Әдебиет теориясы



Дата07.10.2022
өлшемі13,08 Kb.
#41737

Сипаты: 1.Сөз өнері туралы ғылым және оның салалары. 2.Әдебиеттану ғылымының жанама тарауларының ғылыми мәні. 3.Әдебиеттану ғылымы және өзге ғылым салалары.
1. Әдебиеттану ол жалпы сөз өнерін зерттейтін ғылым. Әдебиеттану ғылымының салалары үш түрге бөлінеді. Олар: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.
Әдебиет теориясы – әдеби шығарманың сипатын, әдеби дамудың мағынасын, мәнін байыптайды. Сонымен қатар әдеби жанрларды, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, көркемдік әдіс мәселелерән, көркемдік шығарманың бітім болмысын зерттейді.
Әдебиет тарихы – бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қалай дамығанын зерттейді. Әр халықтың әдеби көркемдігін саралайтын да, сұрыптайтын да әдебиеттің тарихы. Сонымен қатар, бұл ғылым әр дәуірдің нұсқасына тарихи тұрғыда қарап, оның сапасын сол тұстың сапасына ой өрісіне байланысты тексереді. Өткен, бүгінгі және болатын тарихты қарастырады.
Әдебиет сыны – нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық көркемдік құнын белгілеу, жазушыға жазғандарының бағалы жақтары мен кемшіліктерін көрсету. Оқырмандарға оқығандарын түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Көркем шығарманы бағалаудың да өзіндік тәсілдері бар. Көркемдік критерий дегенде әдеби шығарманың кемшілігін ғана қазбалау қате ұғым. Көрнекілік критерий, ең алдымен әдеби шығарманың бағалы жағын көре білу.
2. Әдебиеттану ғылымының жанама тараулары - текстология, тарихнама, библиография.
Мәтінтану (текстология) - шығарма мәтінінің анык-қанығын сақталған колжазба. Оның негізгі міндеті автордың жазғанының нағыз, дәл нұсқасын анықтап, ешбір өзгеріссіз, қатесіз жариялау болып табылады.
Тарихнама (историография) - әдебиеттану ғылымының арнаулы мәселелері бойынша зерттеудің көлемі мен мәнін, маңызын айқындайтын ғылым саласы. Ол әдебиет теориясының тарихынын, тарихи дамуы бойынша деректерді қарастырады. Тарихнама көбінесе ғылыми мақсаттар үшін қажет.
Библиография (дерекнама) - көркем әдебиетке және әдебиет туралы ғылымға байланысты анықтамалар жиынтығы. Библиография - белгілі мәселеге немесе автор шығармаларына байланысты әдебиеттердің көрсеткіші.
3.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет