ЕббқЕ балалардың ішіндегі зияты зақымдалған балаларды айқындау



Дата07.09.2022
өлшемі247,75 Kb.
#38585

ЕББҚЕ балалардың ішіндегі зияты зақымдалған балаларды айқындау

Педагог-дефектолог: Бимусина Алия Муратовна

Зиятының зақымдануына әсер ететін факторлар:

  • Генетикалық ауру
  • Пренаталды түрлі жарақат салдарынан
  • Шала туылған балаларда
  • Наталды кездегі түрлі травма
  • 1 жасқа дейінгі түрлі травма
  • 1 жасқа дейінгі түрлі әлеуметтік факторлар

Зияты зақымданған және ПДТ балаларды салыстырмалы түрде ажырату
Зияты зақымдалған бала
Бас миының органикалық зақымдануынан қалпына келтіру мүмкін емес.
Қабылдау, зейін, қиял, ойлау, есте сақтауы зақымдалған
Ойлау процессі зақымдалған, өз бетімен ойын іс-әрекеті қалыптаспайды.
Психикалық дамуы тежелген бала
Педагогикалық күтім көрмеген, оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтар кездесетін оқу үлгерімі нашар балалар. Сондай-ақ бұл балалардың эмоционалдық ерік-жігер сферасының жетілмеуі және органикалық инфантилизммен түсіндіріледі.
Зияты бұзылысының түрлері
Зиятының жеңіл бұзылысы
Зиятының орташа бұзылысы
Зиятының ауыр бұзылысы
Зиятының терең бұзылысы

Зиятының бұзылысытарына талдау

Қалыпты дамыған мектепке дейінгі балалардың жетекші іс-әрекеті түрі – ойын болып табылады, ал зиятының жеңіл бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында ойын қажетті орын иеленбейді. Мұндай балалар сюжеттік-рөлдік ойындарды өз беттерінше меңгеріп кете алмайды. Ересектердің көмегімен ғана сатушы немесе сатып алушыны рөлдерін ойнайды, алайда өз бастамасымен ойын ұйымдастыра алмайды.

Бұл балаларды салыстырмалы түрде қарастырғанда баланың жасы 10 жаста болса ойлауы 5-6 жасар баланың деңгейімен бірдей болады, қарым-қатынасқа түсуде қиындықтар туындамайды және қарым-қатынас көп жағдайда ойын түріндегі әрекеттер болады. Яғни жеңіл бұзылысы қалыпты баламен салыстырғанда 4,5 жасқа артта қалады. Бұл балаларда туындайтын қиындықтар одан 10 жасар баланың жасай алатын мүмкіндіктерін талап ету болып табылады.

Ал зиятының орташа және ауыр бұзылысы бар балаларда 10 жастағы баланың ойлауы, қабылдауы, сөз түсінігі 1,2 жасар баланың деңгейімен бірдей болады.

Зиятының терең бұзылыстары бар балада барлық қабілетінің дамымауымен айқындалады.

Зияты зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі коррекциялық жұмыстар бірнеше кезеңдерді қамтиды


1-ші кезең
    • (4-8 жас) – санитарлық-гигиеналық талаптар мен моториканың дамуын анықтайды. Баланың танымдық қабілетінің дамуына, сөйлеу тілінің дамуына, ортаға бейімделуіне көңіл бөлінеді.

2-ші кезең
    • (8-16 жас) — өз-өзіне қызмет ету мен гигиеналық дағдыларды игеруді қорытындылау, тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру кезеңі.

3-ші кезең
    • (16-18 жас) — әлеуметтік бейімделу кезеңі. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың мақсаты – оларды болашақ өмірге бейімдеу, еңбекке араласуға үйрету, әлеуметтік ортаға бейімдеу.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет