Ең табысты мамандықтар



бет3/5
Дата18.03.2023
өлшемі61,3 Kb.
#75431
1   2   3   4   5
Шығармашылық дизайнерлер
Давос форумы сарапшыларының баяндамасына сәйкес, шығармашылық және креативті ойлау 2020 жылы еңбек нарығындағы негізгі және маңызды дағдылардың бірі болып саналады. Көптеген процестерді автоматтандыруға болады, бірақ креативті ойлау және шығармашылық, дизайнерлік тәсіл әр түрлі салаларда әрдайым сұранысқа ие болады. Әсіресе жаңа гаджеттерді, тұрмыстық және өнеркәсіптік құрылғыларды, автомобильдерді және басқа да тұтыну заттарын әзірлеу саласында.
Мұғалім
Бұл мамандықтың өкілдері өскелең ұрпақты тәрбиелеуде әлеуметтік жауапкершілікте болады. Елімізді қаншалықты білімді, тәрбиелі азаматтар басқаратыны тікелей осы мұғалімдерге байланысты. Қазіргі уақытта мұғалімнің дәрежесін көтеріп, жалақыларын жоғарылатуда. Мұғалімдер әрдайым өз біліктіліктерін уақытылы жаңартып, көтеріп жүру керек. Әр балаға жеке қадам ойластырып, оқу бағдарламаларын құрастыра білу керек. Технология қанша жерден дамыса да, қарапайым оқытушыларға сұраныс әрдайым жоғары болады)

Әлемдегі ең қауіпті 8 мамандық
1. Орман балташысы. Бұл жұмыс биіктікпен байланысты, оған қоса электронды ара және ағаш дайындайтын техникалармен жұмыс істеуге тура келеді. Статистикаға көз жүгіртер болсақ, 2008 жылы осы салада жұмыс істейтін 116 адам қаза тапқан.
2. Шахтер. Жыл сайын жұмыс кезінде орта есеппен алғанда 50-60 шахтер қаза болады. Мұндай жағдайлар көбіне көмір шығару кезінде болатын жердің опырылуынан және де газ бен метанға уланудың әсерінен болып жатады.
3. Өрт сөндіруші. Өрт сөндірушілердің қажырлы дайындықтан өтіп, төтенше жағдайлардың алдын алу жолдарын үйренгендеріне қарамастан, түрлі жарақаттар алу мен апатқа ұшырау мүмкіндіктері өте жоғары.
4. Көп қабатты ғимараттардың терезелерін жуушы. Бұл өте қауіпті іс және терезе жуушылар міндетті түрде арнайы дайындықтан өтулері қажет. 
5. Биіктікте жұмыс істейтін электрмонтажшылар. Өте сирек кездесетін мамандық. Біле білсеңіздер, мұндай жоғары вольтті линиялардағы жұмыстардың көбі жалаңаш қолмен атқарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет