдардағы көркем əдебиетте болып жатқан 

өзгерістер,  жаңалықтармен  болашақ  филологтарды  таныстырып  бару.  Сол 

арқылы  студент  жастардың  көркем  əдебиет  туындыларын  үзбей  оқып, 

көркем əдебиеттегі қазіргі дəуірлік бағыт–беталысты үнемі бақылап отыруға 

үйрету болып есептеледі. 

Əдеби процесс

 – бұл белгілі бір дəуірде, сонымен қатар ұлттар мен 

елдердің,  аймақтардың,  əлемнің  күллі  тарихи  кезеңдерінде  өмір  сүріп  келе 

жатқан  əдебиеттің  тарихи – заңды  қозғалысы..  Əдеби  процесс  əрбір  тарихи 

кезеңде  əлеуметтік,  идеологиялық  жəне  эстетикалық  тұрғыдан  жазылған  əр 

алуан  сападағы  кесек  образдар  мен  қарапайым  бейнелер  кескінделген 

қарадүрсін  шығармалардан – көпшілікке  арналған  əдебиеттерге  дейін  өз 

бойына үздіксіз сіңіріп отырады.Əдеби процесс термині ХХ ғасырдың 20-30 

жылдарында пайда болып, 60 жылдарынан бастап кең қолданылып келеді. 

Əдебиет    те  өзге  өмір  құбылыстары  тəрізді  үнемі  мұқият  зерделеп 

отыруды  қажет  етеді.  Бұл,  ең  əуелі,  əдеби  сынға  тиесілі  міндет.Дарынды 

суреткер əлеуметтік өмірдің шешім тілейтін шие түйіні қай маңайда бүркеулі 

жатқанын,  оның  қарапайым  оқырман  аңдауы  қиын  сипаттары  қай  тұстан, 

қалайша  белгі  берерін  парасат  түйсігі  арқылы  білсе,  сыншылар  қауымы  да 

дəл  солай  əдеби  тіршіліктегі  тамыр  соғысын,  өзгерістерді  дер  шағында  дөп 

басып, жетістік сыры неде, кінарат төркіні қайда дейтін сауалдарға тиянақты 

жауап қайтарып отыруы тиіс. 

Бұл  өзі  обьективті  қажеттілік.  Əрбір  кезең  тарихы  ең  алдымен  өз 

тұсында  жасала  бастайды.  Əдеби  тіршіліктің  жетістік-кемшілігі  өз 

тұрғыластарынан бағасын алуы шарт. Ал оған түзету енгізу - болашақтың ісі 

дей отырып, сонымен қатар əр кезеңнің өзіне тəн диалектикалық қайшылығы 

да  осында  екенін,  сол  арқылы  уақыт  пен  кеңістік  тынысын  білдіретінін 

ескеру керек.. 


Бұл  дəуір  əдебиетін  зерделеудің  таза  ғылыми,  теориялық  жақтарымен 

бірге  бүгінгі  практикалық  маңызы  да  зор..  Əдебиет  сүйер  жас  қауым – сөз 

өнеріне  бейімі  бар  талапкерлер,  білім  қуған  студенттер  үшін  бұдан  артық 

оқулық бар ма? 

Сондай-ақ  бүгінгі  таңда  əрбір  азаматтың  рухани  талаптарын  толық 

қанағаттандырар мəдени мүмкіндіктер мол екеніне қарамастан, жан лəззатын 

көбіне  көркем  шығармадан  табатын,  əдеби  тіршілікті  мұқият  қадағалап 

отыратын мыңдаған əдебиет құмарлар бар. Көркем əдебиеттің əлемдік озық 

үлгілерімен  жете  танысу,  терең  зерттеулер  мен  шынайы  сыни  еңбектерді 

оқып,  талғамын  да,  ойын  да  жетілдіріп  отыратын  мұндай  оқырман 

əдебиетіміздің  жай-күйі  жайындағы  жүрдім-бардым  жайдақ  мақалаларды 

місе  тұтпайды.  Олардың  үлкен  əдеби  процесс  арасында  қарастырылған 

жинақты пікірлерді ғана білгісі келері ақиқат. 

Демек, əдеби процесті зерделеп отыру, əрі оны бүкіл əлемдік ауқымда 

қарастыру – оқырман үшін де, əдебиетшілер үшін де теңдей қажет. 

     Тəуелсіздік  жылдар  əдебиетінің  негізгі  белгілері  мен  өзіне  хас 

ерекшеліктері, көзқарастағы қайшылық, кешегі тоталитарлық жүйедегі бекіп 

қалған  идеологиялық  түсініктерден  бірте-бірте  арылу  жолдарын  көрсету 

болып есептеледі. 

     Қазіргі  ұлттық  сананың  қайта  түлеп,  қайта  жаңғыруы  əдебиеттің  де 

қайта  жасалуына  белгілі  дəрежеде  ықпал  жасап  отыр.  Əсіресе,  соңғы  еліміз 

егемендік  алған  жиырма  шақты  жыл  ішінде  халқымыз  арасында  тарихқа, 

ұлттық  салт-санаға,  өткеніміз  бен  өшкенімізге,  əсіресе  тіліміз  бен  дінімізге 

деген  жаңа  көзқарастар  пайда  болды.  Бұның  бəрі  де  қазіргі  тəуелсіздік 

жылдарындағы əдебиетте, күнделікті тұрмысымызда айқын көрініп отыр. 

Əдеби процестің

 анықтамасына келейік: 

Тəуелсіздік  кезеңдегі  əдебиет  туралы  сөз  қозғау  əдебиет  тарихын 

тарихи-əдеби  тұрғыдан  қарастыру  барысында  маңызды  проблемалардан 

саналады. 

Əдеби 

процесс – адамзатың 



эстетикалық, 

рухани 


құндылықтарының  толығуының  тарихы.  Əдеби  процесте - жеке  тұлғалар 

өзінің  əкелген  айрықша  көркемдік  ашылымдарымен,  өзіне  дейінгі 

құндылықтарымен  қайшылыққа  түсе  отырып,  оны  қозғалысқа  келтіре 

отырып,  əдеби  процестің  құрамында  кезеңдік,  жалғастырушы,  өзгертуші 

қызметтер  де  атқарады.  Алайда,  техниканың  даму  заңдылықтарындағыдай 

əдебиет  пен  өнерде  жаңа  көркемдік  ашылымдар  өзіне  дейінгі  барша 

көркемдік құндылықтарды жою арқылы дамымайды. Қайта ондағы қайсы бір 

элементтер  келесі  дəуір  мен  кезеңдегі  көркемдік  ашылымдарға  əр  беріп, 

үндесіп  отырады.(  Мысалы,  М.Əуезовтың  «Абай  жолындағы»  фольклор, 

этнография дəстүрі, Ш.Айтматов шығармаларындағы «мифтік» бастаулар). 

Əдеби  процесс – эстетика  мен  əдебиеттанудың,  өнердің  теориясы  мен 

тарихының,  сондай  ақ  поэтикасының  көркемдік  категориясы.  Ғаламда  бəрі 

өзгереді, қозғалысқа түседі.  Əдеби процесс - көркемдік  дүниенің қозғалысы 

мен дамуын зерттейтін методологиялық əдіс. 

Қазақ  əдебиеті  алғашқы  қадамынан  бастап  ақ  үнемі  ізденіс,  үнемі  өсу 

үстінде  келе  жатқан  əдебиет  десек  асырып  айтқандық  емес.  Өйткені,  қазақ 



жазба əдебиетінің бастауы – ұлы Абайдан қалған ғажайып үрдіс бар еді, əрі 

жаңа дəуір əкелген ғаламат өзгерістер мен соны серпілістерді ескіше жырлау 

мүмкін  емес  еді.  Қазақ  кеңес  əдебиетінің  негізін  қалаушы,  сол  кездегі  жас 

таланттар  жаңа  жанрлар  құпиясын  қалап  отырып,  құлшына  игеріп,  оларды 

əдеби дəстүрімізге сіңіріп, орнықтыру жолында қандай керемет бейнеттенсе, 

оны іргелі əдебиеттер көтерілген биіктер деңгейіне сүйреп, шеберлік асуынан 

орын  тептіруге  одан  да  артық  күш  жұмсады.  Тынымсыз  еңбек,  үздіксіз 

ізденіс  зая  кеткен  жоқ:  тұңғыш  романдардың  алды ( «Бақытсыз  Жамал», 

«Қалың мал», «Қамар сұлу») 1910, 1914 жылдары жарық көре бастады 

Қазақ  прозасындағы  ізденістердің  жаңа  кезеңі  ХХ  ғасырдың 60-70 

жылдарына  сəйкес  келеді.  Бұл  тұс,  ең  алдымен  қаламгерлеріміздің  тарихи 

тақырыпты 

игеруге 

деген 


жаппай 

құлшынысымен 

ерекшеленеді. 

С.Мұқановтың  «Аққан  жұлдыз»,  Ə.Нұрпейісовтің  «Қан  мен  тер», 

І.Есенберлиннің  «Көшпенділер»,  Ə.Кекілбаевтың  повестері  мен  «Аңыздың 

ақыры»  романы,  Д.Досжановтың  «Жібек  жолы»,  Отырар»  т.б.  шығармалар 

осы кездердің жемісі. 

Сонымен  бірге,  бұл  өзі  қазақ  қаламгерлерінің    қатарына  тағы  да 

қуатты толқын кеп қосылған шақ еді. Түрлік, тəсілдік, стильдік, тақырыптық 

барлауға    жиі  ұмтылысымен  əдебиетімізге  соны  тыныс,  өзгеше  леп  ала 

келген  осы  толқын  бүгінде  ұлы  күшке  айналды.  Бүгінгі  əдеби  процесс  «ауа 

райындағы құбылыстар» негізінен осы үшінші буынның қимыл-қарқынына» 

байланысты болуға айналғанын мойындауға тиіспіз. 

Сондай-ақ Батыс Еуропа халықтары əдебиетінде мини роман (микро 

роман)  жазу  сəнге  айналып  келеді.  Ондай  шығармалар  тізімін  соза  бермей, 

М.Делибестің  «Күнəсіз  əулиелер»  романы  шағын  форматпен 90 бет  екенін 

айтсақ  жеткілікті.  Дəл  осындай  мини  романның  қазақ  топырағында  да 

дүниеге  келгенін  көріп  отырмыз.  Бірақ  осының  кəдімгі  повестен  айырмасы 

бар  ма,  бар  болса,  неде?  Жоқ,  əншейін  аты  бөлек  те,  заты  бір  нəрсе  ме? 

Сыншы, əдебиетшілерден теориялық түсінік беруін сұрайтын мəселенің бірі 

–  міне, осы. 

Қоғамдық  дамудың  соңғы  кезеңіндегі  қазақ  қаламгерлерінің 

тақырыптық ауқымы тым кең. Жоғарыда талдағандардың қай қайсысы да əлі 

күнге  көркемдік  зерделеу  шеңберінен  шыққан  жоқ.  Ауыл  тұрмысы,  қала 

тіршілігі, өндіріс жəне құрылыс тынысы, өнер, ғылым жетістіктері – бəр- бəрі 

де жазушы қаламына шабыт беріп келеді. Əйтсе де, қаламгерлердің əсіресе, 

молырақ  қайырылып,  шұқшия  зерттеп  жүргені  моральдық-адамгершілік 

мəселесі. Өйткені, біздегі басты мақсат – замандастарымыздың моральдық -

адамшылық  қасиеттерін  көрсете  отырып,  ұлттық  биік  мұраттар  жолындағы 

шынайы  күрескер  тұлғасын  жасау.  Жазушылар  бұны  бүгінгі  таңдағы 

əлеуметтік талап-тілек деп түсінеді.  

Көркем    туынды  не  идеядан,  не  тақырыптан  туындайтыны  ешкімге 

құпия  емес.  Тақырып  түрткі  болған  жағдайда – оның  идеясын  ойластыру 

керек  те,  идеядан  өрбіген  кезде – шығарма  арқауына  жататын  материал 

қорын  беретін  ең  тиімді,  ең  оңтайлы  ортаны  таңдау  қажет.  Бірақ  бұл  екеуі 

суреткерлік тұрғыдан қарағанда да, ізденіс тұрғысынан қарағанда да, бейнет-



машақаты  көп  нəрселер.  Идеяны  теңіз  деп  есептесек,  тақырып  оған  жан-

жақтан  сарқырай  құйылып  жатқан  яғни  тармақталып  ағып  шығып  жататын 

өзендер іспетті. Сондықтан да тақырыптық ізденістер мүмкіндігі молдау. Ал 

тақырыптың  да,  идеяның  да  эстетикалық  тəрбиелік  қуаты – көркемдікте. 

Шеберлік жоқ жерде көркемдік те жоқ екені сияқты, көркемдік жоқ жерде – 

идея да, тақырып та жоқ. 

Солардың бірі – біздіңше, бүгінгі əдеби процесс алға тартып отырған 

нəрсе – шығарма  тақырыбы  мен  фондық  элементтердің  бір-біріне  ықпалы, 

соңғысының  идея  ұштауға,  композициялық  жұмырлыққа,  көркемдік  сапаға 

тигізер  əсері  дейтін  жай.  Əдебиет  теориясынан  мағлұмат  берер  оқулықтар 

мен сөздіктерде «фон» дейтін ұғымға оншалықты мəн берілмей келеді. Əйтсе 

де, осынау фон туралы ұғым сурет өнерінде ғана емес, елеусіздеу болғанмен 

əдебиетте де тіршілік етіп келеді. 

Қазір  жағдай  басқашалау.  Жоғарыда  аталған  субьективті  себептерді 

былай  қойғанда,  өмірдің  даму  қарқынының  тездегені  сонша,  күнде 

көргеніңіз- күнде жаңарады. Үнемі ізденіс үстінде жүрмеген кісінің тіршілік 

ағымынан қалып қоюы оп-оңай. 

Оның  үстіне  əдебиет  те  қатты  өсті.  Тек  көрген-білгеніңді  тергіштеп, 

ұзаққа  бара  алмайсың.  Оқиғаның  сыртқы  көрінісін  суреттеуден  гөрі. 

кейіпкердің  ішкі  дүниесіне  көбірек  үңілу.  Түптеп  келгенде,  қазақ  прозасы 

үнемі  ізденіс  үстінде.  Онда  əлемдік  жəне  бұрынғы  одақтық  əдебиетте 

көрінген  алдыңғы  қатарлы  сапалық  сонылықтардың  бəрі  бар.Демек,  қазіргі, 

тəуелсіздік  жылдар  əдебиеті  сыни  еңбектерден  өзгеше  серпін,  тұжырымды 

пайымдаулар  күтеді.  Ал  сыншылар  қауымы  үйреншікті  əдетпен  өз 

міндеттерін  тек  образдар  талдаумен  шектесе,  онда  шығарма  тереңіне 

бойламай  қалады.  Шығарманың  концептуалдық  тінін  ажыратуға,  сол 

орайдағы  жазушының  көркемдік  құралын  анықтауға  ұмтылмаған  əдебиетші 

бүгінгі əдеби процесс қарқынына ілесе алмақ емес. 

Қазіргі əдебиет яғни тəуелсіздік дəуір əдебиеті курсы негізінен қазіргі 

қазақ  əдебиетіндегі  жаңалықтар  мен  өзгерістер,  сапалық  жаңарулар,  қазақ 

əдебиеті мен мəдениетінің болашағы болған жастар шығармашылығы туралы 

болашақ  филолог-əдебиетшілерге  тиісті  дəрежеде  мəлімет  беруді  негізінен 

басты  мақсат  етіп  қояды.  Сонымен  бірге,  еліміздің  өткені  мен  бүгінгісін 

салыстыра  отырып,  олардың  арасындағы  байланыс,  жалғастық  мəселесін  де 

терең  бақылап  тексеруді  мақсат  етеді.  ХХ  ғасырдың 20-90 жылдарында 

əдебиеттану ғылымындағы басты сипат коммунистік  идеологияға         иек 

артқан халде,  өткеннің бəрін де мансұқтау, тарихымызды бұрмалап көрсету 

айналасында  болғаны,  бəрін  де  тек  кеңес  өкіметі  арқылы  бастау  қажет  деп 

есептегені  мəлім.  Қазіргі  əдеби  процесте  кешегі  əдебиетімізде  аттары 

аталмай, 

шығармалары 

халықтан 

жасырылып 

келген 


ақын-

жазушыларымыздың  да  шығармалары  жайында,  олардың  өз  кезінде 

халықтық ақыл-ой, сана-болмыстан алған орындары, халыққа тигізген ықпал-

əсерлері жайында да пікір білдіріледі. 

Əдеби  процесс  термині  кең  мағынада  да,  тар  мағынада  да 

қолданылады.  Кең  мағынада-белгілі  бір  дəуірдегі  əдебиеттің  даму 



тенденциялары,  халықтардың  əдебиет  пен  мəдениет  саласындағы 

байланыстары,  əдебиеттің  қоғамдық  санаға  тигізген  əсері,  сонымен  бірге, 

дүниежүзі əдебиетінде пайда болған ең жаңа, маңызды əдебиет туындылары, 

олардың  өзге,  өзінен  соңғы  қаламгерлерге,  солар  арқылы  бүкіл  халық 

əдебиетіне тигізіп отырған əсері мəселесін қамтиды. 

Тар  мағынада-бір  ұлт  не  халық  əдебиетінің  соңғы  кезеңдегі  даму 

тенденциялары, олардағы жетіскендіктер мен жаңалықтар, жалпы əдебиетке 

тəн болған ерекшелік мəселесі айналасында сөз етіледі. 

Мəселен,  қазақ  əдебиетіне  келетін  болсақ,  əдебиетіміздегі  қазіргі 

кезең тудырып отырған проблемалар, қазіргі пайда болып жатқан поэзиялық, 

прозалық  жəне  драмалық  туындылар,  олардың  негізгі  ерекшеліктері,  қазіргі 

дəуір əдебиетінің кешегі дəуір əдебиетінен ерекшеленіп тұратын сипаты мол. 

Алдымен,  əдебиетіміз,  бір  ғана  идеологияның  шылауында-коммунистік 

идеологиямен  қаруланып  келген  болса,  қазір  ұлттық  сана,  ұлттық  болмыс, 

өткенге  объектив,  əділ  көзқарас  тұрғысынан  қарау  жəне  баға  беру 

мүмкіндігіне ие болған. Сонымен бірге, əдебиетімізде жаңа тақырыптар ғана 

емес, жаңаша суреттеу тəсілдері де пайда болуда. 

Əдеби  процесс  пен  қоғамдық  болмыс  арасында  үздіксіз  байланыс 

болады.  Сондықтан  да  əдебиетімізде  қазіргі  болып  жатқан  өзгерістерді 

қоғамдық санадағы, саясаттағы өзгерістерсіз өлшеуге болмайды. 

Көркем  шығарма  өмір  суретін  бейнелеу  ғана  емес,  өмір  ағымының 

бағытын,  сол  бағыттың  табиғатын  да  танытады.  Əйтсе  де  адамзат  қауымы 

алдына  үнемі  тың  міндеттер  қойылып  отырады.  Халықтарымыз 

демократиялық қоғам орнату арасында сананың жаңаруына да қол жеткізеді. 

Бүгінгі  күні  əдеби  процесте  ерекше  көкейтесті  деген  мəселенің  бір 

сыпырасы  адамның  өзін-өзі  танып  білуге  деген  талпынысына  байланысты 

болып  отыр.  Адамның  өз  ішіне  бойлауы,  өз  ішіндегі  қалтарыс,  құпияларды 

ашуға,  оны    тануға  деген  саналы  құштарлығы  неғұрлым  күшейе  түскен 

сайын, оның бойындағы түрлі ерекше қасиеттердің де белсенділігі соғұрлым 

арта түседі. 

Осы  рете  суреткерлердің  адам  жанына,  рухани  дүниесіне  тереңдеп 

баруы  ең  басты  мəселе  болып  есептеледі.  Мұндайда  түрлі  сезім-

толғаныстарға  талдау  жасай  алуы,  солардың  арасында  тазалық  пен 

тиянақтылық  бірінші  орынға  қойылуы  қазіргі  əдебиетімізден  айқын  көрініс 

табуда. 

Кешегі  коммунистік  идеология  тарихи,  мəдени  мұраны  жаңа  қоғам 

мүддесіне пайдалану идеясын сөз жүзінде мойындағанымен, іс жүзінде оны 

пайдаға  асыра  алмады.  Ол  ерте  замандарда  жасалған  халықтық  көркем 

туындылардың өзін таптық, партиялық тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Содан 

барып,  біздің  ұлттық  мəдени  мұрамыздың  көп  бөлігі  «ескішіл,  феодалдық, 

керітартпа,  ұлтшылдық  идеологияны  жақтайды»  деген  сылтаумен 

қолданыстан шығып қалып отырды. Саясаттан тыс жасалған халық əдебиеті 

саясатқа  бұра  талданды.  Тіпті  фольклордың  мифтік,  аңыздық  сипатын 

ескермей,  оны  нақты  өмірдің  көрінісі  деп  қарау  орын  алды.  Халық 

қаhармандары  таптық  тұрғыда  түсіндірілді.  Соның  нəтижесінде  «Қыз 


Жібек»,  Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу», «Ер  Тарғын» «Алпамыс», «Қобыланды» 

сияқты эпостардың қаhармандарының өзі бай баласы, хан  қызы деген сияқты 

айыптарға  ұшырады.  Мұндай  көзқарас  тарихи  əдебиетті  бағалауда  да  кең 

өріс алды. 

Біздің  бүгінгі  идеологиямыздың  негізі  енді  тəуелсіз  жолға  шығып, 

мемлекеттік дербестік алған халқымыздың мүддесі жолында топтасу, ұлттық 

бірлікке  үндеу  болуға  тиіс.  Бұл  идеяның  қазақ  əдебиеті  үшін  дəстүрлік 

сипаты  мол.  Біздің  əдебиетіміз - өмір  бойы  тəуелсіздікті,  бостандықты. 

бірлікті  жырлаған  əдебиет.  Көшпелі  тұрмыс  жағдайының  тұрақсыздығы, 

көрші  халықтардың  бізге  үнемі  отарлық  саясат  ұстануы,  ішкі  рушыл 

алауыздық  біздің  ақын-жыршыларымызды  осы  тақырыпты  үзбей  жырлауға 

мəжбүр  етті.  Халқымызбен  бірге  əдебиетіміз  де  бостандықты  жырлағаны 

үшін,  отаршылдықтан  азат  болуды  армандағаны  үшін  таяқ  жеді. «Ұлтшыл 

халық, ұлтшыл əдебиет» атанды.          

Коммунистік,  партиялық  күштеу  тұсында  ығыр  болған  əдебиетшілер, 

жазушылар,  ақындар  ортасында  бұл  күнде  «идеология»  дегенге  тыжырына 

қараушылар  аз  кездеспейді.  Дегенмен,  жетпіс  жыл  бойы  халқымыздың 

санасына  мықтап  сіңіп  қалған  таным  мен  көзқарасты,  психологиялық  ой-

пікірді  бірер  жылда  мүлде  жойып  жіберуге  де  болмайды.  Оның  үстіне 

кеңестік  дəуірдегі  жетпіс  жылдың  əдебиетіміз  бен  мəдениетімізге  қосқан 

табыстары,  көтерген  белестері  де  бар  екендігін  ұмытпауымыз  керек.  Біз 

қалайық,  қаламайық  кешегі  жетпіс  жылдық  тарихымызды  сызып  тастауға, 

даттауға  да,  мақтауға  да  болмайды.  Ол  туралы  тек  шындық  айтылуы  тиіс. 

Əдеби дамуда осы кезеңнің кейбір жарамсыз, қитұрқы тұстары болғанымен, 

қазақ  əдебиетінің  көптеген  туындылары  əлемге  танылды,  көптеген  тілдерге 

аударылды,  əдебиетімізде  өлмес  те,  өшпес  те  құнды,  идеялық  көркемдік 

деңгейі  биік  небір  туындылар  жаратылды.  Бүгінгі  əдебиетімізді    кешегі 

дəстүрсіз,  жетіскендіктерсіз  қарау  əбестік  болар  еді.  Сонымен,  қазіргі  ояну 

немесе  тəуелсіздік  жылдардағы  əдебиетіміз  кешегі  əдебиет  тарихының, 

құбылыстардың табиғи жалғасы ретінде танылуы керек.   



     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тəуелсіздік жылдардағы лирика. Ізденістер мен 

жаңашылдық. Қазіргі жастар поэзиясы

 

Бүгiнгi  тiлге  тиек,  əңгiмеге  арқау  болып  отырған  тəуелсiздiк 



жылдарының  əдебиетi  несiмен  ерекшеленедi,  сипаты,  идеясы,  бағыты  мен 

тұжырымдамасы  бар  ма  деген  сауалдардың  басын  ашып  алу  керек  шығар. 

Тəуелсiздiктiң  алғашқы  жылдарындағы  қиыншылықтың  поэзиямызды  да 

албыратып тастағаны мəлім 

Қазіргі  қазақ  поэзиясындағы  стиль  мəселесін  көркемдік  əдіс,  жанр, 

ақындық  шеберлік,  ізденіс  тұрғысынан  қарастыра  отырып, 70-80 жылдар 

поэзиясындағы  көрінісін  Ж.Жақыпбаев,  К.Мырзабеков,  Ж.Əбдірашев 

туындылары негізінде талдауға бет бұрайық. 

Ж.Əбдірашевтың  шығармашылық  жолына  назар  салғанда,  əрине,  ең 

əуелі, бұл ақынның ерекшелігі, даралығы неде деген сұраққа жауап іздейміз. 

Ақын  қаламынан  туған  шығармалар  əр  жылдары  «Найзағайлы  жаз» (1971), 

«Дала,  сенің  ұлыңмын» (1975), «Көңіл  көкпары», «Перзент  парызы» (1980), 

«Соғыстан  соңғы  туғандар» (1993), «Сана  соқпағы» (1998 ж). «Таңдамалы» 

т.б(2000) жинақтарына топтастырылған.  

Ж.Əбдірашев өлеңдеріне тəн ерекшеліктерді сөз еткенде, өмір мен уақыт 

өлшемін  өзінше  бағамдап,  өзгеше  ой  түйетінін  айтқан  жөн.  Ақын 

өлеңдеріндегі  ой  тербелісі,  сезімдер  қақтығысы,  өткінші  өмірге  деген  наз 

лирикалық  қаһарманның  көңіл  күйі  мен  толғанысы  арқылы  шебер  сурет, 

шешендік толғамдармен өрілетініне ерекше назар ауады. 

Ақындық  бөлекше  бітім  «Көңіл  көкпары»  жинағының  кіріспесінен-ақ 

көзге ұрады.: 

«Кіріспе» демей, 

Кірісу қойдым жыр атын. 

Кірісу менің- 

Міндетім, 

Халқым, 


Мұратым! 

Өмірде мынау бəріне, 

Бəрі, бəріне Кірісу керек, 

Кірісу керек- шын ақын! (41,21) 

Осы  қолтаңбадан-ақ  Жарасқан  ақынның  өзгеге  ұқсамайтын  даралығы 

көрінеді.  Бұл  даралық  үзік-үзік  бой  көрсетіп  қалып  қоймайды,  бүкіл 

шығармашылығының  өн  бойында  өзгеше  мəнер,  тың  өрнекпен  жүйеленіп 

отырады. 



Ж.Əбдірашевтың  ақындық  тұғырнамасы-өмірдегі  қым-қиғаш  тартыс, 

өмір өткіншілігін аңғарту, сөйте тұра ақын оны «Ақ бұлақтар» атты өлеңінде 

былайша толғайды: 

Ақ бұлақтар! 

Алқынған ақ бұлақтар! 

Қазір-көктем, 

         Алдың-жаз

Шапқылап қал! (41, 21) 

Аласұрған  бұлақ  қозғалысы-өмір  ағынының  бейнесі  тəріздес.  Ақын 

көңілі бұлақ пен Адам өмірін үндестіре, жымдастыра бейнелейді. 

…Көкжиектен күн аунап барады əні, 

Қызарғаны-қоштасып қарағаны… 

Күз де келер, 

                      кем-кемдеп тартыларсың, 

Қыс та келер, 

                       бір жола сарқыларсың… (41, 21) 

Ақынның Махаббат бейнесін сипаттауы да өзгеше. Топтамадағы пішіні 

жаңаша,  құрылымы  тың  өлеңдердің  мазмұндық,  көркемдік  бедерінен  де 

ақынның өзіне ғана тəн тəсілді тануға болады. Тұтастай тіркестерді əдепкіде 

қайталау  үлгісімен  өре  отырып,  табиғат  құбылысын  жан  дүниесімен 

үндестіре береді. Мысалдар келтірсек, 

Сен ізде мені- 

жолым көкжиекке сіңіп жоғалғанда! 

Сен ізде мені- 

жасыл бақ жапырағынан тоналғанда! (43, 308) 

Осылай тізбектеліп келген өлең жолдары 

Сен ізде мені- 

Сезініп іштей бар халімді оймен! 

Іздеусіз  қалудан  қорқамын  ғой  мен!- (43, 308) деген  жолдармен 

түйінделеді.  Ақынның  ұтымды  шыққан  өлеңдерінің  қатарында  баяндау 

стиліне  негізделіп,  поэтикалық  ырғаққа  түсірілген  «Мен  сенің  бар  екеніңе 

сенгенмін», «Мен  осы  шынымен  ғашық  болсам  керек…», «Қандай  жақсы 

болған…», «Сен мені сүйеді екенсің…» өлеңдерін атауға болады. Бұл аталған 

өлеңдерде  ой  қайталаулар  поэтикалық  оралыммен  келіп,  өлеңге  ерекше 

айшық береді. Ақынның бұл қолданысы өте сəтті шыққан. 

Мен осы шынымен ғашық болсам керек, 

Достарым: 

«өзіңмен өзің жүретінді шығардың» дейді. 

 

Мен осы шынымен ғашық болсам керек, 



Достарым: 

«өз-өзіңнен күлетінді шығардың» дейді. 

 

Мен осы шынымен ғашық болсам керек. 



Достарым: 

«кей уақытта қона қайтатынды шығардың» дейді. 

 

Мен осы шын ғашық болсам керек, 



Достарым: 

«бейуақта өлең айтатынды шығардың» дейді. 

Мен осы шын ғашық болсам керек!... (43, 311) 

Жарасқан  Əбдірашев  поэзиясының  бір  саласын  құрайтын - ақынның 

эпиграммалары. 

Ж.Əбдірашев  эпиграммалары  «Əзілің  жарасса»  деген  атпен 1989 жылы 

шықты. Кейіннен 2001 жылы шыққан «Құлпытас» жинағына енді.  

Ақын эпиграммаларында қаламдастар болмысы мен мінезі кейде уытты 

əзіл, кейде ащылау сықақ арқылы өрнектеледі. Мысалы, Сырбай Мəуленовке 

жазылған эпиграммасы 

Зауқы жоқ мүлде сусынға 

өзінің өзі уысында 

жырының бірақ қызуы 

баяғы гра-ду-сында (43, 138),- 

деген орынды əзіл түрінде келсе, Хамит Ерғалиев туралы: 

Жалған айтып ендеше 

жалпылдама делбеше. 

естімеген ешкімнен 

«сөз»  естігің  келмесе. (43, 137)-дейді.  Эпиграммаға  керегі-сөзді  ойната 

білу,  тапқырлық,  қысқа  да  болса,  осы  шарттар  толығымен  орындалып, 

Жарасқанда  сəтімен  үйлескен.  Əр  қаламгердің  мінезін,  қасиетін  дөп  басып, 

дəл тану эпиграмма жазушыдан үлкен шеберлікті қажет етеді. «Бірде тауып, 

бірде  қауып»  айту  да  абырой  əпермейді.  Сондықтан  үнемі  шеберлік 

шеңберінен  шықпай,  нысанаға  алынған  кейіпкерді  жете  тану  үшін  де 

қырағылық пен сезімталдық керек. Жарасқан эпиграммаларының «теп-тегіс, 

жұмыр»  болып  келуі  ақынның  тіл  мен  ойға  жүйріктігін  дəлелдей  түсетін 

мысал.  Эпиграммалардағы  мінездеулер  де  көркем  əдебиет  талабына  сай 

эстетикалық-этикалық  қарым-қатынастарды  естен  шығармайды.  Сондай-ақ 

əр  қаламгердің  өзгеден  бөлекше  мінезі,  іс-əрекеті  туралы  айтыла  отырып, 

кейбірінің  айрықша  қастерлер,  кейбірінің  өзгеге  ұнай  қоймас  əрекеттері  де 

көркем тіркестерден көрініс табады. Мысалы, Ə.Əбішевті 

Жай уақытта-жайдары 

жиналыста-ашулы … 

Серттен тайса, хас мықты 

Семсер сөзбен тіледі. 

Күні жеткен «бастықты» 

күні бұрын біледі (43, 134) -                                                                                

деп сипаттаса, Ə. Сəрсенбаевқа: 

Айналасы тұрған соң сыйға тұнып, 

Атақ үшін жатпайды ми қатырып. 

Шамырқанған шабыттың қызуынан 


Шаштың  өзі  қалғандай  ширатылып (43, 135)-деген  жолдарды  арнайды. 

Бұл тұста Жарасқан тапқырлығы кейіпкерінің сырт бейнесіндегі ерекшелікті 

мінезіндегі ерекшелікпен байланыстырып бере білуінде болып тұр.  

Белгілі ақын Қ.Бекхожин туралы: 

Асыл болса-сыртыңнан мақтасады Қалекең 

Ашуланса-мұртынан от шашады Қалекең! 

Ұнадың ба-соңыра ұмытпайды Қалекең! 

Сынадың ба-оны да ұмытпайды Қалекең! (43, 135)-деп кезекті қайталау 

үлгісі  арқылы  кейіпкерінің  мінезін  танытады.  Ақынның  үлкендерге  қарата 

жазылған  эпиграммаларына  кішілік  ізет  тəн  болса,  құрдастарына  келгенде 

əзілдің  уыттысы  мен  өткірін  қару  қылып  жұмсайды,  міні  болса  оны  да 

айналып  өтпейді.  Темірхан  Медетбековке  арналған  эпиграммасында  оның 

ақындық қасиеті тайға таңба басқандай анық, дəл сипатталған: 

           «Зымыран деген бір құс бар 

           Жұмыртқасы темірден» 

           Темірхан деген «білгіш» бар, 

           Темірден өлең «кемірген». 

           Табатын тосын түрді не, 

           Уақыттан, рас, ұста жоқ. 

           Қаламы –құрыш сүргі де, 

           Ал, өзі-бейне станок. 

           Жатқанмен өнім алынып

           Аңдаған көзге қырағы: 

           Тұрады көзге шалынып, 

           Жонылмай кеткен «брагы» (43, 216). 

Нысанаға  ілініп  отырған  ақынның  шығармашылық  бітімін  берудегі 

тапқырлыққа  талас  жоқ.  Шындығында,  поэзиямызға  жаңа  түр  əкелу 

жолындағы үлкен ізденісте жүрген Темірхан ақынның бұл саладағы алғашқы 

барлаулары  түгелдей  жетістікке  толы  деп  айта  алмаймыз.  Соңғы  жылдары 

«көктүріктер сарыны» түрінде жазылып жүрген өлеңдері ақынның бұл түрді 

тереңдей  меңгергенінің,  стилінің  қалыптасып,  шынайы  шеберлікке 

жеткендігінің куəсі. 

Ж.Əбдірашевпен  поэзия  əлеміне  қатар  келген  К.Мырзабеков  те  өзіндік 

ақындық  ерекшелігін  көрсете  алған  ақын.  Құрдасының  көзі  тірісінде 

шығарылған эпиграммасында мынадай жолдар бар: 

Мінездес мың құбылған теңізбенен, 

Кезі жоқ «мұның қалай» дегізбеген. 

Тақырып таңдамайды тақуасып: 

Ат та-өлең, атан да-өлең, өгіз де-өлең (43, 216) 

Бұл  жолдар  Кеңшілік  ақынның  шығармашылық  болмысына  берілген  баға 

десе де болады. Шындығында да, К.Мырзабеков өлеңдері тақырыбы жағынан 

əр  алуан.  Қазақ  поэзиясындағы  баллада  жанрының,  сюжетті  лириканың 

дамуында Кеңшіліктің қосқан қомақты үлесі бар. 

Кеңестік кезеңде əдебиетіміздің толысып, кемел кезеңге келгенін, əрине, 

жоққа  шығаруға  болмайды.  Дегенмен  де,  кеңестік  саясат  социалистік  өмір 


салтын,  кеңес  адамының  жарқын  өмірін  көрсетуді  əдебиетке  талап  етіп 

қойды.  Социалистік  реализм  əдісінің  мəні  де,  мақсаты  да  осы  болатын. 

Соның  салдарынан  жазылуға  тиіс  дүниеде  жазылмай,  жазылса  да  шындық 

пердесі  ашылмай  қалған  сəттер  жоқ  емес.  Поэзияны  публицистикаға 

айналдырып,  жаппай  мадақтау  мен  мақтауға  толы  «бойында  жаны  жоқ», 

сыршылдықтан ада өлеңдер белең ала бастағанда М.Мақатаев, Т.Айбергенов, 

С.Жиенбаев,  Ф.Оңғарсынова  т.б.  лирикаға  əкелген  тың  серпін  кейінгі  буын 

өкілі К.Мырзабеков поэзиясының да негізгі болмысына айналды. 

Аз  ғұмырдың  өзінде  туған  халқының  жыр  сандығына  Төлеген, 

Мұқағали,  Жұматай,  Жарасқан  сынды  ақындармен  бірге  Кеңшілік  ақын  да 

мол  қазына  қалдырды.  Аталмыш  ақындар  заманының  саяси  талабынан  гөрі 

ұлы  Абайдың  ақынға  қойған  биік  талабынан  шыға  алғандығына 

шығармашылықтары айқын дəлел. 

Талантты  ақын  Кеңшілік  халқына  деген  сүйіспеншілікті,  табиғат  пен 

адам  арасындағы қарым-қатынасты,  махаббатты, достық пен  адамгершілікті 

негізгі нысанаға алып, қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейтіп, ерекше еркін 

тыныспен,  пішіндік,  мазмұндық  ізденістер  нəтижесінде  туған  көптеген 

жырлары  соғыстан  соң  туған  ұрпақ  бола  тұрса  да,  сол  тарихи  кезеңін  ащы 

дəмін татып, тағдыр тауқыметін басынан өткергендігін «Өліара мезгіл» атты 

өлеңінен аңғаруға болады: 

Өліара мезгіл… 

Он алты жаста едік біз, 

Өліара өтсе, өруге жүрген елікпіз. 

Сансыз табандар сарсылған дүние сені біз 

Тауыса алмаспыз «армансыз кезсек» дедік біз… (47, 6) 

Сүйген жары майданнан оралмаған он тоғыз жасар жеңгенің жанындағы 

күйзеліс  пен  қасіретті  ақын  жете  сезініп,  бейнелеген.  Лирикалық  қаһарман 

ойы, жеңгесіне деген ерекше ілтипаты: 

…Жеңешем менің бойжеткен қыздай əлі де, 

Жолына тағдыр қалайша тұрмақ көлденең. 

Жеңешем менің жер басып жүрер болса егер, 

Отауын іздеп осылай қарай жол шегер. 

Жеңешем менің көкемнің ғана теңі ғой, 

Көкемнің  орны  кімменен  оған  өлшенер (47, 138)-деген  жолдармен 

берілген.  Кеңшілік  поэзиясына  тəн  риясыз  сезім,  нəзік  сыршылдық 

поэмадағы лиризмді күшейтіп, романтикалық сипатын арттырған.   

К.Мырзабеков-қазақ  поэзиясында  алар  ерекше  орны  бар  ақындардың 

бірі. Жалпы, ақындық ерекшелік дегенді дара стиль шеңберінде бағамдасақ, 

Кеңшілік  ақын  да  дарын  қуатымен  дербес  стиль  қалыптастырған  қаламгер. 

Ақынның  əр  жылдары  жарық  көрген  жыр  жинақтары-«Іңкəр-дүние» (1972), 

«Көктем  көкжиегі» (1978), «Қасиетті  қас  қағым» (1985), «Дүбірлі  дəурен», 

«Ауыл  мен  астана»,  «Балалық  шақ  балладалары»  қаламгердің  ізденісі  мен 

жетістігін, дарын қуатын, ақындық шеберлігін танытқан дүниелер болды. 

Ж.Жақыпбаев-өз  поэзиясында  ұлттық  нақыш  пен  шығыстық  сарынды 

шебер үндестіре білген ақын. Халықтық болмыс пен ғұрыпты, жалпы шығыс 


халықтарына  тəн  ерекшеліктерді  терең  түйсініп,  өз  өлеңдеріне  өзек  еткен 

ақынның таным деңгейі мен талғам биігі зерделі зерттеуді қажет етеді. Қазақ 

поэзиясында өзіндік өрнек қалыптастырған ақын поэзиясын саралау арқылы 

оның ақындық əлемін танытуға мүмкіндік береді. 

 

 

Ақын өлді, болсын байғұс иманды, 



Одан біраз өлең қалды, күй қалды, -деп ақынның өзі жазғандай, соңында 

қалған  көлемі  шағын  болса  да  салмағы  қомақты  мұрасы-ұрпақтың  рухани 

азығы. 

Ж.Жақыпбаев  өлеңдерінде  ата-баба  қонысы  болған  қазақ  даласының 



келбеті  мен  тынысы,  ондағы  тіршілік  бейнесі  өзіндік  өрнекпен  бедерленеді. 

Ақын  дала  суретін  жанды  қозғалыста,  сол  дала  аясындағы  тіршілік 

ауқымында  жырлайды.  Халықтың  өткен  тарихына  көз  жіберу  арқылы 

бүгіннен ой түю - Ж.Жақыпбаев өлеңдеріне тəн сипаттардың бірі: 

Өткенге өкінемін оны ұққалы, 

Бір жерге тоғыспаған толық бəрі. 

Ұраны, тұрағы бар өз алдына, 

Рулар-көшпелі  елдің  полктары (58, 45),-деп  басталатын  «Рулар» 

өлеңінде  қазақ  руларының  тартыс,  қайшылықтарын  тілге  тиек  ету  арқылы, 

ұлттық болмыс пен мінездің бір қырын аңғартып өтеді. 

Қазақтың бар тайпасын өз қолымен, 

Даңқтың кітабына тізем шеттен. 

Шығарған əр ғасырда даңқың да ерек, 

Қоямын мен олардың нарқын бөлек. 

Рулар-көшпенді елдің полктары, 

Ал маған «полкым» емес, халқым керек (58, 45). 

Бұл жолдардан ұлттық болмысқа деген көзқарас, ақындық бағыт көрінеді. 

«Туған жерге» өлеңінде: 

Туған жерім, əлемдегі ел түрлі, 

Таңдай қаға қарауы үшін мың-сан күн. 

Əспеттеуге, бейнелеуге көркіңді 

Тілімнің бар акварелін жұмсармын (58, 45)-деп тебіренген ақын мұраты-

туған  даланың  табиғатын  ғана  жырлау  емес,  оның  тыныс-тіршілігін  де 

тереңдей ұғыну. 

Əр ақынның өзіндік жырлау мəнері, өзіндік танымы мен талант қуатын 

ескерсек,  Ж.Жақыпбаев  өлеңдеріндегі  көктем  келбеті  алдымызға  өзіндік 

сипатымен  келеді.  Сол  көктем  сипатының  өзі  ұлтымызға  ғана  тəн  өрнекпен 

көмкерілген. Мысалға «Көктемге хат» (59, 3) өлеңіне тоқталайық: 

Сеңсеңі жасыл, көрпеше гүлді, беткей шың, 

Көп болды көлбеп, көзімнен бір сəт кетпейсің. 

Көкекке мініп, итала қазды жетекке ап, 

Көктемім менің, көмекке маған жеткейсің. 

Осы  өлең  жолдарындағы  «сеңсеңі  жасыл»  шың, «көрпеше  гүлді»  беткей, 

«көмекке  мініп,  итала  қазды  жетекке  алған»  көктем  -Жұматай  ақынның 



көзімен,  түйсігімен  ғана  бағамдалар  сурет.  Көктем  бейнесін  дала  тіршілігі 

негізінде көрсете білу шеберлігіне аталған өлеңнен тағы да мысалдар келтіре 

аламыз: 

Қарайған шақта қар жабу жапқан құба бел, 

Тоң болып жатқан топырақтардан тұра көр. 

Көктемім менің, жеті қат жердің астынан 

Ит жуа болып, бəйшешек болып шыға кел! 

Көктем  бейнесі  ақын  тілінде  осылайша  тек  көктемге  тəн  құбылыстарға 

телінуі арқылы суреттеледі. 

Сақалын көкке боясын аппақ серкелер, 

Отарын  көкке  жаятын  болсын  ертең  ел,-деген  жолдардан  мал  баққан 

қазақы тіршілік елесі көрінеді. 

Ұлттық  мінез,  əдет-ғұрып,  тұрмыс-тіршілік,  салт-санамен  байланыста 

ашылады десек, оған дəлел, түйінді өлеңнің өн бойынан табамыз.  

    Ж.Жақыпбаев  поэзиясында  моральдық,  адамгершілік  ізденістермен 

бірге  ұлттық  қайнарларға  үңілу  белгісі  табиғат,  туған  дала,  қазақы  тіршілік 

хақындағы  өлеңдерінен  айқын  аңғарылады. «Кенежирен», «Түн»  өлеңінде 

қазақы мінез, қазақ тұрмысына тəн белгілер өрнектелген. Тойдан кейінгі түн, 

жүйрік  атын  жетелеп,  тойдан  қайтқан  жігіт,  ұйқысы  келгенде  атты 

қонышына арқандай салып, жата кетеді. 

Қайранмын жүйрік деген құдіретке, 

Айтуым керек еді мұны көпке. 

Тартынбай, от та қумай ұзақ түнде 

Ол мені оятқан жоқ бір рет те. 

Жеткенде көк сеңгірден хабаршы аппақ, 

Жаныма келгендей ол адамша аттап. 

Сонан соң үңілді ұзақ бет-жүзіме 

Бұл түннен қалдым ба деп аман сақтап (61, 55). 

Өлеңнің соңында ақын Кенежирендей жүйрікті тілге тиек ете отырып: 

Жігіттер, жолдастарың адал болсын, 

Баяғы, Жұматайдың жиреніндей,-деп ой түйеді. 

Ж.Жақыпбаев өлеңдерінен этнографиялық суреттер де орын алған. 

Қу бас та тойға барады, 

Қутыңдап шыққан қарт əне. 

Жүйрігі бəйге шабады, 

Жігіті көкпар тартады. 

…Қаптайды тойға жұрт деген, 

Қалмақша байлап аттарды. 

…Салт атпен табақ тартады, 

Сəйгүлік мінген жігіттер (61, 48). 

Бұл сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады. 

Ж.Жақыпбаев-ұлттық  сезімнің  шеңберінен  еркін  шыға  отырып, 

адамзаттық мəселелерді терең толғауға дейін барған қарымды ақын.   

Бiрден  бүгiнгi  жан-жағы  күрделене  түскен  поэзиямыздың  жасыл  бақты 

өңiрiне  көз  жiберсек,  осы  бiздiң  қасиеттi  шаңырағымызбен  бiр  туып,  бiр 


өркендеген үш таған ақындарымыз Сағи Жиенбаев, Тұманбай Молдағалиев, 

Қадыр  Мырзалиевтердiң  бiр-бiрiне  ұқсамайтын,  ошақтың  үш  бұтындай 

поэзиясы  көтерiп  тұрған  жүк  алыптың  аспандатқан  ақ  жарығындай 

елестейтiнi  айдан  анық.  Əрине,  олардың  айналасындағы  хормен  қосылып 

кететiндей  жұлдыздарымыз  да  баршылық,  тек  қана  баршылық  емес,  жеке 

дара шоқ жұлдыздай жол көрсетiп жарық төгуде.  

Өлең  жолдарын  оқығанда  дүниедегi  қарабайырлықтан,  қоқыстан, 

арамдықтан,  аярлықтан  азат  күй  кешуге  болады,  көңiлiң  көкке  өрлеп, 

айналаңа  биiктен  қарай  бастайсың.  Жүрекке  жылы  тиетiн,  қиялыңды 

қозғайтын, жақсылыққа жетелейтiн поэзияның асыл қасиетi де сол.  

Олардың  бер  жағында  бүгiнгi  ақындарымыз  Өтежан  Нұрғалиев, 

Жарылқасын  Аманов,  Сəкен  Иманасов  бастаған  топтың  да  жазуы  бөлек, 

айтар  ойлары  да  еркiн  екендiгi  елге  аян.  Осындай  аға  буын  топтардың  ой 

қаузаған сөз маржанын кемшiн соғып жатыр деп əсте айта алмаймыз. Оның 

бел-белесiнде Сабырхан Асанов, Қайрат Жұмағалиев, Дүйсенбек Қанатбаев, 

Нармахан  Бегалиевтердiң  ой-парасатты,  қиыннан  қиыстырар  сөз  нəрi  мен 

мəнiне  ден  қойғанда  небiр  поэзия  тылсым-  құпиясының  мөлдiр  тұнбасынан 

сусындап шыққандай жаның жадырап сала беретiнi бар.  

Соңғы уақытта «Жазушы» баспасынан жарық көрген Ерұлан Бағаевтың 

туындыларын ерекше атауға болады. Оның «Қоштасқым келмейдi», «Саумал 

дала» атты жыр жинақтарына көңiл бөлейiк. Онда мына жалған өмiрге деген 

ғашықтығы    сөнбеген  жанның  философиялық  арнаға  құлаш  ұра  бастағанда 

яғни өз айдынына беттеп: 

Қателесу - үйреншiктi iсiндей, 

Қателескен ел алдында кiшiрмей. 

Адамдар көп өтiп кеткен өмiрден  

Өз қатесiн өзi толық түсiнбей. 

Қай адамды қателесiп көмедi. 

Көнбес iске қателесiп көредi  

Қателеспей өлмейтұғын адам жоқ. 

Өмiр ғана қателеспей өледі,-дейді. Өзiнiң ғашық жарыны айналған  

осы  «Саумал  самалда»  қыздардың  неше  қилы  бейнелерiне  тап 

боламыз.  Жастық  емес  пе,  тiптi  солардың  бейнелерi  мен  мiнездерiнiң 

галереясын  жасағандай  солардың  ара-арасында  осындай  философиялық 

ақыл-парасатқа соғып, өзiн-өзi тоқтатып алып, бейне бiр көңiл серпiлiсiндей 

əдемiлiкке өзiн-өзi суарып отыратындай екенi ғажап қой.  

Бiздiң қазiргi белгiлi ақындарымыздың санатынан орнықты орын алған – 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет