Әбіш кекілбаев



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі19,93 Kb.
#17719
  1   2

ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ

Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жанайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген. Белгілі, білікті, беделді, дәулетті адам болған. 1928-1931 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай мекеннен көшіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Махачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Алайда Кекілбайдың дүниеден өткенін үй ішіне бірнеше жылдан соң ғана хабарлайды. Кекілбай соғысқа аттанған жылы анасының ішінде қыз бала қалады. Оның есімін Тілектес деп қояды. Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. Тектінің ұрпағы тектілік танытпаса, айыбы, аманатқа қиянат жасағаны. Әбіштің әлемі сол текті бабаның көріпбілген дүниесін балаға аңыз бен ертегі, әңгіме ретінде жеткізгенінен пайда болды. . Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948- 1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. Ол Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылысындарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандырының құрметті азаматы. 2015 жылдың 11 желтоқсанында дүниеден өтті. Мүрдесі ұлттық пантеонға жерленді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет