Ең табысты мамандықтар


Сапер. 1996-2002 жылдар аралығында минасыздандыру жұмыстары кезінде 500-ден аса адам қаза тапқан.  7. Мұнай ұңғыларын бұрғылау



бет4/5
Дата18.03.2023
өлшемі61,3 Kb.
#75431
1   2   3   4   5
6. Сапер. 1996-2002 жылдар аралығында минасыздандыру жұмыстары кезінде 500-ден аса адам қаза тапқан. 
7. Мұнай ұңғыларын бұрғылау. Аталған мамандық әркімнің қолынан келе бермейді. Себебі тәулігіне 12 сағат жанғыштық қасиетімен ерекшеленетін материалдармен жұмыс істеу өте қауіпті. Бұған қоса, бұрғылаушылар жағалаудан жүздеген километр қашықтықта, өркениеттен аулақ дерлік жерде жұмыс істейді.
8. Жаға күзеті және құтқару қызметі. Су апаттарымен күресе жүріп, адамдарды аман сақтап алатын құтқарушылар күн сайын тәуекелге барады.

Күлкілі де қызық мамандықтар
ҰБТ күндері жақындаған сайын мектеп бітіруші түлектердің қобалжып жүргені анық. Бірі сынақтан қалай өтемін деп басы қатып жүрсе, бірі таңдаған мамандығының болашағына алаңдап жүр. Біздің елімізде кей маман иелеріне сұраныс аз болса, кей мамандық иелері ауадай қажет болып жатады. Ал әлемде біз біле бермейтін мамандық иелері бар екен. Солар туралы аз - кем мәлімет:
Доп жинаушы. Гольф ойыны аяқталысымен гольф доптарын жинақтайтын маман.
Сиырға арналған педикюр шебері.Тұяқтары нашар күйде, күтімсіз болса, сиырлардың көңіл-күйі болмайды да, сүт беруі де азайып кетеді екен. Еуропа және Америкада элиталы фермаларда осы мақсаттағы арнайы бөлімнің арнайы мамандары болады.
Жиһаздарды сынаушы.Бұл кәсіп иелеріне ірі дизайн орталықтары мен жиһаз фабрикалары жүгінеді. Олар үстелдер мен сөрелерді тексермесе де, орындықтарды, креслолар мен кереуеттерді міндетті түрде тексеріп көреді.
Пингвиндерді аударушы.Пингвиндер жақын қашықтықта ұшып бара жатқан тікұшақтарға басын көтеріп қараған кезде шалқасынан құлап қалады екен. Құлаған пингвиндер өздігінен тұра алмайды, тіпті аударыла да алмайды. Сондықтан тікұшақтар ұшып өткеннен кейін оларға арнайы маман көмекке келеді. Әйтпесе, олар о дүниелік болып кетуі мүмкін.
Қолтық иіскеуші. Бұл мамандар терге қарсы әр түрлі бүріккіштер мен дезодоранттар өндіретін компанияларда жұмыс жасайды. Олар сынама үшін шақырылған топтың қолтық астына себілген сынақ өнімдерін иіскеу арқылы олардың иісінің күні бойына қалай өзгеретінін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет