Əдебиетші ғалым Қ. Жұмалиев «Айман Шолпан» жырының оқиғасы Исатай мен



бет1/5
Дата06.09.2022
өлшемі42,64 Kb.
#38517
  1   2   3   4   5

«Айман-Шолпан» — лиро-эпостық жыр. Алғаш жазып алып, баспаға ұсынған – Жүсіпбек Шайхысыламұлы. 1896, 1898, 1901, 1906, 1910, 1913 жылдары Қазан баспасынан жеке кітап болып басылып шықты. Төңкерістен кейін де бірнеше қайтара басылды (1939, 1957).
«Айман-Шолпан» — реалистік мәнерде шығарылған, аса көркем жырлардың бірі. Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» жыры бойынша жазған музыка драмасы (1934) Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының репертуарынан көп жылдар бойы түспей келді. 1960 жылдан драмалық театрлар сахналарында қойыла бастады.[1][2]
Əдебиетші - ғалым Қ.Жұмалиев «Айман - Шолпан» жырының оқиғасы Исатай мен
Махамбет бастаған халық көтерілісінен кейін туған, – дейді. Ал филология ғылымдарының
кандидаты Ə. Қоңыратбаев «Қазақ əдебиетінің тарихына» (Қоңыратбаев Ə., 1991, 207 б.)
жазған еңбегінде бұл жырдың XIX ғасырдың орта шенінде туғандығын айтады. М. Ақынжановтың айтуына қарағанда, бұл жыр өткен ғасырдың екінші жартысының бас шенінде, яғни
Қазақстанның Россияға қосылуы аяқталған кезде, туған. Бұлардың қайсысы болса да жырдың нақтылы шыққан мезгілін дəлдеп айтпағанымен де, оқиғасы шындық өмірден алынғандығын анықтайды
Жалпы жырдың туындау кезеңі ХІХ ғасыр деген тұжырыммен М. Ғабдуллин де келіседі. «Айман — Шолпан» халықтық жыр жəне ол ХІХ ғасырдың 70 жылдарында шығарылған секілді. Жырдың оқиғасы осы кездегі қазақ елінің тұрмысында, əлеуметтік-қоғамдық өмірінде болған жаңалықтарды суреттеу идеясынан туған деуге болады» – дей келе бұған бірнеше дəлелдер келтіріп кетеді. Жырдың сюжеттік желісінде көрінетін əлеуметтік астар туралы 30-жылдары əдебиет алыптары М. Əуезов пен С. Мұқанов пікір таластырған. Бұл туралы С .Мұқанов: «Айман — Шолпанда» үлкен бір жиында Маман деген байдың Көтібар батырды қорлағаны, оған ашуланған батырдың Маманның Айман мен Шолпан деген екі қызын тартып алумен бірге байды шауып кетуі сөз болады. Отызыншы жылдардың аяғында осы жыр төңірегінде марқұм М.Əуезовпен баспасөз бетінде пікір таластырғаным бар. Сонда, меніңше, Көтібардың қылығы рушылдық қара дүрсінділікке жатқанымен, оның негізінде əлеуметтік астар, яғни байдың қорлығына кедейдің қарсы қимылы бар. Мен əлі сол пікірдемін», – дейді. 1939 жылы жазылған «Жақсы сынға жан пида» атты пікір алысу ретінде жазылған мақаласында Мұхтар Əуезов С. Мұқановтың халық мұрасын игеруге байланысты «Айман–Шолпан» сценариіне айтқан сынына қарсы жауап айтып, ол сынның бірбеткей қияс кеткендігін атап көрсеткен еді.
Жырдың көркемдік ерекшеліктерін Ə. Қоңыратбаев жəне Ы. Дүйсенбаев жан-жақты зерттеген болатын. Жырдың бізге жеткен нұсқасы мен жариялануы жөнінде ғалым Ы.Дүйсенбаев та: «Қазір бізге мəлім «Айман — Шолпан» жырының жалғыз ғана нұсқасы бар. Оның өзі революциядан бұрын бес рет басылып шыққан. Кейін осы нұсқа сол қалпында совет жылдарында да сан рет баспа жүзін көрді», – деген. (Дүйсенбаев Ы., 1973, 107 б.). «Қазақ халық əдебиеті» деп аталатын зерттеуінде (баяндама) Х.Досмұхамедов халық əдебиетінің классификациясын 46 түрге топтастырып, біз қарастырып отырған жырды лирика-эпикалық сипатты тұрмыстық жырлар (бытовые поэмы) қатарына жатқызған: «Батырлық жəне тарихи поэмалармен қатар қазақ əдебиетінде лирика-эпикалық сипаттағы тұрмыстық жырлар да («Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан», т.б.) бар. Бұл жырларға жеке бір адамдардың көңіл-күйі күйініш-сүйініші арқау болғанмен, сонымен қатар қазақтардың тұрмыс-тіршілігі де жан-жақты суреттеледі». (Досмұхамедұлы Х. Аламан, 1991, 27 б.).
Көлемі шағын болса да бұл жырда эпикалық ұзақ туындыларда ұшырасатын, оқиғалардың арасын қарасөзбен жалғап отыру əдеті де бар. Мүмкін, бұл жағдай дастанның жолдары түгел сақталмай, ара-тұра түсіп қалудан да пайда болған шығар. Жырдың сюжеті жұмыр боп келеді. Тартыс бас кейіпкер Айман тағдырына құрылған. Мысалы, жырдың басындағы Маман мен Көтібардың егесі сырт қарағанда оқиғаның байланысы сияқты. Расында егес, ас, бəйге – мұның бəрі жырдың экспозициясы ғана. Ол кезде Айман көрінбейді. Оқиғаның байланысы – Маман байды шауып алып, екі қыздың пенде болуы, дамуы – Шолпанның азаттық алуы, олжа бөлісі, шарықтау шегі — Əлібектің келуі, шешуі – екі елдің табысып, Əлібек пен Айманның қосылуы. Əдеби туындының шеберлігін танытатын басты компоненттерінің бірі тіл дейтін болсақ, Шоқан қазақ əдебиетінің тазалығын мөлдір бұлаққа, сұлу табиғаттың өзіне теңеген екен

Қорытынды


Поэмада күні өтіп бара жатқан ескі мен жаңаның арасындағы тартыс сөз болады. Жастар бейнесі – халықтың ілгеріге ұмтылған ұрпағына үміт артқан, болашағына сенген арман көрінісі. «Айман — Шолпан» дастаны қазақ халқының ғасырлар бойында жасаған ең қымбатты үлгілерінің бірі. Қашан да мұндай асыл үлгілер халық даналығынан туған өшпес мұра болып қала береді.

"Мақпал – Сегіз" – ғашықтық дастан. Мақпал атты сұлу бойжеткеннің өнері асқан жігіт – Сегіз серіге ғашықтық хикаясы баяндалған оқиғаны бірнеше ақын жырға қосқан. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген Жанкісі жырау жырлаған "Сегіз сері мен Мақпал сұлу" дастанының аяқталмаған нұсқасын ауыз әдебиетін жинаушы Қ.Биғожин Жезқазған қаласының тұрғыны Д.Меңдіғалиевтен 1974 жылы жазып алған. "Мақпал – Сегіздің" басқа нұсқалары да осы Жанкісі нұсқасы негізінде тарағанға ұқсайды. Қызылордалық Сәрсенбай жыршы бұл дастанды Базар жыраудан үйреніп, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Ә.Қайнарбаев одан жазып алған. Ол осы Сәрсенбай жырлаған "Мақпал – Сегіз" дастанының нұсқасын 1946 жылы ҚР ҰҒА ОҒК қорына тапсырған. Дастан 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет