Əдебиет: Ш. Сарыбаев. Көркем əдебиет тіліндегі жергілікті ерекшеліктер// Жазушы жəне сөз мəдениеті. Алматы, «Ғылым», 1983. Атабаева М. Диалектілік семантика. Алматы, «ИнтерПресс», 2009. С. Мұқанов. Сырдария



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі253,03 Kb.
#10834

 

 

305 



Əдебиет: 

1.  Ш.Сарыбаев. Көркем əдебиет тіліндегі жергілікті ерекшеліктер// Жазушы жəне сөз мəдениеті. 

Алматы, «Ғылым», 1983. 

2.  Атабаева М. Диалектілік семантика. Алматы, «ИнтерПресс», 2009. 

3.  С.Мұқанов. Сырдария. Алматы, «Жазушы», 1969. 

4.  Диалектологиялық сөздік. – Алматы: «Арыс», 2007.  

5.  Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы, «Ғылым», 1982.

 

 



 

 

УДК 84 



 

ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН АВТОРДЫҢ 

ЖЕКЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Тəбілхан Р.Ə., Кунжигитова Г.Б.

 

(ЮКГУ им. М.Ауезова) 

 

 

 

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында Білім беру жүйесінің басты 

міндеті  –  ұлттық  жəне  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  тəжірибе 

жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған 

білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім 

беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп, 

білім беру жүйесін одан əрі дамыту міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, əр 

оқытушынің  күнделікті  ізденісі  арқылы  барлық  жаңалықтармен  қайта  құру, 

өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тəжірибеге, жаңа карым-қатынасқа өту қажеттігі 

туындайды [1]. 

Егеменді  елдің  жас  ұрпақты  тəрбиелеу,  талапқа  сай  білім  беру,  бүгінгі    күннің 

уақыт  күттірмес  мəселелерінің  бірі  болып  табылады.  Себебі,  «Бізге  баға  жетпес  білім 

капиталын дамытып жəне білім беруді бұрынғыдан да арттырып, оған заман талабына 

сай  пішін  беру 

кажет»-делінген  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында [2]. 

Келешек  ұрпақ  тəрбиелеуде  Мағжан  Жұмабаевтың:  «Қазақтың  тағдыры  да, 

келешегі, ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі»,- деген сөзін басты 

назарда ұстауды жөн көрдік [3].  

Ұлы Абай атамыздың 33-ші қара сөзінде өнер туралы былай делінген: “…егер мал 

керек  болса,  колөнер  үйренбек  керек.  Мал  жұтайды,  өнер  жұтамайды.  Алдау  қоспай, 

адал  өнерін  сатқан  қолөнерлі  –  қазақтың  əулиесі  сол”  [4].    Əулие  деген  қазақтың 

түсінігінде ең құдіретті, қасиетті, киелі адам деген мағынаны береді. Осы қара сөзінде 

ұлы  ақын  өнерді,  жалпы  өнер  адамын  қазақтың  қастерлі  адамы  деп  əулиеге  теңеп 

отырғаны тегіннен тегін емес.  

Қазақстандық  білім  мен  тəрбие  беретін  ұйымдарды  жаңарту  тұжырымдамасы 

жалпы  бiлiм  берудiң  басым  бағыттарын,  яғни  бала  мен  тəрбиешəнің  өзара 

ынтымақтастығы  үлгiсiн  оқу  үдерісiнде  қалыптастыру  мен  əртүрлi  оқу-iс-əрекетiн 

қамтитын  оқыту  əдiстерiнiң  үйлесiмдiлiгi  негiзiнде  жүзеге  асырылуы  тиiс  екендiгiн 

анықтап  берiп  отыр.  Бұл  басым  бағыттар  бiлiм  берудi  дамытуға  негiз  болады.  Бүгінгі 

таңда  білім  мен  тəрбие  беретін  ұйымның  алдына  қойып  отырған  басты  міндеттерінің 

бірі қабілетті  жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Мемлекеттік жалпыға 

міндетті  білім  беру  стандартында  төмендегі  міндеттер  келтірілген  «...əр  баланың 



 

 

306 



құзыреттілігін  дамытуды  ұйымдастыру,  баланың  нақты  жас  кезеңіне  жəне  жақын 

аралық даму аймағына тəн жетекші біліктерін қалыптастыру» [5]. 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  –  2020  жылдарға 

арналған 

мемлекеттік 

бағдарламасында 

«...білім 

беру 


үрдісінің 

барлық 


қатысушыларының  үздік  білім  беру  ресурстары  мен  технологияларына  тең  қол 

жеткізуін  қамтамасыз  ету;  балаларды  мектепке  дейінгі  сапалы  тəрбиемен  жəне 

оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тəрбие мен 

оқытудың  əр  түрлі    бағдарламаларына  тең  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ету»  туралы 

мəліметтер келтірілген [6]. 

Даналық сөздің ойшылы Эпикет: «Дүниенің ең тамаша туындысы-тамаша тəрбие 

алып шыққан адам болып табылады», - дейді. Сондықтан да ертеңгі күніміз көлеңкесіз 

жарық  болуын  ойласақ,  бала  тəрбиесіне  бүгіннен  бастап  бейжай  қарамауымыз  қажет 

[7].  

Қара  өлең  ұйқасы  -  төрт-тармақтың  бірінші,  екінші  жəне  төртіншісі  бірыңғай 

ұйқасады.  Ұйқас  өрнегі  а  а  б  а  болып  келеді.  Қара  өлеңде  осы  ұйқас 

қолданылғандықтан солай шартты түрде аталып жүр. Ал шынында бұл ұйқас əр алуан 

өлең  шығармаларында  кеңінен  қолданылады.  Бұл  ұйқас  үнділігі,  əуезділігі  жағынан 

мейлінше  келісті,  кең  тынысты,  мағыналық  жағынан  сыйымды  келеді.  Өлең 

шумағындағы  төрт  тармақтың  үшеуі  бірыңғай  ұйқасуы  дыбыстық  гармония, 

үйлесімділік толықтығы жағынан əбден жеткілікті. Үшінші тармақтың үйлесімнен тыс 

қалуы  əбден  орынды,  сөйлеу  интонациясын  түрлендіру  үшін  осы  ыңғайлы,  төрт 

тармақтың  аяғын  түгелдей  бірыңғай  үйлестіріп,  бір  жерге  матастырып  қою  артықтау 

болар  еді.  Сондықтан  үшінші  тармақтың  ұйқастан  тыс  болуына  қарай,  бұл  өрнекті 

ақсақ  ұйқас  деп  атау  сəтті  деуге  болмайды.  Қазақ  поэзиясында  бұл  ұйқастың  жан-

жақты орнығып, мол қанат жайғаны тегін емес. Ол - қазақ тілінің табиғатына, сөйлем 

құру  өзгешелігіне  бірден-бір  сəйкес  келетін,  нағыз  толтума  ұйқас.  Он  бір  буынды 

өлеңде ең жиі кездесетін ұйқас өрнегі осы.  

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,  

Қиыннан қиыстырар ер данасы.  

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,  

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы»  

(Абай).[9] 

Өлеңді  өлең  ететін  ырғақпен  катар  ұйқас  екені  белгілі;  ал  ұйқас,  яки  рифма 

(грекше гһуіһтоз  — өлшемдес,  мөлшерлес)  —  клаузуладағы,  кейде  тіпті  цезурадағы 

дыбыс  қайталаулар,  дəлірек  айтқанда,өлең  тармақтарында,  өзара  ұқсас,  дыбыстас 

естілуі. Ұйқас — өлеңнін, сыртқы түріне ғана емес, ішкі сырына тікелей қатысты нəрсе, 

яғни  өлеңнін,  сыртқы  сұлулығы  үшін  ғана  емес,  ішкі  жылуы,  қызуы  үшін  де  ауадай 

қажет нəрсе. 

Поэтикалық  синтаксистегі  айшықтың  мəні  қандай  болса,  өлең  сөздегі  ұйқастың 

мəні де сондай. Ұйқастың маңызы əсіресе силлабикалық өлең үшін орасан зор. 

Ұйқас  өлеңді  шығармадағы  ең  салмақты,  басты  һəм  маңызды  сөздерді  ерекше 

бөліп көрсету үшін, оған өзгеше мағына дарыту, мəн беру үшін де керек. “Ұйқас сөзді 

əдепкі  тармаққа  қайтарып  əкеледі,—  дейді  В.Маяковский,—  оны  қайтадан  ойлатады, 

бір ойды бірлесе безендіріп жатқан барлық тармақты бір жерге тұтастырып тұрады”. 

Поэтикалық үндестік фонетакалық жағынан əр түрлі жолмен жасалады. Ұйқас та 

соған байланысты. 

Əдетте,  ұйқас  —  екі  жол  өлеңнің  соңғы  сөздерінің  бірдей  не  бірдейге  жақын 

естілуі: Мен қазақтың қызымын жалындаған, 

Ар намысы боймда қалыңдаған. 

Тəбілхан Р. 


 

 

307 



Ұйқасты тек клаузуладан ғана іздеуге академик В. Жирмунский де қарсы: “Ұйқас 

деген  үғымға  —  дейді  ол,—  өлеңнін,  композициясын  қиыстыруға  қатысы  бар  кез 

келген дыбыс қайталау кіруге тиіс”. Бірақ бұған қарап аосонанс пен аллитерацияны да 

ұйқас  дей  беруге  болмайды.  “Ұйқас  —  дейді  профессор  3.Ахметов,—  ассонанс, 

аллитерация  секілді  жеке  дыбыстардың  жай  қайталануы  емес,  кейде  ‘бір,  көбіне 

бірнеше буындардың үндес үйлесімі”. 

Рас, ұйқастың туу тарихына қарасақ, мұның ролін атқарған нəрселер көп: əуелде 

əн  атқарса,  антика  тұсында  созымды,  оозымсыз  үн  атқарған.  Көне  дүние  метрикасы 

секілді,  түрік  нəсілділердін,  бірқатарында  (өзбек,  азербайжан,  ұйғыр,  т.  б.)  он  ғасыр 

бойы  өлең,  өлшемі  болып  келген  аруздың  сабаб  —  ватад—фасила  негіздерінде 

құралған  сегіз  түрлі бунағының  (фаулун,  фаилун,  мафаилун,  фаилатун,  мустафилун, 

мустафаилун, муфаалатун, мафулату) қайсысын алмаңыз, бұлардағы шешуші шарттар 

да  ұйқаста  емес,  дауыс  ырғағында  жатқан.  Ұйқастың  міндетін  атқаратын 

аллитерациялық əуен түрік-маңғұл тұқымдас  якуттер мен хакастарда əлі бар. Алай-да 

осылардің  бірде-бірі  бұл  күндердегі  ұйқасқа  пар  келе  алмайтынын,  силлабиқалық 

өлеңдегі ұйқастың орны мен ролі айрықша бөлек екенін атап айту керек. 

Əдебиет  зерттеушілері  ұйқастын,  əр  түрін  анықтап,  əрқайсысына  толымды, 

толымсыз, ішкі, сыртқы, күрделі, жалаң, терең, тайыз, ашық, тұйық… дегендер тəрізді 

алуан  түрлі  ат  беріп,  айдар  тағып  жұр.  Бұлардың  ‘бəрінде  де,  əрине,  шындық,  дəлел, 

логика  бар.  Бірақ  өлең  жазатын  адамға  да,  өлең,  оқитын  адамға  да  осының  бəрін 

тəптіштеп түсіну  шарт  емес.  Мəселен, мақтанба,  баптанба (Абай)  —  толымды  ұйқас 

болса,жұбанып,  доғарып (Б.  Ізтөлин)  —толымсыз  ұйқас  екені  өзінен  өзі  көрініп  тұр. 

Бұл  емес-ау,  мұнын,  есесіне  мынаны  білу  қажет:  əр  бір  ұйқас  өлең  шумағының  өн 

бойына  тек  өзіне’  ғана  тəн  өзгеше  сыңғыр  əуез,  сұлу  саз,  сырлы  күйдарытуға  тиіс. 

“Қиыннан  қиысқан”  ұйқас  əуеніндегі  əрбір  шумақ  бүтін  бір  бітім,  “сөз  сарасындағы” 

жақалық  болуы  қажет.  Ұйқас  —  ұйқас  үшін  тұрмауы  керек,  яғни  ұйқас  өлеңнің 

пішініне  ғана  емес,  мазмұнына  қызмет  етуі  шарт.  Ұйқастағы  табиғилық  та  осында 

жатады. Өлең ұйқасының үстіндегі іздену осы тұрғыдан болуға тиіс. 

«Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп,— деп жазды академик Қ.Жұмалиев,— 

бірақ  ен,  негізгі  жəне  көп  қолданылатындары  мыналар:  1)  қара  өлең  ұйқасы,                          

2) шұбыртпалы ұйқас, 3) ерікті ұйқас, 4) кезекті ұйқас, 5) шалыс ұйқас, 6) егіз ұйқас,              

7) аралас ұйқас, 8) осы күнгі ерікті үйқастар». Біз ғалымның тұжырымын құптай отыра, 

осы түрлердің үлгілерін ұсынамыз. 

 

I. Тілің барда ғажапсың, —а 



Тілің жок та мазақсың. —а 

Тілің бар да мықтысың, —б 

Тілің бар да қазақсың. —а 

Тəбілхан Рена 



V. Желсіз түнде жарық ай, — а 

Сəулесі суда дірілдеп; — б 

Ауылдың жаны терең сай, — а 

Тасыған өзен күрілдеп. — б 

(Абай.) 

II. Құланнан атты қодықты, • — а 

Көлден тартты борықты, — а 

Арада неше қоныпты, — а 

Жетемін деп зорықты… — а 

(“Қыз Жібек”.) 

VI. Азамат, жүнжіме, жүрме бос, — а 

Қол ұстас, бірігіп тізе қос. — а 

Ту ұстап дұшпанға барайық — б 

Теңдіктің ұранын салайық! — б 

(С. Сейфуллин.) 

III. Бұлттан шыққан айға ұқсап, —- а 

Тұр еді Назым нұрланып, — б 

Атлас көйлек үстінде, — в 

Көк арбаға сүйеніп, — — г 

Шыбықтай белі бұралып. — б 

(“Қамбар батыр”.) 

VII. Денсаулығың болмаса, — а 

Дəмі болмас тамақтың. — б 

Керегі жоқ сабақтың, — б 

Қажеті де болмайды, — в 

Шашыңызға тарақтың. — б 



(Тəбілхан Рена.) 

 

 

308 



IV. Еділдің бойы ен тоғай, — а 

Ел қондырсам деп едім. — б 

Жағалай жатқан сол елге . — в 

Мал толтырсам деп едім.. . — б 

(Махамбет.) 

 

 



Бұлар  —  жоғарыда  аталған  сегіз  түрлі  ұйқастың  кейбір  мысал-үлгілері  ғана. 

Əйтпесе,  бұлардың,  түрі  көп;  басқасын  айтпағанда,  тек  аралас,  немесе  ерікті (VII) 

ұйқастардың  өзі  ондап  саналады.  Аралас  ұйқастың  ‘бір  ғана  Абай  туғызып, 

қалыптастырған  түрінің  өзі  оннан  асады.  Олардың,  көбі  жұртқа  таныс.  Сондықтан 

ұйқас үлгілерін осыдан əрі тізе бергіміз келген жоқ. Оның үстіне, ұйқас түрлері де — 

шартты  нəрселер.  Айталық,  еркін  ұйқас.  Мүның  қазіргі  қазақ  ақындарының 

творчестволық  іздену  нəтижесінде  туған  түрлері  тіпті  көп.  Олардың  бəрін  қағидалы 

қалыпқа салып, өлшеп-пішу тағы қиын. [10] 

 

Мен қазақ елінің болашағымын 

Мен қазақтың қызымын, жалындаған, —а 

Ар – намысы дұшпанға алынбаған. —а 

Білім жинап өнерді ту ететін, —б 

Иманым тал бойымда қалыңдаған. —а 

Мен қазақтың қызымын , көріктенген, 

Еркіндік ерлігіне ерік берген. 

Салт – дəстүрін мақтаныш етіп елге, 

Əжесінің əніне еліктеген. 

Мен қазақтың қызымын, ашық күндей , 

Кең далада жайқалған ғашық гүлдей. 

Ашылмаған кітаптай жұмбағым мол , 

Өзгелер танымайды ашып көрмей. 

Мен қазақтың болашақ семсерімін, 

Елім барда ерекше еңселімін. 

Сенім артты біздерге аға буын, 

Ақтаймыз əрқашанда ел сенімін. 

Ойым жүйрік ешкімде теңеспейді, 

Болашағым көзіме елестейді. 

Қазақстан елінде жұмақ орнап, 

Заңғарлы бəйтерегін жел еспейді. 

Болашақ бəрімізге білім берсін! 

Дұшпанның назарына ілінбесін. 

Бүкіл халық – ынтымақ , бірлік іздеп, 

Жанары жарқырасын, күлімдесін. 

Тəбілхан Рена, 2011 ж. 



Тіл- қасиетті 

Тілің барда күштісің, 

Азулысың тістісің. 

Тілі барлар əлемде, 

Қанат қағып ұшты шын. 

 

Тілімменен өсемін, 



Еркін ғұмыр кешемін. 

Тілімді мақтан етемін, 

Тілім-патша көсемім. 

 

Құрметтелсін тіліміз, 



Жарқын шықсын үніміз. 

Тіл дегенің əз ана, 

Ана- біздің күніміз. 

 

Тілің барда ғажапсың, 



Тілің жок та мазақсың. 

Тілің бар да мықтысың, 

Тілің бар да қазақсың. 

Тəбілхан Рена, 2011 ж. 



Тəуелcіз елім менің 

Тəуелсіз елім менің, 

Есімде егілгенін. 

Бүгінде байрағыммен, 

Əлемнің төріндемін. 

Күн көзі ұялаған, 

Қыранмын қиялаған. 

Алтыннан айдар тағып, 

Еліне сый арнаған. 

Ұмтылсаң танымаққа, 

Құмартқан  жаным аққа. 

Ұлттарды уық етіп, 

Айналдым шаңыраққа. 

Отырарда арман жоқ 

Жастар үшін жансала, 

Терін төкті қаншама. 

Отырардың Шəмшісі, 

Əн салдырды баршаға. 

Қазақстан жайнады, 

Желбіреп көкте байрағы. 

Əнұран болды Шəмшіміз, 



 

 

309 



Бұзылмай– ақ қаймағы. 

Қанаты əр кез талмады, 

Əнді əнге жалғады. 

Анаға арнап əуезін, 

Сұңғардайын самғады. 

Келістіріп сəнімен, 

Əндер жазды жанымен. 

Сұлуларды əсем деп, 

Суреттеді əнімен. 

Махаббатты жырлады, 

Таусылмады сырлары. 

Қаулап өскен егіндей, 

Құлпырды əні-ырғағы. 

Жастар тындап елтіді, 

Шабыт шырқап елтіді. 

Əнмен өмір сүрердей, 

Болып кетті ел күні. 

Жүрекке бəрін сыйдырған, 

Ұлыларды жидырған. 

Отырарда арман жоқ, 

Өз Шəмшісін тудырған. 

Тəбілхан Рена, 2010 жыл 

Жеткізбей қайран құсқа, 

Ұшамын Ай,Марысқа. 

Мендегі алып жүрек, 

Рухпен байланыста. 

Тəуелсіз елім менің, 

Көктемдей көрінгенің. 

Шұрайлы тілім барда , 

Сен – мендік сенімдемін.                                               

Тəбілхан Рена, 2013жыл 

 

Мен қазақ 

Қазақпын деп мақтанам, 

Жаман қылық жат маған. 

Жыр жазамын оңаша, 

Жүрегімде сақталған. 

Мен қазақпын қуатты, 

Шұғылалы , шуақты. 

Қазақ болып əн салам, 

Бала бұл – бұл сияқты. 

Тəбілхан Рена, 2008 жыл 



Жойқын жеңіс  

Басталып соғыс майданы , 

Соғысқа бəрін айдады. 

Жас қырандар ашынып, 

Батырларға айналды. 

Сол соғыстан сызат бар, 

Бəсең тартып құзаттар , 

Жойқын жеңіс болған соң, 

Сөнді миллион шырақтар. 

Жүректерде таңба бар, 

Оқығандар аңғарар. 

Ерлігіне қазақтың, 

Барлық адам таңқалар . 

Тəбілхан Рена, 2009ж. 



Көктем келді 

Көктем келді тағы да, 

Жердің жүзі сағына. 

Құлпырыпты арудай, 

Дала гүлін тағына. 

Көктем келді гүл алып, 

Балалар жүр  қуанып. 

Көктем деген керемет, 

Көктем деген бір алып. 

Көктем келді нұрымен , 

Сыбырлаған сырымен. 

Əн-күйімен əйгілі, 

Жатталады жырымен. 

Көктем келді сұғына, 

Шашып жатыр шұғыла. 

Жадыратар жаныңды, 

Қанығасың сырына. 

Тəбілхан Рена, 2009 жыл 

 

Менің  «Қара  өлеңнің  құндылықтары  мен  автордың  жеке  шығармашылығының 



ерекшеліктері»  атты  зерттеу  жұмысым  6-жылдық  шығармашылық  еңбегімді  қамтиды. 

Мен  өз  шығармаларымда  Т.  Айбергенов,  М.  Мақатаев,  Абай,  М.  Шаханов 

шығармаларынан үлгі алдым жəне болашақта осы аталарымның жеткен жетістіктеріне 

жетуге  ұмтыламын  жəне  сол  үшін  аянбай  еңбек  етемін  деп  үміттенемін. 

 

 

 



 

 

310 



Əдебиет: 

1.  Қазақтан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27 шілде 2007 ж. № 319 Заң 

2.  «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы. 11сəуір 2008 ж. 

3.  ҚР мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2009-2010 о. ж. басталуы туралы ƏН хат 

4.  Н. Назарбаев «Ғасырлар тоғысында». Алматы: Атамұра, 2003. 

5.  Google  [Электронный  ресурс]  kaz-referaty.ucoz.kz/load/5-1-0-719,  paers.ru/tags/magzhan-

zhumabaev-olenderi 

6.  Google  [Элек.  ресурс]  Nabrk.kz/kz/meropriyatiiya/bir/2009/biograph/  ҚР  Ұлттық  Академиялық 

кітапхана 

7.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  –  2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы. 

8.  Дидактика / Под ред. Б. П. Есипова. — М., 1967.  

9.  Дидактика современной школы: Пособие для учителей / Под ред. В. А. Онищука. — К.: Рад. 

шк., 1987. — 351 с.  

10.  Қазақ  əдебиеті.  Энциклопедиялық  анықтамалық.  —  Алматы:  «Аруна  Лтд.»  ЖШС,  2010 

жыл.ЫСБН 9965-26-096-6 

11.  http://www.kazadebiet.kz/node/28673

 

 



 

 

ƏОЖ 81’ 

 

Т.ƏБДІКОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР 

 

Тəңірберген А., Хамзина Г.С. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 

 

Əдеби көркем шығарма тілін бейнелеп, жандандырып, нəр беруші тəсілдердің бірі 

-  фразеологизмдер.  Фразеология  мəселесін  ғылыми  түрде,  теориялық-əдістанымдық 

тұрғысынан Н.М. Шанский, В.В. Виноградов, І. Кеңесбаев, Ə. Болғанбаев, Р. Сыздық, 

Ə. Қайдар, Ə. Хасенов, Х. Қожахметова, Г. Смағұлова, Р. Авакова, Қ. Сарекенова т.б. 

ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты  ғылыми түрде сараланып, зерттелді. 

Қазақ  фразеологиясының  сөздігі  құрастырған  академик  І.Кеңесбаевтің 

анықтауынша:  «Фразеологизмдер  –  тіліміздің  бір  бөлінбес  бөлшегі.  Өзінің  көнелену 

жағынан  да,  тұлға,  мағына  тұрақтылығы  жағынан  да,  стиль  жағынан  да  оларға  тəн 

ерекшеліктер бар. 

Тілімізде  көкейге  қонымды,  көркем,  орамды  алуан  түрлі  тұрақты  сөз  тіркестері 

кездеседі.  Тіл  қазынасына  жататын  қат-қабат  тіркес,  тізбектерді  халық  орынды 

пайдаланды» [1, 4]. 

Фразеологиялық    тіркестер  барлық  стильдерде  де  қолданылғанымен,  бейнелілік 

пен  экспрессивтілік,  негізінен,  көркем  əдебиетке  тəн  жəне  көркемдік  құрал  автордың 

жан  дүниесі,  шығармашылық  идеясымен  астасып,  көркемдік  құралы  ретінде  қызмет 

етеді.  

Зерттеушілер  фразеологизмдердің  көркем  əдебиеттегі  жұмсалуын  қарастырғанда 

осы  орайда,  ең  алдымен  экспрессиялы-бейнелі  реңктері  бар,  поэтикалық  сипаттағы 

түрлеріне  назар  аударады:  «В  целях  изучения  творчества  писателей,  сказителей 

индивидуальных  особенностей  стиля,  исследователь  может  ограничиться  образной 

фразеологией» [2, 15]. 

Тіліміздегі  тұрақты  тіркестер  ойымызды  əсерлі,  бейнелі,  көркем  жеткізуде 

тіліміздің  ұшына  орала  кетеді.  Тыңдаушысына  ерекше  əсер  етіп,  ерекше  назар 

аудартады. Бұл да сөйлеу мəдениетінің ұлтқа тəн өзіндік көрінісі деуге болады. Мұндай 

тіркестер  ұлттың  рухани  қазынасына  жатады.  Бұл  тіркестердің  көркем  шығармада 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет