Əдебиетші ғалым Қ. Жұмалиев «Айман Шолпан» жырының оқиғасы Исатай мен


Мұхтар Әуезов атындағы театрда кімдер жұмыс істейді?



бет5/5
Дата06.09.2022
өлшемі42.64 Kb.
#38517
1   2   3   4   5
Мұхтар Әуезов атындағы театрда кімдер жұмыс істейді?
ХХІ ғасырда театрға Есмұхан Обаев жетекшілік жасап, ұжым тұрақты түрде алыс-жақын шетелдерге гастрольдік сапармен барды. Мұнымен қатар, шетелден Жанат Хаджиев, Хусейн Әмір-Темір, Нұрқанат Жақыпбай, Юрий Коненкин, Нұрлан Жұманиязов, Әлімбек Оразбеков, Михаил Ахмановтар, сондай-ақ көрнекті түркмен режиссері Какаджан Ашир, орыс режиссері Владимир Захаров және литвалық Йонас Вайткус секілді өнер майталмандары арнайы шақырылып, олар қазақ актерлермен тәжірибесін бөлісті.
2013 жылы театр басшылығына өнертанушы, драматург Еркін Жуасбек келді. Ал көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов болды. Кейін 2015 жылы театр басшылығына сахна шебері әрі театр басшысының орынбасары болған Ерлан Біләл келді. Ол Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында шәкірт тәрбиелеп, Ғабит Мүсірепов атындағы театрда көркемдік жетекші қызметтерін атқарған. Актер Ерлан Біләл парамен ұсталғаннан кейін оны Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының жетекшісі Сәбит Әбдіхалықов алмастырды.
Бүгінгі таңда театрда жұмыс істеп жүрген актерлер — Бекжан Тұрыс, Дулыға Ақмолда, Асылбек Боранбай, Жалғас Толғанбай, Дәрия Жүсіп, Шынар Асқарова, Шынар Жанысбекова, Гүлшат Тұтова, Күнсұлу Шаяхметова, Нұржан Бексұлтанова, Назгүл Қарабалина, Берік Айтжанов, Зәуре Көпжасарова, Баян Қажнәбиева, Айзада Сатыбалдиева, Анар Бөкенбай; бұлардан кейінгі буын Наз Жекенова, Еркебұлан Дайыров, Ләззат Қалдыбекова, Гүлнұр Шыңғысова, Талғат Сағынтаев, Алмас Шаяхметов, Жасұлан Байсалбеков, Ботагөз Жақыпбекова, Арай Өмірова, Нұрлан Әбілов, Саяжан Құлымбетова, Ермек Бектасов, Салтанат Бақаева, Зарина Карменова, Ажарлым Бақытжанова, Ғалымбек Оспанов, Мерей Мұхтарұлы.
Мұнымен қатар, театрда КСРО халық әртісі, "Барыс" ордені иегері, КСРО мемлекеттік сыйлық иегері, PhD докторы және ғылым кандидаты, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, "Достық" орденінің иегері, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, 2 жалпыұлттық тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты; 3 ҚР мемлекеттік сыйлық иегері, 3 "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 3 Қазақстан Жастар одағы сыйлығы лауреаты, 3 "Отан" ордені иегері, 6 профессор, 6 "Парасат" ордені иегері, 9 доцент, 10 Қазақстанның халық әртісі, 11 Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 11 "Серпер" Жастар одағы сыйлығының лауреаты, 16 "Құрмет" ордені иегері, 21 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері қызмет етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет