Әбубәкір Кердері Боранқұлұлы



Дата07.01.2022
өлшемі3,77 Mb.
#18156
түріСабақ

Әбубәкір Кердері Боранқұлұлы Орындаған: Еслямбекова М. Р

Өмірі және шығармашылығы

  • Ақын 1861 жылы дүниеге келген. Кіші жүз Жетіру тайпасының Кердері руынан шыққан. Сол себепті, «Кердері Әбубәкір» деп аталып кеткен. Ақынның туған жері Жайықтың маңындағы Теректі деп аталатын елді мекен. Әбубәкір жастай оқыған, оқығанда Алланы бір, пайғамбарды хақ, құранды шын деп, дін оқуынан бастаған. Зерек те алғыр жас сабақты әжептеуір меңгеріп, ислам қағидаларын тереңдеп үйренген. Ол өз аулында бала кезінде молдадан дәріс үйренеді. Артынан Орынбор, Троицк шаhарларында оқуын жалғастырып, мектеп, медреселерді тәмәмдайды.

Әбубәкір Кердері жан-жақты талант иесі, жыршы, шежіресі әрі айтыскер ақын. Осы себепті ақын туындылары әр кездегі баспасөз бетінде жарияланып тұрды, атап айтқанда «Айтыс» (1965), «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1969) кітаптарында басылса, сонымен бірге «Әдебит майданы» (1935ж.) (№10-11), «Әлем» (1991ж.№1), «Жұлдыз» (1991ж.№5) журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Ақтөбе» «Жұмысшы» секілді бірнеше республикалық, облыстық газеттерде де басылым көрген болатын.

Әбубәкір Кердері жан-жақты талант иесі, жыршы, шежіресі әрі айтыскер ақын. Осы себепті ақын туындылары әр кездегі баспасөз бетінде жарияланып тұрды, атап айтқанда «Айтыс» (1965), «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1969) кітаптарында басылса, сонымен бірге «Әдебит майданы» (1935ж.) (№10-11), «Әлем» (1991ж.№1), «Жұлдыз» (1991ж.№5) журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Ақтөбе» «Жұмысшы» секілді бірнеше республикалық, облыстық газеттерде де басылым көрген болатын.

Бүкіл жан дүниесімен Алланы бір деп таныған Әбубәкір Кердерінің кез келген өлеңін оқысаңыз шариғат жолын барынша терең , барынша нәзік жырлайды. Ақынның шығармаларын оқып отырып, оның дін қағидаларын жақсы меңгергені анық байқалады.

Әбубәкір Кердері ислам дінінен, шариғаттан, Мұхаммедтің (Ғ.С.) хадистерінен де хабардар болған секілді. Оның әр түрлі жолдарымен, ішкі жақтарымен де таныстығы бар сияқты. Әбубәкір Кердері жасынан жоғарыда айтқанымыздай, дін ісімен айналысқан, бала оқытады, „бала молда” атанып жаназа шығарып, кейін кемеліне келген соң болыс пен елбасылардың хатшысы да болып қызмет атқарған. Ақын жиырма жеті жасында „біреулердің тілі тиіп ауырады”.Ол ақыры осы аурудан айыға алмай, дүние салыпты. Сүйегі Ақтөбе облысының Алға ауданына қойылыпты.

Ақын ауыл атқа мінерлерінің қасында жүріп, ел аралап, жер көріпті, бірнеше қалаларды да көрген, бір сөзбен айтқанда, ащының да, тұщының да дәмін татқан. Тіпті сол кездегі ел мен жерді дүрліктірген ақ патшаның қызметіндегі оқалы киім кигендермен де аралас-құралас болған. Сөйтіп, нәзік жанды Әбубәкір Кердері өзі сезген, өзі түйген келелі мәселені келістіре жырлаған. 

Әбубәкір поэзиясының көркемдік ерекшелігі

  • Ақын қай өлең-толғауында болсын, әр азамат халыққа қызмет етсін, ел-жұртына пайдасы тимеген кісілік емес, өз қара басын ойлау адамдыққа жатпайды деген пікір айтады. Ол мұндай ұлағатты ойларын, әсіресе, әкімдерге арнапты.
  • Ақынның тағы бірнеше туындылары Алланың ақ жолымен жүрмеген кесапат-кесірлерге арналыпты. Атап айтсақ, „Бір қатынға насихат қылып айтқаны”, „ Бір саудагерге айтқан насихаты”, „Қожасының тілін алмаған қызметкерге айтқаны”, „Бір насыбай атқан адамға айтқаны”, „Бір ұрыға насихат қылып айтқаны”, „Бір биге айтқаны”, „Бір қарт қажының қатыны ерімен араз болғанда, насихат қылып айтқаны”, „Қатындарға айтқан насихат сөздері” деп келетін толып жатқан өлеңдері мен толғаулары елдің ішін бірлікке, ағайын арасын татулыққа шықаратын туындылар.
  • Әбубәкір Кердерінің поэзиясы шебер жазылған, ақын он бір буынды қара өлеңмен де, жеті-сегіз буынды жыр өлеңмен де толғаған. Ұйқастары да әртүрлі, бірде дәстүрлі түрді бұзбай ырғақ, екпін, буын, бунағын қатаң сақтаса, бірде шұбыртпалы ұйқаспен ағындап кетеді.
  • Ақын поэзиясынан теңеу, салыстыру, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха, символ, аллегория, ирония, гипербола, литота сияқты көркемдегіш тропаның барлық түрін кездестіруге болады.

Әбубәкірді өлеңмен сапарнама жазған («Орскіге келген сапар») алғашқы қазақ ақыны деуге болады.

  • Алайда Әбубәкір Кердері өлеңдерінде жаңалықты, өнер, ғылымды мақтауы басым. Олар көбіне уағыз, ақыл-кеңес ретінде айтылады. Ол бірді-екілі өлеңінде бауырмалдықты, достықты жыр етеді. Мысалы, "Әбубәкір молданың ноғай халқына насихат қылып айтқаны" деген толғауында қазақ, ноғай, өзбек, қарақалпақ, түрікпен - бәрі туыс, бауырлас халық дегенді айтады. 
  • Әбубәкірдің өзі жайлы, қазақ арасындағы оқу жайлы өлең-жырлары мәнді де мағыналы. Сондықтан Әбубәкір өлеңдері халық арасына кеңінен тараған. 

Пайдаланған әдебиеттер:

  • Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 2006 жыл. - 904 бет
  • Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алмат: Санат, 1994 жыд. – 310 бет.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет