«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет10/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.09 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Қасымхан:
ақын қыз, айтқаның жөн сөзді абайлап,
тайыңа міне сала шаппай жайдақ.
Қостанай – миллиардтар қара нары,
Қарайып қасына ерген торғай – тайлақ.
ойым жоқ сөз тастамақ досқа жайсыз,
тура айтсам, өкпелеме, ол – қолайсыз.
миллиардтар болар еді торғайсыз да,
миллиард болар ма еді Қостанайсыз?
«нан болса, ән болады», – сөз данасы,
ешкімнің енді бұған жоқ таласы.
түлетті талай-талай саңлақтарды,
еңбекші Қостанайдың тың даласы!
Кешегі тыңға жорық кешкен кезең,
(уақыт-ай, өтеріңде неткен тез ең!)
аңғары жылдар бойы аумақтанып,
Барады тасып, әне, байлық – өзен.
мынадай қылығың бар, оны да ойла,
өтірік актілейтін адам қой ма?
«өлді» деп тірі жүрген қарияны,
Қағыпты пенсиядан «Бүйректалда».
дейсің-ау: «малшы жайын кім ойлайды»,
малшыға әр кез керек жағдай жайлы.
ал, торғай малшылары қандай күйде,
Жаны ашып басшыларың қарамайды.

171
Айтыс 4 ТОМ
Ғалия:
Қол созған келер күннің ақ таңына,
арқалық айналды елдің мақтанына.
Көзің сал, ақын аға, жан-жағыңа,
мәз болмай қиқу салып шапқаныңа.
сар дала сағымды бел, самалды жел,
төсіңе ту тігілді қамалды бер.
түрленткен тоғыз жылда торғай бойын,
Жасампаз өр тұлғалы адамды көр!
Әр адам, ақын адам, батыр адам,
Келбеті күн көзіндей жарқыраған.
мал бағып, егін егіп, кенін қазып,
Кеш болса, көрінетін сахнадан.
торғайдың қызығасың жастарына,
таратқан үнін биік аспанына.
табыстың тайқазанын тасытуда,
Көз салып істің өң мен астарына.
Жастарым өндірістен қол үзбейді,
табыстың өніміне жол іздейді.
Жас шопан, жас сауыншы, жас құрылысшы,
Байлықтың барлық көзін мол іздейді.
Қой жайып, қырда жүріп ән салатын,
«ай қабақ», «торғай қызы» таңданатын.
Көрінбей күндіз көзге, түн жүретін,
Білеміз Қостанайдың «жарғанатын».
торғайдың есіңе ал «Шұғыласын»,
Көп жайды «Шұғыладан» ұғынасың.
Жүз қойдан жүз он бестен төл өргізген,
өзімнің құрбы-құрдас тұрғыласым.
мал аман олар баққан, бәрі семіз,
саулығы биылға жыл туған егіз.
межеге «елу миллион» қосары мол,
естиді ел ауызынан ыстық лебіз.

172
Қазақ өнерінің антологиясы
диқаным іңкебаев берекелі,
Белгілі еңбектің ол ер екені.
Биыл да мол астықпен қуантады,
атақты алпыс жылдық мерекені.
Бұл торғай жұрттан бұрын елеңдеді,
Көтерді басын ердің емендері.
топ жинап аманкелді ту көтеріп,
«Бақытты таң атады, сенем» деді.
сарбазы сардаланың сапқа тұрып,
есімін лениннің жаттады ұйып.
Әліби ұлы ленин мандатымен,
оятты қарт торғайды жатқан тұйық.
Басталды болашаққа ұлы майдан,
Қанатын дүрілдете кеңге жайған.
Жүректің қаныменен антын жазып,
өз кегін алды кедей хан мен байдан.
алпыс жыл өрге шықтым, аспандадым,
Қиындық тұрса алдымда, жасқанбадым!
айтамын мақтанышпен қазақпын деп
сеніммен басқан өмір баспалдағын.
Қасымхан:
Байлығы торғайыңның қой емес пе?
ол қойды дұрыс бақсаң, той емес пе?
алғаның жүз саулықтан елу қозы,
Жасырып оны, қалқам, сен егеспе?
Әрине, айтасың ғой қолда барды,
«сұлукөл» сіздерде жоқ, бізде бар-ды.
асылдан алсаң тұқым айып емес,
Жіберем жетектетіп бір қошқарды.
тұрғанда фабрикам, қорқам неден,
сенің де кигендерің, қалқам, менен.
алуға құдіретім жетіп жатыр,
торғайды тоқсан орап торқамменен.

173
Айтыс 4 ТОМ
Көп істің байыбына бара алмайсың,
Бара алмай, құр тіліңмен амалдайсың.
тыңдаған мына халық түсінбей ме,
Қалайша Қостанайды жамандайсың?
Кешіргей, кетсе сөзім жақсы-жаман,
айтысты осыменен еттім тамам.
Жолында коммунистік құрылыстың,
сәлемде ел-жұртыңа, болсын аман!
Ғалия:
ағеке, біраз сілтеп бағыстық та,
үзеңгі өрге қарай қағыстық та.
Кеттіңіз терлеңкіреп, дем алыңыз,
өнерді астанада салыстық та.
Шоқтығы алатаудай тұлғаланған,
Қос жұлдыз омырауда нұрға малған.
ұлы отан, Компартиям өзі өсірген,
Басшым бар бас батырдай тұлғалы адам.
ұлы істің таңғажайып күресінде,
зор істер тиген оның үлесіне.
саяси Бюроның да мүшесі боп,
танылды димаш аға жер жүзіне.
алатау нар өркешті сүйенішім,
Көркіңді қызықтаймын сүйеді ішім.
адамдар ұрпағына қасиетті,
Әрқашан дари берсін киелі ісің.
сырларын табиғаттың күнде ақтарып,
ашамын жатқан істі құндақталып.
торғайдың өр төсінде ленин тұр,
ісіме ай күледі, күн мақтанып.
өмірдің талабына жарасымды,
Әр аулым көз тартады қала сынды.
сан ару серуендеп сыр шертетін,
торғайдың таңғажайып бағы ашылды.

174
Қазақ өнерінің антологиясы
тұйғынмын көктің шарлар кеңістігін,
Жетілген жеңістімін, жемістімін.
Шалқимын шағала боп жыр айдында,
мен де бір жыршысымын жер үстінің.
сан қала самаладай көріктеніп,
тың жерді түрлендірдім көрік беріп.
айналдым космонавтар отанына,
Қонатын зымырандар төніп келіп.
ал, аға, қолыңды бер, табысайық,
Күн сайын намыс үшін жарысайық!
Байлығын молайтуға ұлы отанның,
аянбай күш-жігерді салысайық!
1980 жыл. 
АБАЙ МЕН ӘСІМХАН
Абай:
абайға қиын емес өлең деген,
Кетеді айқай шықса қызып денем.
Бас қостық астанада айтысуға,
сондықтан қабыл алғын, бердім сәлем.
ақынның айтар сөзі ақтарылсын,
Болмасын тыңдаушыға әлем-жәлем.
«Қалқаның екпіні бар, абай, сенде» – 
деп өзі ақ батасын берген Кенен.
Басайын су сепкендей екпініңді,
Жалтақтап тартынамын енді неден?
өлеңді қалай торлап айтсаңыз да,
Бәрібір көрсеткішің бізден төмен.
Қиыннан қиыстырып сөз асылын,
тұнықтан ақ маржандай өлең терем.
Қарышта барың болса оң мен солға,
мен қалай намысымды қолдан берем?
сайысқа түсіп жүрген тарлан едің,
Көңіліңнің қошы жоқ па жүзің төмен?
аралап Жетісудің кең даласын,

175
Айтыс 4 ТОМ
Көмейден жыр ағызып тарттым көген.
атынан екі облыс айтысалық,
Болғанда сіз сұраған, мен іздеген.
сіз көлсіз ағатұғын арнасы жоқ,
Қалайша тең келмексіз теңізбенен?!
талдықорған бір шеті,
Кербұлақ пен Қоғалы.
Панфиловтың ауданы
аздап одан жоғары.
төменге келсем, Әс аға,
Қыдыр дарып, бақ қонған,
Қаратал менен Көксуға,
Байлығын жақсы білесіз,
айтуыма болады.
Шығыста – ақсу, Қапалым,
Батысымда – үштөбе,
лепсі менен молалы.
Бөрлітөбе, алакөл,
андреев, сарқанттан
сөз қозғайын шамалы.
етеді еңбек ерінбей,
талдықорған адамы.
отанға беріп мол өнім,
Жерінен көп алары.
Бұрын-соңды болмаған
рекордты жасадық,
Бір миллион жеті мың
алты жүз елу төл алдық,
еңбегіміз бағалы.
Бұл жағынан ағаның
Бар ма екен, сірә, хабары?
оқылып жатыр халқыма,
ХХVI съездің
Қаулысы мен қарары.
Әсімхан:
абай ақын келіпті
талдықорған жерінен,
нұрмолда, Қалқа елінен.
ұлы тойда бүгінгі,

176
Қазақ өнерінің антологиясы
айтысқалы менімен.
Жақсы ақынмен кездессе,
Шығады адам шерінен.
Жер жаннаты – Жетісу
Қос орденді қадаған,
Әлемге аты тараған.
Шабыт берген халқыма
советтік біздің жаңа заң.
астанам – әсем алматым,
достасқан қанша елдердің
Қажетіне жараған.
облыстың он тоғыз
Жағдайына қараған.
Жетісудің айтпай-ақ,
тарихын білер әр адам.
абай, өзің келгенде,
Қарғалыда болдың ғой,
Болмақ тұрмақ, қондың ғой.
Бір айтарым тек қана
машинадан кедейсің,
Бұл сөзіме не дейсің?
Бір «Жигули» мініп ап,
маған ұқсап келмейсің?
Жаяу жүріп тағы да,
алматыма теңейсің.
төрт күн міндің машина,
ақшасын қашан төлейсің?
Абай:
алматыны Жетісу 
үлкен үйге балаған.
«елдегі ақын мен-ақ» деп,
Кетпеңіз асып шамадан.
Қазақстан жерінде,
Кім озып еді кешегі
Бақтыбай, Қабан, сарадан?!
Жансүгіров ілияс – 
Әдебиеттің алғашқы 
ірге тасын қалаған.

177
Айтыс 4 ТОМ
онан кейін белгілі
суырып салма ақындар
Қуат, Қалқа, темеңнің
аузынан шыққан лебізі
Кейінгі мынау жастарға
аңыз болып тараған.
социалистік еңбектің
екі рет болған Батыры
Қазақта асқан бар ма еді
нұрмолдадай ағадан?!
Қарындасым Бикен мен
нұрғали інім ән салса,
Клубқа сыймай келіп тұр,
Көреміз деп сан адам.
осының бәрі белгілі
Жетісудың түлегі,
мәдениеттің тірегі,
Шығармаңыз санадан.
Жарлыөзек пен мұқаншы,
мұқыр, Быжы өзенім.
Шоқтығы биік бәрінен
туып өскен өз елім.
Көкешиелі, алтуайт,
малайсары, ақдала,
айтып сізге берейін
ауданымның көлемін.
Жаз жайлауым – саржазық,
аршалы, Қойтас, Көктөбе,
осыларға, Әсаға,
Жер жетпейді дер едім.
Қыс қыстауым – үшөзек,
іленің арғы жағасы.
Қар жауса үш күн жатпайды,
мұз болып асты қатпайды,
тауып жейді малдарым
Шөптің небір керегін.
Қаратал мен Көксудың
Белуардан шалғыны,
Көзің көріп қайтты ғой,

178
Қазақ өнерінің антологиясы
Қайыңы мен терегін.
туған жердің осындай,
ұшан-теңіз байлығы,
Шабыт беріп өзіме,
мені ақын дегізіп,
Бір сүрінбей келемін.
топырағы торқадай
мұқырдың кербез даласы.
Қызылша, бидай жайқалған
мұқыр – жердің анасы.
Көз тартады алыстан
ақ шағала қаласы.
Қатар тартқан асфальт жол –
он саусақтың саласы.
мәдениет сарайын
өзіңіз барып көргенсіз,
мектеп пенен кеңсенің
сәніне таң қаласыз.
Көлемінде колхоздың
107-ден қозы алып,
Шаруасы өрлеген.
Әрбір қойдың басынан
төрт жарым кило жүн қырқып,
намысын қолдан бермеген.
Бағанадан мен айттым
майы тамған жерлерді,
атағы шыққан ерлерді.
астаналық облыста
директор болған әйел жоқ,
айтсам сынап сіздерді.
мойындайсыз бұлтармай,
аралап көргем барлығын
Бұл жағынан алғанда,
Шаруаңыз кем келді.
теледидар, газеттен
оқып көрген боларсыз,
тамшыбаева зылиха
он жыл болды, мінеки,
Бір совхозды меңгерді.

179
Айтыс 4 ТОМ
артта қалған совхоздың
Шаруашылығы жөнделді.
Әсімхан:
Компартия, халқыма сана бердің,
тағдырын түгел шешіп тамам елдің.
тұтқасын дүниенің қолыңа ұстап,
Байлық пен берекені ала келдің.
Жастарым жолдамамен тыңға аттанды,
тау мен тас іс түспеген шыңға аттанды.
Қайтпайтын, қажымайтын біздің жастар,
аралас қыз-келіншек бірге аттанды.
тойға арнап сәлем айтты пионерлер,
Шоферлар, тракторист, инженерлер.
Кешегі жаудың күлін көкке ұшырған,
Бабажанов дадаштай ардагерлер.
сәлемін мен арқылы көпке берді,
Көп үшін қызмет етсең, жеткереді.
Көкталда елу-алпыс тоқал там бар,
Құлаған жоқ па солар, аман ба әлі?
су өтіп төбесінен жазым болса,
тимей ме жанұяға залалдары?
Күн райы өзгереді деген сөз бар,
екеулеп сендер жаққа хабарлады.
орынын бульдозермен сүріп тастап,
Қалайша әлі күнге жаңармады?
Құрылысшы жоқ па еді сендер жақта,
еліңнің не істеп жүр мамандары?
ақыным, бұл сөздердің жауабын бер,
тосып тұр уәжіңді бірталай ел.
Кемшілік түзететін шашыңнан көп,
аралап ауылыңа бір барып кел.
Бар шығар маған айтарың,
не айтуды байқағын.
үмбетәлі ақыннан

180
Қазақ өнерінің антологиясы
Жеңілгенін білесің
Жапсарбаев Қалқаның.
Абай:
Қалқаны жеңген емес ақын Кенен,
ал, өзім кем түспеймін, аға, сенен.
арғы атаңыз сүйінбай
Жиені екен бұрынғы
атақты ақын Қабанның.
Бір жыл еріп қасына,
Бата алыпты Қабаннан.
Қабаннан бата алған соң,
ақын болып сүйінбай,
Қыран құстай таранған!
суырып салма Қалқаны,
айтысқанда тоқтамай,
сүліктей болып жабысып,
Жылқыайдармен қағысып,
үмбетәлімен табысып,
талай-талай жол алған.
сол Қалқаның інісі – 
абай ініңіз мен болам
айтысқа ғана жаралған.
айтысуға келген соң,
Жел сөзге енді тұрмайық,
Бүгежектеп жасқанып.
ойыңдағы барыңды
Бүгінгі күні қалдырмай,
ортаға сал ақтарып.
Қол жеткен үлкен табысқа
үлес қостық еселеп,
Көргеміз жоқ мастанып.
төрт құбылам тең жатыр
Қызылша, күріш, жүгері,
малмен, алтын астықтан.
өрекпімей азырақ,
Әскен аға, тоқтаңыз,
екпінді сәл басыңыз
Байлық айтып аптықпан,

181
Айтыс 4 ТОМ
ауызымнан шыққан сөзіме,
Кетеді күйіп тас жанып.
мал семірту құрылысы
Бізден сізге тараған,
Көріп пе ең бұрын баз салып?
сабалай бермей беталды,
сөзімді тосқын аңғарып.
Паралап мені қойғандай,
отырсыз неге шамданып?
менің арқам емес пе?
іленің суын басынан
Бұрып алам каналмен,
Жүрерсің аға, зар қағып.
Әсімхан:
Қызылтоған ауылында
Кітапханаң жабық тұр,
Қара құлып бағып тұр.
айман қызды таба алмай,
Жиналған қанша халық тұр,
ақыным, бірге болмап па ең?
Жалғаны жоқ, анық бұл.
сіздерде нашар жұмыс көп,
аралап, абай барып тұр.
Колхозыңда «алғабас»
төкен дейтін дәрігер,
Қанша ел іздеп әбігер.
докторды жауып қойғанша,
науқастарға дәрі бер.
Бәйсімбетова төкенің
өз міндетін білмейді,
менен артық кім дейді.
төкенде мінез нашарлау,
Жәбірлеп елді тілдейді
Бір ай ауырып жатса да,
Көмегі оның тимейді.
Әжептәуір колхозды
Бір дәрігер кірлейді.

182
Қазақ өнерінің антологиясы
Қамқорлық жасап шопанға,
еңбегі сіңген отанға.
Қойларын бағып шығынсыз,
ен жайлауым топарда.
оқытып жатыр жеті жүз
малшылардың баласын,
Жоқтатпай ата-анасын,
директоры Жадрин
Білімнің беріп жаңасын,
Кітаптың беріп тазасын.
тоғыз түрлі мамандық,
Бұл мектептен аласың.
мұқтар жігіт басқарған,
Көрдің ғой шеберханасын.
Бір кнопка басылса,
Жонып жатыр ағашын.
Жадриннің үлгісі,
облысыңа тарасын.
осындай мектеп салдыртсаң,
ақыным, сонда жарарсың.
малшылардың баласы
Білімді болып өсуде,
еңбектері есімде.
ленин орден жарқырап,
Жарасып тұр сән беріп,
Жадриннің төсінде.
сіздің Киров ауданда
интернат, мұндай мектеп жоқ,
малшыға жағдай еткен жоқ.
Шопанға жағдай тумаса,
төл менен жүн, ет те жоқ.
сегіз класс бітірмей,
оқуды тастап кеткен көп.
ірі аудан деп санайды
нарынқол, Жамбыл, Кегенді,
Қала мен дала теңелді.
естуіңіз бар шығар,
молдасанов дегенді.

183
Айтыс 4 ТОМ
еңбектің академигі,
малшыдан озған шеберді –
Бүкіл елге беделді.
«Прогрестен» көрдіңіз
Әсиядай шоферды,
рульге жастан отырды.
сіздің жақтың қыздары
Жүргізбек түгіл, әуелі,
машина көрсе, шошиды.
тұлпарын баптап байлаған,
соқасын өткір қайраған.
Жастық отпен Базаркүл,
тракторды айдаған.
Жоспарын артық орындап,
уәдесінен таймаған.
Чемпион қыз атанды –
Жетеді оған қай балаң?
Жандыбаева басқарған,
Комсолмол бригадасы.
Жастарға нұсқа әр ісі.
тасқындап батыл табысы.
таңғалдырды талайды,
мал бағудағы әдісі.
Әр қойы алпыс килограмм
мемлекетке ет берді.
Жылдағыдан көп берді,
Жарысқа түскен сіздерді,
Қанжығаға бөктерді.
Бес килодан жүн берді,
Жеті мың қойы шығынсыз,
Жоспарын артық үлгерді.
Қазақстандық комсомол,
Жақында бәйге, сый берді.
Бір мың сом ақша, диплом,
Жайқалған Қызыл ту берді.
еңбек ері совхоздың 
Жандыбаев шырқады,
толтырды төлге қырқаны.

184
Қазақ өнерінің антологиясы
социалистік жарыста,
малшының озған тұлпары.
Жүз аналық саулықтан
Жүз тоқсан қозы алған,
Жігіттің нағыз сұлтаны.
Жүз биеден алынды
тоқсаннан көп құлыны,
Болған жоқ малдың шығыны.
Жылқы баққан мұқаштың.
Құтты болды құрығы,
төрт жүз алпыс килограмм.
етке өткен әрбір сиыры.
Көп ұлтты елді көркейтіп.
Қамтып жатқан Көкбазар,
Бір өзінде төрт базар.
табылмайтын нәрсе жоқ,
Берекесі көп базар.
оңға қарай бұрылсаң,
Бал мен сүт, май, ет базар.
солға қарай бұрылсаң,
өрік, мейіз, шөп базар.
Көкбазар әсем нұрланып,
алма ағашы ырғалып.
Қыздарға ғашық болыпсың,
театрға бір барып.
өз обалың өзіңе,
Жете алмай қалған құр қалып.
Баланың сөзін айтасың,
үлгілі сөзді жырлалық.
өнер, ғылым, білімің
алматыдан тарайды.
өндірісім табыспен,
Қарсы алып тұр әр айды.
Қаскелеңнің тауында
долана, шетен, аршамыз,
адасып кетпе, барсаңыз.
Қарағай, қайың, тал, терек,
тау жаққа көз салсаңыз.

185
Айтыс 4 ТОМ
меймандарды медеуде
Қабылдаймыз қанша біз!
он шақты жерде қонақ үй,
демаласыз, қонсаңыз,
дайын тұр түрлі моншаңыз.
Жеңе алмайсың бәрібір,
абай ақын, қайтеді,
айтыспай-ақ қойсаңыз!
Кітапхана біздегі
Көркемдігі тамаша,
Жобасы оның жаңаша.
Кілемнің өрнек түріндей,
Көз тартады, қараса.
миллион кітап сыйғандай,
Әр бөлмесін санаса.
алғаш рет, көргенде,
Қызығып едің балаша.
талдықорған үйлері, –
Бұл үйлерден аласа.
абай ақын, қол алып.
ризалықпен таралық.
Қағысып алдық шамалы,
Кемшіліктер түзелсін,
Халыққа айтып баралық!
1980 жыл.
ТІЛЕУМҰРАТ ПЕН ҚАЛИДОЛЛА
Тілеумұрат:
Құтты болсын мерекең,
Жиналған қауым зиялы!
маңғыстаулық ақының
сапырып жырды құяды.
Әлемге аян құт мекен,
мақтасаң қалай сияды.
мен – абыл, нұрым, өскінбай,
тұлпарлардың тұяғы.

186
Қазақ өнерінің антологиясы
дарқандығы даланың
Жүрегіме дарыған.
асаулығы теңіздің,
сүйегіме дарыған.
сабырлылық өзіме,
Қыраттардан дарыған.
арындылық сөзіме,
Бұлақтардан дарыған.
Шымырлатып сөйлер сөз,
Шуақтардан дарыған.
ағыл-тегіл тербер сөз,
Қуаттардан дарыған.
Жырға дамыл берерде,
домбыраға жалынам.
сылқым күйге тойғызып,
сырлы әуенге қандырам,
ал, ақыным, абайла,
сөзбен соғып құлатам,
Күймен есті тандырам!
Қалидолла:
армысың, ағаларым, қалың елім!
Жастай қолға домбыра алып едім.
«өнерлі өрге жүзер» дегендейін,
Ән-жырмен біраз жерге мәлім едім.
Көл-көсір байлық тұнып жатқанымен,
аузымыз тиген жоқ қой аққа бірден.
Қайғының қара бұлтын серпіп тастап,
Бақыт көші басталған октябрьден.
лаулатып ерен еңбек жанартауын,
Қайта туып түледі атырауым.
Коммунистік дәуірдің арқасы ғой –
таңдағы туған айдай жарқырауым!
Бір шеті – еділменен қапталдасқан,
Бір шеті – Жем, сағыз бен ойыл асқан.
ойларын мұнаралар күйге бөлеп,
Қырларын қара бұйра қойы басқан.

187
Айтыс 4 ТОМ
сенген соң халқым, неден іркілемін,
Жіберді бұнда атырау жас түлегін.
сапалы мұнайымен аты шыққан,
Біледі ембі даңқын бүкіл елім.
алып жатқан атырау аймақтарын,
еңбектің қазанын шым қайнатқанмын.
атақты мұнай өңдеу заводым бар,
айырған таза мұнай қаймақтарын.
тек қана мұнай емес мақтанарым,
өрлеп тұрған кезім бұл бақ-талабым.
ақ Жайықтың шоқырын, икрасын,
Қажет болса алдыңа ақтарамын.
ешкімнен де жөнім жоқ жасқанатын,
Балық, мұнай – байлығым, қос қанатым.
атыраудың тұлпары шаңға көмер,
маңғыстаудың бәйгеге қосқан атын.
Жайықтың жағасында мекеніміз,
Кең-байтақ мол жайылған етегіміз.
ежелден аян жұртқа, дүйім елге,
Ән-жырға, күйге жомарт екеніміз.
Бір кезде соғып заман өкпек желі,
өршіген ереуілдің от пен селі.
исатай, махамбеттей қол бастаған,
ерлердің атой салып өткен жері.
Күйін шертіп жіберсең Құрекеңнің,
айқындала түседі сыры өлкемнің.
Шернияз, абыл, нұрым осы өлкеде,
сапырып, дауылдатқан жыр нөсерін.
Бәйгеде алғы топтан қалыспаған,
орденді облыспын қарыштаған.
айтайын енді өлкемнің табыстарын,
Жөн болмас өзіңе де таныспаған.

188
Қазақ өнерінің антологиясы
Жетеді желдей ескен тұлпарларым,
Қалықтап қияға ұшқан сұңқарларым.
алқалы топ алдында айту керек,
еңбектің ер тұлғалы батырларын.
Тілеумұрат:
сәлем ал, маңғыстаудың халқы атынан,
түбектің жасы менен қарты атынан.
сол сәлемді жолдады балықшылар,
толқынына Каспийдің қарсы атылған.
тауды бұзып, тастарды сүргілеген,
Бірдей етіп шығарған үлгіменен.
дұғай сәлем деп еді жұмысшылар,
Шойын тасты тулақтай тілгілеген.
тереңіне бойлаған алып жердің,
мұнайшылар сәлемін алып келдім.
Құрылысшы боп таласқан заңғар көкке,
зәулім үйлер сол жақтан салып келдім.
мұнаралар сыңсыған жолымда тұр,
Бар байлығы түбектің қолымда тұр.
Балық та бар, мал да бар, мұнай да бар,
Бәріне де арналған ән, өлең-жыр.
далам келіп теңізге құлай төнген,
сол далада мыңғырып малым өрген.
Форт есімді қалам бар ертеректе,
Жағасынан Каспийдің бой көтерген.
таңба қалған тарастан әр тасында,
асау ақын төзбеді қанша сынға?
Шаншып кеткен кобзарьдың бір шыбығы,
Баққа айналды қаланың ортасында.
екі заман бұл қала бастан кешкен,
Бір кездері үстінен ақ шаң көшкен.
революция түбекті оятқанда,
Болған талай бұл жерде астан-кестен.

189
Айтыс 4 ТОМ
Жаңа заман сәулесін шашқанында,
Жұртшылық соған қадам басқанында,
саңқылдаған үнімен самал есіп,
Киров келіп жиналыс ашқан мұнда.
теңдік үшін азамат талай жортқан,
Қайраткерлер осындай бізге соққан.
ленин тапсырмасын орындауға,
ер Жанкелдин аттанып кеткен Форттан.
Форт-Шевченко осындай көне қала,
Қала саны көбейді бара-бара.
Бұл күнде дәулетіне сәулеті сай,
Шаруашылық, өндіріс сала-сала.
тарихтың осындай көп сыры қалған,
Көне көзді қарттар бар тірі қалған.
Жүз он жылдық тарихы мектебім бар,
Бірнеше ұрпақ тәрбие, білім алған.
нелер жайсаң бұл жерде оқымады,
Қарттар оны еске алып отырады.
Жақында қонақ болып келіп кеттің,
ыстық болар сізге де топырағы.
Жатқа соқсам тарастың жазған жырын,
Жалын шарпып, от болып маздар үнім!
неге бізге келгенде көрмей кеттің,
музейін украин кобзарьының?
Жүрісіңді осындай суыт көрдім,
мен болсам, сен келер деп уық кердім.
Қашқанменен қоймадым, ақырында,
алматыға соңыңнан қуып келдім.
араласаң Шевченко көшелерін,
теңіз жақтан шалқыған еседі үн.
Бара жатқан биіктеп сан үйлерге,
Қарап тұрып келеді өсе бергің.

190
Қазақ өнерінің антологиясы
өзен деген қаламды араладың,
Кездестірдің әр ұлттың сан адамын.
Жаңаөзеннің алғашқы ірге тасын,
он бес жыл бұрын ғана қалағанмын.
Бейнеу деген аудан бар алыстағы,
гурьевпен көршілес қоныстары.
Шаруашылық, өндіріс қатар дамып,
тасып жатыр мұның да табыстары.
Кең жайлаудан көсіліп ән шығады,
Әнмен бірге көңілің аршылады.
Бұл ерлер – жарыстардың жеңімпазы,
маңғыстау ауданының малшылары.
түнде келсең, көз керек қарауыңа,
Қызыл жалын жан-жаққа тарауына.
мұнай атқан алғашқы Жетібай тұр,
оранып ап газдардың алауына.
Қала орнаттық ғажайып жерге тақыр,
тасболатты жырыма қосқан мақұл.
Бозашыдан барлаушы мұнай тапса,
Шуда газға шаншылып теңге жатыр.
ал, ақын, шаруашылық жайың қалай?
Жасампаз жаңа дәстүр сәнің қалай?
Бәрін де өз аузыңнан есітейін,
Қабылдап әр сөзіңді шынға балай.
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет